Физика пәнінен факультатив сақтарының күнтізбелік жоспары
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Ұйымдастыру формасы
|
Күні
|
|
Жылу құбылыстары
|
3
|
|
|
1
|
Ішкі энергия, оның өзгерісі, жылу берілу, жылу мөлшерін есептеу, меншікті жану жылуы
|
1
|
Лекция
|
|
2
|
Термодинамиканың 1 заңы, ПӘК
|
1
|
Лекция
|
|
3
|
Жылу құбылысына арналған тест
|
1
|
Тест
|
|
|
Электр құбылыстары
|
4
|
|
|
4
|
Электр өрісі, заряды, өткізгіштер, электр өріс кернеулігі мен потенциалдар айырымы арасындағы байланыс. Электр тоғы, өткізгішті тізбектей және параллель жалғау. әр түрлі ортадағы электр тоғы, электролиз
|
3
|
Лекция / есеп
|
|
5
|
Жылу құбылыстары және электр бөліміне арналған тест
|
1
|
Тест
|
|
|
Электромагниттік құбылыстар
|
2
|
|
|
6
|
Магнит өрісі, тоғы бар өткізгішке магнит өрісінің әсері. Электромагниттік индукция.
|
1
|
Лекция
|
|
7
|
Генераторлар. Трансформаторлар.
|
1
|
Оқушы рефераты
|
|
|
Жарық құбылыстары
|
2
|
|
|
8
|
Жарық жылдамдығы, жарық шағылуы, линзалар
|
1
|
Лекция
|
|
9
|
Линза көмегімен кескін алу
|
1
|
Лекция
|
|
|
Қозғалыс және денелердің өзара әсері
|
4
|
|
|
10
|
Тең айнымалы, еркін түсу, шеңбер бойымен қозғалыстар. Ньютонның 1,2,3 заңдары, масса және салмақ.
Дене импульсі, энергияның айналу және сақталу заңы
|
3
|
Лекция және есеп
|
|
11
|
Электромагнит, жарық және механика бөліміне тест
|
1
|
Тест
|
|
|
Тербелістермен толқындар
|
2
|
|
|
12
|
Тербелістер, резонанс, эм тербелістер
|
1
|
Лекция
|
|
13
|
Ғарыш әлемінде
|
1
|
Оқушы рефераты
|
|
|
Механика
|
2
|
|
|
14
|
Кинематика, динамика.
|
2
|
Лекция және есеп
|
|
|
Молекулалық физика және термодинамика
|
4
|
|
|
15
|
Молекулалық – кинетикалық теория негіздері
|
2
|
Лекция және есеп
|
|
16
|
Термодинамика негіздері
|
1
|
Лекция және есеп
|
|
17
|
Қазақстан жылу энергетикасы
|
1
|
Оқушы рефераты
|
|
18
|
Электродинамика
|
7
|
|
|
19
|
Электростатика, тұрақты электр тоғы, магнит өрісі, электромагниттік индукция, әр түрлі ортадағы электр тоғы
|
6
|
Лекция және есеп
|
|
20
|
Механика, молекулалық физика, электродинамика бөліміне арналған тест
|
1
|
Тест
|
|
|
Кванттық физика
|
4
|
|
21
|
Жарық кванты, атом физикасы, атом ядросының физикасы
|
3
|
Лекция және есеп
|
22
|
Кванттық физика бөліміне арналған тест
|
1
|
Тест
|
11 сынып (34 аптасына 1 сағаттан)
Мақсаты:
Оқушылар бойына физика пәніне шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу.
Міндеттері:
Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.
Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.
Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.
Күтілген нәтижелер:
қолданбалы курсты оқытудың соңында оқушылар:
- физикалық ұғымдар мен шамалардың мағынасын түсіне білу.
- физика заңдарының практикалық қолданыстарын түсініп, игере білу;
- есеп шығарған кезде сызбада берілген шамаларды (S, V, a, v, Т, Р т.б) олардың арасындағы тәуелділікті дұрыс тауып анықтай білу;
- нақты мысалдар арқылы механикалық энергия туралы, жылу энергетикасы мен ядролық энергетиканың экологиялық проблемаларын түсіндіре алу;
- электроэнергетика элементтерімен (түрлері, сызбасы, құрылысы) танысып,оны өмірде дұрыс пайдалана білу;
- тарихи материалдар негізінде физиканың электротехника дамуындағы алатын орнын түсіне білу;
- зерттеу әдістерін (эксперимент жүргізу, әдебиетке шолу жасау, мәліметтерді талдау) жоспарлай білу, эксперименттік фактілер және сәйкес кестелер мен статистикалық мәліметтер негізінде қорытындылар жасау, іздену және зерттеу жұмыстарының нәтижелерін дайындай білу;
- физика пәнінен меңгерген білім, іскерлік, дағдыларын басқа пәндерден алған білімдерімен ұштастыра білу;
Қосымша сабақ жоспары төмендегі әдебиеттерден пайдаланып жасалды:
Б. Кронгарт В. Кем «Физика 10 сынып». Алматы 2019ж.
«Физика 11 сынып». Алматы 2006ж.
Р. Башарұлы «физика 9 сынып». Алматы 2009ж.
Б. Дүйсембаева «физика 8 сынып». Алматы 2008ж.
Оқушы анықтамасы (7-11 сыныптар). «Арман-ПВ» баспасы, 2005ж.
Р. Рымкевич «Физика есептер жинағы».
Ақмола облысы
Жарқайын ауданы
Тасөткел негізгі мектебінің
физика пәнінен факультативтік
сабақ жоспары
2014 – 2015 оқу жылы
Мұғалім: С.К. Бектемисова
11 сынып 2 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Термодинамиканың бірінші заны. Газ бен будың ұлғаюындағы жұмысы.
Сабақтың мақсаты: МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын беру және газбен будың ұлғайғандағы жұмысы ұғымын енгізу, жүйенің ішкі эиергиясы, жұмыс және жүйеге берілген жылу мөлшері арасындағы байланысты тағайындау;
Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: лекция, кітаппен жұмыс.
Жаңа материалды меңгерту:
МКТ тұрғысынан ішкі энергия ұғымын енгізу.
МКТ тұргысынан ішкі энергия-денені (жүйені) құрайтын микробөлшектердің қозғалыс және өзара әсерлесу энергиясы. Нақтырақ айтсақ, ішкі энергия дегеніміз:
а) молекулалар мен атомдардың қозгалысының ілгерілемелі, айналмалы және тербелмелі қозғалыстарының кинетикалық энергиясы;
б) молекулалар мен атомдардың өзара әсерлесуінің потенциальдық энергиясы;
в)атомдардың электрондық қабаттарының энергиясы;
г) ядроның ішкі энергиясы.
Аса жоғары емес температураларда ішкі энергиясын өзгеруі молекулалар (немесе атомдардың) кинетикалық және потенциальдық энергияларының өзгеруі есебінен болады.
U-дененін ішкі энергиясы физикалық шама.
U -дененің ішкі энергиясынын өзгеруі жылу берілу және жұмыс істеу нәтижесінде жүзеге асатыны белгілі.
Газ бен будың ұлғайғандағы жұмысы.
Тұрақты қысымда газдың немесе будың көлемі өзгергенде жұмыс атқарылады, Жүйенің күйін сипаттайтын физикалық шамалар макроскопиялық параметрлер деп аталады, және оларға қысым көлем температура және масса жатады.
Макроскопиялык параметрлердің біреуі тұрақгы , қалған екеуі бір-біріне байланысты өзгеретін процестер изопроцестер деп аталады.
1 .Изобаралык процес p=const,
Изотермиялық процес T=const, рV=const,
Изохоралық процес V=const
3) Изобаралық процесс үшін газ жұмысының формуласын қорытып шығару. А=рV
Жұмыстың геометриялық түсініктемесі.
ТД-ның 1-заңы жылу құбылыстары үшін энергиянын сақталу және айналу заңы. Q=U+A
ТД-ның 1-заңынан шығатын салдарлар:
Егер дене энергия (жылу) алмаса, онда ол механикалық жұмысты тек өзінің ішкі энергиясын азайту есебінен жүргізеді, яғни Q= 0 болса, А=-U
Ал, егер дененің немесе денелер жүйесінің ішкі энергиясы өзгермесе U = 0 болса, ешқандай механикалық жұмыс атқарылмайды, А=0. Сол себепті ешқандай энергия жұмсамай жұмыс істейтін құрылғы, яғни мэңгі қозғалтқыш жасау мүмкін емес.
Жылу алмасусыз жүретін процесті адиабаталық деп атайды. Атмосфераның жоғары, тығыз емес қабаттарында жылдам көтерілген ауа қабаттарының салқындап, бұлттарға айналуы адиабаталық процестерге жатады. Айнымалы жұлдыздар (цефеидтер) жарқылының периодты өзгеруі олардың сыртқы кабықтарындағы адиабаталық ұлғаюы мен сығылуы процестеріне байланысты.
Жылу козғалытқыштарының жұмыс істеуінің негізгі ерекшеліктері.
1 ) Отын энергиясы - механикалық энергия.
Осы кезде отынның энергиясы жоғары температураға дейін қыздырылған газдың немесе будың ішкі энергиясына айналады;
2)Температурасы әртүрлі екі дененің болуы; Олар қыздырғыш және салқындатқыш деп аталады. Сонымен қатар жұмыстық дене (газ немесе бу) қажет. Жылу қозғалтқышының жұмыс істеу процесінде жұмыстық дене қыздьгрғыштан қаңдай да бір Q1 жылуды алады жэне біраз бөлігін механикалық А жұмысқа айналдырады, жылудың Q2 қалған бөлігін салқындатқышқа береді.
Энергияның сақталу заңына сәйкес Q1= Q2+А
3)Кез-келген жылу қозғалтқышынын жұмысы циклді. Әрбір цикл турлі процестерден тұрады:
қыздырғыштан энергияны алу;
жұмыстық жүріс (жұмыстык дененің ртаюы және алынған энергияның бөлігІн механикалық энергияға айналдыру);
-пайдаланылмаған энергияның бөлігін суыткышқа беру;
Қыздырғыштың, жұмыстық дененің жэне салкындаткыштын болуы кез-келген жылу қозғалтқышының уздіксіз циклді жұмыс істеуінің принципті қажетті шарты болыл табылады
Достарыңызбен бөлісу: |