Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет16/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54

48 
 
Классикалық саяси экономияның басты табысы еңбек құн теориясының негізін қалады. Сол 
кезеңдегі  экономикалық  теорияны  дамытуға  елеулі  үлес  қосқан  А.Смит  болды.  Еңбек  құн 
теориясына негізделе отырып, А.Смит тауардың екі жақты сипатын (құнын және тұтыну құнын) 
ашты,  жұмыс  күші  құнының  құрылу  механизмін  анықтай  отырып,  жұмысшы  ӛзінің  құнынан 
артық  құн  ӛндіретіндігін,  күрделі  және  жәй  еңбектің  арасындағы  айырмашылықтарды  кӛрсетті. 
Бірақ та А.Смиттің экономикалық теорияны дамытудағы елеулі қосқан үлесі нарықтың әрекет ету 
механизмін,  мемлекеттің  экономикадағы  рӛлін,  бәсекенің  әсерімен  сұраныс  пен  ұсынысқа 
байланысты  қалыптасқан  еркін  бағалар  негізіндегі  нарықтың  ӛздігінен  реттелу  механизмін  жете 
зерттеуі болды. Бұл экономикалық реттігіштерді (бағалар, сұраныс, ұсыныс, бастысы- бәсеке) ол 
«кӛрінбейтін қол» деп атады. 
Экономикалық  ғылымның  әрі  қарай  дамуы  күрделі  жолдардан  ӛтті.  ХІХ  ғасырдың  екінші 
жартысының  басында  саяси  экономия  терең  дағдарысты  басынан  ӛткерді.  Ол  екі  тармаққа 
марксизм және маржинализмге бӛлініп кетті. 
Марксизмнің  негізін  қалаушы  К.Маркс  (1818-1883)  болды.  К.Маркстің  басты  еңбегі 
«Капитал».  Марксистер  Рикардо  және  Петтидің  еңбек  құн  теориясына  негізделе  отырып,  құн 
теориясын,  еңбектің  екі  жақтылығын,  тауардың  қайшылықтары  туралы  концепция  жасады. 
Сондай-ақ,  еңбек  құн  теориясын  маркстік  саяси  экономия  ілгері  дамытып  қосымша  құн  туралы 
ілімді  жан-жақтаы  талдады.  К.Маркс  еңбек  құн  теориясына  сәйкес  қосымша  құн  ӛндіру  – 
капиталистердің  пролетариатты қанауы  арқылы  ӛз  байлығын  арттырудың тұрақты  кӛзі екендігін 
кӛрсетті. Әйтсе де марксизм ілімнің кейбір теориялық қорытындылары практика жүзінде, ӛмірде 
дәлелін таппады. 
Маржинализм  (француз  тілі  –  шекті)  марксизмнен  айырмашылығы  қанауға  негізделген 
ӛндіріс  әдісі  ретінде  капитализмнің  мәнін  зерттеуден  бас  тартып,  шаруашылық  қатынастарын 
зерттеуге бет бұрды. 
Бұл  бағыт  ХІХ  ғасырдың  70-жылдарында  дүниеге  келді.  Оның  ӛкілдері:  Австрияда 
К.Менгер, Англияда У.Джевонс, Швейцарияда Л.Вальрас. Маржиналистер экономика ғылымының 
мақсаты  шектеулі  ресурстарды  бӛлудің  тиімді  әдістері  мен  шаруашылықты  ұтымды  жүргізудің 
жолдарын іздестіруде деп таныды. 
Экономикалық  теорияда  неоклассикалық  бағыттың  пайда  болуын  Альфред  Маршаллдың 
атымен байланыстыруға болады. Оның  «Саяси экономиканың принциптері» деген еңбегінде құн 
теориясы емес, баға теориясы қарастырылды. Бағаның құрылу механизмін Маршалл сұраныс және 
ұсыныс ара қатынасы нәтижесі ретінде қарастырды. Оның сұраныс теориясының негізін Австрия 
мектебінің  ӛкілдері  жасаған  шекті  пайдалылық  теориясы  болса,  ал  ұсыныс  теориясының  негізін 
ӛндіріс факторлары туралы ілім және американ экономисі Кларктың шекті еңбек ӛнімділігі туралы 
теориясы  құрды.  Экономикалық  теорияда  ХХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  пайда  болған 
Кейнсиан  теориясын  атауға  болады.  Бұл  теорияның  пайда  болуына  негізгі  себеп  болған  ұлы 
дағдарысты  (1929-1933  ж.ж.)  еске  түсіруге  болады.  Кейнс  макроэкономиканы  талдаумен 
экономикалық  теорияның  пәнін  толықтырды.  Кейнстің  негізгі  идеясы  бойынша  еркін  бәсекеге 
негізделген  нарық  экономикасының  барлық  мүмкіндіктері  сарқылды,  ол  енді  ӛзін-ӛзі  реттей 
алмайды, сол себептен экономика мемлекет тарапынан реттелуі тиіс. Сондай-ақ, ол экономиканы 
мемлекеттік  реттеудің    нақты  механизмін  жетілдіру  жолдарын  ұсынды.  Кейнстің  ойынша, 
мемлекет жұмысбастылықты реттеу арқылы  капиталистік экономикада әлеуметтік тұрақтылықты 
қамтамасыз  етеді,  несиеге  кӛпшіліктің  қолы  жеткізілген  болса,  онда  іскер  адамдар  нарықтың 
кейбір  қиын  жағдайларынан  шығуларына  кӛмектеседі,  ақшаның  тұрақтылығын  қамтамасыз  ету 
негізінде  инфляцияның  барлық  қиыншылықтарын  жеңуге  жағдай  жасайды,  жалпы  мемлекет 
экономиканы реттеп отырады. 
Экономикалық теория пәні мен қызметтері. 
Экономикалық заңдар мен категориялар. 


49 
 
Экономистердің барлығынан ерте заманғы ойшылдардан қазіргі заманғы ғалымдарға дейін бір 
жалпы  сипат  байқалады. Олардың  кӛздеген  мақсаттары-  қоғам байлығын ӛсу  жолдарын  зерттеу. 
Мәселен  меркантилистер  экономика  ғылымының  зерттеу  объектісі  ретінде  елдегі  ақша 
капиталының  (алтын,  күміс)  қорлануы  және  сыртқы  саудамен  байланысты  тауар  мен  ақша 
айналыс процестерін қарастыру. Классикалық мектептің ӛкілдері экономикалық теорияны байлық 
туралы  ғылым  ретінде  және  сол  байлықты  кӛбейту  жолдарын  қарастырды,  ал  марксизмнің 
классиктері  әр  түрлі  әлеуметтік  топтардың  арасындағы  материалдық  игіліктерді  иемдену, 
айырбастау және бӛлу туралы экономикалық қатынастарды зерттеу объектісі ретінде қарастырған. 
Қазіргі  кейбір  теориялар  нарықтық  экономика  жағдайында  шектеулі  ресурстарды  тиімді 
пайдалану әдістерін (жолдарын) зерттеуді басшылыққа алған. Мысалы, экономикалық теорияның 
пәні  ретінде  адамдардың  шексіз  қажеттіліктерін  барынша  қанағаттандыру  мақсатындағы 
игіліктерді ӛндіру процесіндегі адамдардың іс-әрекеттерін  қарастырады. Кӛріп отырғанымыздай 
қазіргі кезеңде экономикалық теорияның пәні бойынша әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Сонымен, 
жоғарыда  аталған  кӛзқарастарды  ескере  отырып,  экономикалық  теорияның  пәніне  мынадай  
анықтама  беруге  болады.  Экономикалық  теория  ресурстардың  шектеулі  жағдайында 
адамдардың  қажеттіліктерін  толық  қамтамасыз  ету  үшін,  олардың  арасындағы  өндіріс, 
бөлу,  айырбас  және  тұтыну  процестерінде  пайда  болатын  экономикалық  қатынастарды 
зерттейді. 
Экономикалық теория бірқатар ғылымдардың салалық (сауда, ӛнеркәсіп, ауыл  шаруашылық) 
экономикасы,  салааралық  (экономикалық  география,  статистика),  функционалды  (қаржы,  несие, 
маркетинг)  ғылымдардың  методологиялық  негізі  болып  табылады.  Экономикалық  теорияның 
зерттеу объектісі жағынан микро-, макроэкономика болып бӛлінеді. 
Экономикалық  теория  үш  негізгі  қызмет:  танымдық,  методологиялық және  практикалық 
қызметтерді атқарады. 
Экономикалық  теорияның  танымдық  қызметі  экономикалық  процестер  мен  құбылыстарды 
түсіндіру  және  зерттеу  негізінде  кӛрінеді.  Экономикалық  теорияның  методологиялық  қызметі 
оның  басқа  экономикалық  ғылымдар  жүйесіндегі  орнымен  анықталады,  яғни  барлық 
экономикалық  ғылымдардың  зерттеу  әдістерінің  негіздерін  құрайды.  Экономикалық  теорияның 
практикалық  қызметі  шаруашылықты  тиімді  жүргізу  әдістері  мен  принциптерін  дайындаумен 
байланысты. 
Қоғам  да  табиғат  сияқты  белгілі  заңдар  негізінде  дамиды.  Бұл  заңдар  объективтік  сипатта 
болады.  Мұның  мәнісі  –  олар  адамның  еркі  мен  санасына  байланысты  емес  деген  сӛз.  Қоғам 
дамуының  заңдарын  әрбір  елде  мемлекеттің  шығаратын  заңдармен  шатастырмау  керек, 
мемлекеттің  заңдары  -  бұл  ӛкімет  ұйымдары  белгілейтін  заңдар.  Қоғам  дамуының  заңдарын 
алатын  болсақ,  ондағы  ұғым  басқа.  Бұл  заңдар  қоғамдық  қатынастардың  бүкіл  құрлысымен,  ең 
алдымен, қоғамның экономикалық  құрылысымен байланысты. 
Экономикалық  теорияның  алдына  қоятын  мақсаты  –  экономикалық  заңдарды  ашу,  олардың 
әрекет  ету  механизмін  зерттеу  және  практикалық  қызметте  пайдалану  жолдарын  анықтау. 
Сонымен, экономикалық заңдар дегеніміз не? 
Экономикалық  құбылыстардың  арасындағы  тұрақты  және  үнемі  қайталанып  
отырылатын сөйтіп, сол құбылыстардың ішкі мәнін сипаттайтын қатынас экономикалық 
заңдар деп аталады. 
Экономикалық теория абстрактылы ойлаудың кӛмегімен экономикалық құбылыстардың мәнін 
біртіндеп  ашады.  Осы  құбылыстарға  талдау  және  синтез  жасау  процесінде  логикалық  ұғымдар 
қалыптасады. Қоғамның экономикалық ӛмірін тошыланған түрде кӛрсетілген логикалық ұғымдар 
экономикалық категориялар деп аталады.  
 Экономикалық теорияның зерттеу әдістері. 


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау