Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет10/22
Дата20.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#21942
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

 

 

27 



Нарықтық экономикадағы үдерістер меншіктің әрбір субъектісі қызметінің еркін құқығымен 

анықталады.  Нарық  бұрын  қабылданған  ең  сәтті шешімдерді қайта  қарауға,  үнемі  тәуекелге  баруға 

мәжбүрлеп,  кәсіпкерлер  мүддесін  тоғыстырады.  Мұндай  жағдайда  кәсіпорын  қатаң  бәсекелестік 

күреске  тӛтеп  беруі  үшін  ӛз  капиталы  құрылымын  болжауға  және  мерзімінде  ӛзгертулер  жүргізуге 

мәжбүр.  Осыған  байланысты  нарықтағы  табыс  тұтынушымен  анықталады,  ӛндіруші  бәсекелестікке 

қабілетті болатын ӛнім ӛндіруге мүдделі. 

Нарықтық экономика жағдайында ӛндірісті басқарудың мүлде жаңа ұйымдастыру нысандары 

мен  әдістеріне  қажеттілік  пайда  болды.  Нарықтың  сапаға  қоятын  талабы  ӛсіп  қана  қойған  жоқ, 

ӛндіріс сипаты мен  оларды басқаруды түбегейлі ӛзгертті. 

Ӛтпелі  эконоикадағы  біріктірілген  корпорациялық    құрылымдар  тұрапатты  шаруашылық 

жүргізуші  субъектілердің  пайда  болуы  олардың  түрлендіру  жағдайында  әкімшіл-әміршіл 

экономиканың  нарықтық  экономикаға  айналғандағы  қалыптасатын  қоғамдық  ӛндірістегі  мәні  мен 

орнын теориялық түсіну қажеттілігін туындатады. 

Экономикалық  құбылыстарды  эерттеу  факторларды  талдаудан  басталады,  соңғысы  олардың 

тұтастығы мен ӛзара байланыстылығынан алынады. Бұл үдеріс нақты болмысы эмпирикалық зерттеу, 

оның маңызды ерекшеліктері, «тек» және «түр» белгілерін анықтау арқылы жүзеге асырылады. Осы 

негізде  логикалық  ойлау  түсінік  пен  санатты  қалыптастырады.  Осылайша,  түсінік  танымның  ұзақ 

үдерісінің  нәтижесі.  Ақыл  тірі  құбылысты  танып  білумен  басталады,  түсінік  қалыптастырумен 

аяқтайды. 

Нақты ӛндірістік қатынастар мен тиісті экономикалық санаттар арасындағы байланыс күрделі 

жанама сипат алса, оған қоса ӛндірістік қатынастар үздіксіз қозғалыста және дамуда болатындықтан, 

бұл  ӛндірістік  қатынастың  нақты  мазмұны  мен  тиісті  санатты  түсіндіруінің  сәйкес  келмеу  қаупі 

әрқашан болады. 

Корпорациялық  құрылым  сияқты  құбылысты  қарастыруға  кіріскенде,  біріншіден,  оның 

терминологиясын, бұл ұғымды қалай түсіндіруге болатынын анықтап алу керек. Сондықтан зерттеуді 

осы құбылыстың тек және түр белгілерін талдаудан бастау қажет.  

Тектік белгілері - экономикалық санатты пайдаланудың барлық кезеңдерінде оның мәнісінің 

терең кезеңдерін сипаттайтын және оны басқа санаттардан ішкі жағынан айыратын белгілері. 

Корпоративтік  басқарудың  ағылшын-американдық,  германдық,  жапондық  және  қазақстандық  

үлгілеріне  сәйкес  келетін  шарттылықтың  белгілі  мӛлшері  мен  корпаративтік  бақылаудың 

принципиалды сызбаларын анықтауға болады (1-кесте, 1-қосымша).    

Корпоративтік бақылаудың ұсынылған сызбалары бірін-бірі ӛзара жоймайды. Олардың бірге 

қызмет етуі әлемнің жетекші елдерінде, бірде-бір үлгі, біріншіден, бірінің алдында бірінің белгілі бір 

артықшылықтары  жоқ  екендігін,  екіншіден,  ұлттық  экономикалар  үшін  әмбебап  болып 

табылмайтынынын  дәлелдейді.  Сонымен  қатар,  ӛтпелі  кезеңдердің  экономикалық  жүйелері 

саласындағы,  жетекші  мамандар  корпоративтік  басқарудың  әр  түрлі  үлгілерінің  жекелеген 

компоненттерінің  бірге  қолданылу  мүмкіндігін  кӛрсетеді.  Бұл  жағдайда  критерийлер  -  әсер  ету 

деңгейі; бұл экономикалық ӛсуге жету үшін корпаративтік басқарудың белгілі бір құрамын енгізуді 

кӛрсетеді [16].  

 

Осыған  байланысты  “корпоративтік  басқару”  ұғымын  түсіндіру  ерекшелігіне  кӛңіл  бӛлу 



керек.  Біздің  ойымызша,  ол  корпоративтік  құқық  анықтамасына  кең  кӛлемде  сәйкес  келуі  және 

корпоративтік басқару объектісін кеңейту бӛлігінде толықтырылуы керек.  

 

Корпоративтік  басқару  –  бұл  бизнесті  ұйымдық–құқықтық  рәсімдеу,  ұйымдық  құрылымды 



оңтайландыру,  қабылданған  мақсаттарға  сәйкес  компаниялардың  фирма  ішілік  және  аралық 

қатынастардың құрылысы. Корпаративтік басқару мәніне ұсынылған кӛзқарас корпоративтік басқару 

байланынысының  тығыздығын  кӛрсетеді,  оның  ішінде  ірі  бизнесті  ұйымдастыруды  жобалауда 

акционерлік меншік басымдылығына қатысты.  

 

Корпоративтік  басқару  тиімділігі  бірнеше  мезеттерге  байланысты:  менеджерлер  жұмысын 



бақылаудың  тиімді  механизмдерінің  болуы  және  меншік  құқықтарын  қайта  бӛлу,  меншік  иелері 

компания  менеджментін  бақылай  алмайды.  Корпоративтік  басқару  механизмдері  сыртқы  ортаның 

(басқарудың  сыртқы  механизмдері)  сыртқы  және  ішкі  әсеріне  және  корпорацияда  басқарудың  ішкі 

тәртіптік механизмдеріне дәстүрлі түрде бӛлінеді. 

 

Корпоративтік  басқарудың  әрбір  елде  ӛз  ерекшеліктері  бар.  Маңызды  және  қайталанбас 



ерекше  белгілердің  белгілі–бір  жиынтығының  болуы  корпоративтік  басқарудың  үлгілері  туралы 

айтуға жол береді [17].  

 

“Сыртқы”  үлгі  АҚШ-та,  Ұлыбританияда  және  дәстүрлі  түрде  ӛз  кәсіпорындарын 



қаржыландыру үшін қор нарықтарын пайдаланатын елдерде басым. “Сыртқы” үлгілі елдердің ерекше 


 

 

28 



белгісі  –  қаржылық  операциялардан  пайда  алуға  тырысатын  және  акцияның  биржалық  құнының 

артуына қол жеткізуге тырысатын институционалдық инвесторларының ӛспелі маңызы. 

 

“Ішкі” үлгі акционерлік капиталдың жоғары шоғырлануымен және ӛз орындарында жетекші 



жұмысшыларды  тұрақтандыру  жӛніндегі  қосымша  іс-шаралардың  қолданылуымен  ерекшеленеді. 

Жұтылу  дәстүр  бойынша  жағымсыз  құбылыс  болып  есептелді,  басқарушылық  тәртіп  кейде  бір 

мезгілде  кредит  беруші  және  акционер  бола  алатын  банкілерден  шыға  алады.  “Ішкі”  жүйе,  бір 

қарағанда жетекшілер мен басқарушылар арасындағы тығыз байланыс салдарынан бақылауды тиімді 

жүзеге  асыруға  жол  береді.  Мұндай  жүйелер  кӛбіне  «делдалдар»  мүддесін  негізге  алады.  Мысалы, 

неміс компаниясының директорлар кеңесінде әдетте, жалданған жұмысшылар ӛкілдері отырады. Осы 

үлгі  шеңберінде,  олар  сондай-ақ  корпорациялармен  және  акцияларға  ӛзара  ие  болу  (мысалы, 

Францияда)  негізінде  негізгі  акционерлермен,  жергілікті  қауыммен  және  мемлекеттік  органдармен 

тығыз  байланысты  сыртқы  компания  мүдделерін  ескереді.  Қоғамды  ақпараттандыру  жүйесі  аз 

дамыған,  ол  бағамы  қағаз  нарығыныңреттеушілері  ірі  акционерлер  пайдасына  ақпараттың  үрдістік 

берілуіне  жол  береді.  Осы  басқару  жүйелерінің  арасындағы  айырмашылық  негізінен 

қаржыландырудың  тарихы  түрлі  кӛздерімен  түсіндіріледі.  Банкілік  кӛздеріне  континенттік  үлгі 

шеңберінде дәстүрлі артық ықылас беріледі, бұл кезде ол англосакс он елдерінде кредиттеуге күшті 

қаржылық қатынастардың болмауынан компанияның ӛз капиталы әлдеқайда кӛп қолданылады. 

Кӛптеген шолушылар пікірінше, қазіргі уақытта басқарудың осы екі жүйесінің қосылуы жүріп 

жатыр.  Бағалы  қағаздар  нарығы  бірінші  кезекке  акцияның  биржалық  құны  шығарылып,  адам 

сенбейтін  жылдамдықпен  ӛсті.  Басқарушы  банкінің  шексіз  құқығы  болатын,  дәлірек  айтқанда, 

компаниялар  әлеуметтік  міндеттерді  орындауға  қолданылатын  елдерде  меншіктенушілер  үшін 

жоғары  тиімділігі  мен  елеулі  табыстылығы  ӛсіп  жатқан  сұраныс  және  жариялылық  байқалады. 

Сыртқы жүйе элементтері жағына мұндай ауытқу ережелер ауысуынан кӛрінеді, нәтижесінде басты 

нәрсе  сауданың  әділетті  шарттарын  қамтамасыз  ету  болып  қалды,  жекелеп  айтқанда  бақылау 

пакеттері  жоқ  акционерлерді  қорғауды  құпия  ақпарат  негізінде  бағалы  қағаздармен  заңсыз 

операцияларға тыйым салу. Сонымен қатар мӛлшерінің артуы және институционалдық инвесторлар 

әсерінің  шамасы  бойынша  сыртқы  үлгіде  елдерде  кӛп  талаптар  қойыла  бастады.  Бұған  дәлел 

акционерлер қызметінің жандандырылуы. 

Жалпы ұлттық деңгейде корпоративтік басқару мәселесі, 1980 жылдары корпорацияларды кең 

ауқымды  қайта  құрылым  жүргізіліп  жатқанда  аса  маңызды  болды.  Бақылау  пакеттері  акциясының 

қосылуы  мен  сатып  алынуы,  кредит  кӛмегімен  корпорацияның  жеткілікті  игерілмеген  активтерін 

және  акционерлер  табысының  қайтарымын  кӛтеру  үшін  пайдаланылды.  Кейде  бұл  түбегейлі 

ӛзгерістерге,  оның  ішінде  қосылу  айналысындағы  ұзақ  баталияға,  компания  ливериджісінің 

(қаупінің)  ӛсуіне,  бӛлімшенің  сатылуы  мен  жабылуына,  жұмысшылар  арасында  жаппай  жұмыстан 

шығуға (алғаш рет орта буын басшылары арасында) алып келеді. Мұндай жағдайларда директорлар 

кеңесі, институционалдық инвесторлар, қор биржасын реттеушілер мен қоғамдастық корпорацияның 

стратегиялық  шешім  қабылдау  үдерісінде  ӛз  рӛлін  бағалаумен  айналысты.  Ӛз  кезегінде  АҚШ-тың 

институционалдық  инвесторлары  инвестициялық  қоржыннан  түсетін  кірісті  әртараптандырып  және 

жетілдіріп операцияларды шетелге ауыстыра бастады. 

Қазақстан  экономикасының  қандай  да  бір  үлгіге  бағдарланған  мәселесі  ерекше  маңызды 

болады. Қазақстан континенттік құқық елі бола отырып, бизнесті рәсімдеуді ұйымдастыру негізінде  

акционерлік  қоғамдар  мен  жауапкершілігі  шектеулі  қоғамдар  бар.  Олармен  қатар  корпоративтік 

басқарудың  объектісі  ретінде  шаруашылық  қызметті  жүргізудің  басқа  да  ұйымдастыру  құқықтық 

нысандары  кӛрінеді.  Құқықтық  жүйеде  азаматтық  құқықтың  құрамдас  бӛлігі  ретінде  корпоративтік 

құқықтың  екі  түрлі  талқылауы  бар.  Бұл  құқықтық  мәртебені,  қызмет  негізін,  шаруашылық 

қоғамдарды  және  серіктестіктерді  немесе  мүшелікке  негізделген  барлық  коммерциялық  емес 

ұйымдардың құрылуы мен таратылуын реттейтін заңдық нормалар жиынтығы. 

Осыған  байланысты  «корпоративтік  басқару»  ұғымының  талдау  ерекшелігіне  назар  аудару 

қажет.  Ол  корпоративтік  құқықтың  кең  мағынасындағы  анықтамасымен  үйлесуге  тиіс  және 

корпоративтік  басқару  объектісінің  кеңейтілген  бӛлігін  толықтыруы  керек:  шаруашылық  қоғамды 

басқаруды оңтайландыру, мүше емес ұйымды (мысалы, бірқатар жағдайларда дербес коммерциялық 

емес  ұйым  мәртебесі  бар  құрылымға  белгілі  қызметтерді  жүктеу  мақсатты)  және  құқықтық 

қабілеттілік субъектісі болып табылмайтын (келісілген саясат жүргізуші филиалдар, заңды тұлғалар 

тобы) ұйымдастырушылық құрылымдарды пайдалануды талап етуі мүмкін. 

Сӛйтіп, корпоративтік басқару - бұл бизнестің ұйымдастырушылық құрылымдарды оңтайландыру, 

қабылданған мақсаттарға сәйкес компанияның фирма ішіндегі және фирмааралық қатынастарды 

құру. Ұсынылған пікір корпоративтік басқару, оның ішінде ірі бизнес ұйымдастыруды жобалау 




жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау