Алматы экономика және статистика академиясы пәннің ОҚУ-Әдістемелік кешені


-тақырып. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлықтың (мүдденің) салық есебі



жүктеу 3,56 Mb.
бет6/16
Дата23.11.2018
өлшемі3,56 Mb.
#24332
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

6-тақырып. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлықтың (мүдденің) салық есебі.

Дәріс мақсаты: Салық төлеуші төлейтін және салық салынатын табысты анықтаған кезде шегерімге жатқызылатын сыйақыларды есептеу және түсіну
Сұрақтары:

1. Пайыздар (сыйақылар) бойынша шығындар есебі.

2. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлықақыны төлеу бойынша шығындарды шегерімге жатқызу тәртібі
1. Пайыздар (сыйақылар) бойынша шығындар есебі.

Пайыздар (проценттер) бойынша шығысқа - банк несиесі және жабдықтаушылардың берген несиесі бойынша, мүлікті жалға беру бойынша төленетін пайыздар (проценттер) жатады Пайыздар (марапаттау)- несие алушының ақша капиталын несиеге алынған үшін несие берушіге төленетін табыстың бір бөлігі. Пайызды өтеудің көзі қарыз капиталын пайдалану процесінен туындайтын құн болып табылады.

Пайыздар бойынша шығатын шығындар бухгалтерлік есебінің шоттары жұмыс жоспарының 7310 – «Сыйақылар бойынша шығыстар» деп аталатын шотында жүргізіледі. Бұл - активтік, күрделі шот. Пайыздар бойынша шығындардың талдамалық есебі пайыздардың түрлері бойынша ведомоста жүргізіледі.

Пайыздардың барлық түрлерін есептегенде 7310- шоты дебеттеледі де, 3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар» және 4160- «Төлеуге арналған ұзақ мерзімді сыйақылар» шоттары кредиттеледі.

Пайыздардың барлық түрлерінің төлемі 3380 және 4160 - шоттарының дебеті және:

- пайыздар арнаулы шоттардан төленгенде 10,0 – 1060 «Өзгеде ақша қаражаттары» шотының;

- пайыздар есеп айырысу шотынан төленгенде 1030 – «Ағымдағы банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаты» шотының;

- пайыздар нақты ақшалай төленгенде 1010 – «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» шотының кредиті бойынша көрініс береді.

Жылдың аяғында 7310-шотта есепке алынған сыйақылардың сомалары осы шоттың кредитінен 5410 - «Есептік жылдың пайдасы (шығыны)» шотының дебетінде көшіріліп жазылады.

Бұл жазбадан кейін 7310- шоты жабылуы тиіс.

2. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлықақыны төлеу бойынша шығындарды шегерімге жатқызу тәртібі

Салық кодексінің 10-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес сыйақы – кредиттер үшін; қаржы лизингі бойынша ҚР қаржы лизингінің мәселелерін реттейтін заң актілеріне сәйкес сыйақы түрінде берілген (алынған) мүлік үшін; салымдар (депозиттер) бойынша; жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша; борыштық бағалы қағаздар бойынша төлемдер – дисконт не купон (бастапқы орналастыру құнынан және (немесе) сатып алу құнынан дисконтты не сыйлықақыны ескере отырып).

Салық төлеуші төлейтін және салық салынатын табысты анықтаған кезде шегерімге жатқызылатын сыйақылар Салық кодексінің 94-бабына сәйкес анықталады және оған сәйкес мыналар сыйақылар бойынша шегерімдер болып табылады:

1) құрылысқа алынған және құрылыс кезеңінде төленетін кредиттер (қарыздар) бойынша сыйақыны қоспағанда, алынған кредиттер (қарыздар) бойынша, оның ішінде қаржы лизингі түріндегі сыйақы;

2) Борыштық бағалы қағаздар иесіне оларды шығару және орналастыру шарттарына сәйкес эмитент төлейтін дисконт не купон (дисконтты не сыйлықақыларды есепке ала отырып);

3) депозиттер бойынша сыйақы.

Сыйақы бойынша шегерім мынадай мөлшерлерде:

1) теңгемен алынған және (немесе) орналастырылған кредиттер (заемдар), оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасын 2 еселеп қолданып есептелген сома шегінде;

2) шетелдік валютамен алынған және (немесе) орналастырылған кредиттер (заемдар), оның ішінде қаржы лизингі бойынша, депозиттер, борыштық бағалы қағаздар бойынша — Лондон банкаралық рыногының ставкасын 2 еселеп қолданып есептелген сома шегінде жүргізіледі.

Осы тармақта белгіленген шектеулерге толықтыру ретінде шегерімге жатқызылуға тиісті кредиттер (заемдар) бойынша сыйақының ең жоғарғы сомасы мынадай сомамен шектеледі:

резидент заңды тұлғаға төленетін және шегерімге жатқызылуға тиісті сыйақы сомасы қосу

төлем көзінен салық салынатын сыйақы сомасы мен төлем көзінен табыс салығы ставкасының 30 процент мөлшеріндегі корпорациялық табыс салығының ставкасына қатынасы ретінде есептелген сома.

Қосымша шектеу қаржы ұйымдарына қолданылмайды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы және Лондон банкаралық рыногының ставкасы депозитті, борыштық бағалы қағаздарды, мүлікті, сондай-ақ кредит (заем) беруді ресімдеу (қайта ресімдеу) кезінде қолданылады.

Ұзақ мерзімді сипаттағы (бір жылдан астам) шарттар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі қолданатын қайта қаржыландыру ставкасы мен Лондон банкаралық рыногының ставкасы жыл сайын шарт жасалған күннен бастап қайта қаралып отырады.

Шартқа сәйкес кредит (заем) үшін сыйақыны есептеу үшін құбылмалы ставка белгіленген жағдайларда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасы және Лондон банкаралық рыногының ставкасы шартқа сәйкес құбылмалы ставка өзгерген күнге қолданылады.

Депозиттер бойынша сыйақыларға салық салу мақсатындағы есепке алуға қатысты

Салық кодексінің 65-бабындағы 1-тармағына сәйкес салық төлеушілер салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді Салық кодексінде белгіленген тәртіп пен шарттар бойынша есептеу әдісімен айқындайды.

Салық кодексінің 10-бабындағы 1-тармағының 16-тармақшасына сәйкес есептеу әдісі - салық есебінің әдісі, оған сәйкес табыстар мен шығыстарды төлеу уақытына қарамастан, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету, тауарларды өткізу және мүлікті кіріске алу мақсатымен тиеп жіберу кезінен бастап есептеледі.

"Банктер мен банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 31.08.2011 ж. Заңының 30-бабындағы 2-тармағының ережелерімен депозиттер қабылдау банк операциясы ретінде белгіленгендіктен, банк депозиттік операцияларды жүзеге асырған кезде салымшыға қызмет көрсетеді. Бұл ретте қызмет шартты қолданудың бүкіл кезеңі бойында көрсетіледі, өйткені сыйақы сол кезеңге есептеледі.

Сөйтіп, салық салу мақсатында депозиттер бойынша сыйақыларды есепке алу есептеу әдісімен жүргізіледі, яғни сыйақы бойынша табыстар - жиынтық жылдық табысқа қосылады және тиісінше шығыстар - төлеу фактісіне қарамастан есептік салық кезеңінде депозиттік шартты қолдану кезеңіне тепе-тең шегерімге жатқызылады.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларацияны жасау Ережесіне сәйкес 100.08-нысан Қазақстан Республикасында да, сондай-ақ одан тысқары жерлерде де Салық кодексінің 80-бабындағы 2-тармағының 16-тармақшасына сәйкес салық төлеушіден алуға (алынған) жататын сыйақылар түріндегі табысты айқындауға, 100.13-нысан Салық кодексінің 94-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын сыйақы бойынша шығыстар сомасын айқындауға арналған. Бұл ретте мынаны атап көрсетеміз: 100.08.001-жолына қосымша нысанның G бағаны Салық кодексінің 131-бабындағы 2-тармағының ережелеріне сәйкес салық кезеңі ішінде есептелген корпорациялық табыс салығының есебіне жатқызылған салық сомасын айқындау мақсатында осы салықтың ұсталғанын растайтын құжаттар болғанда салық төлеушіге сыйақы төлеген кезде ұсталған салық сомасын көрсетуге арналған.


Өз-өзін бақылау сұрақтары:

1. Пайыздар (сыйақылар) бойынша шығындар есебі.

2. Алынған несиелер (займ) үшін сыйлықақыны төлеу бойынша шығындарды шегерімге жатқызу


7-тақырып. Күдікті қарыздар бойынша шегерімдердің салық есебі.

Дәріс мақсаты: Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы бойынша мағлұматтармен танысу
Сұрақтары:

1. Өнімді(жұмыс,қызмет) сатумен байланысты күдікті қарыздарды шегерімдерге жатқызу тәртібі

2. Күдікті қарыздар бойынша шегерімдердің салық есебі
1. Өнімді (жұмыс, қызмет) сатумен байланысты күдікті қарыздарды шегерімдерге жатқызу тәртібі

Күмәнді талаптар — Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.

Салық Кодексіне сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады. Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:

1)шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда;

2)белгіленген тәртіппен ресімделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргізіледі.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеуші жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеуші-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Салық төлеуші салық мақсаттарында өнімді (жұмыс, қызмет) сату нәтижесінде туындаған талаптарды күмәнді талаптарға жатқызу кезінде, заңды тұлғаның тауарлы-материалдық қорларды алғанын растайтын белгіленген тәртіпте толтырылған сәйкес құжаттарымен расталуы қажет: шот-фактуралар, хабарлама-шоттар, тауарлы-материалдық қорлар алуға берілген сенімхаттар. Күмәнді талаптарды шегерімдерге жатқызудың берілген тәртібі коммуналдық қызмет көрсету бойынша тұрғындармен есеп айырысуда туындайтын талаптарға таралмайды.

Қазіргі таңда сатылған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін уақытылы есеп айырыса алмай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде жиі кездесетіні белгілі. Жалпы борышкердің белгіленген мерзім аралығында төлем жасай алмау фактісі осы берешек соманың жабылмай қалатындығын білдірмейді. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорынның банкрот болып қалуы немесе ол субъектінің таратылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Бұл айтарлықтай әдеттегі жағдай, ол субъектінің тауарлар мен қызметтерін өткізуде несиеге қаншалықты сақтықпен қарағандығына немесе борыштарды өндіруде неғұрлым тиімді де икемді әдістерді қолданғандығына тәуелсіз. Төлем қабілетін бақылау жүйесінің қаншалықты жетілдірілгендігіне, сондай-ақ оның тиімділігіне қарамастан шаруашылық субъектінің несиеге сатылған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін төлем төлемеген сатып алушылар әрқашанда табылады. Сатып алушылардың келісім-шартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары "күдікті (күмәнді) қарыздар" - деп аталады. 31- "Күдікті (күмәнді) қарыздар бойынша резервтер" - деп аталатын үлгі шотының бөлімше шотында күдікті қарыздарға жасалынған резервтер сомасы есептелінеді.

Күдікті (күмәнді) қарыздарға - уақытысында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық қарыздар жатқызылады. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес талап ету мерзімі өтіп кеткен дебиторлық берешек күдікті қарыз болып саналынады. Өтелу-өтелмеуі белгісіз, күмән тудыратын борыштарды есептен шығарудың екі тәсілі бар.

Біріншісі - тікелей есептен шығару әдісі, мұнда шығындар заңда қаралған төлемді талап ету мерзімі өткеннен кейін есептен шығарылады.

Екіншісі - резервтік әдіс, бұл жағдайда шығындарды өтеу үшін алдын ала резервтік қор қарастырылады (жасалынады).

Тікелей есептен шығару әдісі бухгалтерлік есеп тұрғысынан қолайлы болып саналмайды. Өйткені ол кірістер мен шығындарды сәйкестілікке келтіре алмайды, яғни күдікті қарыздарды тауарлар жеткізіліп берілген немесе қызметтер көрсетілген сәтінде (кезде) емес, оның күдікті деп танылған есептік мезетінде ғана шығындарға жатқызады. Субъектілер күдікті қарыздарға шығындардың есебінен резерв жасай алады. Күдікті қарыздар бойынша резервтер есеп беретін жылдың соңында жабдықтаушылар мен сатып алушылар арасындағы дебиторлық қарыздарға түгендеу жүргізу нәтижесіне сүйене жасалынады. Азаматтық Кодекстің 1-бөліміндегі 178-бабына сәйкес борыштың өтімділік мерзімнің жалпы уақыты үш жыл болып белгіленді. Үш жыл ішінде өтелінбеген борыш күдікті қарыздарға жасалынған резерв сомасының есебінен есептен шығарылады. 2011 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасыньщ "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес "күдікті қарыз" сөзі, "күдікті талаптар" сөзімен ауыстырылған. 27- пункт бойынша "күдікті талаптар" -деп өнімді (жұмысты, қызмет көрсету) сату нәтижесінде түзетілген және де табыс есептелгеннен кейінгі екі жыл ішінде өтелмеген талаптарды айтамыз. Шығындар тиісті сату көлемдеріне сәйкес тауарларды сатудан болған табыстардың ұлғаюы нәтижесі ретінде пайда болса, онда олар сатудан түскен табыстар есебінен жабылулары қажет. Осы орайда есепті кезеңдегі күдікті қарыздар бойынша шығындарды жою керек, себебі мұндай мәліметтер ағымдағы қаржылық жылдың шығындары болуы мүмкін.

Бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз күдікті қарыз бойынша жасалынған резерв сомасы алынып тасталып көрсетіледі.

Мысалы: қандайда бір шаруашылық субъектінің дебиторлық қарызы 200 (екі жүз) мың теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50 (елу) мың теңгені құрайды - деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезеңінде резерв сомасы 50 (елу) мың теңге кезең шығындары ретінде танылады да бухгалтерлік баланста дебиторлық қарыз сомасы 50 (елу) мың теңгеге азайтылып, 150 (бір жүз елу) мың теңге (200-50=150 мың) көрсетіледі.




2. Күдікті қарыздар бойынша шегерімдердің салық есебі

Салық Кодексінің 96-бабына сәйкес күмәнді талаптар бойынша шегерімдер

Күмәнді талаптар — Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады.

Салық Кодексіне сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады. Салық төлеушінің күмәнді талаптарды шегерімге жатқызуы мына шарттарды сақтағанда:

1)шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда;

2)белгіленген тәртіппен ресімделген мына құжаттар: шот-фактуралар; салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргізіледі.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеуші жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеуші-дебитор банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.

Өткен жылғымен салыстырғанда ағымдағы жылы күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыруға мүмкіндік бар.

01.01.08 жылға дейін қолданылып келген "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңында талап қою мерзімі - шегерімдерді қалыптастыру үшін табыстар мен басқа да талаптар (салыстыру актісінің болуы) есептелген күннен бастап 2 жыл болып белгіленгендіктен, 2009 жылғы шегерімдерге салыстыру актісі болған жағдайда, 2012 жылы туындаған күмәнді талаптарға жатқызуға болатын еді. Салыстыру актілерін алу әрдайым мүмкін бола бермейтінін ескеріп, көптеген кәсіпорындар күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыру құқығын пайдалана алмады.

2010 жылдан бастап Салық кодексінің 96-бабымен күмәнді талаптар - тауарлар өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар деп белгіленген.

Аталған бапта күмәнді талаптарды шегерімге жатқызу үшін негіз болып табылатын мына талаптар белгіленген:

- шегерімге жатқызған кезде олар бухгалтерлік есепте көрсетілген жағдайда;

- белгіленген тәртіппен ресімделген мына құжаттар: шот-фактуралар;

- салық төлеушінің тіркелген жері бойынша салық органының осы шығыстарды шегерімге жатқызу туралы жазбаша хабарламасы болған жағдайда жүргізіледі.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, жоғарыда көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттік тіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет.

Кодексте салыстыру актісінің міндетті түрде болу талаптары белгіленбегенін ескерсек, күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыру мүмкіндігі нақты бола түседі.

Бұл орайда 2009 жылы күмәнді деп танылған талаптар 2009 жылы салық есептілігін жасаған кезде күмәнді деп көрсетілуге тиіс екендігіне назарларыңызды аударамыз. Егер есептілік жасалып жатқан кезде қолданылып жүрген салық заңдары бойынша талаптар күмәнді деп танылмаса, соңғылары келесі салық кезеңдерінің бірінде көрсетілуге жатпайды, өйткені әрі кеткенде 2012 жылы туындаған талаптар 2010 жылы шегерімдерге күмәнді талаптар ретінде жатқызылады. Күмәнді талаптар бойынша шегерімдерді қалыптастыруға арналған деректер "Күмәнді талаптар" (100.15-нысан) Корпорациялық табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшада көрсетіледі.

Бұл орайда күмәнді талаптар деп танылған және шегерілуге тиісті дебиторлық берешекті жанама салықтарсыз, ҚҚС-сыз және акцизсіз көрсету керек.

Салық төлеуші салық мақсаттарында өнімді (жұмыс, қызмет) сату нәтижесінде туындаған талаптарды күмәнді талаптарға жатқызу кезінде, заңды тұлғаның тауарлы-материалдық қорларды алғанын растайтын белгіленген тәртіпте толтырылған сәйкес құжаттарымен расталуы қажет: шот-фактуралар, хабарлама-шоттар, тауарлы-материалдық қорлар алуға берілген сенімхаттар. Күмәнді талаптарды шегерімдерге жатқызудың берілген тәртібі коммуналдық қызмет көрсету бойынша тұрғындармен есеп айырысуда туындайтын талаптарға таралмайды.

Дебитор-заңды тұлғаны жою кезінде жоғарыда көрсетілген құжаттармен қатар әділет органдарының берілген заңды тұлғаны жоюды тіркеу туралы, мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) куәлігін жою және оны Мемлекеттік регистрден алып тастау туралы бұйрық көшірмелерін қосымша беруі қажет.

Дебитор-салық төлеушіні банкрот деп таныған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың барлығына қосымша оны банкрот деп тану туралы сот шешімінің көшірмесін беруі қажет.

Берілген дебиторлық қарыз заңды тұлғаның бухгалтерлік есеп регистрінде - 24 қараша 2011 жылы № 72 ҚР қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелік департаменті бұйрығымен бекітілген сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысу ведомостында көрсетілуі қажет.

Бұл жерде күмәнді деп танылған немесе өндіріп алынуы нақты емес дебиторлық қарыздарды бухгалтерлік есепте шығындарға жатқызу және (немесе) күмәнді қарыздар бойынша резервтер құру салық салу мақсатында есепке алынбайды.

Салық кодексінің 96-бабына сәйкес ҚР резидент заңды тұлғалары мен жеке кәсіпкерлеріне, сондай-ақ тұрақты мекеме арқылы Қазақстан Республикасында қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға тауарлар еткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер керсету нәтижесінде туындаған және туындаған кезден бастап үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша туындаған және салық төлеуші-дебиторды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді талаптар болып танылады. Салық кодексіне сәйкес күмәнді деп танылған талаптар шегерімге жатады.

Салық кодексінің 92-бабында болашақтағы кезеңдердің шығыстарын қоспағанда, шығыстар олар нақты жүргізілген салық кезеңінде шегерілуге жатады деп белгіленген.

Демек, күмәнді талаптар олар нақты пайда болған, яғни талаптың туындаған кезінен бастап үш жыл өткеннен кейінгі (Салық кодексі енгізілгенге дейін "Салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті телемдер туралы" ҚР Заңының 5-бабындағы 42-тармағына, 17-бабына сәйкес - екі жыл өткеннен кейін) салық кезеңінде шегерімге жатқызылады және келесі салық кезеңдерінде шегерімге жатқызыла алмайды.

Салық кодексінің 71-бабына сәйкес салық декларациясына, есеп-қисабына өзгерістер мен толықтырулар енгізуге талап қою мерзімі ішінде жол беріледі, ол Салық кодексінің 38-бабына сәйкес 5 жылды құрайды.

Сонымен, 2009жылы туындаған күмәнді талаптар, қолданыстағы заңнамада белгіленген барлық талаптар орындалған жағдайда, 2010 жылғы ЖЖТ және жүргізілген шегерімдер туралы декларацияда, 2009 жылғысы - 2010 жылғы декларацияда, 2009 жылғысы 2010 жылғы декларацияда көрсетілуге тиіс.

"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Заңының 64-2-бабының 1-тармағына сәйкес, егер тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшін төлемнің бір бөлігі немесе бүкіл мөлшері күмәнді талап туғызса, онда салық төлеушінің күмәнді талаптың туындауымен байланысты қосылған құн салығы ескерілген есепті кезең аяқталғаннан кейінгі екі жылдан соң ғана бюджетке төленуге тиіс жарна сомасын азайтуға құқығы бар.

Талап қою мерзімін ұзартуға талап қою мерзімінің етуін тоқтатуға байланысты жол беріледі (ҚР AK 182-бабы). Қарастырылып отырған жағдайға қатысты талап қою мерзімінің өтуі мына жағдайларда:



  • егер талап қоюға төтенше және бұл жағдайда болмай қоймайтын оқиға (бой бермейтін күш) кедергі келтірсе;

  • ҚР Президенті осы түрдегі міндеттемелердің орындалу мерзімін кейінге қалдыру туралы мәлімдесе (мораторий);

  • тиісті қатынастарды реттейтін заңнаманың қолданылуын тоқтатуға байланысты тоқтатыла тұрады.

Талап қою мерзімінің өтуі сондай-ақ белгіленген тәртіппен талап қою арқылы үзіледі. Үзілістен кейін аталған жағдайлар туындаған кезде талап қою мерзімінің өтуі қайтадан басталады, ал үзіліске дейін өткен уақыт жаңа мерзімге есептелмейді (ҚР AK 183-бабының 2-тармағы).

ҚР AK 359-бабына сәйкес міндеттемені қасақана бұзғаны үшін жауапкершілікті жою немесе шектеу туралы алдын ала жасалған келісім жарамсыз болып табылады.

Салық салу мақсатында Салық кодексінің 96-бабына сәйкес талап қою мерзімі үш жыл болып белгіленген. Демек, 2009 жылы пайда болған дебиторлық берешек, Салық кодексінің 96-бабында көзделген барлық талаптар орындалған жағдайда, 2010 жылдың шегерімдеріне жатқызылады.

Дебитор банкрот деп танылған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, дебиторды банкрот деп тану туралы сот шешімі мен оны Мемлекеттіктіркелімнен шығару туралы әділет органдарының шешімін қосымша тапсыру қажет. Салық төлеуші, жоғарыда аталған жағдайлар сақталған кезде, салық төлеуші-банкрот деп танылған салық кезеңінің қорытындылары бойынша күмәнді талаптың сомасын шегерімге жатқызуға құқылы.


Өз-өзін бақылау сұрақтары:
1.Кәсіпорын 2010-2011 жылдары жұмыстар орындаған болатын, алайда тапсырыс берушілер оларға төлем жасамаған еді. Бухгалтерлер бұл фактіні күмәнді борышқа жатқызбады, бірақ төленбеген орындау ақысынан ҚҚС төледік.

Кәсіпорын бұл қарызды биыл шегерімге жатқыза ала ма және оған не негіз болады (тапсырыс беруші бонкрот деп танылған және құқықтарын басқа кәсіпорынға бергеннен кейін бүкіл соманы күмәнді берешекке жатқызған)?

Есепке алынған ҚҚС-ын қайтеміз, бұл соманы қалпына келтіруге бола ма (ставка 20% болған еді)?

2. Дебиторлық берешек қарыздарды ұзарту туралы келісімге қол қойылды. Бұл берешек күмәнді болып таныла ма?

3. Талап қою мерзімі аяқталғаннан кейін күмәнді берешек - дебиторлық берешек пайда болды.

Егер:


- дебитор-кәсіпорын әділет органдарында тіркелмесе;

- салыстырып тексеру актісі жоқ, бірақ Әділет министрлігінің ресми хаты бар болса, берешек сомасын шегерімге жатқызуға бола ма?


8-тақырып. Резервтік қорға аударымдардың және сақтандыру төлемдері бойынша шығындардың салық есебі.

жүктеу 3,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау