Тағамдық асханалық тұзы табиғи натрий хлориді NaCl басқада тұздар қоспасынан тұрады. Тағамдық асханалық тұзын әртүрлі әдістермен табады. Өңдеу және өңдеудің әдістері бойынша оларды келесідей бөледі: тасты , тұнба түзуші, бақтарға (немесе хауыздарға) және қайнатпа тұз. Тағамдық асханалық тұзының құрамындағы қоспалардың және бөлшектердің мөлшері бойынша келесідей сорттарға бөледі: экстра, жоғары, бірінші және екінші . Тағамдық асханалық тұздың сапасы ГОСТ талаптарына сәйкес келуі керек. Тұз суда жақсы ериді. Қаныққан ерітіндіде 26...28% тұз бар. Тұз барлық нан өнімдерінің түрлерін жасауда құрамына кіреді., кейбір диетикалық өнімдерді есепке алмағанда , ұн массасынан 1...2,5% мөлшеріне сәйкес келеді. Тұз желімшені берік етіп қамырдың структуралы-механикалық қасиеттерін және нанның дәмін жақсартады.
Достарыңызбен бөлісу: |