11
дамуы үшін ерекше маңызды кезең. Балалардың ақыл-ой жұмысының жоғарырақ деңгейі, мысалы,
дәлел келтіру және мәселе шешу қабілеті 10 айдан бастап, бастауыш мектептің алғашқы сыныптарына
дейін
дамып,
жетіледі.
Сезімтал
немесе
аса
маңызды
кезеңдерде
қажетті
түрде
ынталандырылмайтын балалардың өз әлеуетін толығымен іске асыру ықтималдығы төменірек
болады.
«Нейрондық тізбектер төменнен жоғары қарай реттілігімен байланыстырылған (қарапайымнан
күрделіге)» суреті
есту және көру: алғашқы 3-4 ай
сөз түсіну: 6 ай-2 жас
ақыл-ой және мәселе шешу – 7 ай-10 жас
Neural Circuits are Wired in a
Bottom-Up Sequence
FIRST YEAR
-8 -7 -6 -5 -4 -3 -2 -1 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19
Birth
(Months)
(Years)
Sensory Pathways
(Vision, Hearing)
Language
Higher Cognitive Function
Source: C.A. Nelson (2000)
Slide by Center on the Developing Child,
Harvard University
Балалар арасында даму ерекшеліктері өте ерте байқалады. Мысалы, бір жасқа толарда нәресте
миының дауыс дыбыстарын ажырататын бөліктері баламен тілдесуде қолданылатын тілге бейімделе
бастайды және басқа тілдердегі маңызды дыбыстық ерекшеліктерді өзара ажырата білу қабілетінен
айырыла бастайды. Харт және Рисли (1995) көрсеткендей, сөз немесе сөздік қор жинау өмірдің өте
ерте сатысында басталады және түрлі әлеуметтік топтардан шыққан балалардың арасындағы айқын
айырмашылықтар 36-айлық жаста байқалады. Осы зерттеушілер атап өткендей, отбасы мүшелері
зияткерлік еңбекпен айналысқан балалар шамамен сағатына 2153 сөз естіген, ал жұмысшылар табына
жататын отбасылардығы балалар орта есеппен сағатына 1251 сөз естіген, ал кедей отбасындағы
балалар орта есеппен сағатына 616 сөз естіген. Үш жаста отбасы мүшелері зияткерлік еңбекпен
айналысқан балалардың сөздік қоры 1100 сөзді құраған, ал жұмысшылар табына жататын
отбасылардағы балалар 750 сөз және кедей отбасылардағы балалар 500 сөз ғана білген. Дәл осындай
көрініс дамушы елдерде де анықталған, яғни, әлеуметтік-экономикалық жағдайындағы
айырмашылықтардың кесірінен 36-72 айлық балалар арасында тілдік дағдыларда барған сайын
12
артып бара жатқан алшақтық байқалады. Балалар мектеп жасына жетіп, мектепке бара бастаған
сайын осындай айырмашылықтар, егер дер кезінде араласпаса, ұлғая береді. Тілдік дағдыларды
дамыту ерекше маңызды, себебі, бүкіл дерлік ресми білім беру тіл көмегімен жүзеге асырылады; егер
ерте балалық шақта қаланған тілдік дағдылар іргетасы әлсіз болса, балалар білімнен мейлінше
оңтайлы пайда көре алмауы мүмкін.
3.4
Стресс әсері
Ұнамды тәжірибе сау ми сәулетін тұрғызатын сияқты, ерте балалық шақтағы жағымсыз сезімдер оны
әлсірете алады. Қатыгездік, қамқорлық көрсетпеу және нашар тамақтандыру сияқты стресс
тудыратын факторлар белгілі бір гендерді қосуға немесе өшіруге алып келуі мүмкін. Бұл адамның
қалай дамитынына және келесі ұрпаққа не беретініне әсер етеді. Ерте бастан ынталандыру да өте
маңызды. Электроэнцефалограмма (ЭЭГ) көмегімен балалар миының жұмысын зерттеуде
зерттеушілер өмірінің алғашқы жылдарын балалар үйінде аса қолайсыз жағдайда өткізген баламен
салыстырғанда, отбасында дамытушы тәрбие көрген балада жоғары электрлі белсенділік (яғни,
импульстар) байқалғанын көрсетті. Электр импульстарының жоғарырақ деңгейі төмендегі суретте
көрсетілгендей, мидың жоғарырақ белсенділігіне нұсқайды.
Стресс мидың ерте балалық шақтан дамуында маңызды рөл ойнайды. Егеуқұйрықтар сияқты
сүтқоректілермен жүргізілген зертханалық зерттеулер көрсеткендей, анасы ұрпағына көңіл бөлмесе,
кішкентай егеуқұйрықтар есейген шағында стресске ауытқушылықпен қараған, мысалы, бұл
тәуелділіктің даму ықтималдығының артуы түрінде көрініс беруі мүмкін. Кішкентай егеуқұйрықтар
арасында оларды сипалау түрінде жүргізілген араласу шараларын зерттеу келесіні көрсетті:
егеуқұйрықтардың өмірінің кейінгі кезеңдерінде тәуелділік орын алу ықтималдығын бар-жоғы екі
апталық жанасу арқылы ынталандыру көмегімен азайтуға болады екен. Қазіргі уақытта көптеген
ауруханалар жаңа туылған нәрестелердің денсаулығын жақсартуды ынталандыру үшін сенсорлық
терапия түрін пайдаланалады. Педиатрлар жақсы біледі, шала туылған балаларға күнделікті
көрсетілетін емге тамақтандырумен қоса, сипау және жанасу кірсе, олар тез салмақ жинайды.
Көбінесе «улы стресс» деп аталатын стресстің жоғары деңгейіне шалдығатын балаларда ойлау және
эмоцияларын тізгіндеу қабілеті бұзылуы мүмкін. Улы стресс бала физикалық немесе эмоциялық түрде
жазаланғанда, зорлық-зомбылыққа душар болғанда, қамқорлық көрсетілмегенде немесе
қатыгездікті бастан кешіргенде, жоқшылықта тәрбиеленгенде немесе отбасындағы адамдар
депрессия сияқты психикалық сырқаттармен ауыратын немесе психобелсенді заттектерді асыра
пайдаланатын ортада өмір сүргенде пайда болуы мүмкін. Төмен стресс деңгейі балаларға зиян
келтірмейді, әсіресе, оларға мейірімді және елгезек тәрбиелеуші күтім көрсетсе, мүлдем теріс әсері
болмайды. Адамдар өмірінің ерте сатыларында шалдығатын стресс түрлері олардың стресске қатысты
реакцияларын басу және кейінгі өмірінде оларды басқару қабілетін өзгертеді. Осылайша, өмірінің
алғашқы жылдары жеткілікті қамқоршыл тәрбие ала алмаған ересектерде әдетте стресс тудырған
жағдайлардан кейін ұзақ уақыт бойы стресс гормондарының тұрақты деңгейлері сақталады. Өмірдің
бастапқы жылдары жеткілікті ынталандырмау және қамқорлық көрсетпеу мидың дамуына әсер ете
алады және бүкіл өмір бойғы эмоциялық және танымдық қиындықтарға себепші бола алады.
Төмендегі «Үлкен ауыртпалықтар ми күшіне әсер етеді» суретінде баламен ұнамды қарым-қатынас
құрумен (сол жақта) салыстырғанда, ми дамуына шектен тыс немқұрайдылық таныту (оң жақта) ми
құрылымын қалай өзгертетіні көрсетілген.