Алматы экономика және статистика академиясы «Экономика және менеджмент» кафедрасы



жүктеу 0,83 Mb.
Pdf просмотр
бет11/22
Дата20.11.2018
өлшемі0,83 Mb.
#21942
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

 

 

29 



кезінде акционерлік меншіктің артықшылығына қатысты байланыс тығыздығын дәл береді. Одан әрі 

«акционерлік қоғам» терминіне сүйеніп нақты ұйымдастыру нысандарының ерекшеліктерін 

ескертумен оларды түрлендіре отырып, жалпы корпоративтік басқаруда алынған қорытындыны 

тіркеу мүмкіндігін жоққа шығармаймыз.   



 

 

Тақырып 3. Корпорацияны стратегиялық басқару 

Нарықтық  экономикада  кӛрінетін  біріктірілген  корпорациялық  құрылымды  құрайтын 

экономикалық  құбылыстардың  тектік  белгілері  бұрын  да  болатын.  Біздің  пікірімізше  тектік 

белгілеріне: 

экономика субъектілері арасындағы қызмет алмасу; 



ӛндірістік күшті пайдалануда прогрессивті әлеуметтік нысандардың ғылыми-техникалық 

революциядағы жетістіктерін және қозғаушы күштерін іске асыру; 

экономикалық  бірігуге  түрленген  макро  -,  мезо-,  және  микро-  деңгейдегі  шаруашылық 



жүргізуші субъектілер арасындағы ынтымақтастық пен кооперациялық байланыстар; 

қоғамдық  еңбек  кооперациясының  дамуында  келісушілік  пен  тәртіпке  келтіруді 



қамтамасыз  ететін  мемлекеттің  шаруашылық-ұйымдастырушылық,  реттеуші  және  басқа  да 

атқарымдар жатады. 

        Тектік  белгілердің  кӛрінуі  экономикалық  дамудың  қазіргі  кезеңдегі  ӛзіндік  ерекшеліктері 

арқылы  күмәнсіз  түсініледі.  Корпорациялық  құрылымның  барлық  аталған  тектік  белгілері,  оның 

стратегиясы  және  тактикасы  толық  ӛлшемінде  түр  ерекшеліктеріне  түрленіп,  қазіргі  заманғы 

нарықтық экономикада айқын кӛрінеді. 

         Санаттың  тарихи  сипаты  бар  және  технологиялық  құрылыс  шегінде  дамитын  белгілер-түр 

белгілері болып табылады. 

         Ғалымдар  мен  тәжірибе  жасаушылар  арасында  корпорациялық  басқарудың  анықтамасына 

бірегей  тәсілдеме  жоқ  екенін  атап  ӛту  керек.  Біреулер  оны  меншіктенуші  мен  компания  басқару 

үдерісінде  менеджерлер  арасындағы  ӛзара  іс-қимыл  деп  түсінеді.  Қалыптасқан  дәстүр  бойынша 

оларға  сеніп  тапсырған  активтерге  қатысты  менеджерлердің  есеп  беруі  мен  жауапкершілігін жақсы 

қамтамасыз  ететін  жүйелер  мен  рәсімдерді  таңдау  ретінде  түсіндіріледі.  Басқалар  корпорациялық 

басқару  аясындағы  тетіктер  мақсаттарының  жиынтығы  және  басқарушы  мен  қалған  жалданған 

жұмысшылармен уәкілетті ӛзара әрекетті меншік акционерлерімен рәсімдерді жүзеге асыру. 

Үшіншілері  корпорациялық  басқаруды  тар  және  кең  аспектіде  қарастырады.  Тар 

мағынасында  ол  акционерлер  иелері  мүддесінде  ұйымды  басқару  жӛніндегі  менеджерлер  қызметін 

қамтамасыз етуі. 

Тӛртіншілері,  мысалы  экономистер  А.Берли  және  Г.Минза  корпорациялық  басқаруды 

зерттеудің  жеке  саласына  бӛледі.Ӛздерінің  «Қазіргі  заманғы  корпорация  және  жеке  меншік»  

(1932ж.)  деген  кітабында  олар  алғаш  рет  ұлтаралық  жалған  кӛпшілік  корпорацияда  меншіктен 

бақылауды айыру (бӛлу) мәселесін бӛлшектеп зерттеді. Корпорациялық басқару бойынша зерттеу ірі 

біріктірілген құрылымдар дамуын кӛрсетеді, осыған байланысты бұл мәселеге 1980-жылдары жаппай 

қосылу  және  жұтылу,  құқықтық  жүйедегі  әлеуметтік  бағдарланған  мӛлшерлерге  үрдіс  жылдары 

экономистер баса назар аударған. 

Бесіншілері  корпорациялық  басқаруды-басқару  объектісі  ретінде  корпорация  ерекшелігімен 

байланысты  ерекше  үлгіде  бӛледі.  Э.М.Коротков  оны  акционерлер  мүддесінің  артықшылықтарына 

құрылған  басқару  және  олардың  корпорация  дамуындағы  рӛлі,  корпорацияның  жалпы  даму 

стратегиясына  (фирма  мүдделері  жалпы  мүдделерге  бағындырылған)  құрылған  акционерлердің 

(корпорациялық  коммуникация)  ӛзара  әрекетін  қарастыратын  меншік  құқығының  жүзеге  асуын 

ескеретін басқару, сайып келгенде, корпорация мәдениетті, яғни жалпы дәстүрлер, нұсқамалар, мінез-

құлық қағидаларының кешенін тудыратын басқару деп анықтайды. 

Жоғарыда  келтірілген  тәсілдің  корпорациялық  басқару  объектісінің  ерекше  қасиеті  ретінде 

даму  да  оның  диффунзиялау  қабілетіне  назар  аудару  керек;  акционерлік  меншікке  қатысудағы  зор 

мүмкіндігі,  акционерлік  капиталдың  үстемдік  етуі  және  тіпті  аз  уақыт  аралығында  да  мүдделі 

тараптардың  тұрақсыз  тобы  капитал  шиеленісуінің  күрделі  нұсқаларын  береді.  Сондықтан, 

корпорациялық  басқарудың  ұйымдастыру-құқықтық  негізі  тек  акционерлік  қоғамдар  емес  болып 

кӛрінеді.   



 

 

 


 

 

30 



Тақырып 4. Компанияның диагностикасы 

         Корпорация  құрылымындағы  және  нысанындағы  негізгі  ӛзгерістерді  белгілеп,  түр  белгілерін 

зерделей  отырып,    біздің  ойымызша,  олардың  қызметінің  сыртқы  емес,  алдымен  ішкі  аспектілерін, 

тұтынушылардың  артықшылықты  жағдайын,  ғана  емес  қызметкерлердің  шығармашылық  әлеуетін 

ескеру  керек.  Корпорациялық  құрылым  дамуының  болашағын  түсіну  мақсатында  олардың  қазіргі 

заманғы ӛндірістегі рӛліне баға беру және басты беталысын анықтау маңызды. 

         Шетелдік  экономистер  Стенли  Фишер,  Рудигер  Дорнбуш,  Ричард  Шмалензидің  пікірінше 

«корпорация  –  бұл  заңды  негізде  белгілі  бір  қызмет  түрімен  айналысатын  ұйым.  Корпорация 

шығынын жабуға да жетпейтін болса да, иелері бұл корпорацияға салған ӛз жұмсалымдары үшін ғана 

жауапкершілік алады». 

         М.  Хаммердің  пікірінше,  «бүгінде  корпорация  үдерістер  жиынтығынан  гӛрі  үлкен,  ӛнім  және 

қызмет  жинақталымынан  да,  еңбекші  халықтар  ассоциациясынан  да  үлкен  әлдені  білдіреді;  ол 

сонымен бірге адамзаттық қоғамдастығы болып табылады". 

         А.Тоффлер  оның  нарықтық  экономикадағы  икемдігін  айқындайтын  «бейімдік  корпорация» 

терминін ұсынады. 

         Корпорация  (латын  тілінде  corporatio  -  бірлестік)  –  бірлескен  қызметті  жүзеге  асыратын  және 

ӛзіндік құқық субъектісін – заңды тұлғаны құрайтын ортақ мақсатқа жету үшін біріктіретін тұлғалар 

жиынтығы. Кӛбіне корпорация акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылады. Ондағы акциялардың 

кӛбісінің бір ғана иесі болады, бір отбасына немесе акционерлер тобына тиісті болады. Корпорация 

бір тұрпатты ӛнімнің негізгі ӛндірушілерін біріктіреді, бұл ӛндірісті монополияндыруға алып келеді. 

Олар  инвестициялық  ахуалдың  шоғырлануына  жәрдемдеседі,  ғылыми-техникалық  дамуды 

қамтамасыз етеді және ӛндіріс дамуына, ӛнімнің техникалық деңгейін кӛтеруге және бәсекелестікке 

қабілеттілігін қамтамасыз  етуге  әсер  етеді.  Сонымен  қатар бұйымның  жаңа  кезеңін  енгізу  кезіндегі 

ӛндірісті меңгеру жүріп жатқан салалары жедел дамиды. 

Корпорация  -  тап  немесе  маманданған  мүдделермен  біріккен  қоғамдастықты,  қоғам,  одақ, 

тұлғалар тобын білдіреді. 

Ван  Хорн  корпорацияға  келесідей  анықтама  береді:  «Корпорация  -  бұл  заңды  негізде 

құрылған кәсіпорын, оның мүлікті иемденуге және міндеттемелерді алуға мүмкіндігі бар». 



 

 

 

 

Тақырып 5. Корпоративтік менеджменттің құрылымы, процестері және әдістері 

Халықаралық бизнес пен экономикалық даму проблемасы тұрғысынан корпоративтік басқару 

үлкен қызығушылық туғызып отыр. Оның жүйесіз болуы инсайдерлерге компания қаражатын немесе 

мемлекеттік  меншікті  акционерлердің,  кредит  берушілердің  және  басқа  да  мүдделі  тараптардың 

мүддесіне  зиянын  келтіріп,  тиімсіз  пайдалануға  мүмкіндік  береді.  Сонымен  қатар  қазіргі  заманғы 

ғаламдық  экономиканы  ұйымдастыру  шарттарында  корпоративтік  басқарудың  әлсіз  жүйесімен  ӛз 

қызметі  үдерісінде  қолайсыз  жағдайлармен  кездеседі.Әлемдік  жаһандану  ғасырында  корпоративтік 

басқару  әдістері  деген  түсінік  барған  сайын  нығаюда,  айтарлықтай  дәрежеде  жеке  ұйымдардың 

тағдырын және толық экономикалық жүйелерін анықтайды. 

Корпоративтік  басқару  жүйесі  компаниямен  елдерге  инвестиция  тартуға,  ұзақ  мерзімді 

экономикалық  даму  негізін  нығайтуға және  түрлі бағыттардың  бүкіл жиыны  бойынша  бәсекелестік 

қабілетін  қамтамасыз  етуге  кӛмектеседі.  Сондай-ақ  ол  активтерге  қисынды  пайда  алуға  кепілдік 

беретін болғандықтан жеке компанияларға ғана емес, мемлекеттік кәсіпорындарға да қажет. 

Корпоративтік  басқаруды  ендіру  менеджерлер  мен  басқаруға  компания  қызметінің 

ойластырылған  стратегиясын  әзірлеуге  басқарушылардың  алынған  нәтижелерге  сыйақысының 

байланыстылығын  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  бере  отырып,  фирманы  басқару  сапасын  арттыруға 

әкеледі. 

Шетелдер  тәжірибесі  осындай  жүйемен  мүмкіншілігі  бар  мемлекеттер  ірі  кӛлемді  және 

ӛтімдік  капитал  нарығын  куәландырады.  Сондықтан  оларды  жүргізу  компания  қызметін  басқару 

ережелерін  жасауды  ғана  ұйғармайды,  сондай-ақ  нарықтық  экономика  қағидаларын  сәйкестіруші 

демократиялық құруды қалыптастырады. 

Бизнес  ұйымының  корпорациялық  нысаны  әлемде  үлкен  ауқымды  қызметі  бар 

кәсіпорындарға  пайдаланылатын  бизнес  басымдық  болып  табылады.  Ол  бір  жағынан,  қоғамның 

эволюциялық  дамуының  сипатты  мысалы  болып  табылады,  екінші  жағынан,  нарықтық  экономика 

шеңберінде одан әрі дамуға едәуір бейімделген болып ұсынылады. 



жүктеу 0,83 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау