Алматы қаласының инфрақұрылымын дамыту
Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткіштерінің бірі - қаланың кешенді дамыған инфрақұрылымы мен оның халықаралық стандарттарға сәйкес келуі.
Қала инфрақұрылымының жеткілікті түрде дамымағандығы қала әлеуетін тиімді пайдалануға теріс әсерін тигізуде.
Туристік саланы дамыту қажет, себебі дамыған туристік сала экономиканың көптеген секторларына ынталандырушылық әсерін тигізіп, ол өз кезегінде қала экономикасына ақша түсімдерінің көлемін арттырып сәйкесінше қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсартады. Қазіргі таңда туристік саланың даму қарқыны салыстырмалы түрде алғанда төмен болып табылады, бұл жағдай туризм инфрақұрылымына тиісті мөлшерде дамуға мүмкіндік бермеуде. Қала шекарасында орналасқан туристік объектілердің бірқатарының қазіргі қалпы қанағаттандырмайтын жағдайда. Туристік индустрия кәсіпорындарының көпшілігі көрсетілетін қызмет сапасының төмендігімен сипатталады.
Қаланың табиғи-климаттық артықшылықтарын тиімді пайдалану мақсаттарында тау бөктерінде туристік демалу объектілерін құрып, рекреациялық аймақтарды дамытып, туристік секторды әртараптандыру мақсатында табиғи ресурстарды пайдаланудағы мүмкіндіктерді кеңейту қажет.
Бұдан басқа, Алматы қаласының дамыған туристік орталығы ретінде тартымдылығын арттыру үшін бір уақытта бірнеше шара қалыптастырып өткізген жөн. Осылайша, халықаралық мәні бар мәдениет, спорт шараларының тізбегі спорт, сән, өнер, музыка әуесқойларының Алматы қаласына қызығушылығын қалыптастыратын болады.
Қалада шетел азаматтарының қолайлы келуі үшін жағдайлар жасау мақсатында жоғары сапалы медициналық қызметтерді көрсететін қазіргі заманғы медицина орталықтарының құрылысына аса назар аудару қажет.
Сондай-ақ шетел азаматтары үшін қалада ағылшын тілінде оқытатын мектептердің болуы басты маңызға ие.
Кез келген қаланың беделінің қалыптасуында экологиялық жағдай өте маңызды болып табылады. Халық саны бір миллионнан асатын Алматы қаласы Қазақстанның ең ірі урбанизацияланған орталығы болып табылады. Бірақ қаланы физика-географиялық және табиғи-климаттық ерекшеліктері мен экологиялық талаптарды ескермей дамыту мен индустриализациялау мегаполис территориясының экологиялық тепе-теңдігін бұзды.
Қала атмосферасын кірлету көздерінің негізгісі көлік болып отыр (зиянды заттардың шамамен 80 %). Осыған байланысты жол желілерін жетілдіріп, электр көзін пайдаланатын көліктер санын арттырып, жанармай станциялары мен техникалық қызмет көрсету желісін тиімді түрде дамыту қажет.
Қоршаған орта күйін, соның ішінде ең алдымен улы және тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарын қайта құрумен байланысты қалдықтарды пайдалану мен қайта өңдеу мәселесін шешкен дұрыс.
Атмосфера ауасын қорғауға ерекше назар аудару қажет. Экологиялық тұрғыда таза жанармайды (газ, гибридті қозғалтқыштар) пайдаланатын жеке авто көлік эксплуатациясын ынталандыру, ұйымдастыру шараларын жүргізу және нормативтік құқықтық актілер дайындау, зиянды заттарға қойылатын талаптарды қатаңдату, ұсталған және ескірген автомобильдерді мемлекет территориясына әкелуге тыйым салу және басқа шаралар арқылы автокөліктерімен ауаны кірлету деңгейін төмендету қажет. Тұрғын және кеңсе кеңістіктерінің құрылысы кезінде қаланың максимальды түрде желдетілуі мен қала атмосферасының газдануына жол бермеу үшін желдің табиғи бағыттарын ескеру қажет.
Қаланың рекреациялық мүмкіндіктерін арттыру мақсатында күш-жігерді ерекше қорғауға алынған табиғи территориялар жүйесін дамыту мен қорғауға бағыттау керек. Соған қоса, қала аумағынан экологиялық зиянды өндірістік кәсіпорындарды шығару қажеттілігі бар.
Экологиялық қауіпсіздік мәселелері қаланың экологиялық жағдайының үздіксіз мониторингіне негізделгені дұрыс. Сонымен қатар көлік пен өндірісте қоршаған ортаға теріс әсер көлемін төмендетуге мүмкіндік беретін жаңа технологиялар енгізу, өндірістік аппарат пен көліктің ескірген және қауіпті бөліктерінен бас тарту.
Дүниежүзілік Банк жүргізген зерттеудің мәліметтеріне сәйкес АҚШ-на Қазақстаннан телефон арқылы байланысу АҚШ-нан Қазақстанға телефон шалу бағасынан 6 есе қымбат. Осы мәліметті ескере отырып телекоммуникацияларды дамыту қажет, себебі бұл фактордың Алматы қаласын қаржы орталығы ретінде қалыптастыру ісінде маңызы зор. Сонымен Интернет провайдерлерінің ұсынатын қызметтерінің сапасын жоғарылатып, бағасын төмендету мәселесі өте өзекті болып табылады.
Жоғарыда аталған мәселелердің барлығының шешімі Алматы қаласы әкімшілігімен жүзеге асырылатын бағдарламалық құжаттарда өз орнын табуы тиіс.
3. Іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктері
Берілген бөлімде алға қойылған мақсатқа жету мен алынған міндеттерді шешудің негізгі бағыттары және республиканың қор нарығы мен АӨҚО дамытуда орын алған мәселелермен күресу жолдары келтіріледі.
Бөлімде Даму жоспарының мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру тетіктерін анықтауға және аталған тетіктерді енгізудің бағыттары мен құралдарының тиімді тізімін айқындауға аса назар аударылған.
Қор нарығында орын алған жағдайды жөнге келтіру мен оның тиімді қызмет етуінің негіздерін құру мақсатында келешекте АӨҚО ҚРА 2009 - 2010 жылдары экономика мен қаржылық жүйені тұрақтандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау агенттігі біріккен әрекет жоспары шеңберінде қор нарығы мен АӨҚО-ын дамыту бойынша қосымша шаралар әзірлейтін болады.
Аталған Жоспардың қаржы секторын тұрақтандыру бойынша бірінші мәселесін шешу мақсатында АӨҚО ҚРА бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау бойынша бірқатар шаралар атқаратын болады.
Екінші мәселені «жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу» шешу мақсатында АӨҚО ҚРА қаржы құралдарының түрін көбейту бойынша шаралар атқаратын болады. Мысалы, RЕІТ (жылжымайтын мүлік акционерлік инвестициялық қоры) сияқты құралдар енгізілетін болады.
Берілген Жоспардың үшінші бағытын - «шағын және орта бизнесті қолдау» жүзеге асыру үшін АӨҚО ҚРА листинг талаптарында «Stаrt-uр» компаниялары үшін жеңілдетілген шарттар ұсына алатындай етіп жетілдіретін болады.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында - бұл аталған Жоспардың төртінші бағыты болып табылады - ауылшаруашылық тауарларының биржалық саудасының ішкі нарығы жандандырылады. Осылайша, мысалы, АӨҚО ҚРА тауарлық биржаны құратын болады.
Жоспардың бесінші бағытын - «инновациялық, индустриалды және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру» - іске асыру үшін инфрақұрылымдық облигациялар шығару, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін жетілдіру.
Заңнамалық реттеу
Қазіргі уақытта Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қызмет етуіне қажетті нормативтік құқықтық база қалыптастырылған. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасы келесі заңдардан тұрады: 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар рыногы туралы» (бұдан әрі - «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы), 2004 жылғы 7 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы», 2006 жылғы 20 ақпандағы «Секьюриттеу туралы», 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер мен банк қызметі туралы», 2000 жылғы 18 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы», 1997 жылғы 20 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалау туралы», «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
3.1. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары үшін жағымды жағдайлар жасау
Қор нарығын дамыту бойынша негізгі іс-шаралар
Республиканың қор нарығын дамыту бойынша келесі негізгі іс-шаралар жүзеге асырылатын болады:
қазіргі заманғы талаптарды ескере отырып, сауданы толықтай автоматтандыруды қамтамасыз ету мақсатында қор нарығында айдаланылатын технологиялардың жаңарту;
жасалынған мәміле бойынша қандай да бір тараптың өз міндеттерін атқармауы жағдайында адал қатысушылармен есеп-айырысуға мүмкіндік беретін және сауда қатысушыларының өз міндеттерінен бас тарту тәуекелін төмендетуге бағытталған есептесулерді кепілдендірудің сенімді жүйесін қалыптастыру;
сауда қатысушыларының есептесулерді кепілдендіру жүйесіне алдын ала қор ретінде салатын қаржы көлеміне қойылатын талаптарды есепке алу және азайту арқылы сауда қатысушыларының міндеттемелерін азайтуға бағытталған нетто-есептесу жүйесін ендіру;
мамандандырылған ұйым - Клирингтік палатаны құрып, орталықтанған клирингке көшу;
Орталық депозитарийді дамыту мен оның қызметін толық автоматтандыру;
отандық қор нарығына бағалы қағаздарды шығару үшін қазақстандық және шетелдік әлеуетті эмитенттерді тарту бойынша сауда ұйымдастырушысының маркетингтік жұмысын ұйымдастыру;
Қазақстанның саудалар ұйымдастырушысын аймақ елдері арасында таныту, соның ішінде басқа биржаларда қатысу үлестерін сатып алу мүмкіндігі, келісімдерге қол қою, ішкі құжаттарды унификациялау арқылы;
белсенді ақпараттық және маркетингтік жұмыс жүргізу, демонстрациялық биржа ойындарын өткізу, халықтың қор нарығында инвестициялауы үшін қолжетімділік және жағдайлар ұйымдастыру арқылы халықты сауда ұйымдастырушысының алаңындағы инвестициялау үрдісіне қатыстыру;
саудалар ұйымдастырушысы, Орталық депозитарий қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, нарық үшін мамандарды даярлау және олардың санын ұлғайту;
сауда ұйымдастырушысының алаңдарында сатылатын қаржы құралдарының жаңа түрлерін әзірлеу және айналымға шығару.
Саудалар ұйымдастырушысын дамыту
Қазақстанның қолданыстағы заңнамасында сауда ұйымдастырушыларының саны бойынша шектеу қарастырылмаған. Республиканың қор нарығын тиімді әрі толыққанды қалыптастыру мен АӨҚО аз уақыт ішінде бәсекеге қабілетті халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы бойынша стратегиялық мақсатқа жетумен байланысты маңыздылығы зор мемлекеттік міндеттерді шешу мақсатында сауда ұйымдастырушысының алдында Қазақстан мен басқа мемлекеттердің әрекеттегі және әлеуетті инвесторлары мүдделі болып отырған барлық стандартталған қаржы құралдары бойынша сауда жүргізуді қамтамасыз ететін және халықаралық қағидаларға, стандарттарға және әлемнің жетекші қор биржаларының үздік тәжірибелеріне сәйкес қазіргі заманға сай биржа ретінде әрі қарай даму міндеті тұр.
Осыны ескере отырып, республикада әлемнің жетекші қор биржаларының сауда ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибесі мен қазіргі заманғы технологияларын өндіру, Қазақстанның халықаралық стандарттарға сәйкес, сауда ұйымдастырудың қазіргі заманғы жүйесімен жабдықталған Азияның халықаралық қаржы орталықтары арасындағы көшбасшы деңгейіне көтерілуі және халықаралық деңгейде мойындалған қор биржалары қатарынан стратегиялық инвестор тарту бойынша шаралар қабылданатын болады.
Қазақстанда әр түрлі мемлекеттердің эмитенттері мен инвесторлары үшін ашық және тиімді қор нарығын қалыптастыру үшін сауда ұйымдастырушыларына басқа талаптар қойылатын болады. Бұл талаптар келесіден құралады:
сауда ұйымдастырушылары мүшелеріне капитал бойынша және төлем тәртібін ұстануы бойынша талаптарды мәнді қатаңдату;
сауда ұйымдастырушысының тәуекелдерін басқару жүйесін жетілдіру, соның ішінде, бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді растау жүйесі қатысында талаптарды арттыру арқылы;
мәмілелер мен листинг процедуралары бойынша есеп-айырысулар жүргізудің талаптарын сәйкесінше өзгерту;
сауда жүргізу әдістеріне қойылатын талаптарды сәйкесінше өзгерту;
бағалы қағаздары эмитенттерінің ақпарат ашу бойынша талаптарды жоғарылату;
сауда ұйымдастырушыларының бағдарламалық-техникалық кешенін инвестициялау.
Осыған байланысты келесі мәселелерді шешу қажет:
орта және ұзақ мерзімді перспективалы нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, бағдарлама-техникалық қамтамасыз ету кешенін ендіру тәсілімен сауданы ұйымдастырушылар жұмысын толық компьютерлендіру керек;
сауда ұйымдастырушысының алаңдарында айналымда жүрген қаржы құралдарының түрін көбейту;
туынды қаржы құралдарының сауда ережелерін жетілдіру;
сауда ұйымдастырушысы көрсететін қызметтердің тарифтерінің қолжетімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету;
бағалы қағаздар саудасына нетто-есептесу жүйесін ендіру;
Т+0 схемасына негізделген әрекеттегі есептесу жүйесінен есептесу мерзімдері Т+3-тен аспайтын есептесудің халықаралық стандарттарына көшу.
Сауда ұйымдастырушысымен пайдаланатын тілдердің бірі ағылшын тілі болуы керек және іс-қағаздарды жүргізудің бір бөлігі міндетті түрде ағылшын тілінде атқарылуы тиіс.
Орталық депозитарийді дамыту
Орталық депозитарий Қазақстан Республикасында жалғыз бағалы қағаздар депозитарийі болып саналады. Ол бағалы қағаздар бойынша қызмет көрсету жағынан өкілетті депозитарий. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Ұлттық банк тарапынан эмитенттеледі. Республикада бір ғана Орталық депозитарий жұмыс жасайды - бағалы қағаздар нарығының қатысушылары мен бағалы қағаздарды ұстаушылар үшін қызмет көрсетеді.
Бірақ Орталық депозитарий қызметін халықаралық талаптарға сәйкес түрде әрі қарай дамыту үшін дамыған мемлекеттердің нарықтарында қабылданған орталық депозитарийдің стандарттық қызметтерін көрсету бойынша қызмет етудің халықаралық қағидалары мен стандарттары ендірілетін болады. Атап айтқанда, заңнамалар «Отыздық тобы» (G30), «Джиованнини тобы» ұсыныстарына сәйкестендіру, қаржы құралдарын халықаралық нөмірлеу (ISIN,СFI) мен кепілдендіру жүйесінің төлемге қарсы жеткізу (DVP) талабын, сонымен қатар Бағалы қағаздарға қызмет көрсету мәселелері бойынша халықаралық қауымдастықтың (ISSА) 2000 Ұсынысын заңнамаға енгізілетін болады.
Әр түрлі мемлекеттерде орталық депозитарийлердің жұмысын ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесін және Қазақстанның Орталық депозитарий коммерциялық емес ұйым екендігін ескере отырып Орталық депозитарийдің акциялары Ұлттық банктің немесе мемлекет иелігінде сақталатын болады. Соған қоса, Орталық депозитарий акционерлерінің құрамына ірі акционер ретінде мемлекеттік қатысу бар заңды тұлға тарту мәселесі қарастырылатын болады.
Аталған іс-шараларды жүзеге асыру Орталық депозитарийді қор нарығының маңызды құрылымдық институттарының бірі ретінде әрі қарай дамытып, оған нарықтың барлық қатысушылары қатысында «бейтарап» позицияны ұстанатын мемлекеттік ұйым статусын беру үшін өте маңызды болып табылады.
Орталық депозитарий қызметінің деңгейін арттыру мақсатында, Орталық депозитарийдің жетекші әлемдік депозитарийлермен тиімді және толыққанды өзара әрекеттесуіне кедергі болып отырған келесі мәселелер шешілетін болады:
Орталық депозитарийдің қызметін дамытудың ұзақ мерзімдік Стратегиялық жоспарын әзірлеу және жалпы акционерлер жиналысында қабылдау, сонымен қатар ол Стратегиялық жоспарды жүзеге асыру бойынша нақты Іс-шаралар жоспарын бекіту, соның ішінде Орталық депозитарийдің қызметін халықаралық стандарттарға сәйкестендіру;
орта және ұзақ мерзімді перспективада нарық қажеттіліктеріне сәйкес келетін, бағдарламалық-қамсыздандыру кешенін ендіру арқылы орталық депозитарий жұмысын толықтай компьютерлендіру;
Орталық депозитарийдің бағалы қағаздарды меншіктену құқығын тіркеу бойынша құжат айналымын толықтай автоматтандыруды ендіру және стандарттау (тіркеушілермен электронды құжат айналымын ұйымдастыру);
бағалы қағаздармен операциялар жасау бойынша құжат айналымы үшін халықаралық ISO стандарттары негізінде ақпаратты қабылдау, жинақтау, өңдеу, сақтау, және беруін толықтай автоматтандырып, біріздендіруді жүзеге асыру (депоненттермен электронды құжат айналымын ұйымдастыру);
қаржы құралдарының халықаралық кодтарын (ISIN, СFI) пайдалануды ендіру;
Орталық депозитарийдің бірегей жеке есеп-шоттар жүйесі шеңберінде бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлер жүйесін құрайтын мәліметтерді сақтаудың жоғары деңгейін қамтамасыз ету;
бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер бойынша есептесулер жүргізу мерзімдері дамыған қор нарықтарында қабылданған мерзімдермен сәйкестендіру;
қазақстандық және шетелдік инвесторлардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша қызмет көрсетуді дамыту (төлем агентінің қызметтері, дивидендтер аударымын іске асыру және басқалар).
Орталық депозитарий жүйесінің халықаралық нарықтармен ықпалдасуы мен ұзақ мерзімдік қатынастар дамыту, ортақ қызмет көрсетуді ендіру, ақпарат алмасу мақсатында халықаралық ұйымдармен (Euroclear, ANNA, ISSA және басқалар) ынтымақтастық туралы келісімдер жасау мен өзара әрекеттестік ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Бұл шаралар республика қор нарығына шетелдік инвесторлардың шығуы мен Орталық депозитарий депоненттерінің халықаралық капитал нарықтарына қол жеткізуіне көмектесетін болады.
Сондай-ақ, Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде, бағалы қағаздар нарығындағы брокерлік және дилерлік қызметпен айналысатын клиент ұйымдардың ақшасын есепке алу рәсімін жетілдіру бойынша бірқатар іс шаралар атқарылатын болады. Осылайша, бағалы қағаздар туралы әрекеттегі заңнамаға енгізілген түзетулерге сәйкес Орталық депозитарий 2010 жылдан бастап регистраторлар іске асыратын бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлерінде сақталатын бүтіндей мәліметтер жүйесін ұсынатын бағалы қағаздарды ұстаушыларының жеке есеп-шоттарының бірегей жүйесін жүргізуді іске асыратын болады. Мүдделер кикілжіңін болдырмау мақсатында тіркеушілерге бағалы қағаздар ұстаушыларының реестрлер жүйесін жүргізуге тыйым салынатын болады.
Клирингтік палатаны құру
Қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша клиринг дегеніміз қаржы құралдарымен мәміле жасау нәтижесінде туындайтын есептесулерге қатысушы тараптардың өзара талаптары мен міндеттемелерін есептеу.
Келешекте, жасалынатын мәмілелердің саны артқан сайын бағалы қағаздар нарығында операциялар мен трансферттердің сапалы және сенімді түрде өткізілуі, сондай-ақ неттинг және клиринг жүйесінің енгізілуі мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының мәмілелері бойынша есептесулерді кепілдендіру қорын қалыптастыруға септігін тигізетін жеке клирингтік палатаны құру мәселесін қарастыру талап етілетін болады.
Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасына клирингтік операцияларды реттеу, «неттинг» түсінігін анықтау, сауда және есептеу-клирингтік инфрақұрылымның тәуекелдерін деңгейлеп бөлісу бойынша жағдайлар жасау мен кейініректе мамандандырылған клиринг ұйымын құру бөлігінде толықтырулар мен өзгертулер енгізу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілетін болады.
Тиімді қызмет ететін Клирингтік палатаны құру үшін біртіндеп жағдайлар қалыптастырудың маңыздылығын есепке ала отырып, әрекеттегі есептеу жүйесін реформалаудың алғашқы кезеңінде есептеулерді кепілдендірудің сенімді тетігін құруға аса назар аударып, іс-шараларды жүзеге асырудың келесі тәртібін ұстанған дұрыс:
1) есептесудің Т+0 схемасынан Т+3 схемасына ауысу мерзімдерін ұзарту;
2) биржа нарығындағы есептесулерді кепілдендіру тетігінің тиімділігін арттырып, нарық қатысушыларының инвестициялық қызмет атқарудағы (атап айтқанда қарызбен қамтамасыз етілген қысқа мерзімдік сатылымдарды іске асыруда) мүмкіндіктерін әрі қарай кеңейтіп, бағалы қағаздармен несиелеу нарыған дамыту мақсатында инфрақұрылымдық жағдайлар түзеп олардың заңнамада бекіту мүмкіндігін қарастыру;
3) ұйымдастырылған нарықта клирингтік қызмет атқару бойынша заңнама әзірлеу мүмкіндігін қарастыру, Клиринг палатасын құру мен жабдықтаудың көздерін анықтау, Клиринг палатасына өтімділікті тиімді түрде басқаруға мүмкіндік беретін жағдайлар жасау (мысалы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі немесе коммерциялық банктер арқылы несиелендіру, «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ бағалы қағаздар түрінде қарыз алу), сонымен қатар мамандармен қамтамасыз ету.
Алғашқы кезеңде 2009 жылы Орталық депозитарий негізінде клиринг есептеулерін жүргізетін арнайы бөлімше құрып, 2013 жылы аталған бөлімшені жеке бөліп шығарып, дербес ұйым - Клирингтік палатасына айналдырған жөн. Бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамаға сәйкес Орталық депозитарий клирингтік және есептеу ұйымдарының құрылуы мен қызметіне қатыса алады.
АӨҚО инфрақұрылымдық ұйымдарын дамыту
Қаржы орталығының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында оның институционалды дамуын қамтамасыз ету мен АӨҚО қызметін реттеуге мемлекеттің белсенді түрде қатысуы қажет.
Бұл үшін АӨҚО РА, АӨҚО Академиясы және АӨҚО-Медиа сияқты «АӨҚО» АҚ еншілес ұйымдарына әрі қарай да демеу көрсетілетін болады.
АӨҚО академиясы республиканың қор нарығына білікті маман дайындау процессіне белсенді түрде қатысуы қажет. Бұл үшін АӨҚО академиясы базасында бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушы мамандарды халықаралық оқыту бағдарламалары деңгейінде оқыту және қайта дайындау жүзеге асырылатын болады.
АӨҚО РА әлеуетті эмитенттермен инфрақұрылымдық облигациялар, жергілікті атқарушы органдардың облигациялары, қазақстандық орта және шағын бизнес компаниялар облигацияларына ұлттық рейтинг беру бойынша жұмыс ұйымдастыратын болады.
Қор нарығының ақпараттық ашықтығы мен ақпарат беруінің жеделдігін арттыру
Мемлекеттік органдардың, мекемелердің және ұйымдардың экономика күйі мен оның негізгі индикаторлары туралы, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарының күйі туралы ақпараттарды тұрақты түрде жариялап тұруына қатысты жұмыстарын күшейту қажет. Ол берілетін ақпарат пен басқа да статистикалық және аналитикалық мәліметтер оны тұтынушыларға, соның ішінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары мен олардың бірлестіктері, қазақстандық және отандық инвесторлар, ақпараттық-аналитикалық және рейтинг агенттіктері мен халық үшін қажет болып табылады.
Дамыған мемлекеттерде нарыққа мемлекет тарапынан берілетін ақпараттардың уақытылы және тұрақты түрде берілуі мемлекеттің жағымды инвестициялық климатын қалыптастыруға, инвесторлар мен халықтың мемлекетке деген сенімін арттыруға, қаржы нарығы мен оның қатысушыларын реттеуде мемлекет мінез-құлқын болжауға айтарлықтай ықпал етеді. Мемлекеттік органдардың ақпараттарының нарықта таратылуында тұрақтылық, бір уақытта беру, уақытылы беру, сенімділік қағидаларын сақтау нарықтың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасайды.
Ресейдің Қаржы нарықтарының федералды қызметі (ҚНФҚ) бағалы қағаздар нарығында жарияланатын ақпаратты бағалы қағаздар бойынша атқарушы биліктің федералды органымен таратушы ретінде өкілетті етіп тағайындалған бес ақпараттық агенттікпен бағалы қағаздар нарығында жарияланатын ақпаратты тарату туралы келісім жасаған. Олар эмитенттерге жаңалықтар арқылы қызмет көрсетеді және инвесторларға жарияланған ақпарат бойынша жедел қолжетімділікті ұсынады.
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылдағы 28 ақпандағы Заңының 19-бабын жүзеге асыру шеңберінде Қаржы министрлігі 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қаржылық есептіліктің депозитарийін (тұтынушылар үшін ашық болып табылатын, жария мүдделі ұйымдардың жыл сайын өткізетін қаржылық есептерінің электронды базасы) құру бойынша іс шаралар жүргізуде.
Сонымен қатар, аталған Заңның 1-бабының 7) тармақшасында берілген анықтамаға сәйкес жария мүдделі ұйымдарға жататындар: қаржылық ұйымдар, акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместері жатпайды), кен орнын пайдаланушы-ұйымдар (жалпы таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдар жатпайды) мен құрылтай капиталында мемлекеттік қатысу үлесі бар ұйымдар және шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар.
Бұқаралық ақпарат құралы болып табылатын қаржылық есептілік депозитарийі мен оның веб-порталының негізін қалау келесі мүмкіндіктерді береді:
тұтынушыларға жария мүдделі ұйымдардың қаржылық және басқа да ақпараттарын бір жерден алу мүмкіндігі;
жария мүдделі ұйымдардың жыл сайын өткізетін қаржылық есептері мен олар бойынша аудиторлық есептерді бір жерге шоғырландыру;
жария мүдделі ұйымдардың қаржылық күйі өзгерісінің серпінін бақылау.
Статистика бойынша мемлекеттік органдар мен басқа мемлекеттік органдар мен эмитенттердің бағалы қағаздар нарығын реттеу бойынша өкілетті мемлекеттік органдардың жария ететін статистикалық, аналитикалық және басқа да ақпараттардың маңызы мұндай ақпараттың қаржы құралдарының баға белгіленімінің өзгеруіне, қор индекстерінің өзгерістеріне, нарықтың жеке қатысушылары мен бүтіндей экономиканың қаржылық тұрақтылығына ықпал ететіндігімен анықталады.
Осыны ескере отырып, «Қаржылық есептілік депозитарийін құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 желтоқсандағы № 1228 қаулысымен қаржылық есептілік депозитарийі құрылған болатын, оның көмегімен аталған ақпараттық база мемлекеттік органдар мен эмитенттердің қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мен мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру шеңберінде қаржы қызметтерінің тұтынушылары (инвесторлар, эмитенттер, заңды және жеке тұлғалар) мен халықаралық қаржы ұйымдарына веб-портал арқылы тұрақты негізде ақпарат беретін болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен эмитенттер ұсынатын статистикалық, аналитикалық және басқа да ақпараттар қаржылық есептілік депозитарийі, «АӨҚО» АҚ, АӨҚО-Медиа технологиялық және бағдарламалық ресурстары арқылы таратылатын болады.
Қор нарығының ақпараттық инфрақұрылымын қазіргі заманғы электрондық технологиялар негізінде әрі қарай дамыту мақсатында келесі іс-шаралар кешені атқарылатын болады:
Қазақстан Республикасының заңнамасын электронды сандық қолтаңбаны пайдалана отырып электрондық құжаттарды айналымға ендіру бөлігінде жетілдіру;
инвесторларды олардың бағалы қағаздар нарығындағы құқықтары мен мүдделеріне қатысы бар ақпаратпен уақытылы қамтамасыз ету бойынша жағдайлар жасалды, соның ішінде акционерлік қоғамдардың аффилиирленген тұлғалары туралы, акционерлік қоғамдар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға міндетті корпоративтік оқиғалар, бағалы қағаздардың тіркелген шығарылымдары туралы мәліметтер қаржылық есептілік депозитарийінің веб-порталында орналастырылуы;
компьютер мен мобильді байланысты пайдалана отырып Интернет-трейдингті дамыту үшін жағдайлар жасау;
жоғары жылдамдықты интернет пен тарифтердің халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасы ақпараттандыру және байланыс агенттігімен бірге қарастырылуда;
сауда ұйымдастырушысы мен брокерлік компаниялардың Интернет-трейдинг қызметін көрсету бойынша бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар қалыптастырылған.
ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1101 қаулысымен бөлім өзгертілді (бұр.ред.қара)
3.2. Эмитенттер базасын кеңейту және қаржы құралдарының түрін көбейту
Ұлттық нарықты тұрақты түрде дамыту мен оның капитализациясын арттыруды қамтамасыз етудің басты факторларының бірі эмитенттер бойынша базаны кеңінен әртараптандыру (листингтен өткен эмитенттердің әр түрлі секторлар мен салалардан болуы) мен қаржы құралдарының түрін көбейту.
АӨҚО нарығының мақсаттық сегменті
АӨҚО ҚРА Ресей Федерациясы мен Украинадан институционалды инвесторлар мен әлеуетті эмитенттерді тарту бойынша жұмысын жалғастыратын болады. Мемлекеттерді осылайша таңдау эмитенттер санының көптігі мен Қазақстан экономикасымен ықпалдасуы мен даму деңгейінің жоғары болуымен анықталады. ТМД-ның басқа мемлекеттерінің (Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия) қатысушылары үшін кедергілерді жою бойынша жұмыс жүргізілуде.
Қытай Халық Республикасымен өзара әрекеттестік орнату бойынша іс-шаралар жүзеге асырылатын болады. Қор нарығы қалыптасып, оның көлемдері өсіп, экономикалық және саяси қатынастар әрі қарай дамығаннан кейін Қытай АӨҚО қызметіне мүдделі стратегиялық әріптеске айналуы мүмкін.
Ішкі қор нарығындағы отандық компаниялардың санын арттыру
Қазіргі уақытта ірі отандық компаниялар өз бағалы қағаздарын орналастыру ісінде батыстық қор биржаларын таңдайды. Сонымен қатар ішкі нарықта жоғары өтімді бағалы қағаздардың жетіспеушілігі байқалады. Ірі отандық компаниялардың ұлттық ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығына қатысуға мүдделі болмауының бір себебі заңнамалық реттеу болып табылады. «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен шетелдік мемлекеттің территориясында эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару мен орналастыру шарттары мен тәртібі реттеледі.
Осылайша, Қазақстан Республикасының резидент-ұйымдары шетелдік мемлекет территориясында эмиссиялық бағалы қағаздарын орналастыруы үшін төменде көрсетілген негізгі шарттарды сақтай отырып, өкілетті органның сәйкес рұқсатын алуы тиіс:
берілген акциялар өкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен бекітілген қор биржалары тізімінің санатына енгізілуі тиіс;
акцияларды орналастыру туралы өкілетті органның шешімінде берілген акциялардың жалпы санының жиырма пайызы Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында ұсынылуы туралы шарттың болуы.
Бұл норма осал болып табылады және акциялар эмитенттерін шетел нарығына шығаруға дейін отандық нарықта орналастыру бойынша талаптың орындалуын қамтамасыз етпейді. Эмитентке заңнама шарттарын орындау үшін өз бағалы қағаздарын Қазақстанда орналастыру міндетті емес, ішкі нарықта орналастырса жеткілікті.
Қаржы құралдарын әр түрлі валюталарда пайдалануды кеңейту
Шетелдік инвесторларды ішкі нарыққа тарту мақсатында шетелдік валюталарда бағасы белгіленген, номиналданған және сол валюталарда сатылатын бағалы қағаздарды шығару мүмкіндігі қарастырылған. Қор биржасындағы бағалы қағаздардың баға белгіленімі кез-келген әлемдік танылған валютада іске асырылуы мүмкін, соның ішінде АҚШ доллары, британ фунты, иена, Ресейлік рубль және эмитенттің таңдауына байланысты басқа да валюталар. Осылайша, Ресейдің РСЖ АҚШ долларында баға белгілеу рұқсат етілген болғанымен есептеулерде рубль пайдаланылады.
Қаржы құралдарымен операцияларды әр түрлі валюталарды пайдалана отырып жүргізу ішкі немесе сыртқы дағдарыстық құбылыстардың ықпалымен шетелдік портфелді инвесторлар Қазақстан қор нарығынан шығаруы жағдайында теңге курсына түсетін ауыртпалықтардан құтқарады. Қазіргі уақытта, теңгенің АҚШ долларына қатынасындағы курсты сақтау бойынша негізгі ауыртпалық ең алдымен Ұлттық банк үлесіне тиіп отыр. Бірақ Ұлттық банктің алтын-валюталық резервтерін пайдалану ұлттық валютаның тұрақтылығына айтарлықтай тәуекелдіктер туғызуы мүмкін. Әр түрлі валюталардағы қаржы құралдары бойынша эмитенттердің өз бетінше қабылдаған міндеттемелерін әртараптандыруы жағдайында теңге курсының тұрақтылығы мен республиканың қаржылық тұрақтылығына әсер ететін валюталық тәуекелдіктерді төмендету мүмкіндігі бар болады.
Осыны ескере отырып алғашқы кезеңде заңнамалық актілерге толықтырулар енгізу арқылы шетелдік валютада номиналданған облигациялар шығару мүмкіндігі бекітілетін болады.
Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік тетігін жетілдіру
Мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру мақсатында жеке капиталды тартудың ең негізгі құралы мемлекеттік-жеке меншік серіктестік (бұдан әрі - МЖС) болып табылады.
Атап өтетін жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 шілдедегі № 693 қаулысына сәйкес жарғылық капиталында жүз пайыздық мемлекеттік қатысуы бар «Қазақстандық мемлекеттік-жеке меншік серіктестік орталығы» АҚ құрылды. Оның негізгі қызметі концессияның мүмкін объектілерін техникалық-экономикалық негіздемесіне экономикалық сараптама және бағалау жүргізу, концессия объектілері бойынша құжаттардың конкурстық сараптамасын жүргізумен байланысты.
Қазіргі уақытта әлемде қоғамдық маңызы бар және инфрақұрылымдық жобаларды тікелей мемлекеттік қаржыландырудың орнына мемлекет тарапынан кепілдік бере отырып жеке ұйымдар арқылы қаржыландыру келуде. Кеңінен пайдаланылып отырған аталған жобаларды қаржыландыру мақсатында шығарылатын корпоративтік облигациялар бойынша мемлекеттік кепіл беру тәжірибесі корпоративтік облигациялар нарығының көлемін арттыруда күшті факторға айналуы мүмкін.
Сондай-ақ, шетелдік компанияларды МЖС жобаларын қаржыландыруға қатыстыру мақсатында халықаралық қаржы ұйымдары (ЕВRD, ІFС және басқалар) мен шетелдік компаниялармен серіктестік ұйымдастырылатын болады.
Мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың, ұлттық
холдингтердің, ұлттық басқарушы компаниялар мен ұлттық
компаниялардың иелігіндегі компаниялардың республиканың
қор нарығына шығуы
Нарықтық экономикасы даму үстіндегі шетел мемлекеттерінің тәжірибесінің көрсетуі бойынша мемлекет иелігіндегі акциялар пакетінің бөлігін орналастыру қор нарығының басты қозғаушы күші болып табылады. Осыған байланысты, Қазақстанның қор нарығы мемлекеттік қатысуы бар компаниялар мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ) құрамына енетін компаниялардың бағалы қағаздарын ішкі қор нарығына шығарып оларды инвесторлар мен халық арасында орналастыру арқылы дамыту жандандырылатын болады.
Осы Даму жоспарының негізгі көрсеткіштері мен индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында акциялары «Самұрық-Қазына ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» холдингі» АҚ және олардың еншілес ұйымдарына тиесілі акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарын қор нарығына шығару жөнінде және оларды қор нарығына шығарудың нақты кезеңдері мен мерзімдері, жыл сайынғы орналастыруды қамтамасыз ету бойынша қажетті іс-шаралар анықтау туралы ұсыныстар әзірленетін болады. Нарықтың 2015 жылға дейінгі қалыптасу кезеңінде тұрақты капитализациясы мен нарық өтімділігін жоғары деңгейін қамтамасыз ету мақсатында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ құрамына енетін компаниялардың жыл сайын шығаратын бағалы қағаздарының ең төменгі көлемін 2-3 млрд АҚШ доллары шегінде анықтау қажет. Орналастыруды бастауды әлемдік экономикадағы негізгі дағдарыстық құбылыстардың аяқталуы мен табысты түрде орналастыру үшін жағдайлар туындаған кезде бастау қажет. Компаниялардың корпоративтік басқаруын әрі қарай жетілдіру, анық және ашық дивидендтік саясат әзірлеу, олардың қызметінің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз ету, оларды нарықтық жағдайларда қорландыруды іске асыру үшін жағдайлар жасау, ұйымдардың бағалы қағаздарының бағасының шындыққа сәйкестігін анықтау, компаниялардың нарықтық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, мұның барлығы ұйымдардың бағалы қағаздарын ішкі қор нарығына шығарудың жағымды факторларына жатады.
Ұлттық компаниялар мен ұлттық дамыту институттары да отандық қор нарығында қарыздық бағалы қағаздар шығаруды нарықтық жағдайларды өз қызметін қаржыландыру тетігі ретінде пайдаланғаны жөн.
Осыны ескере отырып, компаниялар қызметін бюджеттен қаржыландыруды біртіндеп қысқартып, қорландыру нарығында барлығы үшін тең жағдайлар қамтамасыз ету ұсынылатын болады.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына енетін және халықаралық рейтинг агенттіктерінің рейтингтерін алмаған компаниялардың ішкі қор нарығында акцияларын орналастырып, биржаның ресми тізіміне енгізілмей тұрып алдын-ала ұлттық рейтинг иеленуі туралы заңнамалық талап енгізілетін болады. Сонымен қатар, аталған талап шеңберінде рейтинг бағаларының түрлері анықталады (корпоративтік басқару рейтингі, кредиттік рейтинг және басқалар).
Ұлттық холдингтер мен ұлттық компанияларға тиесілі компаниялардың нарықтық құнының тұрақты өсуін мемлекет қатысуы бар ұйымдардың бағалы қағаздарын басқару бойынша тиімді қызмет көрсеткіштерінің бірі ретінде санауға болады.
Туынды қаржы құралдарын дамыту
Қор нарығының одан әрі дамуы онда сатылатын қаржы құралдар түрлерінің көбеюіне байланысты. Қаржы құралдардың кен түрлерінің даму үшін - акция және облигациялар базалық құралдар нарығының белсенді түрде жұмыс істеу болып табылады. Бірақ та жаңа қаржы құралдарды енгізу қажет.
Қор нарықтары дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере отырып, кен пайдаланылатын қаржы құралдар: секьюриттелген облигациялар, индекстік қорлар, айналатын бағалы қағаздарына туынды қаржы құралдар, валюта және тауарлар (бидай, алтын, жанармай), жылжымайтын мүліктік қорлар, депозитарлық қолхаттар болып табылады.
Сондай-ақ қарыздық міндеттемелердің құрылымдық және гибридтік туынды құралдарын, келісім-шарттық құралдарды, пайыздық және валюталық тәуекелдіктерді хеджирлеу құралдарының көрініс беріп қалыптасуын ынталандыру бойынша шаралар қарастыру ұсынылады. Пайыздық және валюталық тәуекелдіктерді хеджирлеу құралдарының нарығын дамыту институционалды инвесторлардың тәуекелдіктерімен қатар экспорт-импорт операцияларының қатысушылары болып табылатын кәсіпорындардың да тәуекелдіктерін төмендетуге септігін тигізетін болады. Базалық активі тауар болып табылатын туынды келісім-шарт құралдарының пайда болуы сыртқы сауда операцияларының баға ауытқуларынан болатын тәуекелдіктерін төмендететін болады.
Халықаралық нарықтарда туынды қаржы құралдарын сату үшін қолжетімділікті арттыру мақсатында келесі жағдайлар ұсынылады:
инвестордың және оның контр-серіктесіне талаптарды есепке жатқызу қатысты ISDА Келісімге қол қоюға халықаралық тәжірибесі зерттеленеді;
ISDА келісімінің ресми аудармасын іске асыру және оның деректілігін тексеру;
институционалдық инвесторлардың несиелік қолдау туралы келісімге қол қою мүмкіндігі бойынша ұсыныстар қарастырылады (ISDА Credit Support Аnnех).
Инфрақұрылымдық облигациялар шығару
Қазақстанның бірқатар инфрақұрылымдық жобаларды іске асырудағы жоғары қажеттілігін ескере отырып инфрақұрылымдық облигациялар шығарылымының өсімі күтілуде. Бірақ «Досжан темір жолы» АҚ тарапынан шығарылған инфрақұрылымдық облигациялар бойынша кезекті жылдық купонын төлеуі бойынша орын алған дефолт пен мемлекеттің кепілге алуы шеңберінде пайда болған инвесторлар алдындағы міндеттерін ҚР Үкіметінің оперативті орындауы бойынша мүмкіндігінің болмауы инфрақұрылымдық облигациялар ұстаушыларының мүддесін қорғау бойынша шешілмеген мәселелер бар екенін көрсетті.
Сонымен қатар эмитенттің ай сайынғы банк есеп-шотына ақша салу процедурасы мен олардың нысаналы пайдалануын қадағалау кастодианға міндеттелуі ұсынылады. Эмитент есептік салымдарын іске асырудың толықтығы мен уақытында орындалуы бойынша өз міндеттерін орындамаған жағдайда, кастодиан концессионерге шара қолдану мен мемлекеттік тапсырманы орындау бойынша алдын-ала шаралар қабылдануы үшін өкілетті орган - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігін хабарландыруға міндетті.
Эмитентке «sinking fund» қаржы бөлуді қалыптастыру бойынша талаптар енгізу инфрақұрылымдық облигациялардың сенімділік рейтингін арттырып, эмитентке оларды орналастырудағы ақша тарту құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар концессиялар мен МЖС туралы заңнамаларда келесі ережелерді қарастыру ұсынылады:
алушы ретінде мемлекетті қорғауға бағытталған концессия объектілерін сақтандыру шарттарына қойылатын ең аз міндетті талаптарды анықтау;
инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекеттің міндеттемелерін жүзеге асыру тиімді тетігін жоғарылату.
Ислам қаржы құралдарын енгізу және дамыту
Келешекте Қазақстан көптеген елдерде, соның ішінде Батыс Еуропа елдерінде, дамып кеңінен тараған ислам құралдары нарығын енгізу арқылы Таяу Шығыстың мұсылман мемлекеттері мен Оңтүстік шығыс Азия мемлекеттерінен инвестициялардың үлкен көлемін тарту мүмкіндігі бар.
Осы мақсатта ислам қаржы құралдары туралы заңнаманы жетілдіру бойынша шараларды қабылдау мүмкіндігі қарастыру мүмкін:
шығару жағдайларды қою бойынша ислам бағалы қағаздар шығарылым проспектісісіне;
ислам бағалы қағаздарды айналымына және өтеуге;
ислам қаржылық компанияны құру, жұмыс істеу, қайта ұйымдастыру және жою, ислам қаржылық компанияның бөлінген активтерді бухгалтерлік есептеу тәртібіне талаптар қоюына;
бағалы қағаздар ұстаушылардың мүдделерін ұсынылу және бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі өзінің функциясын орындау туралы келісім-шартқа нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуді қатысты талаптарды қою.
Секьюритилендірілген қаржы құралдарын шығару
ЕДБ экономиканы несиелеу бойынша өз қызметін қорландыру көздерінің жетіспеушілігі жағдайларында қор нарығын нақты сектор кэсіпорындарының капиталын тартудың баламасы ретінде дамыту маңызды мемлекеттік міндетке айналып отыр.
Осы мақсаттарда ЕДБ және басқа да компаниялар өздерінің әрі қарай капиталдандыруы мен өз активтерін секьюриттеу сияқты құралдарды пайдалана отырып қаржыны тарту бойынша нарық механизмдерін белсенді түрде қолдануын қамтамасыз ету қарастырылады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздардың тиімді нарығын қалыптастыру, республиканың қарыздық құралдарының ішкі нарығын дамыту, ұжымдық инвесторлардың (ЖЗҚ, сақтандыру компаниялар және инвестициялық қорлар (бұдан әрі - ИҚ)) инвестициялық тәуекелдіктерін төмендету мақсаттарында МБҚ нарығын дамыту қажет.
МБҚ бойынша табыстың нақты қисығын қалыптастыру инвесторлар мен эмитенттерді коса алғанда, қор нарығының барлық қатысушылары үшін ақша құнының негізгі бағдарын құрудағы нарық тетігі (benchmark) ретінде қызмет етеді.Алғашқы кезекте ЖЗҚ, ИҚ және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компаниялары сияқты халықтың жинақтарын инвестициялауды атқаратын институционалды инвесторлар үшін маңызды болып табылады. МБҚ нарығында табыстың нақты қисығы туынды бағалы қағаздар нарығын қалыптастыруда негізгі индикаторы, қаржылық құралдардың өзге де жаңа түрлерін енгізу үшін негіз болуы тиіс.
Бұл ретте қарыздық құралдардың ішкі нарығын Қаржы министрлігінің МБҚ шығару арқылы дамыту мемлекеттің ішкі қарызының қолайлы деңгейін сақтау бойынша бағыттың ескерілуі арқылы іске асырылғаны жөн.
Инфляцияға индексацияланған МБҚ да, шектелген купоны бар МБҚ, олардың өтімділігін қамтамасыз ету және екінші нарықта олардың айналымы үшін жеткілікті көлемдегі шығарылымы МБҚ бойынша табыстың нақты қисығын қалыптастыру мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Ұлттық банк қысқа мерзімдік қаржы құралдары бойынша табыстылық қисығын құру үшін бір жылға дейін мерзімде ноталарын үздіксіз шығарып тұрады деп болжануда.
3.3. Тауарлар мен негізгі тауарлық активтердің туынды қаржы құралдарының тиімді биржалық саудасын қалыптастыру
Түрлі негізгі активтер саудасының тиімділігін арттыру бағытындағы қосымша қадамдардың бірі Қазақстанда қор биржасымен қатар (қаржы құралдарының әмбебап биржасы ретінде болатын) тауар биржасын құру.
Евразиялық барлық мемлекеттерде болып жатқан нарық жүйесіне және жахандануға бейімделу мемлекеттер арасында тығыз ынтымақтастықты орнатуын қажеттілігі туындайды. АӨҚО елдер арасында интеграциялық ынтымақтастықта маңызды рөл атқару қажет, сонымен қатар тауар айналымының көбеюіне және шетел және қазақстандық тауар өндірушілерді қазақстандық тауар нарығына шығуына әкеледі. Осымен байланысты, сауда аумағы деңгейінде мемлекеттер арасында интеграциялау маңызды болып табылады және де Алматы қаласында халықаралық деңгейде тауар биржасын құру.
АӨҚО негізінде Еуразиялық аумағына бағытталған біріктірілген сауда жүйесімен жаңа тауар биржасы құрылады.
Тауар биржасында қаржы құралдарына деривативтермен сауданы жасау болжанылады. Тиімді тауарлық биржаның жұмыс істеу Қазақстанды халықаралық тауарлық нарықтармен интеграциялауға, сонымен қатар евразиялық аумағында интеграциялық процестердің жалпы дамуына септігін тигізеді.
Осыны ескере отырып, Қазақстанда тиімді тауар биржасын құру бойынша келесі шаралар кешенін жүзеге асыру ұсынылуда:
тауарлық биржаны ұйымдастыру және жұмыс істеуіне қазіргі заманға сай талаптарды ескере отырып, тауарлық биржа бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларды жетілдіру;
өзіндік капитал көлеміне қатысты тауар биржаларының талаптарын арттыру, жаңа бағдарлама-техникалық қамсыздандыру, келісілген келісімдерді орындауға кепілдік беру (қойма және элеватор жүйесі, клирингтік орталық) және биржалық инфрақұрылымдардың басқа да элементтердің бар болуы;
тиімді тауар биржасын құру және стратегиялық инвесторды тарту бойынша шараларды қабылдау;
тауар биржасында кәсіби қатысушылар-тауарлық брокерлердің (дилерлердің) жұмысы үшін жағдайлар жасау;
қор биржасының қызметін кеңейту мақсатында тауар активтеріне фьючерстермен сауданы ұйымдастыру, сонымен қатар аффинирленген алтынға жедел келісім жасау ұсынылады.
3.4. Инвесторлар базасын дамыту және олардың мүддесін қорғау
Қазақстанның халықаралық нарықтарға ықпалдасуының артуы кезінде және алдағы БСҰ кіру кезінде экономикалық қауіпсіздік пен ұлттық нарықтың даму тұрақтылығын және оның сыртқы жағымсыз әсерлерге қатысты негізгі көрсеткіштерін қамтамасыз ету керек.
Осыған байланысты Қазақстандағы қор нарығы үшін инвесторлық базаны кеңейту мен шетелдік және қазақстандық инвесторлар үшін жағымды және бәсекелестік шарттарын құру арқылы капитал мөлшерін арттыру, толықтай қор нарығы мен халықаралық қаржы орталығын құрудағы маңызды тапсырманың бірі болып табылады.
Отандық және шетелдік инвесторлар базасын дамыту
Капиталды концентрациялау мәселесі ішкі институционалдық және жеке инвесторлар мен шетелдік инвесторлар секілді инвестициялардың екі қайнар көзін тарту арқылы республика экономикасын дамыту мен қаржыландыруға қатысты өте маңызды міндетті шешуді болжайды.
Аталған міндеттерді шешу келесі шараларды қамтиды:
халық қаражатын қор нарығына тарту және оларды ЖЗҚ зейнетақы активтеріне, ПИҚ, өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру компанияларының жинақтаушы өнімдеріне инвестициялау, сонымен қатар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары қызметі арқылы халықтың қаржы құралдарын тікелей сатып алуы.
шетелдік портфелдік инвесторлар инвестициясын тарту.
Осыған қатысты ұсынылатын мәселе:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік бағдарламасы үлгісінде халық қаражатын ынталандыру арнайы ұлттық бағдарламаны жасау және бекіту. Онда халықтың ұзақ мерзімді жинақтарын ЖЗҚ (ерікті және ерікті кәсіптік жарналар), адам өмірін сақтандыру компанияларына, сонымен қатар ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары) жинақтарды екінші деңгейлі банктерге (ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) жинақтаулар), ПИҚ ынталандыру бойынша қажетті шараларды қарастыру қажет;
қаражаты қаржы құралдарына инвестициялауға жеткілікті халықпен үйрету және ақпараттық-түсіндірмелі белсенді жұмыстар ұйымдастыру;
«халықты ІРО» ұйымдастыру, трансфер-агент желілер арқылы қаржылық қызметтердің қол жетерлігін қамтамасыз ету, Интернет желісін қамтамасыз ету және оның бағасын төмендету, эмитенттердің, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар қызметтері туралы ақпараттарды ашып көрсету, ұжымдық инвестициялау институттердің жұмыс нәтижелері арқылы қор нарығына инвестициялау мүмкіндіктерін халыққа беру;
нарықтың дамыған инфрақұрылымын қалыптастыру және мемлекеттік органдар, эмитенттер және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылар ақпараттарды жария ету деңгейін жоғарылату арқылы республиканың ішкі нарығына шетелдік портфелдік инвесторлар үшін жағдайларын жақсарту.
Институционалдық инвесторлар мен олардың инвестициялық мүмкіндіктеріне қатысты талаптарды арттыру
Азаматтардың жинақтарын инвестициялауды жүзеге асырушы ұйымдардың қызметін ұйымдастыру туралы ақпаратпен халықты қамтамасыз ету үшін инвестициялық портфель құрылымы туралы ақпаратты толықтай ашу, инвестициялау стратегиясы мен саясаты, инвестициялық тәуекел деңгейі мен тәуекелді басқару жүйесі, ұжымдық басқару жүйесі бойынша заңды түрде институционалдық инвесторлар міндеттемелерін бекіту ұсынылады.
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша қосымша талаптар орнату қажет.
Қазақстанның әрекеттегі заңнамасына сәйкес кастодиан зейнетақы активтерін мақсатты түрде орналастыру мен жасалынатын мәмілелердің Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларымен сәйкес жүргізілуін қадағалайды. Осылайша, ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған нарықта жасалынатын кез келген мәмілені кастодиан алдын ала рұқсаттауы (мақұлдауы) тиіс. Қазіргі таңда кастодиандар өз қызметтерін тиімді түрде атқармауда, бұл негізінен кастодиан-банкінің мамандарының жетіспеушілігі мен бағдарламалық техникалық қамтамасыз етілуін жетілдіру қажеттілігімен байланысты. Осыған байланысты кастодианға қатысты талаптар күшейтіліп, жоғарыда аталған қызметтерін атқаруы бойынша жауапкершілігі артатын болады.
Тәуекелдіктерді басқару тәжірибесін Еуропа Одағының директиваларына жақындату мақсатында, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының тәуекелдіктерін басқару жүйесін жетілдіру қажет, соның ішінде брокерлік және немесе дилерлік қызмет атқаратын және инвестициялық портфелді басқару ұйымдары, экономиканың берілген секторының ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдіктерді тиімді басқару жүйесін бағалау жүйесін құру.
Осылайша, отандық қаржы нарығындағы қаржылық қызметтер көлемінің өсуі реттеуші мен қаржы ұйымдарының тәуекелдіктерді басқару тәсілдерін қайта қарастыруды талап етеді. Қаржы ұйымдарына тән тәуекелдіктерді, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін ескере отырып тәуекелдіктерді басқару жүйесін ұйымдастыру бойынша заңнамалық талаптар орнату.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қаржы ұйымдарының тәуекелдіктерін басқару жүйесі бар болуы келесі талаптарды қарастырады:
корпоративтік басқарудың, соның ішінде коллегиялық басқару органдарын қалыптастыру бойынша талаптардың, ұйымның директорлар кеңесінің ұзақ мерзімдік корпоративтік стратегиясын, мүдделер кикілжіңін реттеу бойынша саясаты, ішкі аудит жүргізу тәртібі бекітуі, сонымен қатар, ұйым басқармасы бекіткен негізгі тәуекелдік позициялар бойынша тәуекелдіктерді басқару рәсімдерінің бар болуы;
қаржылық қызметтер көрсету тәжірибесі, соның ішінде ішкі аудит қызметі мен тәуекелдіктерді басқару бөлімшелерін қалыптастыру бойынша талаптардың, ұйымның ішкі қадағалау жүйесінің бар болуы, қаржы құралдарымен операциялар орнату, активтер мен міндеттемелерді басқару;
ақпараттық жүйелер мен басқару ақпараттық жүйесін қалыптастыру, соның ішінде, ақпараттық қамтамасыз ету бөлімшелерін құру, қаржы ұйымын операциялық қызметін қамтамасыз ету.
Тәуекелдіктерді басқару жүйесі қаржылық ұйымда пайда болатын проблемаларды бастапқы кезеңде анықтай мүмкіндігін береді. Аталған проблемалар қаржылық тұрақтылық пен төлем қабілеттілігі бойынша заңнамалық талаптардың бұзылуына алып келуі мүмкін.
Осыны ескере отырып, келесі шаралар жүзеге асырылатын болады: стресс тестілеуді жүргізу, қаржы нарығында тәуекелдіктер деңгейінің өсуі кезінде шұғыл әрекет етудің схемаларын әзірлеу; тәуекелдерді басқару жүйелеріне қойылатын талаптарды жетілдіру, пруденциалдық реттеу бойынша Еуропалық одақ директиваларын ескере отырып әрекеттегі заңнаманы жетілдіру, «қадағалауда тәуекелге бағдарланған тәсілді» ендіру (Rіsк based suреrvіsіоn).
Инвесторлардың құқықтары мен мүддесін қорғау
Қазақстан Республикасы қор нарығындағы барлық санаттағы инвесторларды қорғау үшін инвесторларды қорғау бойынша заңнамада келесі мәселелердің бекітілу мүмкіндігі қарастырылады:
қоғамның сатып алатын акцияларының құны анықтаудың ұсынылтын типтік әдістемесін дайындау;
АҚ акцияларына шығарылған депозитарлы қолхаттардың иегерлері және Қазақстан резиденттері болып келетін инвесторлардың құқықтарын базалық активке берілетін меншік құқықтарынан шығатын құқықтарды жүзеге асыру арқылы қорғау, мүдделеріне сәйкес ақпаратты алу;
артықшылықтары бар акциялардың иелері-акционерлердің құқықтарын қорғау;
акционерлердің АҚ қызметі туралы ақпарат алу құқығын қорғау;
эмитенттердің қаржылық тұрақтылықтың белгіленген ең төменгі көрсеткіштері мен басқа талаптарын ұстануы бойынша міндеттілік енгізу (мысалы, инфрақұрылымдық облигациялар шығару кезінде «sinking fund» қалыптастыру);
эмитенттің бағалы қағаздарды оларды ұстаушылардан сатып алу шарттары мен қаржылық тұрақтылық көрсеткіштерінің ең төменгі көрсеткіштері нашарлағанда және басқа бекітілген талаптар бұзылған жағдайдағы эмитенттің жауапкершілігін анықтау;
инвесторлардың өкілдеріне қаржылық есептілік пен басқа ақпаратты беру бойынша эмитенттің міндеттері мен инвесторлардың кеңес құру құқығын регламенттей отырып эмитенттердің іс-әрекетін инвесторлар мен нарықтың басқа қатысушыларының мониторингін іске асырудың мүмкіндіктерін арттыру;
Орталық депозитарийдің немесе оның басқа номиналды ұстаушылардың активтеріне тыйым салынған жағдайда Орталық депозитарий мен басқа номиналды ұстаушылардың активтері депоненттердің активтерінен бөліп алу міндеттілігіне қатысты заңнамалық талап орнату;
қаржылық есептілік депозитарийіне кіретін тіркелген бағалы қағаздар шығарылымы туралы мәліметтерді акционерлік қоғамдармен жариялануы тиіс және бұқаралық ақпарат құралдарында акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғалары, корпоративтік оқиғалары туралы ақпараттың инвесторлар мен халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету;
қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес жұмыс істейтін білікті бухгалтерлердің санын арттыру бойынша шаралар қабылдау;
миноритарлы акционерлер мен портфелді инвесторлардың, соның ішінде қор нарығындағы халықтың құқықтарын қорғаудың деңгейін арттыру мақсатында корпоративті басқарудың типтік кодексін өзгерте отырып корпортативті басқару туралы заңнаманың талаптарын оңтайландыру;
эмитенттің биржаның ұйымдастырылған сауда алаңына шығуы алдында компанияның23 нарықтық құнының артуының жағымды ықпалын ескере отырып эмитент-компанияларда корпоративтік басқару стандарттарын енгізу бойынша талаптар орнату.
Сонымен қатар дамыған мемлекеттердің оң тәжірибесі мен республиканың қаржы нарығының басқа да секторлары бойынша жинақтаған тәжірибесінің негізінде инвесторларды қорғау бойынша арнайы бағдарлама дайындап, қабылдау ұсынылады. Мысалы, АҚШ инвесторларды қорғау корпорациясы құрылғаннан кейін брокерлік фирмалар арасындағы банкроттық саны мен зардап шегуші инвесторлардың саны айтарлықтай азайды. Өз кезегінде Қазақстан Республикасында «Қазақстандық депозитарийге кепілдендіру қоры» АҚ мен бірқатар инфрақұрылымдық ұйымдарды («Қазақстан ипотекалық несиелерін кепілдендіру» АҚ, «Қазақстан сақтандыру төлемдерін кепілдендіру» АҚ) құрудан көрініс тапқан жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру жүйесінің енгізілуі халықтың қаржы секторына және оның өнімдеріне сенімділігін арттыруға септігін тигізді. Жеке тұлғалардың инвестицияларын қорғау үшін кепілдендіруді іске асырудың нарықтық механизмдерін қор нарығына енгізу мүмкіндігі де бар. Сондағы қаржы делдалдарының өзіндік капиталдандыруының деңгейі олардың клиенттер алдында өздеріне қабылдайтын тәуекелдіктерге сәйкес болуы қажет.
Мүдделілік бар келісім-шарттар ерекше қадағалауға алынатын болады.
«Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңының 71-бабымен мүдделілігі бар келісімдерді жасауға қатысты талаптар орнатылған. Қоғамның келісім жасалуына мүдделі тұлғалар (бұдан әрі - мүдделі тұлғалар) қоғамның аффилиирленген тұлғалар болып саналады, егер де:
келісім-шарттың тарапы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын болса;
келісімнің тарабы немесе оның өкілі не делдал ретінде қатысатын заңды тұлғаның аффилиирленген тұлға болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялық схемалардың көпшілігі аффилиирленген тұлғалар арасында жасалынады, соған байланысты мынадай келісімдерге, соның ішінде қор биржасының сауда жүйесінде ашық сауда әдісімен жасалынған өкілетті органның тарапынан қадағалауы күшейтіледі.
Бағалы қағаздар нарығындағы манипуляциялар мен инсайдерлік ақпаратты таратуды қадағалау жүйесін жетілдіруді қажет болып отыр.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржылық жүйенің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңында бағалы қағаздар нарығында манипуляциялау мақсатында жасалған келісімдерді жасалынды деп танудың басқа реті қарастырылған.
Осылайша, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында манипуляция мақсаттарында жасалынған келісімдер деп қор биржасының (егер келісім соның сауда жүйесінде жасалынса) директорлар кеңесінің сарапшылық қорытындысының нәтижесі бойынша өкілетті органмен іске асырылады.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімді манипуляция мақсаттарында жасалған деп танылуы мәселелері бойынша сарапшылық қорытынды дайындау үшін қор биржа директорлар кеңесінің комитетін құрайды. Қор биржасының бағалы қағаздар нарығында жасалынған келісімдерді манипуляциялық мақсаттарда жүргізілген деп тану бойынша директорлар кеңесінің комитеті (бұдан әрі - сарапшылық комитет) қор биржасының директорлар кеңесінің мүшелерінен, өкілетті органның өкілдерінен және комитетте жұмыс істеуге қажетті кәсіби білімдері бар жұмысшылар мен сарапшылардан құрайды. Қор биржаның атқарушы органның басшысы сарапшылық комитетінің төрағасы бола алмайды.
Сонымен, Қазақстан Республикасы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттіктің нормативтік құқықтық актісі деңгейінде манипуляциялық келісімдердің критерийлерін анықтау мен реттеуші тарапынан инсайдерлік ақпараттың таратылуын қадағалауды күшейту қажет.
Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру жүйесі құрылатын болады.
Инвесторларды қорғау бағдарламалары көптеген мемлекеттерде іске асырылуда және әдетте бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыруды немесе нарық қатысушыларының (мысалы, брокерлердің) нақты тобының есебінен компенсациялық қорлар құруды қарастырылады. Компенсациялық қорлар негізінен төлеу қабілеттілігі төмен брокерлердің клиенттерін сақтандыру мақсатында құрылады.
Сонымен қатар, кейбір мемлекеттерде компенсациялық қорларының функциялау бағдарламалары клиент шығындарын айтылғаннан үлкен көлемде қамтуды қарастырады. Мысалы, Австралияда бағдарлама келісімді орындамаудан қорғайтын болса, Ұлыбританияның бағдарламасы нақты алаяқтықтардан қорғайды. Бірақ ешбір бағдарлама инвестицияларды кәдімгі нарықтық тәуекелдіктерден сақтандырмайды. Барлық бағдарламада компенсацияның шекті мөлшері орнатылған.
Қор нарығында сақтандыру тәуекелдіктерді басқарудың жаңа құралы болып табылады. Халықаралық сарапшылардың бұл бағыттың болашағына сенімі мол екендігін қолдайды, әсіресе нарықтың дамуының және оның инвестициялық тартымдылығын күшейту негізінде.
Жеке сақтандыру ретінде жеке немесе ұжымдық түрде жұмыс істейтін брокерлер өз клиенттерін сақтандыру компаниялары арқылы алаяқтықтан, құжаттардың жоғалуынан және басқа жағдайлардан сақтандыра алады. Бұл әдістің артықшылығы - қарапайымдылығы мен сақтандыру компаниясы тарапынан қосымша қадағалау мүмкіндігінде, ал кемшілігі - шығындардың айтарлықтай көп болуы, сақтандыру төлемдерінің деңгейінің жоғарылығы мен бекітілген ережелерден тыс шарттардың көп болуы. Осылайша, мысалы Ресей Федерациясының заңнамасында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтердің тәуекелдіктерін сақтандыру реттеуші ретінде танылады және нарық қатысушысымен өз тәуекелдіктерін өтеу әдісі ретінде пайдаланылуы мүмкін. Қаржы қызметтерінің берілген түрін дамыту мақсатында заңнамамен өз жауапкершілігін сақтандыру келісімін жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларына сақтандыру сомасының бір бөлігін өздеріне қатысты орнатылған өз қаражаттарының жеткілікті болу нормативін төмендету үшін беру қарастырылған.
Тіркеушілер, трансфер-агенттер мен депозитарийлердің кәсіби қауымдастығы (ПАРТАД) нарық қатысушылары мен олардың клиенттерінің шығындалуына алып келетін тәуекелдіктерді неғұрлым тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған, бағалы қағаздар нарығында кәсіби іс-әрекет атқарумен байланысты тәуекелдіктерді төмендету бойынша іс-шаралар жүйесін дайындау және енгізу бағдарламасы дайындалды. Жекелеп алғанда, аталған бағдарлама депозитарийлер мен тіркеушілердің төменде көрсетілген әрекеттері мен оқиғаларымен байланысты шығындануының кәсіби тәуекелдіктерін сақтандыру қарастырылады.
бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызмет атқару барысында басшының немесе қызметкерлердің кез келген байқаусыз жасаған қателіктері, ұқыпсыздық, жіберілген қателіктер;
депозитарий қызметкерлерінің құқықтарға қайшы әрекеттері, соның ішінде бағалы қағаздарға құқық беретін құжаттарды сақтау мен есепке алумен байланысты немесе құпиялы ақпаратты пайдаланумен байланысты;
жеке есеп-шотқа өзгерту енгізуге негіз беретін жалған құжаттар арқылы операцияларды жүргізу.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында («Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 100-1-бабы мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2007 жылғы 28 мамырдағы № 157 қаулысы) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының инвесторларға келтірілген шығындардың орнын толтыру мақсатында өзара сақтандыру қорларын түзу қарастырылған. Бірақ осы уақытқа дейін мұндай құқық әлі де іске асырылмаған.
Брокердің жауапкершілігі сақтандырылатын жағдайда сақтандыру жағдайының орын алғанын топтастыратын нақты критерийлерді анықтап алу қажет, мысалы сақтандыру жағдайдың бар болуы, сонымен қатар, бағаның нарықтық ауытқудың нәтижесінде инвестор шығындалды ма немесе кәсіби қатысушының жазығы бар ма.
Жоғарыда берілгеннің негізінде бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының жауапкершілігін сақтандыру бойынша міндетті талаптар енгізу мен бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен келтірілген инвесторлардың шығындарын өтеудің тиімді жүйесін түзу туралы мәселе нақтыланып, қарастырылатын болады.
__________________________
Ескерту:
23 - McKinsey компаниясының зерттеуі бойынша
Достарыңызбен бөлісу: |