Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі


дптр — бүл фокус аралығы 1 м болатын линзаның оптикалық күші



жүктеу 1,87 Mb.
бет14/20
Дата25.05.2022
өлшемі1,87 Mb.
#38759
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
физика пәнінен факультатив сабақтар дайын 10 сынып Жұмат Нағима

1 дптр — бүл фокус аралығы 1 м болатын линзаның оптикалық күші.
Жинағыш және шашыратқыш линзалардың оптикалық күштері таңбаларымен ажыратылады. Жинағыш линзалық фокусы нақты, сол себепті оның фокус аралығы мен оптикалық күші оң деп есептелінеді (F > 0, D > 0). Шашыратқыш линзаның фокусы жалған, сондықтан оның фокус аралығы мен оптикалық күші теріс болып есептелінеді (F < 0, D < 0).
Көптеген оптикалық құралдар бірнеше линзадан тұрады. Бірнеше жақын орналасқан линзалардан тұратын жүйенің оптикалық күші осы жүйедегі барлық линзалардың оптикалық күштерінің қосындысына тең болады . Егер оптикалық күші D1 жєне D2 екі линза болса, онда олардың жалпы оптикалық күші мынаған тең: D = D1 + D2 Мүндай жағдайда тек оптикалық күштер қосылады. Фокус аралығын қосуға болмайды, өйткені бірнеше линзаның фокус аралығы олардың фокус аралықтарының қосындысына тең болмайды.




11 сынып 12, 13, 14 сабақтар
Сабақ тақырыбы: Теңайнылмалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар.
Ньютонның 1,2,3, заңдары. Дене импульсі.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Сабақтағы негізгі материал:
Егер қозғалыстағы денеге басқа денелер әсер етпесе(немесе басқа денелердің әсерлері теңгеріледі),онда белгілі бір санақ жүйесіне қатысты алғанда ілгермелі қозғалыстағы дене өзінің тұрақты жылдамдығын сақтайды.
Дененің жылдадығын тұрақты сақтау құбылысының өзі инерция деп аталады.Сондықтан да сыртқы күштердің әсерлері бір-бірімен теңестіріліп,бірқалыпты қозғала бастаған денелерге қатысты санақ жүйесін инерциялы деп атайды.Ал Ньютонның І заңын инерция заңы деп атайды.Инерциялы деп есептеуге болмайтын санақ жүйелері де бар.
Денелердің үдей қозғалуының себебі оларға басқа денелердің әсер ететіндігінде.Өзара әсерлерлесетін екі дененің үдеулері модульдерінің қатынасы олардың массаларының кері қатынасына тең болады.
m2=-m а2
m2- дененің массасы,а2-дененің үдеу
Дененің массасы-бұл оның инерттілігін сипаттайтын шама.Ол әсерлесу кезіндегі масса этолоны үдеуі модулінің дене үдеуі модуліне қатынасымен анықталады
Бұл заңда барлық материалдық обьектілерге ортақ қасиет –
тыныштық күйін немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалысын сақтау
туралы айтылады. Яғни, кез келген дене өзінің тыныштық күйін
немесе бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысын басқа

Қандай да бір биіктікте бос тұрған дененің жерге құлайтыны бәріне белгілі. Жоғары лақтырылған дене кайтадан жерге түседі. Мұның бәрі Жердің тартуы әсерінен болады делінеді. Бұл — жалпылама құбылыс, сол себепті де денелердің тек Жердің тартуы әсерінен еркін түсу заңдарын карастыру ерекше қызықты. Алайда күнделікті бакылау денелердің калыпты жағдайда түрліше құлайтынын көрсетеді. Мәселен, ауыр шар тез күлап түседі, ал жұқа қағаз парағы біртіндеп, күрделі траектория бойымен калыктап түседі.


Құлайтын денелердің жылдамдығы мен үдеуі, қалыпты жағдайда, денелердің ауырлығына, олардың өлшемдері мен пішіндеріне тәуелді болады. Әрине, денелердің мұндай қозғалысын тек Жердің тартуы әсерінен ғана еркін түсуі деп айтуға болмайды. Тәжірибе нәтижелері бұл айырмашылықтардың қозғалыстағы денеге ауаның әсер етуінен болатынын көрсетеді. Сол себепті, егер біз денелердің еркін түсуін зерттегіміз келсе, онда ауаның әсерінен толық құтылуымыз керек.
Ең алғаш мұндай тұжырымды италияндық ұлы ғалым ГалилеоГалилей жасаған болатын. Галилей 1583 ж. Пиза қаласындағы биік көлбеу мұнара үстінен диаметрлері бірдей, ауыр және жеңіл шарларды бір мезгілде тастап, олардың мұнара табанына шамамен бір уақытта келіп түсетініне кез жеткізеді.
Бұл биіктігі 58 метрлік мұнараның құрылысы 1173 ж. басталған болатын. Осы ғимарат сол қисайыңқыраған кезде, 1360 ж. салынып бітті.
Әрине, бұл ғимарат өзінің осы ерекшелігімен қоса, Галилей ашкан заңның арқасында Пизакаласының даңқын бүкіл өлемге ғасырдан-ғасырға паш етіп келеді.
Алайда Галилей өз ұйғарымын денелерді ауасыз кеңістікте түсіріп
тексере алмады. Өйткені Галилей емір сүрген XVII ғасырда
ауа соратын арнайы қүралдар, сорғылар өлі жоқ еді.
Оны тек 80 жыл өткеннен соң И.Ньютон жүзеге асырды.
Ол жүргізген тәжірибе Галилей гипотезасының дүрыс екенін
дәлелдеді. Ньютон жасаған тәжірибенің мәнісі мынада.
Ұзындығы 1 метрдей шыны түтікке корғасын кесегі (бытыра),
ағаш қабығынан жасалған тығын және күстың қауырсыны салынады.
Түтікті тез теңкерген кезде бұл 20 денелер түтіктің түбіне
әртүрлі уақытта жетеді: әуелі бытыра, сосын тығын, ең соңында
қауырсын түседі. Ал егер түтік ішіндегі ауаны сорып шығаратын болса, онда денелер бір мезгілде түседі. Осындай ортаның кедергісі болмаган кездегі денелердің тусуі - еркін тусу деп аталады.
Еркін түсу үдеуі g әрпімен белгіленеді. Еркін түсу үдеуінің векторы g әрдайым төмен карай бағытталады. Еркін түсу кезінде барлык денелер жер бетіне жақындаған сайын теңүдемелі қозғалады. Демек, денелердің еркін түсуі теңүдемелі қозғалыстың тамаша мысалы бола алады. Мысалы, егер күлап келе жатқан шарды әрбір тең уақыт аралығы өткен сайын арнайы құрал аркылы суретке түсіріп алып отырса, онда шардың көршілес орындарының арақашықтықтары бойынша қозғалыстың шын мәнінде теңүдемелі екенін анықтауға мүмкіндік туады. Осы аралықтарды өлшей отырып, еркін түсу үдеуінің сандық мәнін де есептеп шығаруға болады. Неғұрлым дәл есептеулер еркін түсу үдеуінің сандық мәні Жер шарының әртүрлі нүктесінде аздап өзгеше болатынын кәрсетеді. Мысалы, жергілікті жердегі ендікке байланысты ол былай өзгереді: 0° —9,78049м/с2; 60° —9,81924 м/с2; 90 — 9,83221 м/с2. Демек, еркін түсу үдеуі полюстерде үлкен болып, ал экваторға жақындаған сайын азаятыны байқалады.

жүктеу 1,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау