Алматы экономика және статистика академиясы «Сібір бизнес, басқару және психология институты» мемлекеттік емес жоғары кәсіпкерлік білім беру мекемесі



жүктеу 2,87 Mb.
Pdf просмотр
бет45/119
Дата17.11.2018
өлшемі2,87 Mb.
#20440
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119

96 
 
прогрестің қазіргі кездегі жетістіктері есебімен, кӛп салалық, бәсеке қабілетті ӛнеркәсіптік 
кешенді қалыптастыруды қарастырады. 
Мемлекеттің  ұлттық  дағдарысқа  қарсы  басқаруының  ұлттық  мүдделері  нақты  ӛз 
құрамына  экономикалық,  қорғаныс,  білім,  ақпараттық,  т.б.  құрамдас  бӛліктерді 
біріктіреді.  Ұлттық  экономикалық  қауіпсіздік  салалардың,  жеке  кәсіпорындардың, 
фирмалардың,  компаниялардың  экономикалық  дағдарысқа  қарсы  басқару  бағыттары 
ретінде қарастырылады. 
Қаржылық-экономикалық  дағдарыстар,  әдетте,  ӛнеркәсіп    кәсіпорындарға  кері 
әсерін тигізеді: негізгі капитал тозады, еңбек ӛнімділігі азаяды, жас және білікті мамандар 
ӛндірістен кетеді. 
Дағдарыс  жағдайында  кәсіпорын  әлуетінің  (ӛндірістік,  технологиялық,  ғылыми-
техникалық  және  кадрлық)  бұзылуы  оның  қызметіне  қауіп  тудырады.  Бұл  ретте,  ұдайы 
ӛндіріске  мүмкіндік  болмай  қалады.  Кәсіпорында  инвестициялардың  басты  кӛздері  - 
амортизациялық  аударылымдар,  таза  табыс  және  қарыз  қаражаттары  болғандықтан, 
дағдарыс  жағдайында,  айтылып  кеткен  инвестиция  кӛздерінің  тартылып  қалуы  мүмкін. 
Кәсіпорын  әлуетін  біртіндеп  жаңалау  (инновацияларды  игеру,  тұтыну  сапасы  артық 
тауарлар шығару) алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық, конструкторлық, технологиялық 
және инвестициялық құралдарды игеру арқылы жүргізілетіні белгілі. Ұдайы ӛндірісте осы 
құралдарды ұзақ уақыт бойы қолданбау кәсіпорынның дамуын тоқтатады. 
Кәсіпорындардың  экономикалық  дағдарысқа  қарсы  басқаруды  қамтамасыз  ету 
үрдісі, біздің ойымыз бойынша, бірнеше кезеңдерден тұрады. Бірінші кезеңде кәсіпорын 
үшін  қолайсыз  жағдайлардың  пайда  болуының  түрлері  мен  себептері  анықталуы  қажет. 
Екінші  кезеңде  сол  қатерлердің  алдын-алатын  шаралар  жүйесі  іске  қосылуы  керек. 
Үшінші  кезеңде  олардың  орындалуы  бақылауға  алынса,  тӛртінші  кезенде  тиімділігі 
талдануы  мүмкін.  Экономикалық  дағдарысқа  қарсы  басқару  жүйесінің  қызметі  оң 
бағаланса,  шараларды  қайтадан  бастауға  болады,  қанағаттанарлықсыз  деңгейде  болса, 
тиімді  қызмет  жасайтын  жүйе  құру  керек  болады.  Осы  айтылған  кәсіпорынның 
экономикалық дағдарысқа қарсы басқару қамтамасыз ету циклын біз тереңірек талдайтын 
тоқыма-кілем кәсіпорындарына да кеңінен қолдануға болады. 
Экономикалық  дағдарысқа  қарсы  басқаруды  камтамасыз  етуді  бағалауды  аяқтай 
отырып,  кәсіпорынның  табыстылығы  мен  рентабельділігін  талдау  жӛн  болады. 
Экономикалық дағдарысқа қарсы басқаруды қамтамасыз етудің келесі кезеңінде тоқыма- 
кілем  ӛнеркәсібі  кәсіпорнының  кысқа  және  ұзақ  мерзімге  даму  бағдарын  жасау  жатады. 
Кәсіпорынның  экономикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  экономикалық  қатерлердің 
алдын  алу  шараларын  ӛткізу  арқылы  жұргізіледі.  Егер  қатер  құшағын  жайып  тұрса, 
мысалы:  кәсіпорыннан  құрылтай  құжаттарын  тартып  алғандай  қылып  алса,  фирманың 
бұрынғы  қызметкерінен  сотқа  арыз  түссе,  әріптестер  қарыздарын  қайтармай  жатса, 
бәсекелестер кәсіпорынның тауар белгісін рұқсатсыз пайдаланып  жатса,  кәсіпорынның   
арғы      экономикалық      ӛмірін  қалай  анықтап,  жоспарлаймыз.  Тоқыма  және  кілем 
ӛнеркәсібі кәсіпорындарының экономикалық, ӛндірістік, қаржылық қызметін талдау бізге 
дағдарысқа  қарсы  басқару  кәсіпорынның  экономикалық  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етудің 
негізі  болуы  мүмкін  деген  ой  салды.  Біздің  елімізде  кәсіпкерлер  үшін  нақты 
экономикалық еркіндікті қажет ететін нарық аяғына тұрды. Мұндай қадам үшін нарыққа 
сай  еңбек  ӛнімділігін,  тиімділікті,  тұтынушылар  мен  жабдықтаушылардың  алуан  түрлі 
талаптарына  икемделетін  ӛндірісті  қамтамасыз  ететін  фирма  мәдениеті  мен  басқару 
жүйесі керек-ақ. Дағдарысқа қарсы басқаруда, фирманың экономикалық ең тиімді басқару 
құралы ретінде, осындай әлует бар.  
Дағдарыстық  жағдайлар  кӛптеген  себептердің  әсерінен  пайда  болады.  Олардың 
ішінде, табиғат апаттарын, экологиялық , қаржы, азаматтық немесе құқықтық дағдарыстар 


97 
 
атап  айтылып  жүр.  Бұл  тізімді  ары  қарай  жалғастыруға  болады,  бірақ  шет  елдердегі, 
айрықша,  біздің  елдегі  дағдарыстардың  басты  себебі-қанағаттанарлықсыз  менеджмент. 
Қазіргі  қазақстандық  жағдайлар  мамандарға  дағдарыстардың  түрлерін  тәжірибеде 
зерттеуге  мүмкіндік  туғызады.  Әр  дағдарыстың  ӛзіндік  ерекшелігі  бар  болғандықтан, 
олармен күресудің бірдей жолы жоқ. Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын 
болу  жағдайында  қолданылатын  іс-шаралардың  қалыптасқан  жүйесі  бар.  Ол  жоспарлау 
құралдарының  кӛмегімен  жүзеге  асады.  Болуы  мүмкін  дағдарыстық  құбылыстарды 
жоспарлау-  сын  сәтінде  жасалатын  қадамдардың  механикалық  бір  ізділігін  алдын  ала 
анықтау  және  ұйымға  тез  әрі  тиімді  әрекет  жасау  үрдісін  қамтиды.  Экономикалык 
қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  жағдайында  уақытша  қиыншылықтан  ӛту  үшін  беріліп, 
нақты  жасалған  еңбек  ынталандырылады,  сәйкесінше,  сыйақының  жаңа  түрлері  мен 
басқарудың жаңа стильдері пайда болады. 
Дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар: 
1. 
Дағдарысқа деген қатынас - қолда барды сақтап қалуға бағытталған. Мұнда 
дағдарыс кауіп және тосқауыл деп қабылданып, қатысушы тұлғалар немесе ұжым  үшін 
тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі болады. Осының нәтижесінде, жауапты тұлғалар 
дағдарысты теріс қабылдап, 
дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады. 
2. 
Дағдарысқа   деген   қатынас -  жаңашылдыққа   бағытталған. Бұл жағдайда 
дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі 
жаңартуға  деген  қажеттілік  деп  қарастырады.   Мұнда дағдарыс, 
белгілі бір иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар, 
ережелерден тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде, 
дағдарысты туғызған, бұрынғы жағдайды ӛзгертуге әкелген талаптар 
ұтымды шешіммен қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес 
емес, ӛзіндік құрылымды жаңа қатынастарға сәйкес ӛзгерту алынады. Тӛлем қабілеттілікті 
анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек қана екі коэффициент арқылы 
жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын ӛз ерекшеліктеріне қарамай ӛткізіледі. Ал, 
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты реттеудің жедел 
диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты кӛрсетпейді.  
 
Қолданылған дереккөздер тізімі 
1  Черных  И.А.,  Мырзахметова  А.М.,  Мырзабеков  М.С.,  Абдикадирова  Ж.Б. 
Аймақтық қауіпсіздіктің ӛзекті мәселелері: тарихы және қазіргі кезең. – Алматы, 2012. 
2  Султанов  Б.К.,  Музаппарова  Л.  Становление  внешней  политики  Республики 
Казахстан. – Алматы, 2012. 
3  Каримов  И.  Узбекистан  на  пороге  XXI  века.  Угрозы  безопасности,  условия  и 
гарантии прогресса. – Ташкент, 2011. 
4  Бурнашев  Р.,  Черных  И.  Безопасность  в  Центральной  Азии:  методологические 
рамки анализа (военный сектор безопасности). – Алматы, 2012. 
5  Бжезинский  Зб.  Великая  шахматная  доска.  Господство  Америки  и  его 
геостратегические императивы. – М., 2011. 
 
 
 
 
 
 
 
 


жүктеу 2,87 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   119




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау