88
Үшіншіден, орталықтандыру мемлекеттік меншік туралы орталықтандырылған
және агрегирлық қаржылық есептеме әзірлеуде маңызды демеу болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорындар бойынша жалпы және агрегирлық есептеменің жоғары
стандарттарын белгілеген аздаған елдер қатарына меншік қызметін орталықтандырған
немесе орталықтандырып жатқан елдер (Швеция, Франция и Норвегия) кіреді.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1.Дэниэлс Д.Д., Радеба JI.X. Международный бизнес / пер. с англ. М., 200
2. Стерлин А.Р., Тулин И.В. Стратегическое планирование в промышленных
корпорациях США: Опыт развития и новые явления. М., 1990.
3. Студенцов В. Иностранные инвестиции и экономическая безопасность //
Экономист. 2006. № . С. 56-62.
4. Титов Е. "Иностранный легион" // Финансовая Россия,2013. № 11. - с. 7.
УДК 371.044.3
Мемлекеттік активтерді басқарудың шетелдік өтілі:
шығыстық корпоративті менеджменті
Ауезбекова Ж.А., магистрант
Алматы экономика және статистика академиясы, Алматы қ.
E-mail:
Mahinur_13@mail.ru
Мемлекеттік активтерді басқаруды жетілдіру мемлекеттік қатысуы бар
компаниялардың немесе мемлекеттік корпорациялардың шетелдік тәжірибесін зерттеу
негізінде мүмкін.
Қытай мемлекеттік кәсіпорындарды реформалау бойынша ӛзінің талпынысының
бір бӛлігі ретінде 1980 жылы эксперименттік негізде мемлекеттік кәсіпорындарды
акциялауды енгізе бастады. 1990 жылы Шанхай қор биржасы құрылды, және 1991 жылы
Шэньчжэнь қор биржасы құрылды. Кӛптеген мемлекеттік кәсіпорындар акциясы осы
биржаларда бағаланды.
1993 жылы Қытай Коммунистік партиясының (ҚКП) 14-ші Орталық комитетінің
үшінші толық мәжілісінде мемлекеттік кәсіпорындардың мақсатты реформасы ретінде
осы заманғы бірлескен жүйені құру бағдарламасын қабылдады. Кейіннен, 1994 жылы
Компаниялар туралы Заң қабылдағаннан кейін, мемлекеттік кәсіпорындарды серіктестік,
жауапкершілігі шектелген қоғамдық компаниялар және акционерлік қоғамдар тәрізді
ұйымдастырушылық – құқықтық үлгіге толық масштабты қайта құруды бастады [18]1.
1997 жылы ҚКП-ның Он бесінші Ұлттық Конгресінде акционерлік капиталда жеке
сектордың қатысуымен мемлекеттік экономиканы қайта құру стратегиясы, сонымен қатар
мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жарияланды. Осы уақытта жеке капиталмен
қаржыландырылатын компаниялар тез қарқынмен ӛсе бастады.
Қытайда нарықтық экономикаға ӛткеннен кейін мемлекеттік кәсіпорындарды
акционерлік қоғамдарға қайта құру 1993 жылғы мемлекеттік кәсіпорындардағы
реформаның басты бағыты болып есептелді. Бұл кәсіпорындардың біразы 2003 жылдың
соңында қор биржасында саны 1377 асқан, мемлекеттік кәсіпорындардан қайта құрылған
болды. Белгілі мемлекеттік кәсіпорындар қор биржасында белсенді бағаланды,
акционерлік қоғамдардың бұл қайта құрылуына барлық акционерлер мүдделі болды.
Мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік қатысуы бар акционерлік қоғамдарға
ауысуы туралы сӛз қозғалғанда, тиімсіз менеджмент пен мемлекеттік кәсіпорынның
меншік құрылымының ауысуы туралы да айтылады. АҚ-ға ауыстырылған Кәсіпорындар,
Қытайдың басты мемлекеттік кәсіпорындарының белсенді түрде сатылатын бірінші
класты акциялары ретінде бағалана бастады.
89
Мемлекеттік болып қалған кәсіпорындар мен түрлі құрылтайшылары құрамымен
қалған барлық ӛндірісті анық ажыратып атап ӛту керек. Мемлекеттік кәсіпорын кейбір
салаларда баламаға ие емес. Қытайда реформаның екі онжылдық ішіндегі мемлекеттік
кәсіпорындарды қайта құру «тӛменгі буындарға құқықтар мен пайданы беру» саясатымен
анықталды. Бақылау кӛзқарасы тарапынан мемлекеттік кәсіпорын құқығы қандай да бір
шамада Үкіметпен бақыланатын, басқа меншік үлгісіндегі шаруашылық
субъектілерінен мемлекеттік кәсіпорындардың айырықша ерекшеліктерін атап
ӛткен жӛн.
Қытайдағы мемлекеттік кәсіпорындар коммерциялық қана емес, сонымен қатар
коммерциялық емес мақсаттарға ие: халықтың жұмыс басшылығын қамтамасыз ету,
әлеуметтік саланы қаржыландыру, тиімсіз және шығынды екені алдын ала белгілі ӛндіріс
салаларында қызмет ету. Пайда алу жағынан мемлекеттік кәсіпорындар басқа үлгідегі
меншік түріндегі кәсіпорындардан еш айырмашылығы жоқ. Ұзақ уақыт бойы Қытайда
мемлекеттік кәсіпорындар жоспарлы экономика кезеңінде басты қолдау ретінде
қолданылды, бұл ретте «мемлекеттік кәсіпорын» анықтамасы ӛндіріс қаражаты жалпы
халық меншігіне жататын, және мемлекет иелік ететін қоғамдық меншік түріндегі
құрылымдық үлгі ретінде берілді.
Қытайдық нарықтық экономика жүйесінде мемлекеттік кәсіпорын бұл
шаруашылық субъектілерінің түрлі нарқын алдын ала белгілеген кәсіпорындардың басқа
үлгілерінен ерекшеленді. Мемлекеттік кәсіпорын — бұл ерекше мәнді субъект, ерекшелігі
басты түрде мүліктік құқықтарда және басқару жүйесінде кӛрінеді. «Қалыпты үкіметтік
орган» бола отырып, мемлекеттік кәсіпорын түрлі кезеңдерде және ӛзінің даму
этаптарында үкіметтің саяси және экономикалық міндеттері мен мақсаттарына тәуелді
болып келеді. Құру, қосу, бӛлу және жою — бәрін Үкімет шешеді.
2006 жылғы желтоқсанда Қытай Мемлекеттік меншігін реттеу және әкімшілік ету
жӛніндегі комитеті (SASAC) шетел инвестициялары бойынша жаңа саясатты баяндады,
бұл саясатқа сәйкес мемлекет «абсолютті» стратегиялық бақылауды тӛменде келтірілген
алты секторда сақтап қалды [1]:
Ұлттық қорғаныс және әскери ӛнеркәсіп,
энергетика,
телекоммуникациялар,
мұнайгаз секторы,
авиация
кеме қатынасы.
1 кесте - Қытайдың ірі мемлекеттік кәсіпорындары [20].
Атауы
Сектор
Sinopec
Мұнай
Национальная нефтяная Группа Китая (CNPC)*
Мұнай
State Grid
Энергия бӛлу
Индустриальный коммерческий банк Китая
Банктік
China Mobile
Телекоммуникация
China Southern Power Grid
Энергия бӛлу
China Life
Сақтандыру
China Telecom
Телекоммуникация
Agricultural Bank of China
Банктік
1 кестенің жалғасы
Baosteel Group
Болат
China Railway Engineering
Энергия бӛлу
China Construction Bank
Банктік
China Railway Construction
Энергия бӛлу
* 90%-на PetroChina иелік етеді
Дерек кӛзі: Қытайдың кәсіпорындар одағы
Достарыңызбен бөлісу: |