бұзылуына әкеледі. Шашырауды азайту үшін дәнекерлеу тізбегіне доғаға
бірізді индуктивтік кедергісі ӛте үлкен болатын дроссель қосады немесе
сипаттамасы тік құлайтын қоректендіру кӛздерін қолданады, сонда қысқа
тұйықталу тогының шамасы тӛмендейді.
г) қажет дәнекерлеу тәртібін реттеуді қамтамасыз ету.
Әдетте дәнекерлеу тәртібін қоректендіру кӛзі кӛмегімен дәнекерлеу
тогының күшінің ӛзгеруімен реттейді. Барлық мүмкін токты реттеу әдістерін
екіге бӛледі: бос жүріс кернеуінің U ӛзгеруімен және қоректендіру кӛзінің Z
кедергісімен реттеу. Егер қоректендіру кӛзінің бос жүріс кернеуін
жоғарылатса (4.4, а сурет), онда оның сипаттамасы оңға жылжиды және
жоғары токтарда доғаның сипаттамасымен қиылысады. Егер қоректендіру
кӛзінің кедергісін жоғарылатса, онда оның сипаттамасы солға жылжиды (4.4,
б сурет) және қоректендіру кӛзінен доғаға берілген энергия тӛмендейді, ток
тӛмендейді.
Селенді дәнекерлеу түзеткіші (СДТ-300). Селенді дәнекерлеу түзеткіші
СДТ қолмен дәнекерлеу, кесу және тұрақты токпен металдарды балқыту үшін
арналған.
СДТ тұрады:
а) тӛмендеткіш трансформатор;
б) түзеткіш;
в) қосып жіберу және қорғаныс аппаратуралары.
4.3 сурет – Жүктеме кезіндегі
қоректендіру кӛзінің жұмысы
4.4 – Әртүрлі тәртіпдегі қоректендіру
кӛзінің сипаттамалары
Селенді дәнекерлеу түзеткіші (СДТ-300). Селенді дәнекерлеу түзеткіші
СДТ қолмен дәнекерлеу, кесу және тұрақты токпен металдарды балқыту үшін
арналған.
СДТ тұрады:
а) тӛмендеткіш трансформатор;
б) түзеткіш;
в) қосып жіберу және қорғаныс аппаратуралары.
4.1 кесте – СДТ-300 техникалық мәліметтері
Біріншілік кернеу, В
220/380
Екіншілік бос жүріс кернеуі, В
65/68
Екіншілік номиналды кернеу, В
30
Номиналды дәнекерлеу тогы, А
300
Екіншілік номиналды кернеу кезіндегі дәнекерлеу тогының
реттеу шектері, А
а) аз токтар диапазоны
/
б) үлкен ток диапазоны
/
40-115
110/320
Номиналды тде тұтынылатын пайдалы әсер қуаты, кВА
21,5
Номиналды тәртіптегі ПӘК, %
66
Салмағы, кг
240
а) тӛмендеткіш трансформатор.
Құлайтын сыртқы сипаттамасы және дәнекерлеу тогын реттеу біріншілік
кернеудің жылжымалы орауыштары бар және үлкен магниттік шашырауы бар
трансформаторлар кӛмегімен орындалады.
4.5 суретте осы трансформатордың жұмыс істеу принципі кӛрсетілген.
Жүктеме болған кезде (I
2
≠0) трансформатордың магнит ағынының бӛлігі
шашырату ағынын Ф
ш
құрай ауа арқылы тұйықталады. Сондықтан жүктеме
болған кезде екіншілік орамнан ӛтетін ағын Ф
2
біріншілік орамнан ӛтетін
ағыннан Ф
1
аз болады. Осыған сәйкес екіншілік орамнан ӛтетін Ф
2
ағынынан
пайда болған кернеу U
2
, бос жүріс кезінде Ф
1
ағынымен (I
2
=0) пайда болатын
кернеумен U
0
салыстырғанда, шашырату ЭҚҚ деп аталатын Е
ш
шамасына
тӛмендейді.
Сонымен
трансформатордың
екіншілік
кернеуі
трансформатордың индуктивтік кедергісі деп аталатын ішкі кедергідегі
шығыннан тӛмендейді. Екіншілік орамның тогы ӛскен сайын ағын және
шашырату
ЭҚҚ
ӛседі.
Сондықтан
жүктеме
жоғарылаған
сайын
трансформатордың шығысындағы кернеу U
2
тӛмендейді, яғни осындай
трансформатордың сыртқы сипаттамасы құлайтын болады.
Орамдар аралығындағы қашықтықты ӛзгерту есебінен, соған сәйкес
шашырату ағынын Ф
ш
және трансформатордың индуктивтік кедергісін ӛзгерту
есебінен дәнекерлеу тогын бірқалыпты реттеуге болады. Аз токтар
диапазонынан үлкен токтар диапазонына ауысу немесе керісінше реттеуді
трансформатордың біріншілік және екіншілік орамдарын
/
немесе
/
сұлбасына ауыстыру арқылы орындалады.
4.5 сурет – Орамдары жылжымалы трансформатор
б) түзеткіш.
Түзеткіш трансформатордан алынған айнымалы токты, доғаның
жануының жоғарғы орнықтылығын алу үшін тұрақты токка түрлендіруге
арналған.
Түзеткіш үшфазалық кӛпірлік сұлба бойынша ӛлшемі
100
400
мм
болатын алюминий негізіндегі селен шайбаларынан жиналған. Әрбір АВС-
400-126 типті түзеткіш блок
6
2
1
сұлбасы бойынша (алты иық, екі шайба
иықта бірізді, бір шайба параллель). Түзеткішті суыту үшін желдеткіш
қолданылады.
СДТ-300 дәнекерлеу түзеткішінің принципиалдық электрлік сұлбасы 4.6
суретте кӛрсетілген.
4.6 сурет – СДТ-300 принципиалдық сұлбасы
в) қосып жіберу және қорғаныс аппаратуралары жеке орнатылады.