Алматы экономика және статистика академиясы аэса оқу-әдістемелік кеңесінің



жүктеу 2,15 Mb.
Pdf просмотр
бет20/54
Дата24.11.2018
өлшемі2,15 Mb.
#24496
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54

56 
 
Енді  тауарлы  шаруашылықтың  пайда  болуының  қажетті  шарттарына  тоқталайық.  Тауарлы 
шаруашылықтың  болуы  үшін,  біріншіден,  қоғамдық  еңбек  бӛлінісінің  болуы,  яғни  қоғамдағы 
адамдардың бірқатары бір түрлі ӛнім, екінші біреулері екінші түрлі ӛнім ӛндіруі керек, ӛйткені әр 
түрлі  ӛнімдер  ғана  біріне-бірі  айырбасталады.  Бірақ  тауар  шаруашылығы  болуы  үшін  еңбек 
бӛлінісінің  болуы  жеткіліксіз.  Ол  үшін,  екіншіден,  ӛндіріс  құрал-жабдықтарына  жеке  меншік 
болуы  керек.  Мұнда  ӛндірілген  ӛнімдер,  сол  ӛндіріс  құрал-жабдықтардың  иелерінің  иелігінде 
болады,  сондықтан  олардың  ӛздері  ӛндірген  ӛнімдер  басқалардың  ӛндірген  ӛнімдеріне 
айырбастауға мүмкіндік алады. 
Тауарлы  шаруашылықтың  пайда  болуы  қоғамдық  еңбек  бӛлінісімен  де  байланысты.  Осы 
кезеңнен бастап ӛндірілген ӛнімдер тікелей айырбасқа түсе бастайды.  
Сонымен,  тауарлы  шаруашылық  алғашқы  қауымдық  қоғам  ыдырай  бастағанда  пайда  болды, 
құл  иелену  қоғамында  да,  феодалдық  қоғамда  да  орын  алды,  капиталистік  қоғамда  ло  ӛзінің 
дамуының шыңына жетті, мұнда ол жалпылама сипат алды. 
Құл  иелену  қоғамы  мен  феодалдық  қоғамда  тауар  шаруашылығы  орын  ала  тұрса  да,  бұл 
қоғамдардағы негізгі ӛндіріс – натуралдық ӛндіріс болды. 
Ӛндіріс  құрал-жабдықтарына  жеке  меншікке  негізделген  тауарлы  шаруашылықтың  даму 
сипаты – нарықтың дамуына байланысты. 
Нарықтың  мынадай  үлгілерін  атап  ӛтуге  болады,  олар:  дамымаған,  дамыған,  реттелетін, 
деформацияланған.  Әр  нарық  үлгісіне  тауарлы  шаруашылықтың  ерекше  үлгісі  (моделі)  сәйкес 
келеді:  дамымаған  тауарлы  шаруашылы,  дамыған  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы,  реттелетін 
нарықтың тауарлы шаруашылығы, деформацияланған нарықтың тауарлы шаруашылығы. 
I.  Дамымаған  нарықтың    тауарлы  шаруашылығында  (жәй  тауарлы  шаруашылық)  тауар 
ӛндірушілер  ӛз  меншігіндегі  ӛндіріс  құрал-жабдығымен  ӛзі  еңбек  етеді,  ӛндірілген  ӛнімдер 
ӛндірушілердің  иелігінде  болады,  таур  ӛндірушілер  ӛндірген  тауардың  бәрін  сатпайды,  тек  бір 
бӛлігін ғана сатады, яғни тауар шаруашылығы жалпылама сипат алмайды. 
II.  Дамыған  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы  (еркін  нарық  экономикасы)  жалпылама  сипат 
алды, оған келесі құбылыстар тән:  
- адамның жұмыс күшінің тауарға айналуы; 
- ӛндірісте жалдамалы жұмысшылардың еңбек етуі; 
- ӛндірілген ӛнімнің басым бӛлігінің нарық арқылы сатуға арналуы. 
Бұл  кезеңдегі  тауарлы  шаруашылықтың  еркін  бәсекенің  дамуымен  сипатталатындықтан, 
оны еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе «еркін экономика» деп атайды. 
III.  Реттелетін  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы  экономикада  мемлекеттік  және  жеке 
сектордың  болуымен  сипатталады.  Мемлекеттік  реттеудің  басты  формаларына  заң  шығару, 
салықтық және қаржылық формалары жатады. 
Реттелетін нарықтың тауарлы шаруашылығының бірнеше модельдері бар: 

әлеуметтік нарықтық шаруашылық; 

аралас экономика; 

корпоративтік экономика. 
Олар, ең алдымен, мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. 
Әлеуметтік шаруашылықтың басты мақсаты  – азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада 
кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау; корпоративтік экономикада – ірі бизнес мүдделерін қорғау. 
Біріншісі, кӛбінесе Алманияға, екіншісі АҚШ–қа, үшінші моделі Жапония мен Швецияға тән. 


57 
 
IY.  Деформацияланған  нарықтың  тауарлы  шаруашылығы  әкімшіл-әміршіл  экономикаға  тән. 
Тауарлы  шаруашылықтың  бұл  моделі  қоғамдық  еңбек  бӛлінісін,  машиналы  ӛндірісті,  ұлттық 
экономиканы  ұдайы  реттеуді,  еркін  нарықтық  қатынастарды  басып  тастау  құбылыстарымен 
сипатталады. 
Тауарлы  шаруашылықтың  даму  кезеңдеріне  жасалған  қысқаша  шолу  тауарлы 
шаруашылық  пен  нарықтық  экономика  арасында  абсолюттік  теңдіктің  жоқ  екендігі  жӛнінде 
қорытынды  жасауға  мүмкіндік  береді.  Нарықтық  экономиканың  негізгі  тауарлы  шаруашылық 
екені даусыз.  
Тауар және оның қасиеттері. Тауар қҧнының балама теориялары. 
Тауарды  ӛндіру  алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезеңінен  бастап  бүгінге  дейін  әрекет  етіп 
келеді.  Шаруашылықты  ұйымдастырудың  қарапайым  формасы  жағдайында  байлықтың  табиғи 
формасы  ретінде  натуралды  ӛнім  болды.  Ол,  біріншіден,  тұтыну  құндылығымен,  екіншіден, 
еңбектің нәтижесі ретінде сипатталды. 
Ӛнімнің  тұтыну  құндылығы  –  бұл  заттың  пайдалылығы,  яғни  адамның  әртүрлі 
қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиеті. 
Тауар  ӛндірісі  жағдайында  еңбек  ӛнімі  жаңа  ерекше  қасиетке  ие  болады,  ол  тауарға 
айналады.  Бұл  ӛнім  ендіӛндірушілер  үшін  емес,  басқа  адамдар  үшін  құнды  болады,  яғни, 
қоғамдық қасиетке ие болады. 
Тұтыну құндылықтың қоғамдық ӛлшемі сұраныс мӛлшері болып табылады. Ӛнімді ӛндіру 
ұсыныс  кӛлемін  анықтайды.  Егер  ұсыныс  сұранысты  қанағаттандырса,  онда  заттар  қоғамдық 
тұтыну құндылығына ие болады деп есептеуге болады.  
Бұл  жерде  мынадай  сұрақ  туады.  Қандай да  болса  заттар  тауар  бола  ала ма?  Әрине  жоқ, 
себебі  ӛндірілген  заттар  тауар  болуы  үшін,  біріншіден,  ол  адамның  еңбегінің  нәтижесі  ретінде 
болуы  керек,  екіншіден,  басқа  адамдардың  қажеттерін  қанағаттандыру  үшін  ӛндірілуі  керек, 
үшіншіден, айырбасқа түсуі және эквивалент негізінде айырбасталуы керек.  
Енді  тауарға  мынадай  анықтама  беруге  болады.  Тауар  дегеніміз  –  қоғамдық  құндылығы 
және  басқа  тауарға  айырбастау  үшін  ӛндірілген  еңбек  ӛнімі.  Заттар  немесе  ӛнімдер  ӛзімен-ӛзі 
тауар  бола  алмайды,  тауар  болуы  үшін  олар  адамдар  арасындағы  айырбас  объектісіне  айналуы 
тиіс.  Сол  себептен  тауарда  еңбек  ӛнімдерін  айырбастауға  байланысты  адамдар  арасындағы 
қатынастар  кӛрініс  алады.  Тауар  айырбасы  әртүрлі  формаларға  ие  болуы  мүмкін,  бірақ  барлық 
жағдайда  айырбас    -    бұл  заттың  басқа  заттарға  айырбасталу  процесі  болып  табылады.  Осы 
себептен  нарықта  ғана  тауар  басқа  тауарға  айырбасталу  процесі болып  табылады.  Осы себептен 
нарықта  ғана  тауар  басқа  тауарға  айырбасталғанда  айырбас  құнына  ие  болады.  Яғни,  айырбас 
құны  бір  заттың  басқа  пайдалы  заттарға  белгілі  бір  пропорцияда  (санда)  айырбасталу  қасиеті. 
Белгілі  бір  мӛлшердегі  бір  тауарды  екінші  тауарға  теңестіріп  тұрған  нәрсе,  ол  екеуіне  де  еңбек 
жұмсалған. 
Тауарға жұмсалған еңбек ол тауардың құны болып табылады. Құн дегеніміз – сол тауарды 
ӛндіруге  кеткен  еңбек,  ал  тауардың  айырбас  құны,  яғни  бір  тауардың  екінші  тауарға 
айырбасталатын белгілі бір пропорциясы. Құн және айырбас құны бірдей емес ұғымдар. Біріншісі 
тауардың ішкі қасиеттерін білдірсе, ал екіншісі, құнның сыртқы кӛрінісін сипаттайды. Тауардың 
екі  нақты  қасиеті  тұтыну  құндылығы  (құны)  және  құны  бір-біріне  ауысып  отырады.тауардың 
тұтыну  құнының  ӛзгеруі  ертеме,  кешпе  тауардың  құнын  ӛзгертеді  немесе  керісінше  тауардың 
құнының ӛзгеруі оның тұтыну құнының ӛзгеруіне әкеліп соғады. 
Тауардың  тұтыну  құны  нақты  еңбекпен  жасалады.    Нақты  еңбек  –  бұл  адамның  жұмыс 
күшінің  ерекше  пайдалы  формада  жұмсалуы.  Нақты  еңбек  жаңа  құн  жасамайды,  бірақ  тауар 
ӛндіруге  жұмсалған  ӛндіріс  құрал–жабдықтардың  құндарын  жаңа  ӛндірілген  ӛнімнің  құнына 
ауысуына кӛмектеседі .  


жүктеу 2,15 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау