50
Экономикалық теория басқа кез келген ғылым сияқты танымның әр түрлі формалары мен
әдістерін қолданады, олардың барлығы шаруашылық ӛмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми
методологияны құрайды.
Методология дегеніміз – ғылыми танудың нысаны, әдісі, ұйымдастыру принциптері туралы
ілім.
Экономикалық процестерді зерттеуде ең бірінші
диалектикалық әдіс қолданылады. Бұл
әдістің негізін ежелгі кӛне грек философтары қалаған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан. Бұл
әдіске сәйкес барлық экономикалық процестер бір-біріне тәуелді қайшылықты түрде дамиды және
ұдайы қозғалыста болады. Ғылыми танудың нысаналары мен әдістері кӛп. Солардың ішінде
экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі -
ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция әдісі
деп – зерттеліп отырған процестердің жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстарынан
тазартып,
оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызды жақтарын ашуды айтамыз.
Талдау және синтез (талдауға қарама-қарсы логикалық процесті білдіретін ұғым), мұнда
зерттелетін құбылыс ӛзінің құрамды бӛліктерімен жеке жақтарына ажыратылады, содан кейін
тектес бӛліктерді зерттеп болған соң, оларды біртұтас құбылыс ретінде қарастырады.
Индукция және дедукция. Индукция жеке оқиғалардан, құбылыстардан логика арқылы
жалпы қағидалар, принциптер шығарылады
. Дедукцияда керісінше, жалпы қағидалар негізінде
экономикалық процестердің, объектілердің кейбір жеке алынған ерекшеліктері сипатталады.
Тарихи және
логикалық тану әдісі. Тарихи әдіс – экономикалық қатынастар құрылымының
тарихи даму процесіндегі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.
Логикалық тану әдісі
экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу барысында тарихи дамудың кездейсоқ
факторларының ықпалы ескеріледі және экономикалық жүйенің жеке элементтерінің дәйекті
пайда болуы мен дамуын және ішкі құрылымын анықтауға кӛмектеседі.
Экономикалық зерттеулердің тпғы басқа әдістері бар. Олар мыналар: экономикалық-
математикалық моделі, сан және сапа анализі және т.б.
2-Тақырып. Қоғамдық ӛндіріс. Меншік экономикалық категория.
1.
Ӛндіріс
және оның ролі
2.
Экономикалық жүйе және оның типтері.
3.
Меншік. Меншіктің субъетілері мен объектілері. Меншіктің формалары.
Ӛндіріс – адамдардың бірлесе отырып материалдық құндылықтар жасауға, ӛздерінің
саналы мақсаттарын іске асыруға бағытталған қоғамдық процессі. Ӛндіріске тауарлар
шығару мен қызмет кӛрсетуге қатысатын келесі ресурстар жатады:
Табиғи ресурстар
Адам ресурстары
Капитал
Кәсіпкерлік
Бӛліс. оған жұмыс күшін, ӛндірістік құрал-жабдықтарды,
тұтыну заттарын, қажетті
және қосымша ӛнімдерді бӛлу жатады.Бӛлу әр адамның ӛндірілген ӛнімдегі үлесін
анықтайды.
Айырбас – бұл адамдардың бір-бірімен іс-әрекеттерін айырбастауы, еңбек ӛнімінің
баламалы негізде шеттетілуі.