Тосап қою, тәтті , ашық сары немесе ашық қоңыр түсті сұйықтық . Нан өндірісінде әртүрлі тосаптар қолданылады; крахмалды, мальтозды және рафинадты . Крахмалды тосапты ақтүйнектің , жүгерінің және астықтың крахмалын әлсіз тұз немесе күкірт қышқылымен қыздырып қантсыздандыру арқылы алады. Бұл жағдайда крахмал гидролизденіп дикстриндерге , мальтозаға және глюкозаға айналады. Сонан соң қышқылды нейтралдайды, алынған шырынды қоспалардан тазартады, құрғақ заттардың 78% -тен кем емес дәрежеде болғанша қайнатады. Тосаптың қарайып кетпеуі үшін оны 40...35°С –қа дейін салқындатады.
Достарыңызбен бөлісу: |