И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
410
411
[пленканың ішкі бетінен шағылған сәуле
пленканың ішінде 2 рет (ары және кері
бағытта өтеді)] болады. Сондықтан фазалар
айырымы 2π-ге тең және де сәулелер бірін бірі
барынша (максимал) күшейтеді. Пленканың
қалыңдығы әдетте бір орыннан екінші орын
аралығында өзгеретіндіктен, ол әртүрлі түсті
болып байқалады.
Тура таралған және шағылған толқын-
дардан пайда болатын интерференциялық
суреттің көрінісі ерекше болады. Осы жағ-
дайда тұрғын толқын пайда болады.
Шаң басқан айнадан интерференция
құбылысын байқауға болады. Егер осындай
айна алдында майшам жағылатын болса,
онда жалынның төңірегінен (айналасынан)
түрлі түсті жиекті байқауға болады. Бұл
құбылыс беті ретсіз шаңдалған айнадан шағылысқан жарықтың интерферен-
циялануынан пайда болады. Әлгі шаң-тозаңдар «дифракциялық тор» ретінде
әсерін тигізді. Осы құбылыс – кей кезде Күн немесе Ай дискісінің төңірегінде
байқалатын түрлі түсті концентрлі шеңберлердің пайда болуына ұқсас құбылыс
болып табылады. Соңғы құбылыста шаң–тозаңның орнын атмосферадағы су
тамшылары басып отыр.
«Тұрақты шаң-тозаң басқан айна» жасау үшін шағын таза әйнек алып, мыса-
лы, жуылған фотопластинкаға жұқа қабатты вазелин жағып, оған өсімдіктің ұсақ
тозаңдарын бірқалыпты себу керек. Осы пластинканың бетіне екінші бір фото-
пластинканы беттестіріп, майшамның жалынына қараңыз. Жалынның төңірегінен
түрлі түсті (ішкі жағында – көк түсті, сыртқы жағында – қызыл түсті) жиекті
байқайтын боласыз.
Жарық интерференциясы – жарық қарқындылығының кеңістіктік қайта
үлестірілуі кезінде жарық және күңгірт жолақтар түрінде байқалатын жарық
толқындарының қабаттасуы.
Полярланған жарық сәулесінің интерференциясы – жарықтың полярланған
когерентті сәулесінің сәуленің қосарланған сынуына ие ортадан өтуі нәтижесінде
әлгі сәуленің бір-бірінің үстіне қабаттасып түсуі кезінде пайда болатын
интерференциялық суреті.
Интерференциялық құбылыстар
И
75
∑
ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА
410
411
Толқындар интерференциясы – кеңістіктің әртүрлі нүктелерінде қорытқы
толқын амплитудасының күшеюі немесе әлсіреуі пайда болатын когерентті
толқындардың қабаттасуы.
ИНТЕРФЕРЕНЦИЯЛЫҚ СУРЕТ – когерентті жарық шоқтарының
қабаттасуы нәтижесінде, яғни олардың арасындағы фазалар айырымы тұрақты
(немесе тұрақты өзгерісі) жағдайында пайда болатын жарық қарқындылығының
артуы және кемуінің тұрақты түрде кезектесіп алмасуы. Сфералақ толқындардың
максимум қарқындылығы фазалар айырымының жарты толқынының жұп са-
нына тең болған кезде, ал минимум – қарқындылығы фазалар айырымы жарты
толқынның тақ санына тең болған кезінде байқалады.
Интерференциялық суретті байқау үшін мынадай тәжірибе жасауды ұсынамыз.
Дөңгелек сымтемір жақтауды сабынан ұстап, сабынды суға лақтырып алып,
дөңгелек жақтауды қырынан тік ұстап тұрсаңыз, су тамшылап ағып, жақтауға
сабын пленка керілетін болады. Пленканың төменгі жағы жоғарғы жағынан
қалыңдау болып керіледі, яғни пленканың көлденең қимасы өте жұқа сына
тәрізді болады. Осы пленканы күн сәулесі түсетін тұсқа ұстап қарайтын болсаңыз
сызбада бейнеленгендей түрлі түсті көлденең әлсіз түсті жолақтарды байқауға
болады. Жолақтар дөңгелек жақтаудың төменгі тұсына қарай, яғни пленканың
қалыңдығысәл артқан сайын жақын орналасатын болады (1-сызба).
Жалпы толқындардың қалай өзараәсерлесетінін анықтау үшін когерентті
көздерден таралатын толқындардың кездесетін нүктесіне дейін жүрген жолдарының
айырымын анықтау керек. 2-сызбада тербелістердің нүктелік көздері S
1
және S
2
бей-
неленген. Тербеліс көздерінің арақашықтығы (
D)
S
1
A және
S
2
A арақашықтықтарынан
едәуір қысқа (кем). S
1
A=r
1
S
2
A=r
2
-ден кіші дейік.
S
2
B=r
2
-r
1
айырымы толқындардың
жүрген жолдарының айырымы болады.
Егер осы жүрілген жолдар айырымының
ұзындығы бүтін санға (m-ге) немесе
жарты толқынның жұп санына (2m-ге)
тең, яғни r
2
-r
1
=2mλ/2 болса, мұндағы m
– кез келген бүтін сан немесе нөл болса,
онда толқындар А нүктеде кездескенде олар бірін-бірі
күшейтеді, осы нүктеде
тербелістердің амплитудалары максимал (ең көп шамаға тең) болады.
Егер де толқындардың жүрген жолдарының айырымы тақ санға тең, яғни r
2
-
r
1
=(2m+1)λ/2 болса, толқындар А нүктеде кездескенде өзара бірін-бірі әлсіретеді
де, амплитудалары ең аз шамаға (минимал) тең болады. Егер екі тербелістің де
амплитудалары тең болса, онда А нүктеде тербелістер мүлдем болмайды. Осы