«Алматы облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды



жүктеу 70,5 Kb.
Дата14.02.2020
өлшемі70,5 Kb.
#29009
түріКонкурс

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті «Алматы облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттік мекемесі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға барлық мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды
Индекс 040000, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131, анықтама телефоны: 8(7282) 24-09-15, факс: 8(7282) 24-60-33, e-mail: itk.alm@miid.gov.kz БИН 131140004044.
Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесу өтетін орны: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Шевченко көшесі, 131 үй, анықтамалар үшін телефон: 8/7282/ 24-09-15.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі.

Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді. Хабарландыру қатысушылардың электрондық мекен жайларына және ұялы телефондарына ақпарат жіберу жолымен жүзеге асырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Азаматтар конкурсқа қатысу шағымдарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізіледі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз ету үшiн оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.



С-О-4 санаты үшін: мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;



мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

Жұмыс тәжірибесі мына талаптарға сай болуы керек:

1) мемлекеттік лауазымдарда қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда қызмет өтілі 2 жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

4) өкілеттіктерін теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі алты айдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында бір жылдан кем емес;

6) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы

7) ғылыми дәрежесінің болуы; ;

8) сот орындаушысы лауазымына жұмыс тәжірибесі талаптары қолданылмайды.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.


Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы

Санаты

Еңбек ақы көлемі мемлекеттік қызмет өтіліне байланысты

min

max

С-О-4


126 357

170 599


1.. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет және ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, индекс №03-01, 1 бірлік. (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі демалысында болуына байланысты, 2020 жылдың 08 наурызына дейін).

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе көлік құрылысы және/немесе автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру); құқық (құқықтану және/немесе құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің қызметіне жалпы басқаруды жүзеге асыру;

Көлік саласындағы (әуе және құбыржол көлігін қоспағанда) мемлекеттік қызметтерді уақытылы және сапалы көрсетілуін қамтамасыз ету;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың тегіне, әлеуметтік лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандайда бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуін бақылау;

Мемлекеттік қыметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйрету;

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуын қадағалау;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілтін қызметті қағаз және (немесе) электрондық нысанда алуын бақылау;

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетлдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетлдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алуын бақылау;

Персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) қатысты жұмыстар, қаржылық жұмыстарын және мемлекеттік сатып алу жұмыстарын ұйымдастыру және бақылау;

Бөлімнің жұмысын жоспарлау, Инспекция басшылығына бөлім жұмысын жетілдіру туралы ұсыныстар жасау;

Бөлім қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін белгілеу;


2. Автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің басшысы, С-О-4 санаты, индекс №05-01, 1 бірлік.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе көлік құрылысы және/немесе жол қозғалысын ұйымдастыру және/немесе автомобиль жолдары және аэродромдар құрылысы); қызметтер (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру және/немесе логистика (сала бойынша)); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Функционалдық міндеттері: Бөлім жұмысына басшылықты және қызметін үйлестіруді және бөлімге жүктелген міндеттердің уақтылы және сапалы орындалуын қамтамасыз етеді;

Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі туралы заңнамасы талаптарының заңды және жеке тұлғалармен сақталуына бақылау жүргізеді;

Қазақстан Республикасы аумағы бойынша қалалардың шекараларындағы немесе өзге де елді мекендердегі жалпы пайдаланудағы автокөлік жолдарындағы көлік бақылау орындарында автокөлік құралдарының жүруіне бақылау жүргізуді, Қазақстан Республикасының автомобиль көлігі саласындағы механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібін бақылауды, ұлттық дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етеді.

Шаруашылық субъектілеріне тексеру жүргізу кезінде автомобиль көлігімен жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қағидасын сақтауына бақылау, тасымалдаушылардың багажды, оның ішінде көлемді, ауырсалмақты және қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасының сақталуын бақылауды.

Отандық және шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағында белгіленген автокөлік құралдарының рұқсат етілген көлемдік және салмақтық өлшемдерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық істердің есебі Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық» Кодексіне сәйкес әкімшілік іс жүргізуді қозғайды, қарастырады, әкімшілік шаралар қолданады және орталықтандырылған деректер банкін әкімшілік тәжірибе субъектілері ұсынатын "Әкімшілік құқық бұзушылықты және оны жасаған адамды есепке алу карточкасы" №1-ӘЖ, №1-ӘҚ "Әкімшілік құқық бұзушылық барысы және оны қарау нәтижелері туралы" бекітілген нысандар бойынша карточка ақпараттық есепке алу құжаттары негізінде "Арнайы есепке алу" автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде қалыптасады «Әкімшілік құқық бұзушылықтар және оларды жасаған адамдар туралы орталықтандырылған деректер есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы». Қазақстан Республикасының заңдарында және Президентінің актілерінде көзделген, бөлім құзыретіне тиесілі өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.

    

Алматы облысы бойынша

көліктік бақылау инспекциясы

Өтініш
Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:


______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

     


Мекен жайы және байланыс телефоны____________________________________________________________________________________________________________________________
________                         ___________________________________
  (қолы)                                    (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж
жүктеу 70,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау