8
Алғашқы жылдар, әсіресе, алғашқы үш жыл нәрестенің миы дамуы үшін өте маңызды. Баланың
көргенінің, сезінгенінің, иіскегенінің, дәмін татып көргенінің немесе естігенінің барлығы миды түйсіну,
қимылдау, ақыл-ой және үйрену тұрғысынан қалыптастыруға көмектеседі.
3.1
Дамып келе жатқан ми
Мидың дамуына генетикалық факторлар әсер етеді, бірақ даму үдерісі қоршаған ортаның сапасына
қарай өзгереді, себебі, нәрестелер әлі жетілмеген күйде туылады. Биологиялық тұрғыдан олар
«өмірінің алғашқы тоғыз айы бойы жатырдан тыс ұрық» болып саналады. Олардың миының көлемі
ересек адамның миының көлемінің шамамен төрттен бір бөлігін құрайды. Туылғанда балада 100
миллиард бас ми жасушалары немесе нейрондар болады, бірақ олар әзірге тізбектер арқылы өзара
байланыстырылмаған болады. Бала өмірінің алғашқы үш жылында ми өз жасушалары арасында
дендриттер арқылы байланыстар орнатады, сонда бір нейрон басқа 15000 жасушаға қосыла алады.
Дендриттер бір-бірімен жанаспайды; олардың арасындағы аралықтар синапстар деп аталады. Электр
импульстары нейротрансмиттер деп
аталатын
химиялық
заттардың
көмегімен
синапстар
арқылы
өткізіледі.
Тізбектер
құру
және
нығайту
эмоциялардың,
моториканың,
мінез-құлықты
басқарудың, логиканың, тілдің және жадының негізін құрайды. Көп рет пайдаланылатын тізбектер
тиімдірек бола түседі, ал пайдаланылмайтындары ғайып болады.
Ерте балалық шақта
миллиардтаған ми жасушалары
арасында миллиондаған
байланыстар орнатылады
Нейрон
Синапс
Дендрит
9
3.2
Күтім көрсетушінің рөлі
Өмірдің алғашқы бірнеше жылы ішінде тәрбиелеуші мен бала арасында тығыз өзара әрекеттестікті
қамтамасыз ету үшін табиғат бізге түрлі-түрлі физиологиялық тетіктер және нейрохимиялық реттеуші
үдерістер (гормондар және нейротрансмиттерлер) берді. Осылайша, тәуелді болып туылатын бала
өзінің қалыптасып келе жатқан миының сәулетін дамытуға қажетті алуан түрлі тәжірибе жинай алады.
Күтім көрсетуді қамтамасыз етуші негізгі тұлға, әдетте анасы мен бала арасындағы жақындық кіші
жастағы баланың тіршілік етуі және дұрыс дамуы үшін ең маңызды талаптардың бірі болып табылады.
Осылайша, негізгі тәрбиелеушілер мидың ерте балалық шақтан дамуы барысында аса маңызды рөл
атқарады, себебі, олар нәрестелер және кіші жастағы балалар үшін негізгі қауіпсіздік, тамақтану,
ынталандыру және үйрену көзі болып табылады. Олардың ым-ишараты, бет әлпеті және мінез-құлқы
бала миының дамуын және жұмыс істеуін ынталандырады және реттейді.
Өмірінің алғашқы күндерінен бастап балалар қарым-қатынас орнатуға дайын, себебі, қарым-
қатынастар мидың ерте балалық шақтан дамуының қозғаушы күші болып табылады. Ми «тәжірибе
жинауды күтетін» болып жаратылған, яғни, тәжірибе жинауға бағдарламаланған және оны
қабылдауға даяр деген сөз. Нәресте адамдардың бет-бейнесіне қызығушылық білдіру және басқа
адамдармен сөзсіз тілдесу қабілетімен туылады. Ересек адам нәрестенің тесіле қарауына көңіл бөлсе,
оған күлімдесе немесе былдырласа, белгі алмасу тізбегі орнатылады. Осындай белгі алмасу
нәрестенің ми жүйесін құру және ми тізбектерін қалыптастыру үшін ерекше маңызды болып
табылады. Гендер және тәжірибе арасындағы өзара әрекеттестік теннис немесе пинг-понг ойыны
сияқты, яғни, беру мен алу әрекеттері кезектесіп отырады. Осы ойындағы белсенді компонент болып
балалар және олардың тәрбиелеушілері арасындағы қайталана беретін өзара әрекеттестік табылады.
Баланың тәрбиелеушісіне қарым-қатынасы және тәрбиелеушінің балаға қарым-қатынасы бала
миының сәулетін қалыптастыруда шешуші маңызға ие. Баланың дамуы жөніндегі ұлттық ғылыми
кеңестің мәлімдемесіне сәйкес «...қарым-қатынастар» қоршаған ортаны адамның дұрыс дамуына
тигізетін әсерінің «белсенді компоненті» болып табылады. Оларға біліктілікті және аман-саулықты –
дербес елгезектікті, бірлескен әрекеттерді және өзара әрекеттестікті, сонымен қатар, өзге адаммен
эмоциялық байланысты дамытуға оңтайлы септесетін қасиеттер кіреді" (NSCDC, 2004, 1-бет).
10
brain
learning
health
behavior
genes
epigenetics
experience
nurturing
nutrition
physical
environment
«Мидың дамуы тәжрибеге байланысты» суретінде көрсетілгендей, ми сәулеті тәжірибе жинауға
тәуелді. Ерте тәжірибе жинау әйел жүкті болған сәттен бастап, бала туылғаннан кейінгі алғашқы
бірнеше жыл бойы жалғасып, бүкіл кейінгі өмірлік ми сәулетін және биологиялық жүйелерді
қалыптастырады. Жатыр ішінде-ақ ұрықты қоршаған орта (оған қоректену, ластаушы заттар, есірткі,
жұқпалар, ананың денсаулығы, аман-саулық және стресс деңгейі кіреді) гендер қаншалықты айқын
көрініс беретініне және ми сәулеті мен қызметтері қалай бапталатынына әсер етеді. Гендер қоршаған
ортаны түсінуге тырысады және ағзаның ішкі және сыртқа ортасының ықпалына жауап ретінде түрлі
құрылымдарды және қызметтерді саралайды. Бұл ұй құрылысына ұқсас, яғни, тиімді құрылымды
ұстап тұру үшін іргетасты қайда қалау керек екенін анықтаумен бірдей.
3.3
Қарапайымнан күрделіге
Үш жасқа қарай ми өз салмағының 80%-на жетеді. Осы жаста балалардың миы ересектердің миына
қарағанда 2,5 есе белсендірек, әрі осындай жағдай өмірдің алғашқы он жылы бойы сақталады. Кіші
жастағы баланың миының дамуы балалық шақтағы және ересек өмірдегі физикалық және психикалық
денсаулыққа, оқу-үйрену қабілетіне және мінез-құлыққа әсер етеді.
Ғалымдар алдымен мидың негізгі тізбектері қосылып, кейін күрделене беретін байланыстар
құрылады дейді. Яғни, алдымен қарапайым дағдылар дамиды, ал кейін осы іргетас негізінде
күрделірек дағдылар қалыптасады. Мысалы, көру мен есту үшін жауап беретін ұғыну-түсіну
байланыстары сөйлеу қабілетінен ертерек қалыптасады, ал сөйлеу қабілеті тану-білу қабілетінен
бұрынырақ дамиды. Ми белгілі бір түрде ынталандырылуы тиіс аса маңызды кезеңдер бар. Адамның
бойында оны ынталандыратын аса маңызды немесе сезімтал кезеңдер ағзаның дамуымен
байланысты міндеттердің түріне байланысты әртүрлі болады. Мысалы, алғашқы үш-төрт айда ми көру
және есту қабілеттерін ынталандыруды қажет етеді, бұл баланың бойында сөз тереңдігін және
дыбыстарын түсіну қасиетін дамыту үшін қажет. Алты ай мен үш жас аралығы – тілдік дағдылардың