АнЫҚтамалық энциклопЕдИя Алматы 2015 1-ТоМ



жүктеу 6,77 Mb.
Pdf просмотр
бет170/274
Дата01.01.2018
өлшемі6,77 Mb.
#6308
түріАнықтамалық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274

И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



396

397


(тұрақты  температура  ұстап  тұратын  құрылғыға)  орналастырылады,  мұның  

жылу  өткізгіштігі  жоғары,  жүйенің  температурасы  іс  жүзінде  термостаттың 

температурасынан  айырмашылығы  болмайды.  Изотермалық  үрдісті  өзгеше 

де: жылу көздерін немесе жылу ағынын қолдану арқылы жүзеге асыруға бола-

ды.  Изотермалық  үрдістің  мысалына 

тұрақты температурадағы сұйықтың  

қайнауы  немесе  қатты  дененің  балқуы  жатады.  Идеал  газда  изотермалық  

үрдісте қысымның көлемге көбейтіндісі тұрақты болады (Бойль – Мариот заңы), 

Жүйедегі изотермалық үрдіс кезінде, жалпылама айтқанда, белгілі бір 

мөлшерде 

жылу беріледі (немесе жүйе жылу береді) және сыртқы жұмыс жүзеге асыры-

лады. Идеал газдар үшін осы жұмыс Nk Тln (V

2

/V



1

), мұндағы N – газ бөлшекте- 

рінің саны, Т – абсолюттік температура, V

1

 және V



2

 – үрдістің (процестің) бастапқы 

және  соңғы  кездеріндегі  көлемдері.  Егер  тек  фазалық  ауысу  жүзеге  асырыл- 

майтын болса, қатты денелерде және көптеген сұйықтарда изотермалық үрдіс  

дене көлемін сәл ғана өзгертеді.

ИЗОТОНДАР (грекше «изос – тең, бірдей» + «тонос – кернеу») – нейтрондарының 

саны бірдей, бірақ электр зарядтары әр түрлі болатын атом ядролары.



ИЗОТОНИЯ (грекше «изос ... – тең, бірдей» + «тонос – кернеу») – бір еріткішпен 

ерітілген әр түрлі заттардың ерітінділерінің осмостық қысымдарының теңдігі.



ИЗОТОПТАР  (грекше  «изос  –  бірдей»  +  «топос  –  орын»)  –  химиялық 

элементтердің  атомдар  ядроларындағы  протондар  саны  бірдей,  бірақ 

нейтрондарының саны өзгеше болатын түр өзгешелігі. Элементтердің изотопында 

нейтрон санының түрліше болуының шегі бар. Мыс., гелий атомы ядросында 1, 2, 4 

немесе 6 нейтрон болуы мүмкін. Протон мен нейтрон санына қарай изотоптардың 

ядросының  қасиеттері  (ядроның  тұрақтылығы,  ыдырау  ықтималдығы,  спині, 

электрлік және магниттік моменттері т.б. ) әр түрлі болады. Ал электрондық 

қабықшалардың  құрылымы  бірдей 

болғандықтан,  олардың  химиялық 

қасиеттері  бір-біріне  өте  ұқсас  бо-

лады.  Химиялық  элементтердің 

изотоптары  сол  элементтің  шарт-

т ы   б е л г і с і м е н   ө р н е к т е л е д і . 

Изотоптардың болатындығы туралы 

алғашқы  тәжірибелік  мәліметтер 

1906  –  10  жылдары  радиоактивтік 

элементтердің  қасиеттерін  зерттеу 

кезінде анықталған. «Изотоп» деген 



Қарапайым  изотоптық  генератордың  сұлба- 

сы:  1  –  изотоп;  2  –  изотоп  қыздыратын  іш- 

кі контейнер; 3 – жартылайөткізгіштік тер- 

моэлектрлік  генератордың  бөліктері;  4  –  ра- 

диациялық сәуледен қорғаныштық қабат


И

75

ИДЕАЛ ГАЗ – ИОНСФЕРА



396

397


ғылыми  атауды  1910  жылы  ағылшын  физигі.  Фредерик 

Содди (1877 – 1956) 

енгізген. Тұрақты изотопты 1913 жылы ағылшын физиктері Джозеф 



Томсон (1856 

– 1940) және 1919 жылы Фрэнсис 



Астон (1877 – 1945) ашқан. 1981 жылға дейін 

276 тұрақты изотоп және 2000-нан астам радиоактивті изотоп, 



107 табиғи және 

жасанды элементтер синтезделген.

ИЗОТОПТЫҚ ГЕНЕРАТОР – радиоактивтік изотоп энергиясын электр энерги-

ясына айналдыратын термоэлектрлік генератор. Мұның құрамында радиоактивті 



изотоп және оның ыдырауынан пайда болатын жылу энергиясын электр тогына 

түрлендіретін термоэлектрлік түрлендіргіш болады. Термоэлектрлік түрлендіргіш 

жартылайөткізгіш элементтерден жасалады. Оның бір беті жылу әсерінен қызса, 

екінші жағы радиациялық сәулені шашырату негізінде салқындайды. Осы пай-

да болған температуралар айырымынан Зеебек – Пельтье – Томсон эффектісі 

негізінде электр тогы туады. 



ИЗОТОПТЫҚ  «ЖАС»  АНЫҚТАУ,  изотоптық  хронология  –  Жерде 

жинақталған  радионуклидтердің  ыдырау  өнімдері  бойынша  кен  жыныстары- 

ның, минералдардың, адамзат мәдениетінің ежелгі іздерін абсолюттік «жаста- 

рын»  анықтау.  Изотоп  әдісімен  «жас»  анықтау  идеясын  1903  жылы  француз 

физигі Пьер 

Кюри (1859 – 1906) және оған қатыссыз түрде ағылшын физигі  

Эрнест 


Резерфорд (1871 – 1937) ұсын- 

ған.  Изотоптық  «жас»  анықтау  кезін- 

де  әрбір  радионуклидтің  ыдырау 

актісінің  тұрақты  жылдамдықпен 

өтетіні және артық тұрақты нуклидтер- 

дің  жинақталуына  әкеп  соқтыратын 

осы  нуклидтің  мөлшері  (D)  зерттелу- 

ші нысанның «жасымен» (t) мына тең- 

деу  бойынша  байланысқан:  D  =  



= P(е

λt

 – 1), мұндағы P – радионуклид- 

тің атомдар саны, λ – ыдырау тұрақты- 

сы.  Осы  теңдеуден  t  «жас»  мынаған  

тең: t = 1/λ ln(1+D/P).

Изотоптық  «жас»  анықтаудың  қор- 

ғасындық,  аргондық,  стронцийлік 

және  көміртектік  әдістері  көбірек 

қолданылады.  Қорғасындық  әдісте 

ыдырау  нәтижесіндегі  радиогендік 

Жас ағаш 1 грамм көміртекке минутына 16 

санау  жылдамдығын  береді;  пирамидадан 

табылған қайық ағаш 1 грамм көміртекке 

минутына  8  санау  береді;  үңгірдегі  ошақ- 

тағы ағаш 1 грамм көміртекке минутына 

4 санау береді.



жүктеу 6,77 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   274




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау