1
МАЗМҰНЫ
Тарау
Мазмұны
Бет
I
КІРІСПЕ
2
Модуль мақсаты және оқыту нәтижелері
2
Ерте балалық шақ жылдары
2
Негізгі идеялар – бұл тақырып біз үшін неліктен маңызды
3
II
НЕЛІКТЕН ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ - ШЕКСІЗ МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ?
4
III
ӨМІРДІҢ АЛҒАШҚЫ ҮШ ЖЫЛЫНДА МИ
ӨТЕ ШАПШАҢ ДАМИДЫ
8
IV
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚҚА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ - ЕҢ ТИІМДІ
14
V
ҚАУІП-ҚАТЕРДІ АЗАЙТАТЫН ФАКТОРЛАР – ҚОРҒАУШЫ
ФАКТОРЛАРДЫ КҮШЕЙТУ
16
VI
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ДАМУ – ӘР БАЛАНЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
18
ҚОСЫМШАЛАР
19
1
Өзін-өзі бағалау 1 (1-тарауға)
20
Өзін-өзі бағалау 2 (2-тарауға)
21
Өзін-өзі бағалау 3 (3-тарауға)
22
Өзін-өзі бағалау 4 (6-тарауға)
24
2
ҚОСЫМША РЕСУРСТАР
25
ІІ-тарауға
25
ІІІ-тарауға
26
VI-тарауға
27
1-модульдың барлық тарауларына
27
3
БИБЛИОГРАФИЯ
28
4
INBRIEF СЕРИЯСЫ
28
2
I КІРІСПЕ
МОДУЛЬ МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ
Осы модульдың мақсаты бала өмірінің алғашқы жылдарының, атап айтқанда, анасы жүкті
болғаннан бастап, бала үш жасқа толғанға дейінгі уақыт аралығының іргелі маңыздылығы туралы
білімді арттыру және жаңарту болып табылады. Денсаулыққа, білім алуға және бүкіл өмір бойғы
мінез-құлыққа әсер ететін нейробиологиялық даму үшін шешуші маңызы бар ми жетілуіне ерекше
көңіл бөлінеді.
Көптеген зерттеулер көрсеткендей, ерте балалық шақта жасалғанның немесе жасалмағанның
барлығы жеке тұлға деңгейінде адам үшін де, бүкіл қоғам үшін де ұзақмерзімді салдарға алып келеді.
Кезінде бетін қайтаруға болатын салдарды әбден кеш түзетуге тырысуға әлдеқайда көп қаржы
жұмсаумен салыстырғанда, балалардың әлеуетін арттыра алатын Балаларды ерте жастан дамыту
(БЕЖД) бағдарламаларына қаражат құю анағұрлым әділ және экономикалық тұрғыдан тиімді әдіс
болып табылады.
Осы модульды аяқтаған соң, тыңдаушы келесі мәселелерді жақсырақ түсінетін болады:
• Баланың дамуы деген не
• Өмірінің алғашқы жылдары адамның дамуының негізі қалай қаланады
• Даму салалары
• Өмірдің алғашқы жылдары мидың дамуы
• Кіші жастағы балалар үшін дамытушы, қауіпсіз, ынталандырушы, алдын-ала болжауға болатын
және ықыласты қарым-қатынастардың маңыздылығы
ЕРТЕ БАЛАЛЫҚ ШАҚ ЖЫЛДАРЫ
Ерте балалық шақ адам өміріндегі еі маңызды даму кезеңі болып табылады.
Сарапшылардың көпшілігі ерте балалық шақ әйел жүкті болғаннан бастап, бала сегіз жасқа толғанға
дейінгі кезеңді қамтитынына келіседі. Жүкті болғаннан бастап, бала үш жасқа толғанға дейінгі кезең
мидың өсуі және жұмыс істеуі үшін аса маңызды болып табылады. Сондықтан, балаға құнарлы тамақ
және медициналық қызметтер, күтім көрсететін негізгі тұлғаға бауыр басу және ынталандыру керек.
3-6 жас аралығында бала бастапқы сауат және есеп дағдыларын игеруге, топтық іс-шараларға
қатысуға, өзінің жеке тұлға екенін жақсырақ сезінуге, зерттеуге, құрдастарымен ойнауға және өз-өзіне
сенімділігін нығайтуға қабілетті; дәл осы кезеңде балалар, әсіресе, тұрмысы нашар отбасынан шыққан
балалар мектепке дейінгі мекемелерге барудан барынша көп пайда көреді. 6 жасқа қарай балалар
бастауыш мектепте ресми білім алуға дайын болады. Егер 6-8 жаста мектепке дейінгі білім алудан
мектепте білім алуға көшу еш қиындықсыз өтсе, балалар мектептегі оқу ырғағына едәуір жеңіл
бейімделеді, ресми білім алу барысында табысты болып, жетістіктерге жетеді. Ерте балалық шақ
орасан зор ұрымталдық және мүмкіндіктер кезеңі болып табылады. Осындай ерекше жылдары
жасалғанның немесе жасалмағанның барлығы кейін бүкіл өмір бойы тұлғаның денсаулығына, мінез-
құлқына, байланыстар орнату қабілетіне және білім алу мен жұмысқа тұруда табысқа жетуіне әсер етуі
мүмкін.
3
Осы "Ерте балалық шақ – шексіз мүмкіндіктер уақыты" модулі балалардың ерте жаста дамуы туралы
негізгі ақпаратты ұсынады. Мұнда барлық балалар (әсіресе, аса ұрымтал және мұқтаж отбасылардан
шыққан балалар) және олардың отбасыларының мүшелері оңтайлы өсу және даму үшін қолдауға зәру
екені туралы баяндайды. Балалар ерте балалық шақта дұрыс дамуы үшін тұрақты, алдын-ала
болжауға болатын және жылы қарым-қатынастар аясында қамқор күтім көрсету физикалық күтім мен
тамақтандырудан кем түспейтін маңызға ие.
Мәліметтер Орталық және Шығыс Еуропа мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ОШЕ/ТМД)
аймағындағы 29 елдің 12-сінде балалардың жартысы дерлік бойы өспейтіндіктен (бойы өсуінің
баяулауынан) және кедейшіліктен толық әлеуетін іске асыра алмау қаупіне душар болатынын
көрсетеді (ЮНИСЕФ, 2011). Есептеулерге сәйкес бес жасқа толмаған 5,9 млн. балаға толық әлеуетін
іске асыра алмау қаупі төнеді – яғни, осы жас тобындағы 22 миллион баланың 26 пайызы (ЮНИСЕФ,
2013). Сондай-ақ, айта кеткен жөн, осы аймақта интернат мекемелерде тұратын үш жасқа толмаған
балалар саны ең көп; мұндай мекемелерге орналастыру баланың өсуіне және дамуына кесірлі
ықпалын тигізеді, себебі, балаларға арналған тіпті ең жақсы деген мекемелер нәрестелер мұқтаж
болатын «бетпе-бет» қамқор күтімді қамтамасыз ете алмайды.
НЕГІЗГІ ИДЕЯЛАР – БҰЛ ТАҚЫРЫП БІЗ ҮШІН НЕЛІКТЕН МАҢЫЗДЫ?
• Бала өмірінің алғашқы жылдары өте маңызды, себебі, олар баланың қалған өмірінің іргетасын
қалайды.
Ерте балалық шақта мінез-құлық, біліктілік және оқу-үйрену модельдері бастау алады
және бекітіледі; әлеуметтік-орталық факторлар генетикалық тұқым қуалаушылықты өзгерте
бастайды; ми жасушалары қисапсыз көп болып өседі; және стрессті еңсерудің биологиялық
жолдары жасалады.
• Ерте балалық шағында балалар барлығын өмірлерінің басқа кездегісінен жылдамырақ
үйренеді. Өздерінің әлеуетін толығымен іске асыру үшін олар махаббатқа және бауыр басуға,
көңіл бөлуге, жігерлендіруге және ақыл-ой еңбегін ынталандыруға, сонымен қатар, құнарлы
тамаққа және жақсы медициналық қызметтерге мұқтаж болады.
• Өмірдің алғашқы бірнеше жылы ішінде көрсетілген қамқорлық сапасы, соның ішінде,
медициналық
көмектің,
тамақтандырудың,
әлеуметтік
қарым-қатынастардың
және
ынталандырудың сапасы ми дамуына ұзақмерзімді ықпал етеді.
• Өмірдің алғашқы жылдары мидың даму қарқыны бүкіл өмір бойғы физикалық және психикалық
денсаулыққа, білім алуға және мінез-құлыққа әсер етеді.
• Өмірдің алғашқы жылдарындағы ұнамды тәжірибе ми сәулетін дұрыс салуға қалай септессе,
ерте балалық шақтағы жағымсыз (немесе ұнамсыз) тәжірибе соны әлсіретіп жібере алады.
• Балалардың денсаулыққа, тамақтануға, эмоциялық және зияткерлік дамуға қатысты негізгі
қажеттіліктерін кешенді түрде қанағаттандыратын кіші жастағы балаларды дамыту (КЖБД)
бағдарламалары балалар үшін кейінгі өмірінде біліктілігін арттыруға және қиындықтарды жеңу
дағдыларын меңгеруге берік негізбен қамтамасыз етеді.
• Кіші жастағы балалардың дамуына қолғабыс ету балалардың құқықтарын жүзеге асырудың,
түрлі топтар (бай мен кедей, қала мен ауыл, негізгі және этникалық азшылықтар) арасындағы
әлеуметтік-экономикалық алшақтықты азайтуды, сонымен бірге, балаларға да, жалпы қоғамға
да қатысты әділдікті және инклюзияны ілгері бастырудың ең тиімді стратегияларының бірі
болып табылады.