Анатомия пәні мен оның міндеттері, зерттеу әдісі, түрлері



жүктеу 262,69 Kb.
бет19/40
Дата19.04.2023
өлшемі262,69 Kb.
#42223
түріҚұрамы
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40
лд экзамен (копия)

Өт сұйықтығы
Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.

  • Өт қапшығы, құрылысы, қызметі.

  • Организмдегі өт бауыр өті және қапшық өті болып бөлінеді. Ас қорытудан тыс уақытта бауыр өті өт қапшығына жиналып, судың, әр түрлі тұздардың (электролиттердің) кері сорылуына байланысты қоюланып сақталады. Бауыр өтінің тығызд. – 1,010 – 1,015, рН – 7,4 – 8,0, ақшыл-сары түсті.Өт қапшығы өтінің құрамындағы негізгі заттардың (өт қышқылы тұздары, пигменттер, холестерин, майлы қышқылдар, аниондар, катиондар) тығызд. бауыр өтімен салыстырғанда 5 – 10 есе жоғары болады. Қара-қоңыр түсті, қою, тұтқыр болып келеді. Өт түзу қалыпты бауыр клеткаларының (гепатоциттер) суды, өт қышқылдарын, билирубинді өт түтікшелеріне бөлуден басталады. Өт ішектегі өт майларының ыдырауына, бөлшектенуі мен сорылуына қажет. Ас қабылдаған соң өт ішекке құйылады, яғни, алдымен өт өзегіндегі өт, одан соң өт қапшығы өті, соңында бауыр өті түседі. Ішекке қапшық өтінің түсуі гормондық заттармен (секретин, холецистокинин) реттеледі, одан басқа, майлы заттар өт қапшығының жиырылуы мен босаңсуына себепші болады. Ересек адамдардың бауыры тәулігіне 500 – 700 мл өт бөледі. Жануарлардың, әсіресе, ірі қара малдың өтінен алынған препараттар медицинада кеңінен қолданылады.[1]

  • Тыныс алу ағзаларына сипаттама, ауа жолдары мен тыныс алу бөлімі.

  • Тыныс алу — ағза мен қоршаған орта арасындағы газ алмасу үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Тыныс алу жүйесінің орталық мүшесі - өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек және ауа тамырлар қажет. Ауа тарататын барлық жолдар ішкі жағынан кірпікшелі эпителиймен астарланған, ол кірпікшелердің қимылымен қатты тозаң бөлшектерін шығарып тастайды. Мұрын қуысы қан тарату қылтамырларымен мейлінше жабдықталған және оны иіс сезу рецепторлары бар сілемейлі, кірпікшелі эпителий астарлайды. Сондықтан ауа мұрын қуысында шаң мен ұсақ ағзалардан тазартылып, дене температурасын қабылдайды, оның иісін анықтайды. Ауыз қуысы дегеніміз — тынысалу жүйесінің мұрын уақытша жұмыс істемеген кезде (мұрын бітелгенде, мұрыннан қақ бөлінгенде, қан ақанда, т.б.) пайдаланылатын сақтама жолы. Аңқа дегеніміз - ауыз және мұрын қуыстарының қосылған жері. Ол тыныс алу және ас қорыту жүйесінің ортақ бөлімі - жұтқыншаққа ұласады. Жұтқыншақтың соңғы ұшы тармақталады. Бір тармағы — өңешке қарай, екіншісі көмекейге астасады. Көмей (көмекей) шеміршектерден түзілген, олардың ең үлкені қалқанша шеміршек (еркекте өндіршек). Мұның арасындағы маңызды шеміршек - көмей қақпашығы (көмей шодыры). Ол асты көмейге жібермей, өңешке қарай бағыттайды. Көмекей құрамына шеміршектерден басқа дауыстық ағзалар жиынтығы енеді. Ол екі сілемейлі дыбыстық байламнан құралады да, олардың аралығында дыбыстық саңылау орналасады. Әңгімелесу кезінде саңылауды байламдар жауып қалады да ауа олар арқылы күшпен қысылып шығып, дыбыс түзіледі. Байламдар неғұрлым (көмейден үлкен) ұзын болса, дыбыс соғұрлым жуан болады. Дыбыстың еркекте-жуан, әйелде көбінесе жіңішке болатыны сондықтан.

  • Көмекей жартылай сақиналы шеміршектерден тұратын түтік - кеңірдекке ұласады. Кеңірдек өңештің алдыңғы жағында орналасады. Сондықтан ішкі жағында және жартылай сакиналар аралығында жұмсақ дәнекер ұлпатек болады. Соның арқасында ас жентегі кеңірдек шеміршегіне қысым түсірмей, өңешпен еркін жылжиды. Кеңірдек екі ауатамырларға тармакталады. Ауатамырлар шеміршек сақиналарынан құралады. Олар бұрынғысынан да ұсақ ауа тамырлық тармақшаларға (бронхиолдарға) тармақталып, өкпе ішінде «бронхиолды ағаш» түзеді. Ауатамырлық тармақшалардың ең ұсақтары өкпе көпіршіктері - альвеолдармен аяқталады. Көпіршіктердің әрқайсысын қан тарату қылтамырлары торлап жатады. Оларда веналық қан болады, ол оттегіне қанығып, артериялық қан болып шығады. Гемоглобин көмірқышқыл газды беріп, оттегін қосып алады (карбогемоглобиннен оксигемоглобинге айналады). Өкпе көпіршіктері және веналық қылтамырлардын кабырғасы арқылы газ алмасады. Өкпе альвеолдар жәрдемімен өте қан ұяшықтарға бөлініп, газалмасатын үстіңгі қабаттың көлемін өте ұлгайтады. Қанның оттегіне қанығуына өкпедегі ауа құрамы алмасады. Атмосфералық ауа (тыныс алғанда) құрамында 21% оттегі және 3% көмірқышқыл газы болады. Өкпе арқылы (тыныс шығарғанда) өткен ауа құрамында 16% оттегі және 4% көмір қышқылы қалады. Ауадағы азот мөлшері өзгермейді (74%). Өкпе қызметың маңызды көрсеткіші ӨТС-өкпенің тіршіліктік сыйымдылығы. Бұл өте терең тыныс алған соң адамның тыныс шығара ала-I ми пуп мөлшері. Оның орташа мөлшері 3,5 л немесе 3500 см3. Жаттыққан адамдарда ӨТС бұдан көбірек (5-7 л және одан артықтау) болады. ӨТС неғұрлым жоғары болса, өкпе соғұрлым жақсы қызмет атқарады.

  • Өкпе жұптасқан мүше. Оң жақ өкпе үлкен және үш бөлікке, ал сол жак өкпе жүрек есебінен екі бөлікке бөлінеді. Өкпені сыртынан тегіс дөнекер түптек (ұлпа) - өкпесіріқауызы (ішкі) қаптайды. Ол өкпемем тұтасып кеткен, оларды ажыратып алу мүмкін емес. Кеуденің (қабырғалар, қабырға аралық бұлшықет және көкет) ішкі жағына сыртқы тарақ - сыртқы сіріқауыз тұтасып кетеді. Сіріқауыздың екіта-рақтарының аралығында мөлшері 1-2 мм шағын кеңістік бар. Бұл -сіріқауыздық куыс. Оған сіріқауыздық сұйықтық толы болады. Соның арқасында өкпе кеудеге берік жалғасатындықтан, біз тынысалу қимылдарын іске асырамыз. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет жиырылса, одан кеуденің көлемі және соғни сөйкес өкпенің көлемі арта түседі. Сөйтіп тынысалу жүзеге асады. Егер қабырға аралық бұлшықеттер мен көк ет босаңсыса, онда кеуде мен өкпенің көлемі кішірею есебінен тыныс шығарылады. Тынысалу жүйке гуморальды жолмен реттеледі. Тынысалу орталыгы сопақша мида орналасады. Ол тыныс алу және тыныс шығарудың рефлекторлық алмасуын реттейді. Тынысалу рефлексінің коздырғышы қандағы көмір қышқыл газының артуы болып табылады. Артериялардағы химиялық рецепторлар қозады да қимыл нейрондарының бойымен жұмыс мүшелеріне: қабырғааралық бұлшықеттерге және көк етке сигнал түседі. Олар жиырылып, кеуде және өкпе көлемін ұлғайту арқылы тыныс алып, оған жауап кайтарады. Симпатикалық жүйке жүйесі, адреналин және тироксин тыныс алуды тереңдетіп, жиілете түседі. Ал парасимпатикалық жуйке жуйесі тыныс алуды баяулатады. Жөтел және түшкіру тынысалудың қорғаныш рефлексі болып табылады. Оларды мұрын немесе көмейдің сілемейлі қабырғасына иіс немесе еріксіз әсер тітіркендіреді. Оған мұрын арқылы (түшкіру) немесе ауыз арқылы (жөтел) кенет тыныс шығару жолымен жауап қайтарылады.[1]





    1. жүктеу 262,69 Kb.

      Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   40




    ©g.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    рсетілетін қызмет
    халықаралық қаржы
    Астана халықаралық
    қызмет регламенті
    бекіту туралы
    туралы ережені
    орталығы туралы
    субсидиялау мемлекеттік
    кеңес туралы
    ніндегі кеңес
    орталығын басқару
    қаржы орталығын
    қаржы орталығы
    құрамын бекіту
    неркәсіптік кешен
    міндетті құпия
    болуына ерікті
    тексерілу мемлекеттік
    медициналық тексерілу
    құпия медициналық
    ерікті анонимді
    Бастауыш тәлім
    қатысуға жолдамалар
    қызметшілері арасындағы
    академиялық демалыс
    алушыларға академиялық
    білім алушыларға
    ұйымдарында білім
    туралы хабарландыру
    конкурс туралы
    мемлекеттік қызметшілері
    мемлекеттік әкімшілік
    органдардың мемлекеттік
    мемлекеттік органдардың
    барлық мемлекеттік
    арналған барлық
    орналасуға арналған
    лауазымына орналасуға
    әкімшілік лауазымына
    инфекцияның болуына
    жәрдемдесудің белсенді
    шараларына қатысуға
    саласындағы дайындаушы
    ленген қосылған
    шегінде бюджетке
    салығы шегінде
    есептелген қосылған
    ұйымдарға есептелген
    дайындаушы ұйымдарға
    кешен саласындағы
    сомасын субсидиялау