С6Н12О6 = 2СО 2+2С2Н5ОН +117,6 кДж Көміртегі диоксиді қамырда біраз болып уақ тесікті болуына көмектеседі, бұл жағдайда қамырдың көлемі ұлғаяды. Ашытқылардың жақсы дамуы үшін келесі шарттар орындалуы керек: сұйық орта болып онда суда ерігіш ( қант , азотты және минералды қосылыстар, дәрімендер) заттар болуы керек; қоршаған ортаның әлсіз қышқылды реакциясы (рН 4...6) және тұрақты температура (25...35°С) болуы керек. Престелген ашытқы ашытқы жасушаның жиналуы болып ол ауаны ортаға үзіліссіз жеткізіп беру шарттары орындалатын арнайы орындарда өндіріледі. Ашытқыны өндіруде азықтандырушы орта – меласса деп аталатын қант қызылшасының қалдықтар өндірісі қызмет етеді. Престелген ашытқының сапасы ГОСТ талаптарына жауап беру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |