|
Алматы облысы Жамбыл ауданы Үңгіртас орта мектебі
|
бет | 13/20 | Дата | 25.05.2022 | өлшемі | 1,87 Mb. | | #38759 | түрі | Лекция |
| физика пәнінен факультатив сабақтар дайын 10 сынып Жұмат НағимаЛ инза (лат. lens — чечевица) деп мөлдір (көбінесе шыны екі сфералық бетпен шектелген денені айтады.
Ортасы шетінен қалың болатын дөңес линза және ортасы шетінен жіңішке болатын ойыс линза болып ажыратылады. Осы линзалардың қимасы (дөңес линза) және (ойыс линза)-суреттерде көрсетілген. Осы суреттерде линзалардың шартты белгілері кескінделген.
Сфералық беттердің С1 жєне С2орталықтары арқылы өтетін түзу сызық линзаның бас оптикалық өсі деп аталады. Осы өстегі О нүктесін линзаның оптика центрі деп атайды.
Ж инағыш линзада линзадан сынғаннан кейін жарық сәулесінің өзі қиылысатын, ал шашыратқыш линзада кері бағытта оның созындылары қиылысатын F (ө н‰ктесі линзаның бас фокусы деп аталады. Жинағыш линзада фокус нақты, ал шашыратқыш линзада жалған болады.
Кез келген линзаның әр жағында екі бас фокусы болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, она осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.
Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген єріппен белгіленеді: F-линзаның фокус орталығы.
11 сынып 11 сабақ
Сабақ тақырыбы: Линза көмегімен кескен алу.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Сабақтағы негізгі материал:
Кез келген линзаның әр жағында екі бас фокусы болады. Линзаның екі жағына бірдей орта болса, она осы фокустар линзадан бірдей қашықтықта орналасады.
Линзаның оптикалық центрінен оның бас фокусына дейінгі қашықтық линзаның фокус орталығы деп аталып, фокус белгіленген әріппен белгіленеді: F-линзаның фокус орталығы.
Линзаның фокус орталығы оның бетінің қисықтығына байланысты болады. Беті дөңестеу линза жарықты бетінің дөңестігі нашар линзаға қарағанда күшті сындырады, және сол себепті фокус аралығы қысқа болады.
Жинағыш линзаның фокус аралығын анықтау үшін оған күн сәулесін бағыттау қажет. Линза артындағы экранда. Кұннің айқын кескінін алып линзадан экранға дейінгі қашықтықты µлшеу керек. Күн өте қашықта орналасқандықтан линзаға келіп түсетін сәулелер параллель шоқ болады, онда кескін линзаның дәл фокусында орналасады.
Фокус аралығына кері физикалық шама D әрпімен белгіленеді және де линзаның оптикалық күші деп аталады: D =1/Ғ Фокус аралығы неғұрлым аз болса, онда оптикалық күші соғұрлым көп болады, онда ол жарықты күшті сындырады. Оптикалық күштің СИ жүйесіндегі бірлігі метрдің минус бір (м –1) дәрежесі болады. Басқаша бұл бірлік диоптри (дптр) деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|