Алматы экономика және статистика академиясы



жүктеу 5,39 Kb.
Pdf просмотр
бет16/28
Дата22.02.2018
өлшемі5,39 Kb.
#10536
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28

52 
 
 
 
4 сурет. Форма жасау режиміндегі программаның бас терезесі 
 
Шығарылымды кӛрсету - Обозреватель Решений 
Шығарылымды  кӛрсету  –  Обозреватель  решенийтерезесі  (Вид–>Обозреватель 
решенийкомандасын орындау немесе Ctrl+Alt+L пернелерін басу) жоба құрамына кіретін 
компоненттерден тұрады. Бұл терезенің жанама (контекстік) менюі пункттері (тышқанның 
оң жақ батырмасын шерту арқылы шығатын) жоба құрамын ӛзгертуге және де оған жаңа 
компоненттер қосуға мүмкіндік береді (5 сурет): 
 
 
 5  сурет.   Шығарылымды  кӛрсету  –  Обозреватель  решенийтерезесінің  жанама 
менюі 
 


53 
 
Жаңа жоба жасау кезінде Шығарылымды кӛрсету терезесінде шаблондар арқылы 
жасалатын компоненттер кӛрініп тұрады (6 сурет). 
 
 
6 сурет. Жаңа қосымша құрамына кіретін компоненттер 
 
Сілтемелер  –  Ссылкибумасы  келісім  бойынша  пайдаланылатын  кластарға  сілтеме 
жасап  тұрады.  Сілтемелер  –Ссылки  ішкі  бумаларында  тышқанды  екі  шерту 
Объектілерді  кӛрсету  –  Обозреватель  объектов  (Вид  –>Обозреватель  объектов 
командасы  немесе  Ctrl+Alt+J  пернелерін  басу)  терезесін  ашады.  Объектілерді  кӛрсету 
терезесі  объектілер  қасиеттерін  алу  құралы  болып  табылады,  мысалы,  ол 
System.MarshalByRefObject  класынан  brush  абстрактілі  класының  қалай  мұраланатынын 
және Clone, Dispose(bool), Dispose тәсілдерінен тұратынын кӛрсетеді (7 сурет). 
 
 
 
7 сурет.  Объектілерді кӛрсету – Обозреватель объектовтерезесі 
 
Кез келген тәсілдің, кластың немесе қасиеттердің қысқаша сипатталуын оны шерту 
арқылы  алуға  болады,  сонда  ақпараттық  тақтада  (панельде)  қысқаша  анықтама  кӛрініп 


54 
 
тұрады. Тәжірибелі қолданушы үшін Объектілерді кӛрсету жай анықтамадан гӛрі ыңғай-
лырақ мүмкіндік болып табылады.  
 
Лекция  10-11.  Кластар  терезесі.  Элементтер  тақтасы  –  Панель  элементов. 
Элементтер тақтасы – Панель элементов.  Стандартты басқару элементтері 
 
Кластар терезесі – Окно классов – (Вид –>Классы, немесе Ctrl+Shift+C пернелерін 
басу) кодтағы таңдап алынған объект бойынша жылжу мүмкіндігін береді; онда жобаның 
барлық  листингісінің  тәсілдері,  кластары,  мәліметтері  болады.  Мысалы,  Form1  тәсіліне 
кӛшу үшін Кластар терезесіндегі (8 сурет) оның атын шерту керек. 
 
 
 
8сурет.  Кластар терезесі жобаның кодтары бойынша жылжу мүмкіндігін береді 
 
Қасиеттер терезесі – Окно Свойств 
Қасиеттер  терезесі  –  форма  және  оның  компоненттерін  баптаудың  негізгі  құралы 
болып  саналады.  Бұл  терезеде  осы  сәтте    таңдап  алынған  компонент  немесе  форманың 
барлық қасиеттерінің тізімі тұрады. Терезені шығарудың бірнеше жолы бар, менюден Вид 
–>Окно  свойств    (немесе  F4  басамыз)  командасын  таңдаймыз  немесе  таңдалған 
объектінің  жанама  менюіндегі  Қасиеттер  пунктін  шертіп,  сонда  ашылған  терезеден 
керегін  таңдаймыз,  әйтпесе  F4  пернесін  басамыз  да,  объектіні  таңдап,    ашылған  
Қасиеттер терезесіне кӛшеміз. Жаңа жоба алғашқы ашылған сәтте Қасиеттер терезесінде 
сол форманың ӛз қасиеттері кӛрсетіліп тұрады (9 сурет). 
 


55 
 
 
 
9сурет.  Қасиеттер терезесі 
 
1 кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген. 
 
1 кесте.  
Элемент 
Кӛрсетілу бейнесі 
Сипаттамасы 
Object 
name 
 
Бұл  тізім  ӛрісінде  белгілі  бір 
кластың экземпляры болып табыла-
тын осы объектінің аты кӛрсетіледі. 
Мұндағы  Form1  –System.Windo-
ws.Forms.Form  класынан  мұралана-
тын  форманың    келісім  бойынша 
алынған аты. 
Categorized 
 
Бұл  батырманы  шерткенде, 
таңдалған  объектінің  қасиеттері 
категориялар  бойынша  сұрыпталып 
шығады. 
Кӛрінетін 
элементтер 
тізімін азайту үшін бір категорияны 
жауып  тастауға  болады.  Категория 
жабық  болса,  алдында  (+),  ашық 
болса, (–) таңбасы тұрады. 
Alphabetic 
 
Объектінің  қасиеттері  мен 
оқиғаларын 
алфавит 
бойынша 
сұрыптау 
Properties 
 
Бұл  батырманы  шерткенде, 
объектінің  қасиеттері  тізім  ретінде 
кӛрсетіледі. 
Events 
 
Бұл  батырманы  шерткенде, 
объектінің  оқиғалары  тізім  ретінде 


56 
 
кӛрсетіледі. 
Description 
Pane 
 
Таңдалған қасиет жайлы 
мәлімет шығатын тақта. 
Мұндаформа қасиеттері тізімінде 
Text қасиеті таңдалып алынған. 
 
 
Қасиеттер  терезесі  бірінші  кезекте  форманың  дизайны  мен  оны  басқару 
элементтерін  анықтау  мүмкіндігін  береді.  2  кестеде  дизайн  режимінде  анықталатын 
форманың  кейбір  қасиеттерінің  сипаттамалары  берілген.  Қасиеттің  келісім  бойынша 
берілген мәнін таңдап алмасақ, ол қарайтылған қаріппен жазылып тұрады да, ол кейіннен 
ӛзгертулер енгізуді жеңілдетеді.  
 
2 кесте. Форманың кейбір қасиеттері 
Қасиеті 
Сипаттамасы 
Келісім  бойынша 
мәні 
Name 
Жобадағы форма аты. Ол алғашында кӛрінетін 
форма тақырыбы емес, ол программа кодында 
қолданылатын форма  аты. 
 
Form1, 
Form2, 
т.с.с. 
AcceptButt
on 
Enter пернесін басқанда, іске қосылатын 
батырма мәні орнатылады. Бұл қасиет екпінді 
болуы үшін формада кем дегенде бір батырма 
болуы керек.  
 
None 
BackColor  Форма түсі.  Әртүрлі нұсқаларды жылдам кӛру 
үшін  "BackColor"  сӛзінде  тышқанды  шерте 
беру керек.  
 
Control 
Background
Image 
Артқы фондағы бейне 
None 
CancelButto

Esc пернесін басқанда іске қосылатын батырма 
мәні  орнатылады.Бұл  қасиет  те  екпінді  болуы 
үшін формада кем дегенде бір батырма болуы 
керек. 
 
None 
ControlBox  Форманың оң жақ жоғары шетіндегі үш стан-
дартты батырманың: "Свернуть", "Развернуть" 
және "Закрыть" шығуын (True) немесе шық-
пауын (False) қадағалайды, яғни орнатады. 
 
True 
Cursor 
Форма  бетіндегі  тышқан  курсорының  түрін 
анықтайды. 
Default 
DrawGrid 
Басқару  элементтерін  форматтауға  кӛмекте-
сетін 
нүктелерден 
тұратын 
торлардың 
шығуын/шықпауын қадағалайды. Бірақ тор тек 
форма жасау кезінде ғана кӛрінеді.  
True 
Font 
Формадағы басқару элементтерінде пайдала-
нылатын мәтінді форматтау  
Microsoft Sans 
Serif; 8,25pt 


жүктеу 5,39 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау