|
Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлеріАс қорыту жүйесіне сипаттама, қызметі. Ас қорыту жолы, құрылысы
|
бет | 11/40 | Дата | 19.04.2023 | өлшемі | 262,69 Kb. | | #42223 | түрі | Құрамы |
| лд экзамен (копия)Ас қорыту жүйесіне сипаттама, қызметі. Ас қорыту жолы, құрылысы
Ас қорыту жүйесі (көне грекше: systema digestoria; көне грекше: systema — бүтін, байланысқан, жүйе; лат. digestoria — асқорыту) - адам мен жануарлар организмдеріндегі асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және жын қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелердің жүйесі. Асқорыту жүйесі түтік тәрізді мүшелерден және ас қорыту бездерінен тұрады. Филогенездік және онтогенездік тұрғыдан асқорыту жүйесін төрт бөлімге бөледі: бас бөлімді — ауызжұтқыншақ (аран), алдыңғы бөлімді - өңеш пен қарын (асқазан), ортаңғы бөлімді — ащы ішектер (он екі елі ішек, аш ішек, мықын ішек) мен ірі асқорыту бездері (ұйқы безі, бауыр), артқы бөлімді - жуан ішектер (бүйен, тоқ ішек, тік ішек) құрайды.[1][2]
Мазмұны Жалпылама[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекйлі бездері, бауыр және ұйқыбез жатады. Асқорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлінетін сөлді арнайы өзектер арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі. Әрбір асқорыту безінің бөлінетін сөлінің өз атауы бар. Бауырдан-өт, сілекей безінен-сілекей. Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл салада еңбегіне физиология ғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі таңда эндоскопия әдісі қолданады.
Асқорыту бездері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Асқорыту бездері (көне грекше: glandulae digestoria) — асқорытуға қажет ферментгерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер. Асқорыту бездерінің сөл бөлетін соңғы бөлімдерін құрайтын безді жасушаларды экзокриноциттер деп атайды. Құрылысы мен орналасу орындарына байланысты асқорыту бездері екі топқа бөлінеді: асқорыту ағзалары қабырғаларында орналасатын ұсақ бездер (интрамуральды бездер) және асқорыту мүшелері қабырғаларынан тыс жатқан ірі (экстрамуральды) бездер. Қабырғалық интрамуральды ас қорыту бездері — құрылысы түтікше келген асқорыту ағзаларының кілегейліасты негізінде немесе кілегейліқабық тың өзіндік тақташасында (пластинкасында) орналасады. Олардың жіңішке келген шығару өзектері асқорыту ағзалары қуысына ашылады. Интрамуральды бездерге ерін, тіл, тандай, ұрт, сілекей бездері, қарын (асқазан), дуаденальды (он екі елі ішектік) жөне жалпы ішектік бездержатады. Ал экстрамуральды ірі асқорыту бездеріне шықшыт (құлақ түбі), төменгі жақ, тіласты сілекей бездері, ұйқы безі және бауыр жатады.
Экстрамуральды сілекеи бездерінші ірі өзектері ауыз қуысына, ұйқы безі мен бауыр өзектері он екі елі ішек (күйіс қайтаратын жануарлардың ұлтабар ұшы) қуысына ашылады. Асқорыту бездерінің сөліндегі ферменттер астың (жынның) құрамындағы күрделі органикалық заттарды (протеиндер, липидтер, көмірсулар), олардың қарапайым мономерлеріне ьдыратады. Қорытылған заттардың мономерлері — амин қышқылдары мен глюкоза ішек қабырғасындағы қан қылтамырларына (капиллярларларына), ал глицерин мен май қышқылдары — лимфа капиллярларына сорылып сіңіріледі.[3]
Асқорыту бездеріне үш жұп сілекей бездері, бауыр жәнө ұйқыбез жатады. Аскорыту бездерінен бөлінетін сұйықтықты сөл (секрет) деп атайды. Асқорыту бездері сыртқы секреция бездеріне жатады. Олар өздерінен бөлетін сөлді арнайы өзектері арқылы асқорыту мүшелеріне бөледі.Әрбір асқорыту безінің бөлетін сөлінің өз атаулары бар. Мысалы, бауырдан бөлінетін сөл - өт, сілекей бездерінен бөлінетін сөл - сілекей және т. б.
Асқорыту бездерінің қызметін фистула әдісі арқылы зерттеуде көрнекті орыс ғалымы И. П. Павловтың еңбегі зор. Ғалымның бұл саладағы еңбегіне физиологияғылымындағы іргелі жаңалық ретінде Нобель сыйлығы берілген. Қазіргі кезде асқорыту мүшелерінің ішкі сілемейлі қабыгындағы өзгерістерді зерттеудеэндоскопия әдісі қолданылады. Оның көмегімен арнайы оптикалық құралдар арқылы асқорыту мүшелерінің ішкі құрылысын көруге және суретке түсіріп алуға болады.
Асқорыту бездерінен бөлінетін сөлдің құрамында күрделі ағзалық заттарды қарапайым заттарға дейін ыдырататын ерекше заттар болады. Оларды ферменттер деп атайды.
Асқорыту сөлдерінің физиологиялық ерекшеліктері
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|