Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамытудың 2015 жылға дейінгі жоспарын бекіту туралы



жүктеу 1,18 Mb.
бет3/5
Дата09.02.2018
өлшемі1,18 Mb.
#9128
1   2   3   4   5

Қазақстан қор нарығы

 

1993 жылдың 15 қазанында Қазақстанның Ұлттық валютасы - теңге енгізілгеннен кейін, Қазақстан қор биржасы 1993 жылдың 30 желтоқсанында заңды тұлға ретінде тіркелді.



2007 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын қабылдағаннан кейін, Қазақстан қор биржасы коммерциялық емес мәртебесінен айырылды.

2008 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша Қазақстан қор биржасында «Алматы қаласы өңірлік қаржы орталығы» акционерлік қоғамын (бұдан әрі - «АӨҚО» АҚ) қоса алғанда (12 % орналастырылған акциялар) 72 акционері бар. Қазақстан қор биржасының акционерлер құрамына екінші деңгейлі банктер (бұдан әрі - ЕДБ), жинақтаушы зейнетақы қорлары (бұдан әрі - ЖЗҚ), зейнетақы активтердің инвестициялық басқаруын жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - ЗАИБЖҰ), брокерлік компаниялар, инвестициялық портфелдерді басқару компаниялары, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылмайтын заңды тұлғалар мен бірнеше жеке тұлғалар кіреді.

Қазақстан қор биржасының әрі қарай даму болашағы халықаралық стандарттарға сай және бағалы қағаздар нарығында отандық және шетелдік инвесторларды, эмитенттерді және кәсіби қатысушыларды тарту қызметтеріне сай қаржы құралдарының жаңаша биржаға айналдыруына қатысты шараларды орындаумен байланысты. Болашағы бар нұсқалардың бірі болып халықаралық қор биржаларындағы стратегиялық инвесторды (инвесторларды) Қазақстан қор биржасының акционері ретінде тарту болып табылады.

 

 



Орталық депозитарий

 

Орталық депозитарий 1997 жылдың 18 шілдесінен бастап заңды тұлға ретінде тіркеліп, коммерциялық емес ұйым болып табылады.



Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Орталық депозитарий депозитарийлік қызметті атқаратын арнайы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Бірақ Орталық депозитарийдің акционерлері бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру лицензиясы бар кәсіби қатысушылары, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылары, оның жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Орталық депозитарийдің акция иелері болып табылатын халықаралық қаржы ұйымдары бола алады.

2008 жылдың 1 тамызындағы жай-күй бойынша Ұлттық банк (49,79 % орналастырған акциялары) пен Қазақстан қор биржасын (38,68 %) қоса алғанда Орталық депозитарийдің 25 акционері бар. Сонымен қатар Орталық депозитарийдің акционерлері құрамына ЕДБ мен брокерлік компаниялар кіреді.

2008 жылдың 1 қаңтарына Орталық депозитарийдің номиналды ұстануы жалпы қаржы құралдар көлемі 7,6 триллион теңгені құрады, олардың ішінде 4,4 триллионы, яғни 58 % мемлекеттік меншікте болды. 2007 жылы қаржы құралдарының номиналды ұстануының көлемінің 1,25 триллион теңгеге ұлғаюы, корпоративтік бағалы қағаздар көлемінің өсуімен байланысты болды. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шығарылған және депозиторлық қызмет көрсетуге берілген МБҚ көлемі 2008 жылдың 1 қаңтарына 753,61 миллиард теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 185,77 миллиард теңгеге немесе 19,77 % төмен болды.

Есеп ұйымдарында Орталық депозитарийдің атына ашылған номиналды ұстаушылардың шоттарында 2008 жылдың 1 қаңтарына қаржы құралдары сомасы 6,89 триллион теңгеге тіркелді.

2008 жылдың 1 шілдесінде Орталық депозитарийдің номиналды ұстануы жалпы қаржы құралдар көлемі 8,15 триллион теңгені (2008 жылғы 30 маусымдағы бағам бойынша 67,48 миллиард АҚШ доллары) құрады.

2008 жылдың 1 қаңтарынан 30 маусым аралығында есеп жүйесінде тіркелген қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 13,33 триллион теңгені құрады, оның ішінде ұйымдастырылған нарықта қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 10,01 триллион теңгені құрады, ал ұйымдастырылмаған нарықта қаржы құралдармен жасалған мәміле көлемі 3,32 триллион теңгені құрады.

2005 жылдың 20 қаңтарынан бастап Орталық депозитарий бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесін енгізу қызметін іске асыра бастады. 2005-2006 жылдар аралығында 25 эмитенттермен және басқару компанияларымен келісім-шарттар жасасты, олардың келісім-шарттарының негізінде және басқару компанияларына тапсырыс бойынша 60 бағалы қағаз ұстаушыларының реестрі құрылды.

2007 жылы Орталық депозитарий бағалы қағаздарын ұстаушылардың реестр жүйесінің қызмет көрсеткіштері елеулі артты, оның эмитенттермен және басқару компанияларымен жасалған келісім-шарттар саны 59 өсті, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрлерінің саны 2 есе өсіп, 119 құрады. 2008 жылдың 1 қаңтарында Орталық депозитарий 44 жай акциялардың, 2 артықшылығы бар акциялардың, 47 жарналардың, 26 мемлекеттік емес облигациялардың шығарылымдары бойынша бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінің жүргізуін жүзеге асырды.

2008 жылдың 1 қаңтарында бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінде 1301 бағалы қағаз ұстаушылар тіркелді, олардың ішінде 65 заңды тұлғалар және 1236 жеке тұлғалар. Тіркелген бағалы қағаздарды ұстаушылардың ішінде 8 жеке тұлға мен 6 заңды тұлға Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары.

2007 жылы бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестр жүйесінде тіркелген операциялардың жалпы көлемі 115,19 миллиард теңгені құрады. 2006 жылмен салыстырғанда, тіркелген операциялар көлемі 5,54 миллиард теңгеге өсті.

Орталық депозитарий қор нарығының толыққанды инфрақұрылымының жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие. Қазіргі таңда Орталық депозитарий тұрақты жүйеге және нарықтың ағымдық сұраныстарына жауап беретін депозитарийдің негізгі тетіктерімен сипатталады.

Орталық депозитарийдің күшті жақтарына мыналарды жатқызуға болады: RTGS (қазіргі уақыт режиміндегі жалпы есеп-айырысу жүйесі) мен DVP (төлемге қарсы жеткізу) бойынша өзара есеп-айырысу үдерісі; өзара есеп-айырысу кезіндегі дәлсіздіктердің төмен үлесі; нарық сұраныстарына және заңнамалық өзгерістерге жоғары дәрежеде бейімделуі; келешектегі кемелдендірулерге жоғары дәрежеде бейімделу мен ашықтығы.

2010 жылға қарай Орталық депозитарий кастодиандардың, брокерлердің және (немесе) бірінші санатты дилерлердің номиналды ұстау жүйесінде, сондай-ақ тіркеушілермен жүргізілуі іске асырылатын бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімін жүргізу жүйелерінде ашылған ұстаушылардың жеке есеп-шоттары бойынша бағалы қағаздардың қозғалыстары туралы жалпы мәліметтер сақтайтын бірегей есепке алу мекемесіне айналатын болады.

Сонымен қатар, Орталық депозитарий қызметінде бірқатар шешуші маңызына ие мәселелер орын алып отыр.

Осылайша, бағалы қағаздар нарығында, Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде брокерлік және дилерлік қызмет атқаратын ұйымдардың клиент ақшаларын есепке алу процедурасын жетілдіру қажет болып отыр.

ҚҚА Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы № 128 қаулысымен бекітілген, Орталық депозитарийдің қызметін атқару ережелерінің 20 және 21 тармақтарына сәйкес номиналды ұстаудағы қаржы құралдары мәмілелері бойынша агенттің төлеу функцияларын орындау мақсатында және сонымен қатар бағалы қағаздар бойынша табысты төлеу және оларды өтеу кезінде Орталық депозитарий клиенттерге номиналды ұстауды есепке алу жүйесіндегі жеке есеп-шотпен қатар банктік есеп-шот ашады.

Депонент пен оның клиенттерінің ақшаларын есепке алуды орталық депозитарий жеке екі банк есеп-шотын ашу арқылы жүргізеді: депонент клиенттерінің ақшасын есепке алу үшін арналған клиенттердің корреспонденттік есеп-шоттары және депоненттің жеке ақшаларын есепке алу үшін арналған жеке корреспонденттік есеп-шот.

Клиенттердің корреспондеттік есеп-шотарында депоненттің барлық клиенттеріне тиесілі ақшалар клиенттерге бөлінбеген жалпы түрінде есепке алынады. Депонент Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңнамасының ережелеріне сәйкес жеке ішкі есепке алу жүйесінде әр клиент бойынша ақшалардың жеке түрде есепке алынуын қамтамасыз етеді.

Нәтижесінде брокерлік лицензия қайтарылған жағдайда оның клиенті Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен брокермен ашылған клиенттік есеп-шоттағы өзіне тиесілі ақшаларды басқа номиналды ұстаушының есеп-шотына брокердің Орталық депозитарийге бұйрық ұсынған жағдайда ғана аудара алады.

 

 



Клирингтік палата

 

Республика қор нарығының халықаралық дәрежедегі қор нарығына айналуы үшін нарықтың қажетті өтімділік деңгейін және қазақстандық, шетелдік эмитенттерінің бағалы қағаздарына сұранысты туғызатын шетел инвесторларының келуі қажет.



Шетел инвесторларының республиканың қор нарығына келуіне негізгі кедергілердің бірі болып Батыс Еуропа, АҚШ пен Азияның бірқатар мемлекеттерін жақсы жағынан ерекшелендіріп тұратын, Қазақстан нарығының халықаралық сенімділік, ашықтылық және технологиялық стандарттарына сәйкес келмеуі. Сонымен қатар, Қазақстан қор нарығында шетел инвесторларының пайда болуы үшін қазақстандық клирингтік есеп-айырысу жүйесін халықаралық стандарттар жүйесіне көшіру қажет. Барлық реттеуші органдар қаржы нарығының инфрақұрылымын және оның есептік-клирингтік жүйесін тереңдетіп реформалау қажеттігін атап өтуде.

Халықаралық оңды тәжіребиелерді пайдалану жағынан биржалық саудасы дамыған Ұлыбритания, АҚШ және Германия сияқты елдердің клирингтік жүйелеріне үлкен қызығушылық танытылуда. Бұл елдерде клиринг үрдісіне ССР қағидасы (мәміле бойынша орталық контр-серіктес) сәтті іске асырылған.

Есеп-айырысу-клирингтік қамтамасыз ету операцияларымен байланысты тәуекелдерді үйлестіру мақсатында, нарық қатысушыларын өзара тәуелсіз екі ұйым қызмет көрсетеді: LСН, мәміле бойынша орталық тарап болатын және несиелік әрі өтімділік тәуекелдерін төмендетеді, сондай-ақ СRЕSТ жүйесі, бағалы қағаздар бойынша есеп-айырысуды, депозитарлық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін және операциялық тәуекелдерді төмендетеді. Сонымен қатар LСН мен CREST бір-бірімен аффилиирленбеген.

Сондай-ақ, Ұлыбританияның клирингтік жүйесінің ерекшелігі - оның мультивалюталығы. Ақша есеп-айырысуы фунт стерлинг және евромен Ұлыбританияның Орталық Банкі (Bank of England)арқылы жүргізілетіндігіне қарамастан, есеп-айырысулар АҚШ долларымен Англияның 12 ірі банктері арқылы өте береді. Және де сол сияқты фунт стерлингтермен өтіп отырады.

LСН акционерлері нарықтың қатысушылары мен Лондон қор биржасы (LSE) болып табылады.

АҚШ клирингтік қызметті NSСС (Nаtіоnаl Sесurіtіеs Сlеаrіng Соrроrаtіоn) - ұлттық бағалы қағаздар клирингтік корпорациясы жүргізеді. Бұл АҚШ барлық қор сауда алаңдарының келісімдерінің клирингін өткізеді. Ұйымдастырылған нарықта клирингтік қызмет ССР қағидасын ұстануымен және ұлттық заңнамалармен, атап айтқанда, бағалы қағаздар туралы 1933 жылғы заңымен реттеледі.

Американдық клирингтік жүйесіне сәйкес мәміленің тек бір ғана қайта тіркеу құқығы - новация тәсілі қолдананылады. Осыған сәйкес мәмілені жүзеге асыру 3 күнді құрайды. Бағалы қағаздар бойынша есеп-айырысу қызметін АҚШ орталық депозитарийі - DТС атқарады, ал ақша есеп-айырысуы АҚШ Федералдық резервтік жүйенің шоттары арқылы өткізіледі. Американдық клиринг жүйесінің Ұлыбританиялықтан айырылмашығы, ондағы NSСС мен DТС бір холдинг - Депозитарлық траст және клирингтік корпорация (Depositary Trust & Clearing Corporation, DTCC) болып табылатындығында. DТСС акционерлері болып нарық қатысушылары және Нью-Йорк қор биржасы (NYSЕ) есептеледі.

Германиялық клиринг жүйесі толығымен орталықтандырылып, тек дара Еurех Сіеаring АG (ЕС) клиринг орталығында шоғырланған. ЕС орталық буын ретінде Германияның негізгі екі - Герман-Швейцариялық фьючерс пен опцион биржасы (Еurех) және Франкфурт қор биржасы (Deutsche Воrsе АG) сияқты институттарына мәмілелерді реттестіру қызметін керсетеді.

Германияда клирингтік қызмет арнайы заңнамалармен реттелмейді, оның орнына жалпы заңнама (Азаматтық кодекс, «Банк қызметі туралы» және «Бағалы қағаздардың саудасы туралы» Заңдары) сонымен қатар биржалық және ішкі регламенттермен реттеледі. Барлық келісімдер бойынша, орталық контрагент болып Еurех Сlеаrіng АG келісімдерді қорытындылайтын тек бір ғана «ашық ұсыныс» тәсілін қолданады. Осының арқасында есеп-айырысудың мерзімі үш күннен (келісім новациясы бойынша) екі күнге дейін азайтылды. Еurех Сlеаrіng АG өтімділігі төмен активтер келісімдері бойынша DVР қағидасын қолданып жұмыс істейді.

Депозитарлық қызметпен, Германияда, екі трансұлттық Сlearstreem  lntl. және Еurосlеаr топтары айналысады. Депозитарлық қызметпен қатар олар европалық қарыздық құралдардың клирингімен де айналысады. Клирингтік қызметі бойынша бұл ұйымдар DVР қағидасын жүзеге асырады. Осылайша олар несиелік тәуекелділікті өздері көтермейді, өйткені операциондық тәуекелділіктің төмен болуы, клирингі өткізілетін бағалы қағаздардың барлығының депозитарияларда сақталатындығында. Барлық ақша есеп-айырысу бойынша мәмілелер Германияның орталық банкінің (Вundesbank) арнаулы шоттары арқылы өтеді. Еurех Сlеаrіng АG  тепе-тең иелері екі негізгі биржалар: Еurех және Франкфурт қор биржасы (DeutscheBorse тобының құрамындағы) болып есептеледі.

ССР қағидасы бойынша жұмыс жүргізілетін клирингтік жүйелердің алуан түріне қарамастан, әлемдік тәжірибені қорытындылағанда айырмашылықтың көбісі заңнамаларға байланысты болып табылады, ал клирингтік ұйымдардың жұмысы бірдей. Сонымен қатар, әлемде бір өңірдің шегінде клирингтік орталықтар санының азайуы байқалады. Есептік-клирингтік жүйелердің үлкейуі нарық қатысушыларының транзакциялық шығындардың азаюы арқылы әсер етеді (әр түрлі құралдар бойынша операциялардың өтетін кезінде болатын қатысушылардың талаптары мен міндеттері арқылы өзара есеп-айырысу).

Сонымен қатар әлемдегі өзгерістердің бірі болып биржа алаңдарының клирингтік компаниялардың акционерлік капиталында қатысуы.

Бүгінгі күні Қазақстанның қор нарығында Клирингтік палата жоқ болып тұр. Егер клирингтік палата құрылатын болса, онда бағалы қағаздармен есеп-айырысу кезінде болатын тәуекелділіктер, уақыт және материалдық шығындар азаятын еді.

 

 



АӨҚО инфрақұрылымдық ұйымдары

 

Қаржы орталығының және қор нарығының инфрақұрылымын дамыту мақсатында келесі бірқатар ұйымдар құрылған болатын. Олар: «АӨҚО» АҚ, «АӨҚО рейтингтік агенттігі» АҚ (бұдан әрі - АӨҚО РА), «АӨҚО академиясы» АҚ (бұдан әрі - АӨҚО академиясы) және «АӨҚО-Медиа» ЖШС (бұдан әрі - АӨҚО-Медиа).



«АӨҚО» АҚ құрудың басты міндеті - қаржы орталығының институционалдық инфрақұрылымын дамыту. «АӨҚО» АҚ Қазақстан қор биржасының, АӨҚО РА, АӨҚО академиясы, АӨҚО-Медиа тағы басқа халықаралық қаржы орталығының толыққанды дамуына керекті инфрақұрылым ұйымдарының акционері болып есептеледі.

Отандық бағалы қағаздар нарығын әрі дамыту, қазақстандық эмитенттердің несие төлеу қабілеттегіне адекваттық баға беру және олардың қор нарығына шығуы мақсатында (оның ішінде және орта бизнеске рейтингтік қызмет көрсетудің арзандауы) ұлттық рейтинг агенттігі - «АӨҚО рейтингтік агенттігі» АҚ құрылған.

Қазақстандық қаржы нарығына жоғары білікті мамандар дайындау мақсатында 2007 жылы қараша айында АӨҚО академиясы құрылды.

 

 



Мамандандырылған қаржылық соты

 

Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық соты (бұдан әрі - Мамандандырылған сот) сот төрелігін Қазақстан Республикасы атынан атқаратын орган болып табылады. Мамандандырылған сот «Алматы қаласының мамандандырылған қаржылық сотын құру туралы» 2006 жылғы 17 тамыздағы № 158 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының негізінде құрылған және өз қызметін қазақстан Республикасы Конституциясы, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және сот мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жүзеге асырады.



Бүгінгі таңда Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының сот жүйесіндегі жалғыз сот ретінде төменде берілген мәселелерді қарастырады:

АӨҚО қатысушыларының АӨҚО лауазымды тұлғалары мен органдарының әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану;

АӨҚО қатысушысы тарап болып танылған кез келген азаматтық істері.

Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының бірыңғай сот жүйесіне кіреді, сондай-ақ сотпен Қазақстан Республикасында қолданылатын құқықтың азаматтық сот ісін жүргізуін бірыңғай нысанында қолданылуын, судья мәртебесінің бірыңғай заңнамалы бекітілуін және заңды күшіне енген сот актілерінің барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды тұлғаларымен, жеке және заңды тұлғалармен орындалуының міндеттілігін ойластырады. Мамандандырылған соттың құзіреттілігі экстерриториалдық сипатқа ие, сонымен қоса Қазақстан Республикасының барша территориясына, дауласатын айғақтың жасалу орнына не жауапкердің орналасу мекеніне қарамастан, таралады. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі -»Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы) сәйкес Мамандандырылған сот Қазақстан Республикасының заңнамасына сай Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қатысушыларының дауларын шешеді.

 

 

2.3. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы - 2015 жылға қарай Азияның 10 жетекші қаржы орталықтарының бірі



 

2006 жылдың 5 маусымында «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданып, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын дамыту мәселелеріне қатысты сәйкес өзгертулер енгізілді. Осы жылы өңірлік қаржы орталығының өкілетті органы - АӨҚО ҚРА жұмыс істей бастады.

АӨҚО қазақстанның бағалы қағаздар нарығын дамыту және оны халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету, Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мен қазақстандық капиталдың шетел қор нарықтарына шығару мақсаттарында құрылды.

2008 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің басшысы бекіткен, АӨҚО ҚРА дамытудың 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына сәйкес, Агенттіктің стратегиялық мақсаты ретінде Алматы қаласында халықаралық стандарттарға сәйкес және бәсекеге қабілетті қаржы орталығын дамыту үшін жағдайлар жасау және 2015 жылға қарай Азияның 10 жетекші қаржы орталықтарының тобына енгізуі анықталған болатын.

 

Алматы қаласының Азияның басқа қаржы орталықтарының арасындағы орны

 

Алматы қаласының бәсекеге қабілетті халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуы үшін басқа елдердің халықаралық қаржы орталықтарының ең ұтымды тәжірибесін талдауын және енгізілуін талап етеді.



Бүгінгі таңда Қаржы орталықтарының ғаламдық индексінің (Global Fіnаnсіаl Сеntres lndех, GFCІ) бағалауы бойынша Азияның жетекші қаржы орталықтарына жататындар: Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай, Бахрейн, Пекин, Катар, Мумбай. Екінші қатарға келесі орталықтар кіреді: Сеул, Осака, Куала-Лумпур, Манила, Шеньчжень, Бангкок, Стамбул, Тегеран.

Соңғы уақытта GFCІ сарапшылары қарқынды даму үстіндегі қаржы орталықтары ретінде Дубай, Шанхай мен Сингапурды ерекше бөліп көрсетеді.

Қаржы орталықтарының бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштері ретінде Қаржы орталықтарының ғаламдық индексіне (GFCІ) 5 критерий кіреді:

адам ресурстары (кәсіби деңгей, білікті мамандарды жұмысқа алу жеңілдігі, иілгіш жұмыс нарығы, бизнес-оқыту);

бизнес орта (салық салу деңгейі, бизнес ашу мен жүргізу жеңілдігі, инвесторларды қорғау);

нарықтық көрсеткіштер (капиталдандыру деңгейі, сатылымдар көлемі және басқалар);

инфрақұрылым (өмір сапасы мен қауіпсіздігі, тұтынушы қоржынының құны, жылжымайтын мүліктің қолжетімділігі мен кеңсе кеңістіктері);

экономиканың бәсекеге қабілеттілігі (макроэкономикалық көрсеткіштер).

Зерттеудің негізгі құралдары ретінде инфрақұрылымның даму деңгейі, қаржы орталығының моделі және басқа сұрақтар бойынша бизнес-орта қатысушыларынан сауалнама алу пайдаланылады.

Берілген рейтинг бағасының шеңберінде келесі қаржы орталықтарын бөліп көрсетеді: ғаламдық, халықаралық, арнайыландырылған, өңірлік және ұлттық.

АӨҚО Азияның жетекші қаржы орталықтарымен (Гонконг, Сингапур, Токио, Дубай, Шанхай) салыстырмалы талдауы 4-кестеде берілген.

 

4-кесте. Азияның жетекші қор биржаларының негізгі көрсеткіштері 



 

Көрсеткіштер

Азияның қаржы орталықтары

Гонконг

Сингапур

Токио

Дубай

Шанхай

Алматы

1

2

3

4

5

6

7

GFCІ17 рейтингі

3

4

9

24

31

-

Адам ресурстары

Жұмысшылар жалдау жеңілдігі

23

1

17

65

86

22

Бизнес орта18

Салық салу деңгейі

3

2

105

4

168

44

Бизнес

жүргізу


қолайлығы

4

1

12

68

83

71

Бизнес ашу жеңілдігі

13

9

44

158

135

57

Инвесторларды қорғау

3

2

12

107

83

51

Нарыққа шығу19

Акциялар нарығын капиталдандыру,

миллиард АҚШ

доллары


2 654,4

539,2

4 330,6

м.ж.

3 694,5

53,9

Акциялар капиталдандыруының ЖІӨ

қатынасы,%



1 284,1

334,2

98,8

м.ж.

113,6

51,7

Акциялар нарығы сауда-саттығының көлемі, миллиард АҚШ доллары

2 138,7

381,6

6 475,8

м.ж.

4 070,1

8,9

Қарыздық бағалы қағаздар нарығының сатылымдар көлемі,

миллиард АҚШ доллары



0,001

19,7

3,0

м.ж.

22,8

4,3

Инфрақұрылым20

Өмір сапасы

м.ж.

34

35

м.ж.

м.ж.

м.ж.

Өмір сүру құны

5

14

4

34

26

30

Жылжымайтын мүлік құны (2006 жыл)21

28

16

32

м.ж.

21

м.ж.

Өмір сүру қауіпсіздігі

43

9

35

47

м.ж.

м.ж.

Мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі22

ЖІӨ, миллиард АҚШ доллары

206,707

161,349

4 383,76

192,603

3 250,8

104,4

Адам басына

шаққандағы ЖІӨ миллион АҚШ доллары



29 649

35 163

34 312

42 934

2 461

6 707

Орташа жылдық инфляция, %

2,02

2,09

0,3

11,03

4,7

10,8

Халық, миллион адам

7,0

4,6

127,7

4,5

1 321,1

15,2

 

Ескертпелер:

17 - Тһе Global Fіnаnсіаl Сеntrеs lndех (www.cityoflondon.gov.uk/economicresearch);

18 - Бизнес жүргізу бойынша рейтингтегі алатын орны, 2007 жылға сәйкес (www.doingbusiness.org);

19 - World Federation of Exchanges, 2007 ж. мәліметтері (www.world-exchanges.org);

20 - Меrсеr Нumаn Resource рейтингіндегі алатын орны (www.mеrсеr.соm);

21 - MasterCard әлемдік жетекші іскерлік орталықтары (РБК Рейтинг www.rating.rbc.ru);

22- Intеrnаtіоnаl Моnеtarу Fund, 2007 жыл мәліметтері (www.imf.org)

 

Қазіргі уақытта Қазақстанның қор нарығы жетекші көрсеткіштері бойынша азияның жетекші қор нарықтарынан қалыс қалуда. 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жай-күйі бойынша Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болып табылатын азияның жетекші қор биржаларының акциялар нарығының жалпы капиталдандырудың көлемі 14,2 триллион АҚШ долларын құрады. Қазақстан қор биржасының үлесі 1 пайызға жетпейді (0,67 %). Берілген көрсеткіш бойынша Қазақстан қор биржасы Токио қор биржасынан 42 есе, Шанхай қор биржасынан 22 есе, Малайзия қор биржасымен салыстырғанда 2,8 есе қалып келе жатыр (5-сурет).



 

5-сурет. Ең ірі Азиялық қор биржаларының акциялары нарығының капиталдандырудың көрсеткіштері (миллиард АҚШ доллары)



 

 


жүктеу 1,18 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау