Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері


Бас бұлшық еттері: ымдау және шайнау бұлшық еттері, түрлері, атқару қызметі



жүктеу 262,69 Kb.
бет9/40
Дата19.04.2023
өлшемі262,69 Kb.
#42223
түріҚұрамы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40
лд экзамен (копия)

Бас бұлшық еттері: ымдау және шайнау бұлшық еттері, түрлері, атқару қызметі.

  • Бас бұлшық еттері ымдау және шайнау топтарына бөлінеді. Ымдау бұлшық еттері бастың бет бөлімінің тері астында орналасып, пішіні жалпақ болады. Негізіннен бұл еттердің бір ұшы табиғи тесіктердің қабырғаларында аяқталып, олардың ашылып жабылуы ,кеңеюі,тарылуы сияқты қызметтерін жүзеге асырады. Ымдау бұлшық еттерінің басқалардан айырмашылығы бір ұшы бас сүйегінен басталса, екінші ұшы міндетті түрде бет терісіне келіп бекиді.
    Ауыздың дөңгелек бұлшық еті- еріннің кілегейлі қабығы мен терісінің арасында жатқан ет. Ет талшықтары ауыз тесігіне шеңберлене орналасып,езу аумағында ұрт етіне жалғасып кетеді.
    Қызметі: Аталған бұлшық ет ерінді жиырып, ауызды тарылтады.
    Жоғарғы және төменгі тұмсықтық бұлшық еттер- тұмсықтық сүйектің еріндік бетінен және төменгі жақ сүйегінің тұмсықтық бөлігінен басталып, ауыздың дөңгелек етіне келіп бекиді.
    Қызметі: Еріндерді тұмсықтық және төменгі жақ сүйектеріне қарай тартып, ауызыдың ашылуына көмектеседі.
    Шынтақтық бұлшық ет- пішіндес жұқа ет. Ол шынтақтық доғадан басталып, езуде аяқталады.
    Мұрын мен ерінді көтеруші бұлшық ет- мұрынның бүйір беті терісінің астында орналасады. Оның басталатын және бекитін ұштары әртүрлі жануарларда бірдей болмайды.Негізінен ол маңдайлық шандырдан басталып, жоғары ерін мен мұрын қанатына бағыталады.
    Қызметі: Жоғары ерінді көтеріп, танау тесігін кеңейтеді.
    Сыртқы-ұрттық бұлшық ет- мұрын мен ерінді көтеруші етпен бірге басталып, оның артқы жағында орналасады. Ол ұрттық етке келіп бекиді.
    Қызметі: Ұртты жоғары қарай тартады.
    Ит тістік бұлшық ет- жоғары жақ сүйегінің бүйір бетіндегі көздікастылық тесіктің маңайынан басталып, мұрын қанатымен жоғары ерінде аяқталады.
    Жоғары еріннің арнаулы көтеруші бұлшық ет, ит тістік бұлшық еттің үстінде , мұрын мен ерінді көтеруші еттің медиальдік жағында орналасады.
    Қызметі: Ірі қара малда танау тесігін кеңейтеді. Шошқада ол танаулық сүйектітұмсықтық сүйекке бекітеді, ал жылқыда жоғары ерінді көтеруге қатысады.
    Жоғары ерінді түсіруші ет- тек шошқа мен ірі қара малда болады. Ол ит тістік етпен бірге басталып, шошқада танаулық сүйекке, ал ірі қара малда жоғары ерінде аяқталады.
    Төменгі ерінді түсіруші бұлшық ет- төменгі жақ сүйегінің тістік жиегін бойлай орналасады. Оның басталар ұшы ұрттық бұлшық етпен бірігіп кетіп, екінші ұшымен төменгі ерінде аяқталады.
    Ұрттық бұлшық ет- ұрттың кілегейлі қабығымен жанасып жатады. Ол беткейлік және тереңдік қабаттардан тұрады.
    Ұрттық еттің беткейлік қабаты үлкен шайнау етінің алдында орналасқан. Ұрттық еттің тереңдік қабаты жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінен басталады. Бұл қабаттың ет талшықтары ауыздың дөңгелек етінде аяқталады.
    Қызметі: Шайнау кезінде азықты жылжытып, азу тістерге салуға көмектеседі.
    Шайнау бұлшық еттері:
    Үлкен шайнау бұлшық еті- өте күшті қауырсынды бұлшық ет. Ол төменгі жақ сүйегінің бұтағының латеральдік бетінде жатады. Самайлық бұлшық ет- самайлық шұңқыр мен қырдан бастау алып, төменгі жақ сүйегінің тәждік өсіндісіне барып бекиді.
    Қанаттық бұлшық ет- төменгі жақ сүйегінің медиальдік бетінде орналасқан . Ол екі, қанаттық медиальдік және қанаттық латеральдік бөліктерден тұрады.Қосқұрсақтық бұлшық ет- мойындырықтық өсіндісі мен төменгі жақ сүйегі денесінің вентральдік жиегінде жатады.
    Мойындырықты-жақтық бұлшық ет- тек жылқыда ғана кездеседі. Ол мойындырықтық өсіндіден басталып төменгі жақ сүйегінің бұтағының каудальдік жиегіне бекиді.
    Аталған шайнау бұлшық еттері төменгі жақ сүйегін қозғалысқа келтіріп, шайнауды қамтамасыз етеді.Үлкен шайнау, самайлық және қанттық бұлшық еттер жиырылғанда төменгі жақ үйегі жоғары көтеріліп, жоғары жақ сүйегіне жанасады. Ал қосқұрсақтық және мойындырықты жақтық бұлшық еттер төменгі жақты түсіреді.


  • жүктеу 262,69 Kb.

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   40




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау