Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕУ



жүктеу 3,56 Mb.
бет8/16
Дата23.11.2018
өлшемі3,56 Mb.
#24332
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

ВАЛЮТА АЙЫРБАСТАУДЫҢ НАРЫҚТЫҚ БАҒАМЫН БЕЛГІЛЕУ


Жоғарыда айтылғандай, шетелдік валютамен жасалған операциялар бухгалтерлік және салықтық есепке алу мақсатында ұлттық валютамен - валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша теңгемен қайта есептелуге тиіс. Бұл орайда бірлескен құжатты: ҚР Қаржы министрлігінің 23.12.2012 ж. № 29 бұйрығын және ҚР Ұлттық Банкі басқармасының "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындау тәртібін белгілеу туралы" 23.12.2012 ж. № 512 қаулысын басшылыққа алу қажет, онда валюта айырбастаудың нарықтық бағамын айқындаудың мынадай тәртібі белгіленген:

1)Қазақстан қор биржасының таңертеңгі (негізгі) сессиясында сауда-саттық өткізілетін шетелдік валюталар бойынша нарықтық бағам Алматы уақытымен 11.00 сағаттағы жағдай бойынша сессияда қалыптасқан, осы валюталарға теңгенің орташа өлшемді биржалық бағамы ретінде белгіленеді;

2)сессияда сауда-саттық өткізілмейтін шетелдік валюталар бойынша валюта айырбастаудың нарықтық бағамын "Reuters" ақпарат агенттігінің арналары бойынша алынған сұранымның баға белгіленіміне сәйкес Алматы уақытымен 11.00-дегі жағдай бойынша АҚШ долларына кросс-бағамды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейді.

Бұйрық/қаулының 1-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы сессияда сауда-саттық өткізілген күннен кейінгі күні қолданылатынына ерекше назарларыңызды аударамыз.

Аталған бұйрық/қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілгендіктен, бұйрықта/қаулыда бөлгіленген тәртіппен айқындалған валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бухгалтерлік есепке алу, қаржы есептілігін жасау және салық салу мақсаттары үшін 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады (ҚР Қаржы министрлігінің "Валюта айырбастаудың нарықтық бағамына қатысты" 14.02.2012 ж. № ДБУ-1-2-6/1401 хаты).

Бұл орайда мынадай сұрақ туындайды: 31.12.2012ж. жағдай бойынша бухгалтерлік есепте қандай бағамды (нарықтық немесе Ұлттық Банктің) пайдалану керек? Біздіңпікірімізше, 31.12.2012жылғыжағдай бойынша бухгалтерлік есепте (салықтық есепте де) Ұлттық Банктің бағамын қолданған жен. Ұлттық Банктің бағамы мен нарықтық банктің арасындағы айырма 2012 жылғы бағамдық айырманың құрамында көрсетіледі, бұл, біздің ойымызша, қаржы есептілігін жасау - салыстыру принципіне сай келеді.

Сөйтіп, 2012 жылы валюта айырбастаудың нарықтық бағамын қолданып шетелдік валютамен жасалатын операцияларды есепке алудың екі оңды жәйттері бар:

» бухгалтерлік есепте оны пайдаланған кезде қаржы ақпаратын пайдаланушылар (инвесторлар, қарыз берушілер, жеткізіп берушілер, сатып алушылар, мемлекеттік органдар және т.б.) ұйымдар мен кәсіпкерлердің қаржы жағдайы, олардың қызметінің нәтижелері және қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы неғұрлым толық әрі анық ақпарат алады;

» бухгалтерлік және салық есебінде бірдей бағам қолданылады.

КЕДЕН МАҚСАТТАРЫ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАТЫН БАҒАМ


2012 жылғы 1 мамырдан бастап 5.04.2012 ж. №401-11 ҚР Кеден кодексі қолданысқа енгізілді. Keден кодексінің 303-бабына сәйкес кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу, соның ішінде тауарлардың кедендік құнын айқындау мақсаттары үшін шетел валютасын қайта есептеу жүргізу талап етілген жағдайларда, кеден органы кедендік декларацияны тіркеген күнге немесе төленуі тауарлардың кедендік ресімделуіне байланысты емес кедендік телемдер үшін телем күніне Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген валюта айырбастаудың нарықтық бағамы қолданылады. 2012 жылдың 1 мамырына дейін "ҚР кеден ісі туралы" 20.07.95 ж. Заңның 139-бабына сәйкес кедендік төлемдер салықтарды есептеген кезде шетелдік валютаны ҚР валютасына қайта есептеу кеден декларациясы қабылданған күні қолданылып келген ҚР Ұлттық Банкінің бағамы бойынша жүргізілді (ҚР Қаржы министрлігінің 17.03.03 ж. № НК-УМ-07-1-21/2064 хаты).

Жоғарыда айтылғанындай, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап бухгалтерлік және салық мақсаттарында шетелдік валютамен жасалатын операциялар валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша ұлттық валютамен -теңгемен қайта есептелуге тиіс екендігіне ерекше назарларыңызды аударамыз

СОМАЛЫҚ АЙЫРМАНЫ" ЕСЕПКЕ АЛУ

9-"Шетелдік валютадағы операцияларды есепке алу" БЕС-на Әдістемелік ұсыныстардың қолданыстағы редакциясында (өзгерістер ҚР ҚМ 05.02.03 ж. № 44 бұйрығымен енгізілген) "сомалық айырма" деген термин жоқ, бірақ 13-тармағында бұл ұғымның егжей-тегжейлі айқындамасы беріліп, шоттар корреспонденциясы көрсетілген, соны естеріңізге сала кеткіміз келеді.

Бір валютаны екінші валютаға айырбастау (ұлттық валютаны басқа елдің валютасына айырбастау және керісінше) нәтижесінде пайда болатынын кірістер мен шығыстарды бағамдық айырмадан пайда болған кірістер мен шығыстардан айыра біліп, оларды негізгі емес қызметтен түскен басқа кірістер мен шығыстар ретінде көрсету керек. Мұндай кірістер мен шығыстар әртүрлі бағам түрлерін - ол бойынша шетелдік валюта бухгалтерлік есепте ескерілетін валюта айырбастаудың нарықтық бағамын және осы валюта сатып алынатын және сатылатын нақты мәміленің бағамын бір күнде қолдану нәтижесінде пайда болады.
2012 ЖЫЛҒЫ КОРПОРАЦИЯЛЫҚ ТАБЫС САЛЫҒЫ БОЙЫНША ДЕКЛАРАЦИЯДА БАҒАМДЫҚ АЙЫРМАНЫ КӨРСЕТУ

Салық кодексінің 102-бабында белгіленген шектерде салық есебі бойынша теріс бағамдық айырма "Корпорациялық табыс салығы бойынша Декларация" атты 100.00-нысанында 100.00.033-жол бойынша көрсетіледі, ол "Теріс бағамдық айырма бойынша шегерімдер" 100.20-нысанының негізінде толтырылады (Декларацияға 20-қосымша). Аталған нысан жиынтық жылдық табысты алуға байланысты және Салық кодексінің 102-бабына сәйкес шегерімге жатқызылуға тиіс теріс бағамдық айырманың сомасын айқындауға арналған.

2012 жылға арналған 100.20-нысанға екі жол қосылған:


100.09.001-жолдың коды

Атауы

Мәні


A

Есепті салық кезеңінің басында есеп айырысу жүргізілмей жасалған операциялар бойынша теріс бағамдық айырманың сомасы

2012 жылғы 100.20.001-жолға қо сымша нысанның D және E баған-дары арасындағы айырмашылық

D

Есепті салық кезеңінің соңында есеп айырысу жүргізілмей жасалған операциялар бойынша теріс бағамдық айырманың сомасы

2012 жылғы 100.20-нысанның A жол + B жол - C жолдарына тең болуға тиіс


жүктеу 3,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау