|
Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлеріМойын бұлшық еттері, бөлімдері, атқару қызметтері
|
бет | 10/40 | Дата | 19.04.2023 | өлшемі | 262,69 Kb. | | #42223 | түрі | Құрамы |
| лд экзамен (копия)Мойын бұлшық еттері, бөлімдері, атқару қызметтері.
. Адамның мойын бөлігі жоғарғы жағынан жақпен, төменгі жағынан бұғана және төс тұтқасымен шектеледі. Мойынның еттері шайнау, ымдау, тыныс алу, жұтыну, сөйлеу, т.б. қозғалыстарын жүргізеді. Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөледі. Соңғы тобы арқа еттерінің жалғасы болып табылады және олар арқа еттерімен бірге өтеді. Мойынның бүйір еттері жатқан жағдайына қарай беткей және терең еттер деп екіге бөледі. Мойынның беткей еттеріне төс-бұғана-емізікше еті мен теріасты мойынның беткей жатқан еттері жатады.
1. Теріасты ет (подкожная мышца) – қалдық ет болып саналады. Бұл ет сүтқоректілерде жақсы жетілген. Олардың терісінің астында бүкіл денесін жауып жатады, ал адамда теріасты мойынның екі бүйір бөлігін ғана жауып жатқан жұқа ет. Ол көкірек клеткасынан жоғары қарай көтеріліп, жақтың төменгі жиегіне бекиді. Бұл ет жиырылған кезде езуді төмен тартады.
2. Төс-бұғана емізікше еті (грудино-ключично-сосцевидная мышца) – мойынның алдыңғы бүйір бөлігінде орналасқан екібасты ет. Оның бір басы бұғанадан, екінші басы төстен басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді. Бұл еттің екі жағы бірдей жиырылған кезде басты мойынмен бірге алға қарай иеді. Бір жағына жиырылса, басты қарама-қарсы жағына бұрып, мойынды өз жағына иеді.
Мойын еттерінің алдыңғы тобы - тіласты сүйегінің үстіңгі және астыңғы еттері деп - екіге бөлінеді. Тіласты сүйегінің үстіңгі тобы ауыз қуысының төменгі тобын түзеді. Оларға жақ-тіласты, иек-тіласты, қос қарыншалы, біз-тіласты еттері жатады.
Жақ-тіласты еті (челюстно-подьязычная мышца) - шаршы келген жалпақ ет, ауыз қуысының түбін түзеді. Жақ сүйегінен басталып тіласты сүйегін жоғары қарай қозғайды, не керісінше жақты төмен түсіреді.
2. Иек-тіласты еті (подбородочно-подязычная мышца)- иектен басталып тіласты сүйегіне бекиді.
3. Қосқарыншалы ет (двубоюшная мышца)- атына сәйкес қос қарыншалы келеді. Көлденең бағытта жатады. Артқы қарыншасы арқылы самай сүйегінің емізікше өсіндісінен басталып, алдыңғы қарыншасы мен тіласты сүйегіне бекиді.
4. Біз-тіласты еті (шило-подьязычная мышца) - самай сүйегінің біз өсіндісінен басталып, тіласты сүйегіне тіркеледі. Тіласты сүйегінің үстіңгі жағында жатқан еттер жақты төмен түсіру жұмыстарын атқарады немесе жақ қимылсыз тұрған жағдайда, керісінше тіласты сүйегін көмекеймен бірге көтереді. Бұл жағдайда сөйлеу мен шайнау процестеріне қатысады.
Мойынның алдыңғы, ортаңғы және артқы сатылы бұлшық еттері мойын омыртқаларының көлденең өсінділерінен басталып, І-ІІ қабырғаларға бекиді. Бұлар бір жағынан жиырылса сол жағына қарай мойынды иеді. Соынмен бірге қатты тыныс алғанда, жүргенде, жүк көтергенде қабырғаны көтеріп демді ішке алуға қатысады.
Мойынның алдыңғы терең тобына бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады. Бұлар шүйде сүйегінен басталып көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне тіркеледі. Қалған қысқа тік еттері ауыз омыртқа мен шүйде аралығында орналасқан. Бұл бұлшық еттер жиырылғанда мойын омыртқаларын, басты алға иеді. Сондықтан желке еттерінің антогонистері болып табылады.
Бастың бұлшық еттері. Бастың бұлшық еттерін шайнау және ымдау бұлшық еттері деп екі топқа бөледі. Шайнау бұлшық еттерінің ерекшеліктері – олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, міндетті түрде бастың қозғалмалы сүйегіне – төменгі жаққа келіп тіркеледі. Бұл еттер жиырылған кезде осы сүйекті жақ буынын қимылға келтіріп шайнау әрекетін жүргізеді.
Бас бұлшық еттері екі топқа бөлінеді: шайнау және ымдау.
Ымдау бұлшық еттері тері астында орналасқан, сол себепті ет жапқыш шандырлары болмайды,және олар бас сүйегінің әр жерінен басталып, бет терісіне бекиді. Ымдау бұлшық еттеріне: а) маңдай шүйде бұлшық еттері, сіңірлі жапқышпен жалғанған; б) құлақ еттері-үшке бөлінеді: алдыңғы, жоғарғы және төменгі, олар самай шандырынан басталып құлақ қалқанына бекиді. в) көздің дөңгелек еті- көз шарасында орналасқан.
Ымдау еттеріне үлкен және кіші бұлшық еттер, мұрын, ұрт, қас жиыру, ауыздың дөңгелек еті т.б. еттер жатады.шайнау бұлшық еттеріне: а) меншікті шайнау еті, бет сүйегінің доғасынан басталып төменгі жақтың бұрышына бекиді; б) самай еті-самай сүйегінің сырт жағынан басталып,төменгі жақтың тәждік өсіндісіне бекиді; в) ішкі және сыртқықанаты ет сына сүйектен басталып, төменгі жақтың өсіндісіне бекиді.
Мойын бұлшық еттері
Жалпы мойын бұлшық еттерін екі бүйір, алдыңғы және артқы топтарға бөлінеді. Артқы тобы арқа еттерінің жалғасы болып саналады. Мойын бұлшық еттері орналасуына байланысты беткей және терең еттер болып бөлінеді. Беткей еттеріне а) төс-бұғана-емізікше еті жатады, ол төс және бұғанадан басталып самай сүйегінің емізікше өсіндісіне бекиді; б) тері асты-адамда қалдық ет болып саналады, сүт қоректілерде жақсы жетілген. Ол үлкен көкірек еттерінің жоғарғы жағынан басталып, жақтың төменгі жерінен бекиді; в) жақ-тіл асты еті-ауыз қуысының түбін түзеді. Төменгі жақ сүйектен басталып, тіл асты сүйегіне бекиді. Беткей еттеріне иек-тіл асты без-тіл асты т.б. еттер жатады. Терең еттер мойын омыртқаның алдынғы және бүйір жағында орналасқан. Бүйір еттерге алдынғы ортанғы және артқы сатылы еттер жатады, олар 3-4 мойын омыртқалардың көлденең өсіндісінен басталып, 1-2 қабырғаларға бекиді. Мойынның алдынғы терең еттеріне бастың және мойынның тік еттері мен ұзын бұлшық еттері жатады, олар шүйде сүйегінен басталып, көкірек омыртқаларының көлденең өсінділеріне бекиді.
Бас және мойын шандыры. Бас шандырының орналасуында ерекшелік бар, олардыңбеткей шандырлары жетілмеген, ал меншікті шандырлар самай және шайнау бұлшық еттерінің кейбір жерінде болады, негізі олар тек перимизиямен (дәнекер ұлпалы қабықшамен) қапталған. Мойын шандыры үш пластинка түзеді: беткей, омыртқа алды және кеңірдек алды. Беткей шандырлар көкірек және арқа шандырының жалғасы. Кеңірдік шандыр бұғана мен төс тұтқасынан басталып, тіл-асты бұлшық еттерге жапқыш болады. Омыртқа алды шандырлар бас сүйектің төменінен басталып омыртқа еттерін жабады.
Кеуде бұлшық еттері, атқару қызметі.
Арқа бұлшық еттері, атқару бұлшық еттері.
Құрсақ бұлшық еттері, бөлімдері, атқаратын қызметтері.
Қолдың бұлшық еттері, бөлімдері.
Аяқтың бұлшық еттері, бөлімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|