233
қызметтері үшін тӛлемдерді тӛлеуде импортерден; сондай-ақ кӛрсеткен қызметтері үшін
фрахты, сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссия түрінде валюталар
алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент тӛлеуге, займды, несиені эәне
оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке
тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге
халықаралық сауда мен оған байланысты кӛрсетілген қызметтер және халықаралық
капиталдар мен несиелер қозғалысы негіз болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын
валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды. Қазіргі валюталық
нарықтарда мынадай ағымдарды бӛліп қарауға болады:
- шаруашылық
байланыстардың интернационалдану негізінде валюталық
нарықтардың интернациолдануның күшеюі;
- байланыстың жаңа жүйелерін пайдалану;
- әлемнің барлық бӛліктеріне тәулік ішінде үздіксіз операцияларды жасау;
- банктерлің коррсепонденттік шоттары бойынша жазбаша түрде негізделетін
валюталық операцияларды жүргізу техникасын біртұтастандыру;
- коммерциялық валюталық мәмілелермен салыстырғанда алыпсатарлық және
арбитраждық валюталық мәмілелер кӛлемін ұлғайту.
Валюталық операциялардың кӛлеміне, сипатына және пайдаланатын валюталар
тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық
(жергілікті) болып бӛлінеді.
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
шоғырланған. Олардың ішінде: Лондондағы, Нью-Йорктегі, Франкфурт-на-Майнедегі,
Париждегі Цюрихе, Токио, Сингапурдағы, Гонконгтағы валюталық нарықтарды бӛліп
айтуға болады. Бұл нарықтарды халықаралық тӛлем айналымында кеңінен қолданатын
валюталармен операциялар жүзеге асады.
Аймақтық және жергілікті нарықтарда белгілі бір конвертирленетін
валюталармен операциялар жүргізіледі. Онаң қатарында сингапур доллары, сауд риалы,
кувейт динары және т.б. бар.
Ұлттық валюталық нарықтар деп, ережеге сәйкес халықаралық операцияларды
жүргізуге маманданбаған, ӛз клиенттеріне (олардың қатарына компаниялар, жеке тұлғалар
және банктер болуы мүмкін) валюта бойынша қызмет кӛрсететін сол елдің пумағында
орналасқан банктердің жүзеге асыратын операцияларының жиынтығын айтады. Сонымен
қатар, ішкі ұлттық нарықтағы операцияларға жекеленген компаниялар арасында
жасалатын операцияларды, сондай-ақ валюта биржасында жүргізілетін операцияларды да
жатқызады. Жоғарыда келтірілген сипаттамаға қарап, Қазақстанда ұлттық нарықтың
жұмыс жасайтының айтуға болады.
Сол немесе басқа елдің ішкі валюталық заңдылықтарының ырықтандырылуына
байланысты ресми валюталық нарық «қара нарықпен» толықтырылуы мүмкін. «Қара
нарықтын» болуы барлық ТМД елдеріне тән сипат. Қазақстанда Қазақстан Республикасы
Ұлттық банкінің жүргізетін саясаты, айырбас орындарының кӛптеп ашылуы пайда
массасын ӛсіру үшін банктер арасында бәсекені ұлғайта отырып, «кӛше» нарықтарында
валютамен сауданы азайтуға және соның нәтижесінде «қара нарықтың» әрекет ету
аясының қысқаруына әкеледі.
Институциональдық кӛзқараспен қарағанда, валюталық нарық банктер, банкирлер
үйін, брокерлік фирма және ірі корпорациялардың жиынтыығын білідреді.
Қалған банктер мен брокерлік фирмалар ӛздерінің валбталық операцияларын ірі
коммерциялық банктердің жетекшілік етуімен, ережеге сәйкес олардың қарамағында
жүзеге асырады. Валюталық мәмілелердің 95%-ға дейіні банктер мен брокерлік
фирмалардың үлесіне келеді. Мұндай сызба, валюталық нарықты банкаралық нарық
тәрізді сипаттауға мүмкіндік береді.
234
Валюталық операцияларды жүргізуге құқылы банктер ӛкілетті немесе девиздік
банктер деп аталады.
Девиздік банктердің валюталық нарықтағы операцияларға қатысу дәрежесі кӛп
факторларға: банк шамасына, оның беделіне, шетелдік бӛлімдер және филиалдар
тораптарының даму дәрежесіне, жүргізілетін халықаралық есеп айырысулар кӛлеміне,
телекс, телефон және т.б байланыс жүйелерінің жағдайына, банк саясатына байланысты.
Әдетте, валюталық операциялар банктер арасында тікелей жүргізіледі. (телекс
немесе телефон бойынша), бірақ кейбір елдерде (Скандинаваия елінде) Орталық банктер
ӛкілдерінің валюталық нарыққа қатысушыларымен кездесетін валюталық биржалар
сақталған Мұндай жағдай Қазақстан республикасында да әрекет етеді, яғни Қазақстан қор
биржасында аптасында 2 рет валютамен сауда жүргізіледі.
Нарықтың қатысушы барлық мүшелерін екі негізгі топқа бӛлуге болады. Бірінше
топқа пассивті қатысушылар, яғни оларда валюталық операциялар жүргізу қажеттілігі әр
кездерде туындайды да, баға белгіленімін білуге ӛтініш жасайтын банктер үшін бағаны
белгілейді (маркет-мэйкерлер). Осы қатысушылар арасында әлемнің барлық жерлеріне
таралған бӛліше тораптары және үлкен дилерлер штаты бар 20-ға жуық банктер ерекше
бӛлінеді. Бұл банктер 100 млн. АҚШ долларындағы (мәміленің стандартты сомасы – 5
немесе 10 млн.) ірі сомаға мәміле жасай отырып, валюталық нарыққа маңызды ықпал
етеді.
Дүниежүзінің тек ӛте ірі банктерінде валюталық департаменттер және валюталық
операциялармен айналсыатын білікті дилерлер бар. Ӛз клиенттерінің тапсырмаларын ғана
орындайтын және валюталық операцияларды ӛз қаражаттарын есебінен жүргізбейтін,
халықаралық валюталық нарықта жұмыс жасайтын банктерге, ӛздерінің клиенттері мен
банк арасындағы делдалдық ролді жетістіктермен атқару үшін, валюталық операциялар
туралы жалпытүснігі бар банктік қызметкер болса жеткілікті.
Банктердің басқа да топтары ірі, бірақ азырақ диверсификацияланған банктер
болып табылады. Әдетте, олар бір, екі-үш валюталармен операциялар жүргізуге
маманданады және стандартты сомаларғабаға қояды. Күнделікті жұмысорнында бұл
банктер брокерлік фирмалардың қызметтерін пайдаланды.
Брокерлік фирмалар 30%ға жуық валюталық операцияларға қызмет етеді және сол
банкпен жұмыс жасайтын нақты брокер тұлғасында, екі банкінің арасында – валюталарды
сатушы және сатып аулшы банктер арасында делдал толінде жүреді.
Брокерлер делдал ретінде бола отырып, клиенттерден брокерлік коммисиялық ақы
алады (брокер арқылы сатылған немесе сатып алынған әрбір миллион доллар үшін 20
АҚШ (доллары), ол тӛлемді халықаралық тәжірибедегідей сатып алушы мен сатушы тең
бӛледі және онда котировка қосылмайды, әр ай сайын тікелей брокерге тӛленіп отырады.
Брокер мәміле жасайтын және баға белгілейтін ӛзінің банк-клиенттеріне толық
тәуелді. Брокер арқылы жұмыс істеудің айтарлықтай артықшылығы мыналар: котировка
процесінің үздіксіз және брокер белгілейтін кез келген бағамен мәміле жасау мүмкіндігі,
мәміле жасағандағы құпиялық және ӛз бағасын ұсыну мүмкіндігі. Дилер мен брокердің
арасындағы іскерлік ынтымақтастық тек ӛзара түсіністік, сенім және сыйластық болғанда
ғана мүмкін және ол тығыз ӛзара қатынас негізінде қалыптасады.
Банктердің валютамен жасалатын операциялары клиенттердің есебінен де, сондай-
ақ ӛздерінің есебінен де жүзеге асырылады.
Шетел валютасы халықаралық тӛлем айналымында және ақшалай белгілер түрінде
болмайды, ол банктік және несиелік айналыс құралдары формасында – шетел валютасына
сәйкес телеграфтық және пошталық аударым, чек, тратта түрінде болады.
Қолданылған дереккөздер тізімі
1."Ақша айналысы және несие". С.Б.
2. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы"
3. "Международные валютно-кредитные отношения" Носкова И.Я.
Достарыңызбен бөлісу: |