4.2 Зертханалық қондырғының сипаттамасы
Қондырғы тораптан 380 В айнымалы ток кернеуімен қоректенеді.
потенциал-реттегіш ПР кӛмегімен зерттелетін қоректендіру кӛзінің кірісіндегі
кернеуді 0…400 В ӛзгертуге болады. Қоректендіру кӛзінің біріншілік
тізбегіндегі кернеуі, ток, қуат коэффициенті сәйкес аспаптармен ӛлшенеді.
Қондырғының принципиалдық сұлбасы 4.7 суретте кӛрсетілген.
Қоректендіру кӛзінің дәнекерлеу доғасының жүктеме тогынан
тәуелділігінің сипаттамасын түсіру үшін Р1, Р, Р3 айырғыштары арқылы
реттелетін кедергі қолданылады. Р
қ
айырғышы қысқа тұйықталуды құру үшін
арналған.
Трансформатордың қоректендіру кӛзінің орамдары Y/Y сұлбасы (аз
токтар диапазоны) бойынша жалғанған.
4.7 сурет – Қондырғының сұлбасы
4.3 Жұмысты орындау реті
1. Зертханалық жұмыстың сипаттамасымен танысу.
2. Стендпен, қондырғылардың орналасуымен, басқару органдарының
мақсатымен танысу.
3. Ток реттегішті (СДТ қорабындағы қолсапты бұрау арқылы) I
ор
=ХА
жағдайына (оқытушының тапсырмасы бойынша) орнату керек. Потенциал-
реттегіш ПР кӛмегіментрансформатордың біріншілік орамындағы кернеуді
U
1
=Y В жағдайына (оқытушының тапсырмасы бойынша) орнату керек.
4. Р1, Р, Р3, Р
қ
айырғыштарын бірізді жалғау арқылы қоректендіру
кӛзінің жүктемесін ӛзгерту және жүктемелік тәртіптердің параметрлерін (U
1
,
I
1
, cos
, U
2
, I
2
) ӛлшеу керек.
5. Алынған мәліметтерді кестеге жазу керек.
6. U
1
кернеуінің екі мәні үшін дәл осындай тәжірибелер жүргізу
(оқытушының тапсырмасы бойынша).
7. U
2
=f(I
2
) қоректендіру кӛзінің вольтамперлік сипаттамасының
графиктерін бір суретке түсіру керек.
8. 4 тарау бойынша ток реттегіштің тағы бір жағдайы үшін
(оқытушының тапсырмасы бойынша) және алдында кӛрсетілген үш кернеу U
үшін тәжірибелер жүргізу.
9. U
2
=f(I
2
) қоректендіру кӛзінің вольтамперлік сипаттамасын алдыңғы
графикке түсіру керек.
10. Бір графикте S
1
=f(I
2
), P
2
=f(I
2
), cos
=f(I
2
), R=f(I
2
) тәуелділіктерін
тұрғызу керек.
4.4 Жұмыстың есебі
1. СДТ-300 дәнекерлеу түзеткішінің және зертханалық қондырғысының
принципиалдық электрлік сұлбасы.
2. Тәжірибелердің қысқаша сипаты.
3. Тәжірибелік зерттеулердің нәтижелері.
4. Қоректендіру кӛзінің жұмысының сапасы туралы шешім.
Бақылау сұрақтары
1. Тұрақты ток электр доғасының вольтамперлік сипаттамасы?
2. Доғаның жануының орнықтылығы?
3. Дәнекерлеу қоректендіру кӛзінің типтері?
4. Дәнекерлеу қоректендіру кӛздерінде токты реттеу әдістері?
5. Дәнекерлеу қоректендіру кӛзінің вольтамперлік сипаттамасы?
6. Түзеткіштің жұмыс істеу принципі. Түзеткіш сұлбалары?
7.
Дәнекерлеу трансформаторларының жұмыс істеу принципі.
Дәнекерлеу трансформаторларының типтері?
8. Дәнекерлеу доғасының қоректендіру кӛзіне қойылатын талаптар.
5
Зертханалық жұмыс №5. ВДУ- 506 типті тиристорлық
қоректендіру кӛзінің сипаттамаларын зерттеу
Жұмыстың мақсаты: ВДУ-506 типті тиристорлық электр доғасын
қоректендіру кӛзінің негізгі параметрлерін және электрлік сипаттамаларын
зерттеу.
5.1 Негізгі теориялық мәліметтер
1. Қоректендіру кӛздеріне қойылатын жалпы талаптар.
Әдетте электр технологиялық қондырғылардың қоректендіру кӛзі
ретінде келесі қондырғылар түсіндіріледі:
- электр энергиясын технологиялық процесте тұтынуға қолайлы түрге
түрлендіретін (жиілікті, кернеуді, токтың гармоникалық құрамын ӛзгертеді
және т.б.);
- электр торабын технологиялық процестің зиянды әсерінен (жоғарғы
жиілікті гармоникалар, кернеудің тербелісінің тӛмендеуі және т.б.) қорғайды;
- қоректендіру торабының және электр технологиялық процестің
параметрлерін келістіреді;
- сипаттамалары құлайтын сызықтық емес кедергісі бар қондырғылар
үшін, мысалы электр доғасы үшін тұтынатын қуатты шектейді.
2. Электр доғасының қоректендіру кӛздерінің негізгі типтерінің
қысқаша сипаттамасы.
Қазіргі уақыттағы барлық қоректендіру кӛздерінің типтерін құлайтын
вольтамперлік сипаттамасын құру әдістері бойынша бӛлуге болады:
Электр машиналық генераторлар:
а) коллекторлық генераторлар;
б) вентилдік дәнекерлеу түрлендіргіштері.
Дәнекерлеу трансформаторлары:
а) механикалық реттеу трансформаторлары;
б) магниттеу арқылы реттеу трансформаторлары;
в) тиристорлық трансформаторлар.
Индуктивтік-сыйымдылық түрлендіргіштер.
Басқарылатын түзеткіштер.
Электр машиналық генераторлар.
а) коллекторлық генераторлар.
Коллекторлық генераторларда құлайтын сипаттама қосымша қоздыру
орамын енгізу есебінен пайда болады, оның магнит ағыны негізгі қоздыру
орамының магниттік ағынына қарама-қарсы бағытталған және жүктемедегі
токтың жоғарылауымен жалпы магниттік ағын тӛмендейді, сәйкес
генератордың ЭҚК тӛмендейді (6.1 сурет).
5.1 сурет – Коллекторлық генератордың принципиалдық сұлбасы
б) вентилдік дәнекерлеу түрлендіргіштері.
Вентилдік дәнекерлеу түрлендіргіштерінде айнымалы ток генераторы
және жартылай ӛткізгіштік түзеткіш қолданылады. Вентилдік дәнекерлеу
түрлендіргішінің принципиалдық сұлбасы 5.2 суретте кӛрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |