Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Гуманитарлық- педагогикалық колледжі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі ұсынған жалпы орта білім беретін мектептерде сапалы білім беруді басқару «Биоақпараттану және синергетика» (БжС) технологиясы, «Білім беру технопарк» жобасы. Технология авторы және жоба жетекшісі п. ғ. к. Нұрсұлтан Назарбаев, Білім беру Қорының кеңесшісі Ф. Я. Вассерман, Ғылыми жетекші п. ғ. д. , профессор, РБАИ БМ кеңесшісі Жайтапова А. А. Технологиялық карталардың базасы жаратылыстану-ғылыми және қоғамдық ізгіліктік бағыттарға негізделген.
Әдістемелік нұсқаулық
«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
(2015-2016 оқу жылының инновациялық технологияларды оқыту
процессіне енгізу жоспарына сай)
Ақсукент 2015-2016 оқу жылы
Колледждің әдістемелік кеңес отырысында қаралды және бекітуге ұсынылды. Хаттама №____ «____» ____________2015ж.
Колледж әдіскері____________А. Қ. Мамбетова
«Дизайн» пән бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.
Хаттама № ___, «_ _»__желтоқсан__ 2015 ж.
Пән бірлестігінің төрайымы ____________ Ш. Х. Наркулова
Құрастырған оқытушы ___________ Р. Г. Жунисбекова
Аннотация: Әдістемелік нұсқауда "«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. " Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф. Я. Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясын қолдану жолдарын көрсету. 11-алгоритмдік картамен жұмыс жасау әдістемесімен танысу. Қазақстанда сертификатталған технологиялары қатарында.
А л ғ ы с ө з
Жаңа инновациялық технологияның бірі ретінде Ф. Я. Вассерманның «Биоақпарат және синергетика» технологиясы 1999-2000 оқу жылынан бастап сабақтарды Қазақстанда бірнеше мектеп осы технология бойынша өткізіп келеді. Біздің әдістемелік тақырыбымыз «Биоақпарат және синергетика технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. »
Биоақпарат дегеніміз- биологиялық кеңістіктегі бірнеше ақпараттың алмасу заңдары мен принциптері.
Синергетика дегеніміз- күрделі ( бір қалыпты емес) жүйелердің өзін-өзі басқаруы.
«БжС» технологиясының басқа технологияларға қарағанда ерекшелігі бар. «БжС» технологиясы үш жақты қамтамасыз етеді: оқу, даму, тәрбие.
Қатысатын оқытушылар: Р. Г. Жунисбекова-спикер. М. Қайнарбекова, Е. Қосқұлақов. М. Мырзаев, М. Абдулхаков.
«Биоақпарат және синергетика» технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Семинарда қолданылатын материалдар: Слайд-презентация, видеожазба, тренингтер, маркерлер.
Оқыту әдістері:Сұрақ-жауап, түсіндіру әдісі «Галерия», «БББ», «Ойлаудың бес гүлі».
Дерек көздері: Әдістемелік нұсқау. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
Тапсырмалар: Топтық талдау, салыстыру. Қазіргі уақытта білім сапасына қойылатын мақсат- білім сапасын арттыру. Бүгінгі таңда білім беру саласында әртүрлі сипаттағы және бағыттағы инновациялар енгізілуде. Азды-көпті мемлекеттік жүргізіліп, мазмұнға, ұйымдастыруға оқыту әдістері мен технологияларына жаңалықтар кіруде. Білім беру саласына енген жаңалықтарға мына өзгерістерді жатқызамыз:
- оқу тәрбие мекемелерінің жаңашыл басқарылуы;
- білімнің қоғамдағы орны және сол жүйені қаржыландыру деңгейін арттыру;
Білім сапасын арттырудың бір жолы ол жаңа инновациялық технологияларды енгізу.
Осы технологиямен өткізілген сабақты дәстүрлі сабақпен салыстыратын болсақ:
«БжС» технологиясымен
|
Дәстүрлі сабақ
|
Даму
Оқу
Тәрбиелеу
|
Бір жақты
|
Өлшемдер болады
|
Өлшемдер нақты болмайды
|
Сабақтың әр бөлімінің сапасын анықтауға болады
|
Әр сабақ бөлімінің сапасы анықталмайды
|
Қазіргі сәтте 11 базалы технологиялық картаның 5 көрсетілген. Олар: «Алгоритм», «Биоинтернет», «Жаттықтырғыш», «Ауызша сабақ-1» және «Ауызша сабақ-2». Аталған карталар МББЖМС сәйкес оқытудың жоғары сапасына жету міндеттерін шешеді. Карталар 11 жылдық тәжірибе нәтижесі бойынша жаңартылып және жетілдіре толықтырылған. : алгоритм, биоинтернет, жаттықтырғыш, ауызша сабақ 1, ауызша сабақ 2, ауызша сабақ 3, қисын, көшбасшы, КТС, БАЖ.
Өлшемдер:
1. КЕФ- күрделілікті есептеу формуласы.
ТКШ- төменгі күрделілік шегі
АКШ- аралық күрделілік шегі
ЖКШ- жоғары күрделілік шегі
Мысалы: математика пәні бойынша:
ТКШ- 1-5 аралығындағы сандар 124+542
АКШ- 1-9 аралығындағы сандар 167+283
ЖКШ- 5-9 аралығындағы сандар 689+759
Қазақ тілі пәні бойынша:
ТКШ- жай сөйлем
АКШ- күрделі сөйлем
ЖКШ- салалас құрмалас сөйлем
2. Нормативті уақытты анықтау- 5 оқушы + 30 секунд
Сабақтың сапасы - 63%
3. Сөздік қор өлшемі:
1-класс- 25 сөз
2-класс- 31 сөз
3-класс- 37 сөз
4-класс- 44 сөз
Сөздік қор үшке бөлінеді:
Жалпы сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта нормативтік мөлшерге сай сөз жазу.
Арнайы сөздік қор – белгілі уақытта жеке пәндерден меңгерілген тақырып бойынша нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер, түсініктер ережелер жазу.
Тақырыптық сөздік қор – ана тілінде белгілі уақытта тақырыпқа байланысты нормативтік мөлшерге сай пәндік терминдер , түсініктер, ережелер жазу.
Сөздік қорды орындау уақыты – 5 минут.
Сергітулер түрлері:
Жылдамдық – Бұл сергіту барлығы 9 жылдамдықтан тұрады. Мұғалім кез-келген 100-ге дейінгі санды айтады, мысалы 16, балалар хормен 17 деп жауап беру керек. Егер бүкіл сынып бірдей айтса онда екінші жылдамдыққа көшуге болады.
Талаптар: балалар жауабы өте тез және бірдей болуы керек. Балалардың үш рет қателесуі немесе бірдей жауап бермеуі, осы сыныптың жылдамдығын қайта анықтауына себеп болады.
Тақ немесе жұп сандармен өткізуге болады. Мысалы: 2,4,6,8,. . т. б. немесе керісінше 98,96,94,. . т. б.
Күрделендіру: Жылдамдық сергітуде операциялық символдарды тез ауыстырып өткізуге болады, плюс және минус. Мысалы: 1-жылдамдық мұғалім 12+ дейді, жауап 13, немесе 17- дейді, жауап 16.
Сергітулер үнемі ауыстырылып тұрғаны жөн. Ондай болмаған жағдайда сергітулер қызығушылықты немесе мәселенің мәнін жоғалтуы мүмкін. Сергіту уақыты- 5минут.
Есте сақтау- жылдамдық параметрі 9-жылдамдық. Көлемі-7. Мысалы: мұғалім 7 дейді, оқушылар хормен 7 дейді.
Күрделендіру: мысалы: мұғалім 1268 дейді, оқушылар хормен 1269 дейді.
Есте сақтаудың көріністі дамуы. Қолдануы: тақтаға 7-14-21 тірек сөздер жазылады. Тақтадағы тірек сөздердің 3-4 өшіреміз. Оқушылар жетпей тұрған сөзді есіне түсіріп орнына қояды. Жаттауға 30 секунд уақыт беріледі.
Арнайы психологиялық сергітулер.
Босаңсыту сергітулері:
А) сол қолмен жазу, синхронды жазу(екі қолмен), сандар, әріптер, геометриялық фигуралар.
Б) дауыссыз дыбыстарды әндетіп айту,хормен жақсы әндетіп айту деңгейіне дейін.
2. Ауыстырғыш сергітулер.
А) өткен сабақтан алған әсер сақталып, зейіні төмендеген жағдайда көңілді өтіп жатқан сабаққа бұру үшін.
Б) еңбек, дене шынықтыру сабақтарынан кейінгі сабақтарға зейінін аудару үшін.
Қолдану тәртібі:
А) көзді жауып қойып өткізеді. Керемет адамдардың өмірі туралы тарихтар, аңыздар, мифтер айтылады. Балалар тақырыпты көз алдына келтіріп, сабаққа деген қызығушылығын сезінеді.
Б) вирусқа қарсы- алгоритмикалық түрде жазбаша тапсырмалар беріледі. Мысалы: 100-ге дейінгі жұп сандарды жазу. Мұғалім тапсырманы орындауда кедергілер жасайды. Осы кедергілерге қарамастан тапсырмаларды дұрыс орындаған балаларды мұғалім марапаттайды.
3. Ұйымдастыру сергітулері.
Ережелерді,түсінікті, терминді хормен айту. Дұрыс амалдарды ұжым болып айту. Қиын сөздерді, сөз тіркестерін ұжым болып айту.
4. Құрылымды сергітулер.
Технологиялық карталау негізі.
Шын мәнінде технологиялық карталардың сипаттамасы мұғалім мен оқушылардың (мақсатқа жету, ұйымдастыру, бақылау және реттеу іс-әрекеті) іс-әрекеттерін суреттей келе технологиялық жобалау мен құрастыру деңгейінде білім беру үрдісін елестету болып табылады. Технологиялық карта оқу іс-әрекетін басқарудың негізі болып табылады. Педагогикалық әдебиеттерді зерттеп қарағанда, қазіргі заманғы оқыту үрдісінде басқару мақсатының, олардың жетістікке жету әдістері мен тәсілдерінің бір-бірімен байланыстылығы жеткіліксіз жасалынған. Атап айтсақ, мысалы, 1 кестеде (В. С. Кукушинаның классификациясы бойынша) таңдау жетістіктерін анықтайтын, олардың 16 түрлі себебін ескеруді қажет ететін, мұғалім тарапынан берілетін оптималды оқытудың әдіс-тәсілдерін жоспарлау үрдісі көрсетілген.
- 1. В. С. Кукушина бойынша оқыту әдістерін таңдауға әсер ететін себептер тізімі.
№
|
Себептер
|
Себепке әсер етеін коэфф.
|
Орын
|
1
|
Оқыту мақсаты. Қажетті жетістікке жетудің оқыту деңгейі
|
0,90
|
1
|
2
|
Оқытудың ынталандыру деңгейі
|
0,86
|
2
|
3
|
Оқытудың заңдылық ұстанымдарын жүзеге асыру
|
0,84
|
3
|
4
|
Жүзеге асырлатын талаптар мен мазмұндар көлемі
|
0,80
|
4
|
5
|
Оқу материалының күрделілігі мен мен қажетті өлшем шегі
|
0,78
|
5
|
6
|
Оқушылардың дайындық деңгейі
|
0,65
|
6
|
7
|
Оқушылардың белсенділіктері, қызығушылықтары
|
0,65
|
7
|
8
|
Оқушылардың жасы, оқу жұмысына жарамдылықтары
|
0,62
|
8
|
9
|
Оқыту дағдыларының қалыптылығы. Оқытудағы жаттығушылық пен шыдамдылығы
|
0,60
|
9
|
10
|
Оқыту уақыты
|
0,55
|
10
|
12
|
Өткен алдыңғы сабақтағы әдіс-тәсілдерді қолдану
|
0,40
|
12
|
13
|
Сабақтың типі мен құрылымы
|
0,38
|
13
|
14
|
Оқу еңбегі үрдісінде қалыптасатын (бірге жұмыс жасайтын және билік жүргізуде) мұғалім мен оқушы арасындағы бір-бірімен қарым-қатынасы
|
0,37
|
14
|
15
|
Сыныптағы оқушылар саны
|
0,36
|
15
|
Осы кестенің талдауы, оқыту әдістерінің оптималды таңдалуына көрсетілген себептерінің сәйкес келуі негізінде жатқаны көрсетілген. В. С. Кукушинаның ойы бойынша – осы кестенің авторы – қазіргі таңдағы оқытудың көптеген жағдайларда теоретикалы – көп ықпал ету әдістеріне сүйене отырып, олардың қолдануға болатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар, автор ескертеді: шын мәнінде үнемі алдын-ала болжанбаған кездейсоқтық әсер етеді. Одан басқа да, біздің ойымызша, әсерлілік себептері 3 кестеде көрсетілген. Оқытудың сапасын төмендететін объективті себеп-салдары болып табылатыны алдын-ала болжанбаған салдарлармен кездейсоқтықтардың санының өсу дәрежес, өз коэффициенттерінің шегімен азаюын көрсетеді. Нақты айтқанда, мұғалімге – оптималды әдістерді ешбір сәтті нәтижелі кепілдіксіз таңдауды міндеттеме жүктеледі. Бұл мәселелер тудырып, қарама-қайшылықтарды, бір жағынан оқытудың талап ететін сапасын алуды, екінші жағынан тұрақты нәтижені алудың әсерлі тәсілдерінің жоқтығын көрсетеді. «БжС» технологиясында осы аталған мәселелердің барлығы да технологиялық карталар арқылы шешіледі. Онда №1 кестеде көрсетілген сабаққа қойылатын процессуалды талаптардың барлығы да қоса қамтылған мәселелерді шеше алады. Сонымен, үнемі жаңғыртылған және тұрақты нәтижеге жетуге болады. Мұғалімнің сабаққа деген минималды уақытпен дайындалған, кез келген сабақты аса жоғары сапамен өткізуге мүмкіндік беретін барлығы 11 технологиялық карта құрылған.
Технологиялық карта бойынша жұмыс жасау ережесі.
Құметті мұғалімдер, технология – бұл қажетті сапаны қаматамасыз ететін, іс-әрекет бұйрығы мен жоспарын орындайтын технологиялық регламентпен шектелген, іс-шаралар мен үрдістен тұратын жүйе. Технология 1999 жылдан бастап өңделуде. Тәжірибелік фазаны, технологияны өңдеуге 100-ден астам мектеп және бес мың мұғалім қатысты. Сондықтан да, бүгін біз Сіздерге «БжС» технологиясының аса жетілдірілген кәсіби нұсқасы 2011 жылғы үлгісін ұсынып отырмыз. Технология ИСО 9000 стандарт талаптарына сәйкес өңделген. Бұл стандарттың философиясы, барлық оқушылар оқу үрдісінде сапаны жетілдіруге қатысатын сапа саясатына сай стандартты анықтайды. Осыған орай технологиялық карта бойынша жұмыс жасау барысында оқушыларды мұғаліммен бірге жалпы мақсатқа, нәтижеге жетуге жетелейтіндей баулуды қажет етеді. Карта бойынша жұмыс жасау ережесімен оқушыларды таныстыруды, және де пәнді меңгеруде сабақ барысында олардың ойларын дамытуға мақсатталғаны жайында хабардар етуді қажет етеді. Мысалы: барлық сабақ барысында балалар жасайтын шапалақ олардың зейіндерін арттыруға қызымет етеді. Шапалақ тек «Алгоритм» картасында ғана міндетті болып табылады. Бірақ, оларды басқа карталарда ұйымдастырушылық шаралар ретінде зейіндерін сабаққа аударуға қолданылуына тыйым салынбайды. Тапсырмаларды тексеру шараларын дұрыс орындауды аса қажет етеді. Бұл оқу материалдарын диагностикалау мен өлшемдік шегін анқытауда алынған ақпараттардың объективтілігін анықтайды.
Әрбір оқу сабақтары типінің өз қисыны бар: Кіріспе сабақ: мотивация > меңгерілетін тақырыпты елестету > практикалық және әлеуметтіліктің мәнін ұғыну > түйсіну.
1 тип Оқу сабақтарының меңгерілуі және жаңа материалды біріншілік бекіту бойынша мынадай қисында болады: мотивация > оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсінудің біріншілік тексерілуі > біріншілік бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.
2 тип Білімді бекіту және іс-әрекеттер бойынша оқыту сабақтары: мотивация > алдыңғы білімдері мен іс-әрекеттер тәсілдерін өзектендіру > стандартты және өзгермелі жағдаяттарда білімді қолдану үлгісін құрау > білімді өз беттерінше қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.
3 тип Білім мен іс-әрекеттер тәсілдерін кешенді қолдану бойынша оқыту сабақтары: мотивация > білім мен іс-әрекеттер тәсілдері кешендерін өзектендіру > жаңа және ұқсас жағдаяттарда өз беттерінше білімін қолдану > бақылау және өздік бақылау > түзету > түйсіну.
4 тип Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін жалпылау мен жүйелеу бойынша оқыту сабақтары: мотивация > оқу материалдарының мазмұнын талдау > оқу материалдарының негізгісін бөліп алу > жалпылау және жүйелеу > пәнішілік және пәнаралық байланысты қалыптастыру > түйсіну.
5 тип Білім және іс-әрекеттер тәсілдерін бағалау мен түзету, тексеру бойынша оқыту сабақтары: мотивация > өз беттерінше тапсырмаларды орындау > өздік бақылау > бақылау > талдау > бағалау > түзету > түйсіну.
«АЛГОРИТМ», «БИОИНТЕРНЕТ», «ЖАТТЫҚТЫРҒЫШ» КЛАССИКАЛЫҚ ҮШТІК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАЛАР «ҮШТІК» КАРТАЛАР ОҚЫЛАТЫН ТАҚЫРЫПТАР БОЙЫНША ББД МЕҢГЕРУДЕ МЖББС ТАЛАБЫН ОРЫНДАУҒА НЕГІЗДЕЛГЕН.
Үштік карталардың бірі «Алгоритм» сабақтың келесі екі түріне жатады: Кіріспе сабақ: мотвация > оқытылып жатқан тақырыптың бейнесін елестету > практикалық және әлеуметтік мағынаны ұғыну > түйсіну.
1 тип –жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.
«ҮШТІК-АЛГОРИТМ» карталарының негізгі технологиялық міндеті – мынадай тізбектерді өңдеу: білім – қарапайым білік – қарапайым дағды.
Мақсаты: оқушылардың максималды санымен жаңа тақырыпты сапалы меңгерууге жету. ББД бойынша борыш деңгейін анықтау. Тақырыпты түсіндіруде кемшіліктерді анықта және жою. Жетістікке жеткен адам көрсеткіші ретінде, пәнді сапалы меңгеруге қызығушылық таныту және ынталану.
Міндеті: технологиялық карталардың регламентінің орындалуы.
Күтілетін нәтиже: алға қойылған мақсатқа жету.
1. Оқушылар саны бойынша жаңа оқу материалын ЖКШ (жоғары күрделі шектік) деңгейінде м ұғалімнің пәндік құзыреттілігі мен сабақ нәтижесін анықтау.
Оқушылар саны
|
Деңгейі
|
Нәтиже
|
7 оқушыға дейін
|
ЖКШ
|
1. Дағды бойынша борышкерліктің жоғарғы деңгейі. 2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің төменгі деңгейі.
|
7-ден 14 оқушыға дейін
|
ЖКШ
|
1. Дағды бойынша борышкерліктің орташа деңгейі. >2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің ортаі деңгейі.
|
14 оқушыдан және одан жоғары
|
ЖКШ
|
1. Дағды бойынша борышкерліктің төменгі деңгейі. 2. Мұғалімнің пәндік құзыреттілігінің жоғары деңгейі.
|
«Алгоритм» картасының технологиялық сызбасы.
1 тип Жаңа материалдарды оқып білу мен бастапқы бекіту сабақтары келесі қисынға ие: мотивация > оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру > қабылдауды ұйымдастыру > ұғынуды ұйымдастыру > түйсіну. Түсініктің алғашқы тексерілуі > алғашқы бекітуді ұйымдастыру > талдау > түйсіну.
<
1
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Үй жұмысы тексерілмейді – бұл жаңа тақырып. Алдыңғы тақырып аяқталған деп саналады және түйсінуді қажет етпейді. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болады: тақырыптар уақыты жылдық жоспар бойынша көрсетіледі. Сыныптық-топ < оны максималды қысқа уақыт аралығында жоғары нәтижемен үш карта бойынша өтуі қажет. Мұғалім тақырыптарды оқу барысында үштік карталар бойынша уақытты үнемдеуге және «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .
|
Жұмыстың реті карта бойынша түсіндіріледі. Сыныпты белсендіру үшін < сөз көшбасшыға беріледі.
|
2
|
1 цикл «Байқау» «Оқушылардың субъективті тәжірибелерін өзектендіру»
|
ОӘЖӘ сызбасы бойынша бірінші түсіндіру.
|
1. Түсіндіру уақыты У1 (У1=х тақтаға жазу).
|
3
|
Қабылдауды ұйымдастыру
|
Тапсырмаларды орындау. Оқушылар бірдей бір шапалақ ұрады, «Байқау» сөзін дәптерлеріне жазады және жұмысқа кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды
|
Үш тапсырма: ТКШ – АКШ – ЖКШ Жұмыстың аяқталуы 5+30.
|
4
|
Ұғынуды ұйымдастыру
|
Түйсіну Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.
|
Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.
|
5
|
2 цикл «Бекіту» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»
|
Екінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты бірінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.
|
1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).
|
6
|
Қабылдауды ұйымдастыру
|
Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей екі рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Бекіту» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.
|
Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.
|
7
|
Ұғынуды ұйымдастыру Түйсіну
|
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» командасы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады.
|
Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =. Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.
|
8
|
3 цикл. «Жады» «Оқушылардың субъективті тәжірибесін өзектендіру»
|
Үшінші түсіндіру. Мұғалім сыныптан сұрақ-жауап алады және өз ойынша оқушылардың көбі жіберген қателіктер бойынша ОӘЖӘ сызбасы кезеңіндегіден жаңаша түсіндіруді бастайды. Түсіндіру уақыты екінші кезеңдегі түсіндіруден 2 есе кем болады.
|
1. Түсіндіру уақыты У2 (У2=х тақтаға жазу).
|
9
|
Қабылдауды ұйымдастыру
|
Тапсырманы орындау. Оқушылар бірдей үш рет шапалақ ұрады, дәптерлеріне «Есте сақтау» сөзін жазады және тапсырманы орындауға кіріседі. Мұғалім сынып ішінде аралап жүреді және бірінші түсіндіруден соң оқу материалын сыныптың меңгерген дәрежесін талдайды.
|
Үш тапсырма: «Егер-онда» сызбасы бойынша. Жұмыстың аяқталу 5+30.
|
10
|
Ұғынуды ұйымдастыру
|
Жұмыс аяқталғаннан соң оқушылар дәптерлерін алмастырады, «Қолдағы қаламсап – бұл қателік» бұйрығы беріледі. Тапсырмаларды орындаудың кезеңді тексерілуі. Орындау сапасы әрбір деңгейде жеке анықталады. Тақтада мынадай жазу болады: ТКШ =; АКШ =; ЖКШ =.
|
Жұмыс аяқталысымен тақтаға бірден барлық жауаптарды жазуға тиым салынады.
|
11
|
Түйсіну
|
1. Сыныпқа байланысты ОӘЖӘ сызбасы мен материалды меңгеру деңгейі анықталады. 2. «Биоинтернет» картасымен жұмыс жасау бойынша сарапшылар тобы анықталады. 3. Сол тақырып бойынша сабақ нәтижесін ескере отырып жұмыс уақытының болжамын береді. 4. Егер де, сол күні «Биоинтернет» картасы бойынша сабақ жоқ болса, онда үйге тапсырма береді: ОӘЖӘ сызбасы бойынша өз іс-әрекеттерін қысқаша айтып беру және тапсырмаларды шеше білу білігі. 5. Мұғалім тағы да тақырыптың аяқталумен карталар бойынша уақытты үнемдеуге «Қисын», «Көшбасшы», «КТС» карталарында ойнау мүмкіндіктеріне мәлімет береді .
|
Үйге тапсырма саны 10 кем болмауы тиіс. Тапсырманы оқулықтан немесе өз еркінше беруге болады.
|
12
|
Ескерту
|
Егер де, «Алгоритм» картасында сыныптың білім деңгейі 63% сапаға шықса, онда мұғалім келесі тақырыпқа қөшуге құқығы бар. Ол тақырып аяқталды деп саналады.
|
Уақытты үнемдеуге дағыданыңыз.
|
2 кесте. «Егер-онда» үш деңгейлі күрделілік тапсырма деңгейін іріктеу сызбасы
|
|
Алынған нәтиже
|
|
Жоспарланған тапсырма
|
1
|
Егер
|
ТКШ≥ 63%
|
АКШ≤ 63%
|
ЖКШ≤ 63%
|
1-онда
|
ТКШ
|
ТКШ
|
АКШ
|
2
|
Егер
|
ТКШ≥ 63%
|
АКШ> 63%
|
ЖКШ≤ 63%
|
2-онда
|
АКШ
|
АКШ
|
ЖКШ
|
3
|
Егер
|
ТКШ≥ 63%
|
АКШ> 63%
|
ЖКШ> 63%
|
3-онда
|
АКШ
|
ЖКШ
|
ЖКШ
|
4
|
Егер
|
ТКШ≥ 63%
|
АКШ≤ 63%
|
ЖКШ> 63%
|
4-онда
|
Тапсырмадағы қателік. Тапсырманың күрделілік шектігі талапқа сай келмегенде.
|
Бұл кестемен жұмыс әрбір кезең соңында жүргізіледі. Жаңа кезең үшін тапсырмаларды таңдау алдыңғы нәтиже бойынша жүзеге асады. Мысалы: Кестенің «Алынған нәтиже» бағанынан таңдаймыз және «онда» сілтемесінен «Жоспарланған тапсырма» деңгейін табамыз. «Алгоритм» картасы бойынша жұмыстың әсерлілігін санауды бастаймыз: - барлық сабақ барысында үш рет – түзету, бақылау, өздік бақылау және түйсіну жүргізіледі; - кері байланыс сызбасы бойынша оқу тапсырмаларының күрделілік деңгейі шектелініп беріледі; - алдыңғы тақырыптарға байланысты білім мен дағды бойынша барлық қарыздары (борышкерлік) анықталады; - мұғалімнің дайындық деңгейі анықталады. Келесі технологиялық картаға көшеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |