31
Басқа бизнес ұйымдарымен салыстырғанда корпорациялардың айрықша белгілері-олар
меншік иелеріне тәуелсіз қызмет етеді, сонымен қатар, жауапкешілігі шектеулі серіктестікпен немесе
жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда маңызды артықшылықтары бар. Корпорация меншік иелеріне
жауапкершілігі шектеулі емес ӛз атынан ақшалай нысанда капитал тарту құқығына ие. Сондай-ақ,
корпорацияға қатысты кемшіліктерді қанағаттандыру үшін акционерлердің жеке мүлкін тәркілеу
мүмкін емес. Корпорация меншігінің бір бӛлігіне құқығы акционерлік капиталдағы үлесімен
расталады, мұндағы әр акция иеленушіге акцияның жалпы мӛлшеріне сәйкес мүлік бӛлігі тиесілі.
Келесі бір артықшылығы-акцияларды ӛзге тұлғаларға беруге болады. Сонымен қатар, акция
иелері ӛз пакетін басқа инвесторларға сатып, корпорациядан шыққанымен корпорация ӛз қызметін
тоқтатпайды.
Сонымен, бизнесті ұйымдастыру нысаны ретінде корпорацияның негізгі артықшылықтары
болып келесілер табылады: меншік құқығын иелену және жаңа акция пакеттерін эмиссиялау
кӛмегімен салыстырмалы түрде аз уақытта қосымша ақша ресурстарын алу. Бұл екі артықшылық
индустриалды дамыған елдерді корпоративтік қаржыландыруда маңызды рӛл атқаратын қаржы
нарығында іске асырылады.
Тақырып 6. Корпоративтік менеджментті ұйымдастыру
Корпоративтік басқару үдерістерін зерттеудің басты себептерінің бірі басқару
құрылымдарының компания қызметі тиімділігімен ӛзара байланысын айыруға ұмтылу және оның
нәтижесінде экономикалық жүйелердің құрылымдық ӛзгерістерге қаншалықты бейімделетіндігін
анықтау.
Негізгі мәселе корпоративтік басқару болғандықтан кейбір ғалымдар корпоративтік басқару
деп акционерлік қоғамның сыртқы ортамен-кредиторлармен, жеткізушілермен, сатып алушылармен
ӛзара қатынас сипатын түсінеді.
Корпорациялық басқару кең мағынада шаруашылық жүргізуші субъектілердің билікті жүзеге
асыру үдерісі, қалыптасқан ӛндірістік және әлеуметтік капитал негізінде меншік қатынасы
шеңберінде шешім қабылдау дегенді білдіреді.Ол кәсіпорын және оның басшылығы қызметінің
мақсатты нұсқама сипатымен, бақылау, мүдде және меншік түрлерімен анықталады.
Субъектінің тиімді қызмет істеуі олармен таңдап алынған корпоративтік басқару жүйесіне
байланысты.Ӛйткені ол қоғамға инвесторлар мен кредит берушілердің ӛз қаражаттарын сеніп
тапсыруға болатын корпорацияның жақсы басқарылатын ұйым болып табылатынына кӛз жеткізеді.
Корпоративтік менеджмент басқарушылық қызметкерлер кәсіпқойлығына жоғары талап қояды.
Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы ең алдымен басқару саласында еңбек ететін
терең ойлы, ұйымдастырушылық қабілеті мол, экономиканың даму заңдарын жақсы игерген, ӛз
елінің ерекшеліктерін егжей-тегжей білумен қатар, қазіргі таңдағы ӛркениетті елдердің ӛсіп-
ӛркендеуі жолдарында жан-жақты түсінетін әрі айрықша ынтамен қызмет ететін жас мамандарға
байланысты.
Экономиканың қарқынды ӛсуі, құрылымының ӛзгеруі, ішкі және сыртқы қатынастарының
дамуы ұлғайған сайын басқару мәселелерінің маңызы да арта бермек.Соған сәйкес проблемалар да
кӛбейе түседі. Соңғы жылдары экономикада түбірлі ӛзгерістер орын алуда. Ол кездейсоқ емес, мұның
ӛзі қоғамдық және ӛндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей
байланысты.
Әкімшіл-әміршіл басқарудың, орталықтанған жоспарлау және жеке мемлекеттің жалпы
мемлекеттендірілуінің
басымдығы
экономикалық
ӛмірден
қаржылық
капитал
ұғымын
орталықтандырылған
бюджеттік
ассигнациялауға
алмастырып,
жойып
жіберді.
Халық
шаруашылығының нарықтық қатынастарға ӛтуі, мемлекеттік және муниципалдық меншіктің
жекешелендірілуі, мемлекеттің шаруашылық ӛмір аяларының кӛбісінен кетуі, ең бастысы,
мемлекеттік инвестициялардың қысқаруы жағдайында кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мен
олардың қаржылық құрылымдармен ӛзара әрекеті маңызды болып отыр [2].
Тақырып 7. Корпоративтік менеджменттің функционалдық құрылымы
Нарықтық экономика кӛптеген әр түрлі институционалдық нысандарды ӛмірге әкелді, онда
ӛнеркәсіптік ӛндірістің үрдістері жүзеге асады. Тік және кӛлденең шоғырланған құрылымдардың
серпінді дамуы, трансұлттық корпорациялармен, олардың ондаған жыл қызмет етуі алдағы жылдың
ғаламдық императиві тәрізді.
32
Бүгінгі корпоративтік басқару туралы даудың негізінде есеп беру мәселесі тұрады, сондай-ақ
қандай басқару жүйесі компанияның экономикалық тиімділігін кӛтеруге, оның акцияларының
биржалық құнының және оның иелері кірістерінің ӛсуіне едәуір дәрежеде кӛмектеседі деген сұрақ
талқыланады.
Корпоративтік басқарудың мәнін түсіну үшін оны мемлекеттік басқарумен салыстыру керек.
Тәуелсіз мемлекетте конституция басқару жүйесін, әр түрлі институттарды, шешім қабылдау және
дауыс беру рәсімін қарастырады. Компанияда мұндай қызметті жарғы атқарады, мұнда шешім және
дауыс беру рәсімін қабылдайтын органдар анықталады. Сондай-ақ Үкімет азаматтық және жас
шамасы шектелімі сияқты дауыс беру критерийлерімен белгілейді және белгілі бір уақыт аралығынан
кейін сайлау жүргізеді. Ӛз лауазымына сайланған тұлғалар ӛз электоратының мүдделерін ұсынады.
Компанияларда акционерлер жиналысы, әдетте, жылына бір реттен кем болмайды. Оларға
акционерлер мүддесін ұсынуға міндетті директор (компания президенті) тағайындалады.
Жиналыстарда корпорациялық акциялары немесе меншігі бар қатысушылардың дауыс беруге құқығы
бар.
Ӛндіріс шығындарын тӛмендетуге, табысты максималдауға, ӛз бәсекелік жағдайларын
нығайтуға тырысу кәсіпорындардың бағытын шоғырландыруға бағытталады. Шаруашылық ӛмірдің
ұлтаралықтануы, мемлекеттік шекаралардың ӛсіп келе жатқан “мӛлдірлігі”, шаруашылық жүргізуші
корпоративтік құрылымдардың ӛзара тәуелділігі мен ӛзара әрекеттесуінің күшеюі, ӛнеркәсіптік
әлеуеттің қалыптасуы және ұлттық халық шаруашылық кешендердің экономикалық қауіпсіздігін
қамтамасыз етілуін анықтайтын факторлар болады .
Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай “.... ұлттық кампаниялар тек 3-4 жыл
бұрын ғана жұмыс істей бастағанын және олар Қазақстанда ең ірі салық тӛлеушілер екенін
ұмытпауымыз керек. Біз оларға шынымен шетелден келгендер сияқты компанияларға айналуына
кӛмек беруіміз керек. “Қазахойл” компаниясына басқа мемлекеттерге шығуына кӛмектесу керек.
“Қазақстан темір жолы”, “Кегок”, “Атомпром” және “КазТранс Ойл” компаниялары – олардың
барлығы үлкен нарыққа шығулары керек. Сондықтан, біздің міндетіміз – ұлттық компанияларды
қолдау деп санаймын”
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму концепциясында халықтың
қорларын нақты экономикаға тартудың тиімді механизмін құруға жол беретін мемлекеттік
емес құнды қағаздардың әлеуметтік эмитенті ретіндегі ұлттық компаниялардың қызметін
басқарудың тиімділігін арттыру қажеттілігі кӛрсетіледі.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспары
ғылым мен техника аясындағы мемлекеттік саясатының елдің ғылыми-техникалық әлеуметін
нығайтуға, бәсекелік қабілетті ӛндірісті кеңейтуге бағытталанатынын ескереді. Базалық
салалар мен жалпы экономиканың жаңа технологиялық ұстанымдарға ӛту үшін алғы
шарттары құрылады, бұл біріншіден, шоғырланған корпоративтік құрылымдардың
қалыптасуы мен дамуына әсер етуі керек. Ғылыми-техникалық саясат жаңалықтары тез
жауап беретін икемді, мобильді ӛндірістерді құруға ғылыми техникалық объектілерді және
инновациялық аяларды оңтайландыруға және қайта құруға, ірі, шағын және орта бизнесті
тікелей қорғауға, ғылымның кадрлық әлеуетін және инновациялық қызметті сақтау мен
дамытуға барған сайын бағытталып отыр.
Осы корпоративтік құрылымдарда ҒТП-ті жылдам дамыту мүмкіндіктері пайда болып отыр,
себебі, әлемдік тәжірибе кӛрсеткендей, “зерттеу-әзірлеу-ғылымда кӛп қажет ететін ӛндіріс” бірегей
циклінің қалыптасуына берік негіз болды.
Тақырып 8. Корпоративтік секторда интеграциялық процесстердің мемлекеттік реттеу
Қазақстанда қаржылық құрылымдар, ең алдымен коммерциялық банктер, валюталық
спекуляция мен қысқа мерзімдегі несиелер есебіне зор капитал құра білді. Оның үстіне
Республиканың барлық кәсіпорындарында техникалық жарақтану мен бәсекелік қабілеттілікті
қамтамасыз ету үшін қаражат жеткіліксіз болып отыр. Қазіргі кезде қаржылық мекемелердің тікелей
несиелерін пайдалану жоғары пайыз мӛлшерлері салдарынан мүмкін емес; шетел инвестициялары
болса, қаражаттарды тек ӛндіруші салаларға салуға тырысады. Әлемде әр түрлі ұйымдық нысандарда
жүзеге асырған, бірігу негізінде қаржылық және ӛнеркәсіптік капиталдың ӛзара әрекетінің
белгіленген механизімі бар. Оның үстіне осындай корпорациялар маңызды шағын кәсіпорындардың
тармақталған шарасы қалыптасады, бұл бизнестің дамуына жаңа импульс береді. Қазіргі
экономикалық жағдайда Қазақстан корпоративтік құрылымдардың қызметтерінің тиімділігін