97
атап айтылып жүр. Бұл тізімді ары қарай жалғастыруға болады, бірақ шет елдердегі,
айрықша, біздің елдегі дағдарыстардың басты себебі-қанағаттанарлықсыз менеджмент.
Қазіргі қазақстандық жағдайлар мамандарға дағдарыстардың түрлерін тәжірибеде
зерттеуге мүмкіндік туғызады. Әр дағдарыстың ӛзіндік ерекшелігі бар болғандықтан,
олармен күресудің бірдей жолы жоқ.
Дегенмен, әлемдік тәжірибеде дағдарыстарға дайын
болу жағдайында қолданылатын іс-шаралардың қалыптасқан жүйесі бар. Ол жоспарлау
құралдарының кӛмегімен жүзеге асады. Болуы мүмкін дағдарыстық құбылыстарды
жоспарлау- сын сәтінде жасалатын қадамдардың механикалық бір ізділігін алдын ала
анықтау және ұйымға тез әрі тиімді әрекет жасау үрдісін қамтиды. Экономикалык
қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайында уақытша қиыншылықтан ӛту үшін беріліп,
нақты жасалған еңбек ынталандырылады, сәйкесінше, сыйақының жаңа түрлері мен
басқарудың жаңа стильдері пайда болады.
Дағдарысты қабылдаудың екі концепциясы бар:
1.
Дағдарысқа деген қатынас - қолда барды сақтап қалуға бағытталған. Мұнда
дағдарыс кауіп және тосқауыл
деп қабылданып, қатысушы тұлғалар немесе ұжым үшін
тәуелсіздігін жоғалтып алу қаупі болады.
Осының нәтижесінде,
жауапты тұлғалар
дағдарысты
теріс қабылдап,
дағдарысқа дейінгі қалыпқа жету шараларын жүзеге асырады.
2.
Дағдарысқа деген қатынас - жаңашылдыққа бағытталған.
Бұл жағдайда
дағдарыс кәсіпорынның эволюциялық даму үрдісіндегі
жаңартуға деген қажеттілік деп қарастырады.
Мұнда дағдарыс,
белгілі бір иррационалдық немесе дұрыс емес жасалған мақсаттар,
ережелерден тазартудың әдісі болып табылады. Осының нәтижесінде,
дағдарысты
туғызған, бұрынғы жағдайды ӛзгертуге әкелген талаптар
ұтымды шешіммен қарастырылады. Мұнда негізге дағдарыспен күрес
емес, ӛзіндік құрылымды жаңа қатынастарға сәйкес ӛзгерту алынады. Тӛлем қабілеттілікті
анықтау диагностикасы ҚР-сы заңдылығы бойынша тек
қана екі коэффициент арқылы
жүргізіледі де, әр саланың кәсіпорындарын ӛз ерекшеліктеріне қарамай ӛткізіледі. Ал,
экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесі үшін дағдарысты
реттеудің жедел
диагностикасы кәсіпорын қызметін жан-жақты кӛрсетпейді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1 Черных И.А., Мырзахметова А.М., Мырзабеков М.С., Абдикадирова Ж.Б.
Аймақтық қауіпсіздіктің ӛзекті мәселелері: тарихы және қазіргі кезең. – Алматы, 2012.
2 Султанов Б.К., Музаппарова Л. Становление внешней политики Республики
Казахстан. – Алматы, 2012.
3 Каримов И. Узбекистан на пороге XXI века. Угрозы безопасности, условия и
гарантии прогресса. – Ташкент, 2011.
4 Бурнашев Р., Черных И. Безопасность в Центральной Азии: методологические
рамки анализа (военный сектор безопасности). – Алматы, 2012.
5 Бжезинский Зб. Великая шахматная доска. Господство Америки и его
геостратегические императивы. – М., 2011.