Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет25/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54

66 
 
ретінде ӛнімдерді ӛндіру және ӛткізу барысында ӛндірушілер мен тұтынушылар арасындағы ӛзара 
байланысты қамтиды.  
 
Қазіргі  экономистер  бәсекені  -  ӛндірістің  тиімділігін  арттырудың  ең  маңызды  тетігі  деп 
есептейді.  Бәсеке  шаруашылық  субъектілерін  ӛндірістің  технологиясын  тиімді  ұйымдастыруды 
жетілдіру, техниканың және ғылымның жетістіктерін ӛндіріске енгізуге бағыттайды. 
 
Бәсекенің негізгі  формалары: жетілген және жетілмеген болып бӛлінеді. Ӛз кезегінде 
жетілмеген бәсекенің үш түрі бар: 1. Монополистік бәсеке; 2. Олигополия; 3. Таза монополия;   
 
Олар бәсекелесу нарығында алатын орнына байланысты ажыратылады.  
 
Бәсекелестік  күрестің  түрлері  мен  нарықтағы  моделінің  сипаттамалық  негіздері  мына 
кестеде кӛрсетілген. 
 
Нарық 
моделдері 
 
Фирмалардың 
саны мен 
кӛлемі 
 
Ӛнім тҥрі 
Фирмалардың 
нарыққа кіру 
және шығу 
шарттары 
Таза 
(жетілген) 
бәсеке 
Кӛптеген 
ұсақ 
фирмалар 
Бір тектес ӛнім 
Ӛте жеңіл, 
кедергілер жоқ 
Монополиялық 
бәсеке 
Кӛптеген 
ұсақ 
фирмалар 
Әр тектес ӛнім 
Ӛте жеңіл 
 
Олигополия  
Фирма  саны  аз, 
ірі  фирмалар  да 
бар 
Әр 
түрлі 
немесе 
бір 
тектес ӛнім 
Елеулі 
кедергілер бар 
Таза  
монополия 
Бір ғана фирма 
Ӛте 
сирек 
кездесетін ӛнім 
Бұзып 
кіруге 
болмайтын 
кедергілер 
     
 
Кӛрсетілген сипаттамада нарық құрылымының жиі тараған моделіне монополистік бәсеке 
және олигополия, сондай-ақ еркін және таза монополия да кіреді, бірақ олар ӛте сирек кездеседі. 
Енді  бәсекенің  негізгі  жетілген  түрлерін  қарастырайық.  Жетілген  (  еркін)  бәсеке жеке  меншікке 
және тауар ӛндірушілердің оқшаулануына негізделген келесі ерекшеліктермен сипатталады:  

Нарықтың  автономиясымен.  Сұраныс  пен  ұсыныс  деңгейінде  кӛптеген  экономикалық 
субъектілер  әрекет  етеді.  Олардың  біреуі  де  (  ӛндіріс  кӛлемі  мен  қуаты    шамалы 
болғандықтан) ӛндіріске де, бағаға да айтарлықтай әсер ете алмайды.  

Ӛнімнің  бірыңғайлылығымен.  Сатушылардың  кӛпшілігі  сатып  алушыларға  ( 
тұтынушыларға ) стандартты, біртекті ӛнім ұсынады. 

Бағаны қалыптастырумен. Осындай нарықта, баға сұраныс пен ұсыныс арқылы стихиялы 
түрде  қалыптасады.  Еркін  бәсеке  кезінде  баға  тұрақсыздыққа  ұшырайды.  Мысалы,  қыс 
және  жаз  айларындағы  сусындар  бағаларының  айырмашылығы,  жеке  ӛндірушілер  іс-
әрекетінің нәтижесі емес, сұраныс пен ұсыныс заңдылығының нәтижесі болып табылады. 


67 
 

Информацияны  алу  еркін  болуымен.  Нарық  қатынастарының  барлық  мүшелері  нарық 
жағдайы туралы хабарларды еркін түрде ала алады. Әрбір сатушы және сатып алушы баға, 
тауардың сапасы, нарықтағы шығындар және ұсыныс туралытолық және дұрыс хабар ала 
алады. 

Нарыққа еркін кіру және шығумен. Ӛндіруші фирмалар мұндай нарыққа еркін түрде кіріп 
тауар ӛндіре алады немесе ӛз еркімен шығуына болады. Егер кім де кім ӛндірісте қандай да 
бір  ӛнімді  қалпына  келтіру  керек  болса,  онда  мұны  жасауға  кедергісіз  мүмкіншілігі  бар. 
Белгілі  бір  саланы  құрайтын  фирмалар  бәсеке  фирмалардың  пайда  болуына  қарсы  тұра 
алмайды.  Мұндай  талапқа  бүгінгі  күні  кейбір  нарықтар  ғана  сай  келеді.  Мысалы:  Нью-
Йорктағы немесе Лондондағы биржалар, яғни құнды қағаз нарығы. 
Осы  құнды  қағаздар  нарығы  еркін  бәсекенің  шарттарына  сай  келеді  және  тӛмендегідей 
сипатталады. 

құнды қағаздарды сатып алушылар мен сатушылардың кӛп болуы; 

жекелеген  фирмалардың  құнды  қағаздарының  біркелкілігі  мен  бірін-бірі  ауыстыра 
алатындығы; 

нарық мүшелерінің барлық информацияларды еркін ала алтындығы; 

құнды қағаздардың бағасы сұраныс пен ұсыныс негізінде құрылуы; 
Еркін бәсеке дамыған елдердің экономикасында XIX ғ. орта шеніне дейін орын алған. XIX 
ғ. екінші жартысында және XX ғ. басында ірі кәсіпорындар мен бірлестіктер пайда бола бастады. 
Мемлекеттің  нарыққа әсер  етуі жандана  түсті.  Осы  жағдайларға  байланысты  жетілмеген  бәсеке 
пайда  болды.  Жетілген  бәсекеден  айырмашылығы  оның  іс-әрекетін  мемлекеттің  шектеуі.  Сол 
себептен, нарықта үстемдік ете отырып, ол ӛнімді ӛткізуге үлкен әсерін тигізеді. 
Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар. Олардың біреуі монополиялық бәсеке – мұнда 
нарықта  кӛптеген  ӛндірушілер  ұқсас,  бірақ  біртекті  емес  ӛнімдерді  ұсынады.  Орнын 
толықтырушы  ӛнімдер  бір-бірінен  сапа  жағынан,  сыртқы  пішінін  кӛркемдеуі,  сату  жағдайына 
қарай ажыратылады. Айталық, пепси- кола және кока-кола бірдей бағамен сатылуы мүмкін.  Бірақ, 
сатып  алушының  бір  тобы  бірінші  сусыннан  гӛрі  екінші  сусынды  қалауы  мүмкін.  Осылайша 
фирмалар  баға  арқылы  ғана  емес,  дифференциалданған  ӛнімдерді  сату  негізінде  бәсеке  күресін 
жүргізеді.  Ӛндірушілер  бәсекелестеріне  қарамастан  тауардың  бағаларын  ӛз  бетінше  тағайындай 
алады. Сонымен қатар, әрбір фирма нарықтағы үлесі аз болғандықтан нарық бағасына бақылауы 
шектеулі  болады.  Сондықтан  әрбір  фирма  баға  жӛнінен  ғана  емес,  дифференциялданған  ӛнімді 
сату арқылы да бәсекелесе алады.  
Монополиялық  бәсекенің  тағы  бір  ерекшелігі  –  нарыққа  жеңіл  кіруі,  бірақ  ол  фирманың 
патенті мен тауар белгісіне авторлық құқықпен шектелуі мүмкін. Фирмалар монополистік бәсеке 
нарығына  алғашқы  капиталдары  аз  болса  да  кіре  алады.  Себебі,  мұндай  нарықта  негізінен  ұсақ 
және  орташа  фирмалар  жұмыс  атқарады.  Қазіргі  нарықтық  экономикада  монополистік  бәсеке 
кӛбінесе тұтынушылыр тауарлар нарығында үстемдік етеді. 
Жетілмеген бәсекелестіктің келесі түрі – олигополия. Олигополия – бірнеше ірі фирмалар 
үстемдік ететін нарық. Олар осы нарықтың едәуір үлесіне ие болады. Мысал ретінде, автомобиль 
ӛнеркәсібіндегі  АҚШ-тың  үш  фирмасын  «Дженерал  Моторс»,  «Форд»,  «Крайслер»  келтіруге 
болады.  Олигополиялық  нарыққа  кіру  бірнеше  кедергілермен  шектеледі.  Сондай  кедергілердің 
бірі – осы нарыққа кіру үшін алғашқы капитал мӛлшері ӛте қомақты (кӛп) болуы керек. Мысалы, 
экономиканың  кейбір  сфераларында  мұндай  капиталдың  мӛлшері  бірнеше  млрд.  долларға  дейін 
барады. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау