Алыптасуы мен дамуы


ІІ ТАРАУ. С.С.ЖИЕНБАВТЫҢ ГРАММАТИКА САЛАСЫ



жүктеу 0,68 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата16.12.2022
өлшемі0,68 Mb.
#40653
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Болат Боранбай аза тіл біліміні алыптасуы мен дамуы

ІІ ТАРАУ. С.С.ЖИЕНБАВТЫҢ ГРАММАТИКА САЛАСЫ 
БОЙЫНША ЗЕРТТЕУЛЕРІ 
Грамматика саласы бойынша С.С.Жиенбаевтың еңбектерін саралауда оның синтаксис 
жөніндегі еңбектері баса айтылады да, морфология бойынша пікірлері, тұжырым-
толғамдары ұмыт қалып келеді. Синтаксис мәселелері жөніндегі, мәселен үйірлі мүше 
турасындағы еңбектеріне осы саладағы зерттеу жүргізіп жүрген ғалымдарымыз бағалы 
пікір ретінде қайта оралып отырады. 
Енді осы екі сала бойынша ғалым еңбектеріне жеке-жеке тоқталайық:
С.С.ЖИЕНБАЕВТЫҢ МОРФОЛОГИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЕҢБЕКТЕРІ 
 
Қазақ тілі морфологиясының зерттелуіне шолу жасау барысында оларды үш 
кезеңге бөлушілік барын байқадық. Сол ыңғайда жіктесек:
 
1) Кеңес дәуіріне дейінгі кезең. Бұл кезең қазақ оқушыларын сауаттандыру 
мақсатында емес, негізінен, миссионерлік бағытта, яғни қазақ халқын отарлау үшін 
тілін меңгеру бағытында жұмыс істелді. Сол ыңғайда тіліміздің өзіне тән
морфологиялық заңдылықтар орыс тілінің заңдылықтарына, яғни орыс тілі 
ережелеріне үйлестіріле баяндалған. Сонымен қатар бұл еңбектер қазақтар үшін 
емес, орыстың қазақ тілін үйренбекші болған отарлаушылар үшін, орыс оқушылары 
үшін жазылған оқулықтар болды. Онда жеке-жеке сөз таптарының неліктен дербес 
сөз табы болып табылатыны, олардың лексика-грамамтикалық сипаттары назардан 
тыс қалып отырды да, оларды жазушылардың ең басты көңіл бөлген мәселелері 
сөздердің өзіндік құрамдары мен олардың қандай жұрнақтар арқылы жасалатыны, 
әр түрлі жалғаулардың сөзді түрлендіруге қатысы болды. Демек, авторлардың 
негізгі мақсаты сөздердің түрленуі мен сөздердің жасалу (онда да тек аффикстер 
арқылы) амалын түсіндіру бағытында құрылды. Қазан төңкерісінен кейін шықса да 
(1927 жыл), Г.В. Архангельскийдің еңбегі туралы пікіріміз осыған саяды. 
2) Практикалық кезең. Бұл кезеңге 1920 -1930 жылдар мен 1930-1940 жылдар 
аралығы жатқызылып жүр. 1920-1930 жылдар аралығындағы негізгі міндет елді 
жаңа қалыпта сауаттандыру болды. Солай бола тұра да, қазақ тіл білімінің көш 
басшысы А. Байтұрсынұлы еңбектері қазақ тілін зерттеуге арналған алғашқы сүрлеу 
болып саналды. Ал 1930-1940 жылдар аралығы жеті және он жылдық мектептерге 
арналған оқулықтар басылып шыға басталуымен және лингвистикалық жинақтар, әр 
түрлі журналдар беттеріне ғылыми мақалалар жариялана басталуымен байланысты 
морфология мәселелері елеулі зерттеу объектісіне айналып, олардың анықтамалары 
мен сипаттамалары ғылыми түрде талдану сатысына жете бастады. Әрине, мұның 
көш басында алдымен А. Байтұрсынұлы есімін атаймыз. 
3) 1940 жылдан кейіңгі кезең. Қазіргі кезге дейінгі дәуірді қамтитын бұл кезең 
жекелеген категорияларды диссертациялық дәрежеде зерттеуден басталады. 
Алғашқылардың бірі болып кандидаттық диссертациясын С. Жиенбаев та қорғаған-
ды. 


 
С. Жиенбаевтың морфологияға қатысты жекелеген категориялар жайында 
арнайы жазылған еңбектері болмаса да, өзінің «Грамматикалық категориялар туралы»
(Грамматикалық категориялар туралы / Ауыл мұғалімі. 196 ж. №5-6)
 
атты мақаласында 
оған дейінгі әдебиеттерде сөз болып көрмеген грамматика және грамматикалық 
байланысты жалпы лингвистикалық мәселелерді көтеруі, қазақ тіліндегі сөздерді тапқа 
бөлуді сол тұрғыдан қарап шешуді ұсынуы ғылымдағы жаңашылдықтарының бірі болды. 
Грамматиканы қатесіз жазу деген жалаң түсінікті сынай отырып, оның 
(грамматиканың) тіліміздің конструкциясын (құрылысын) тану үшін керектігіне, тіл 
құрылысымыздың теориясын, тілдің құбылыстарын зерттеу ойдың жетілуіне де (дамуына 
да) әсері болатындағына назар аударды. 
«Тілдің негізі элементі –сөз», «сөз –негізгі категория» деген ұғымды негізге 
алып, сөздің мағыналық, формалық жағы болатынын, сөз мағынасы екі мәннің негізгісі 
екендігін айтады. Мысал ретінде зат есім мен етістікке тән «қараған» сөзінің тұлғалық 
ерекшелігінен емес, мағыналық жағынан айырылатынын айтады.
Мағыналық және формалық ерекшеліктеріне категориялар өз ішінде де ұсақ 
категорияларға бөлінеді дейді. Қараңыз: үй, мәшине, ағаш, темір, зауыт –жансыз заттар; 
адам, ат, бала –жанды заттар;-ды – жұрнақ; -м –жалғау т.б. 
Грамматикалық категорияларды айырудағы инстинкт тәсілі (текстегі белгілі бір 
категорияларға тән формаларды курсивпен беру арқылы сол категория жөніндегі ұғымды 
қалыптастыру әдістемелерімізде кеңінен қолданылып жүр) кейбір категориялар жөніндегі 
ұғымды кеңінен қамтымайды. Мысалы: «күректе» етістігінің «күрек» зат есімінен, ал ол 
«күрек» зат есімінің «күре» етістігінен туындағанын соқыр сезім (инстинкт) арқылы таба 
қою қиын екендігін ескертеді. 
С.Жиенбаев тіліміздегі сөздерді таптастыруда сөздің мынадай үш түрлі белгісін 
негізгі ал шарт дейді: 
1) Семантикалық белгілер 
2) Синтаксистік белгілер 
3) Морфологиялық белгілер 
Қазақ тіліндегі сөздерді сөз таптарына бөлу тарихына көз салсақ, төңкеріске 
дейінгі әдебиеттерде сөз таптарының атын атап, мысалдар келтіруден, әр сөз табына тән 
кейбір формаларды атаудан аса алмаған және сөздерді тапқа бөлуде қандай принциптерге 
сүйенуге болатынын атап өрсете алмағандығы көрінеді
(П.М.Мелиоранский. Краткая 
грамматика киргизкого языка.).
Ал 20-жылдардағы еңбектерде, атап айтқанда, А.Байтұрсынұлының «Тіл-
құралында»
(А.Байтұрсынұлы. Тіл-қүрал. Ташкент . 1924ж.) сөздерді үш топқа бөліп 
(атауыш, шылау, одағай) , оларды өз ішінде ірілі-уақты бөлімдерге жіктеп , сөз 
таптарының санын тоғызға жеткізеді (зат есім, сын есім, сан есім, етістік, устеу, демеу, 
жалғаулық, еліктеуіш, лептеуіш). 
Архангельскийдің 1927 жылы Ташкент баспасынан шыққан «Грамматика 
казахского языка» (Г.Архангельский. Грамматика казахского языка. Ташкент.1927.) деген 
еңбегінде (бұл еңбек А.Байтұрсынұлының тікелей қолдауымен шыққан) сөздерді тапқа 
бөлуде сөздердің тұлғалық (формалық) ерекшеліктерін негізге алуды ұсынды. 
Профессор Қ.Жұбановтың «Жанғазыға хатында» (Қ.Жұбанов. Қазақ тілі 
жөніндегі зерттеулер. 1966ж.), оқулықтар мен оқу бағдарламаларында білдірген бірді-
екілі ұсыныстары болмаса, арнайы зерттеу еңбектері жоқ. Солай бола тұрса да, оның сөз 
таптастыру принциптеріне байланысты пікірлерін байқауға болады. Қ.Жұбановтың 


тұлғалық, лексика-грамматикалық белгілеріне қарай талдауы А.Байтұрсынұлы мен 
П.М.Мелиоранскийдің классификацияларына ұқсас, кейбір айырмашылықтары да бар 
(теңдес септеу, -дай, -дей, меңзес септеуше –ша,- ше дегендері қазіргі қалыпқа келмейді). 
Академик Н.Т.Сауранбаев та Қ.Жұбанов классификацияларына ұқсас жіктеуді 
ұсынған болатын. Ерекшелігі - Қ.Жұбановша 8-ге бөлмей , 6-ға бөледі (есімдер, етістіктер, 
есімдіктер, устеулер, көмекшілер, одағайлар) . Бірақ та, есімдерді өз ішінде үшке бөліп 
(зат есім, сын есім, сан есім), сөз таптарының санын 8-ге жеткізеді. 
С.Жиенбаевтың бұл мәселедегі жаңашылдығы, өзінен бұрынғылардан ерекшелігі 
– сөздерді сөз таптарына жіктеудің алғы шарттарын (сөздерді таптастыру принциптерін) 
көрсетіп беруінде немесе қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың алғы шарттарын 
көрсетіп беруінде. 
Жоғарыдағы С.Жиенбаев ұсынған сөздерді таптастырудың үш негізі туралы 
пікірлері қазіргі қазақ тіл білімінде қалыптасып, өз орнын тапты (А. Ысқақов. Қазіргі 
қазақ тілі. 1990 ж. 130 –б.; Қазіргі қазақ әдеби тілі. 1991 ж. 17 б.; С. Исаев,.. 
Сопоставительная грамматика казахского и русского языков. 1995, стр. 91). 
Ғалым жоғарыда өзі ұсынған үш түрлі принципті мысалдар арқылы талдай келе, 
сөздерді таптастыруда олардың мағыналық жағына шешуші мән беріп, дұрыс қорытынды 
шығарған. 
Сөздің синтаксистік белгілерінің маңыздылығына байланысты осы еңбегінде: 
«Семантикалық белгілер мен синтаксистік белгілер тығыз байланысты. Семантикалық 
белгіміз –сөздің сөйлемдегі мәні болатын болса, синтаксистік белгіміз –сөздің сөйлем 
ішіндегі функциясына байланысты белгісі. Сөз мәнінің өзі сөйлем ішінде тұрғанда ғана 
айқын байқалады ғой. Бұл жағдай, әсіресе, қазақ тілі сияқты сөздің мазмұны тұрған 
орнына да байланысты тілдерде көп ескеруіміз керек» -десе, «Қазақ тілінің 
методикасында»: «Осы күнгі қолданып жүрген сөз таптастыру принциптеріміз, шынында, 
қазақ тілінің, әр түркі тілдерінің өзгешелік қасиеттеріне негізделген деуге болмайды. 
Сөзінің грамматикалық формалары көп флекциялы (қопармалы) тілдерде үстеуді алдымен 
формасынан айырады. Оларда үстеу категориясы – негізінен өзгермейтін сөздер. 
Сөздердің өзгеруі, я өзгермеуі – оның негізгі айырмашылығы. Сондықтан, орыс тілінде 
вдалеке, вдали сияқты өзгермейтін сөздердің үстеу (наречие) екенін айырудың еш 
қиындығы жоқ» -деп (С. Жиенбаев. Қазақ тілінің методикасы. А –ты. 1946
)
, жоғарыда 
айтқан ойларын дәлелдей түседі, сонымен қатар, орыс тілінен негізсіз калькалай беруден 
сақтандырады. 
Сөздердің морфологиялық белгілеріне ғалым сөз өзгеру белгілерін жатқызады, 
«... сөздердің (сөз таптарының) формалық ерекшеліктеріне (мәселен, есімдерге) ортақ 
қасиет –септелетіндігі, ал етістіктердің жіктелетіндігі, шақ категориясының етістікке ғана 
тән категория екендігі болады» -деп жазады. Қазіргі қазақ тілінде сөзөзгерім 
(словоизменение) категориясын жеке тарау етіп алып, оның ішінде сөз түрлендіруші 
жұрнақтарды осы топта қарастырып жүр (Е. Мергенбаев. Словоизменение в тюркских 
языках. А –ты., 1995 г.). 
.
Бұл жөнінде С. Жиенбаевтың сөздердің өзгеруі (түрленуі) тек жалғаулармен 
ғана емес, жұрнақтардың кей түрлерімен де (сөз түрлендіруші) іске асатынын айтқан. 
Мысалы: жаз, жаз–дыр, жаз –ғыз, жаз –ыл формаларының етістіктің ішкі категорияларын, 
бұл жерде етіс категориясын танытатындығын көрсеткен. 
Сөздерді тастастыру жөніндегі ойларын жинақтай келе, «сөз таптарын, олардың 
түрлерін, былайша айтқанда, грамматикалық категориясын айырғанда, олардың түрлі 
белгілерін алып, түрлі жағынан тексеру керек» -деп, бірден –бір дұрыс қорытындыға 


келеді. Ғалымның осы тұжырымдамасы қазіргі қазақ тілінде орнықты. Мәселен, 
морфологияны зерттеген ірі ғалымдарымыздың бірі А. Ысқақов: «... сөздердің бәрінен 
бірдей осы үш белгі теп-тегіс табыла бермейді, ендеше кейбір сөз таптары үшін белгілі бір 
принципті негізгі етіп алып, өзгелерін я қосшы (көмекші) етіп алып, я болмаса тіпті 
қолданбай –ақ қоюға да әбден болады» (А.Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. 1991, 131 б.) десе, 
«Қазақ тілінің грамматикасында:» тілдегі сөздерді лексика –грамматикалық сипаттарына 
қарай топтастыру –грамматиканың теориялық та, практикалық та маңызы зор, әрі негізгі, 
әрі түйінді мәселесі. Бұл мәселе грамматиканың жай өзегі ғана емес, оны лексикамен де 
байланыстыратын негізгі мәселе. Олай болатын болса, сөздерді лексика –грамматикалық 
жағынан таптастырып, олардың сыр –сипаттарын айқындау грамматиканың ең негізгі 
мәселесі болмақшы»– деп С. Жиенбаев ойларын даралай түседі (Қазақ тілінің 
грамматикасы. І бөлім, 1967 жыл, 42б.). 
Жоғарыда сөз болған «Қазақ тілінің методикасында» ғалым тек әдістемелік бағытта 
ғана емес, теориялық тың ойларын да ортаға салған. Әдістемелік және теориялық 
мағлұматтарды қатар беру сол кезеңнің мүддесінен, қажеттілігінен тудырған болу керек. 
Мұндай ерекшелік онымен замандас ғалымдар еңбектерінен орын алған. Бұл кітабында 
автор – тіл білімінің жалпы мәселелеріне, сөздің тұлғалық ерекшеліктеріне, кейбір 
морфологиялық категориялардың лексика-грамматикалық өрістеріне байланысты өз 
талдамаларын ұсынады. Мысалы, тілдің ішкі және сыртқы белгілері – формасы мен 
мағыналары жөніндегі талдамалары: «Форма мен мағына бірлігі – диалектиканың жалпы 
заңы» -деп, осы философиялық категориялардың тілдегі сипаттарын қарапайым мысалдар 
арқылы түсіндіреді. Мұнда зат есімнің мағынасы – нәрсенің аты, формасы – септелуі, 
тәуелденуі және т.б. ерекшеліктері
екендігін, етістік категориясының мағынасы заттың 
қимылын көрсететіндігі, формалық белгісі – шақпен өзгеретіндігі, болымсыздық, етіс 
жұрнақтарының жалғанатындығын негізгі белгілері деп, ал жанама немесе аралық 
категорияларға мысал ретінде жіктік категориясын, зат есім мен етістіктің мысал ретінде 
жіктік категориясын, зат есім мен етістіктің (төрт көмекші етістікті қоспағанда) жіктелу 
ерекшеліктерін көрсетеді (Көрсетілген еңбек. 10-11 бб).
С.Жиенбаев сөздерді мынадай 
төрт қасиеті арқылы тану керек деген тұжырымды ұсынады. 
1.
Сөздің дыбыс құрылысы 
2.
Тұлға құрылысы; 
3.
Жай мағынасы; 
4.
Сөз табылық мағынасы (Көрсетілген еңбек. 19 б)
Аталуларындағы 
өзгешеліктері 
болмаса, 
қазіргі 
қолданылып 
жүрген 
грамматикалық форма, лексикалық мағына, грамматикалық мағына сияқты 
терминдер баламасы деп ойлаймыз. 
Емленің тіліміздің тұлғалық ерекшеліктеріне сәйкес құрылатын, қазақ тілінің 
басқа да түрік тілдер сияқты агглюнативті (жалғамалы) тілдер тобына жататынын, 
түбірге қосымша жалғанғанда есімдіктер мен жекелеген формалардан басқасы тұлғалыұ 
өзгеріске түспейтінін дұрыс атап көрсетті(Көрсетілген еңбек. 29-30 бб).
Осы еңбегінде сол сөздерді тұлғаларына қарай алты топқа бөледі: 
1.)
Түбір сөз; 
2.)
Қосымша, жұрнақ, жалғау; 
3.)
Туынды сөз; 
4.)
Біріккен сөз; 
5.)
Қос сөз; 
6.)
Қысқарған сөз 


 
Қосымшаларды сөз тұлғаларының бірі ретінде қарастыру Н. Сауранбаев 
еңбектерінде де бар (Н.Т.Сауранбаев. Қазақ тілінің грамматикасы.1948 жыл, 
31 б.).
С. Жиенбаев қос сөздерге тұлғалық және фонетикалық талдау жасап, оларды 
классификациялауда семантикалық мазмұндарына ерекше мән береді. Қос сөздерді: 
1) Екі жағы толық мәнді қос сөздер; 
2) Бір сыңары мәнді қос сөздер; 
3) Жеке –жеке алғанда екі сыңыры да кем мәнді қос сөздер деп саралайды. Бұлай 
жіктеу кезінде осы түрінде қолданылса (Көрсетілген еңбек 1948 жыл),
кейінгі кездері 
ерекшеліктері түрінде қолданылып жүр (М.Балақаев. Қазіргі қазақ тілі. 
Алматы,1991жыл).
Сонымен, С. Жиенбаевтың грамматикалық категориялар, оның ішінде қазақ 
тіліндегі сөздерді таптастыру принциптері жөніндегі ой-пікірлерін өзінен бұрынғы 
және кейінгі еңбектерінде айтылған пікірлермен салыстыра отырып, мынадай 
қорытынды жасауға болады; 
1) С. Жиенбаев – өзіне дейінгі әдебиеттерде сөз болмаған грамматика және 
грамматикалық категорияларға қатысты жалпы лингвистикалық мәселелерді қазақ 
тілі білімінде тұңғыш көтерушілердің бірі болды. 
2) Қазақ тіліндегі сөздерді сөз таптарына жіктеудің алғышарттарын (сөздерді 
таптастыру принциптерін) немесе сөздерді таптастырудың теориялық негіздерін 
көрсетіп, іргетасын қалап берді. 
3) Қазақ тіліндегі сөздерді таптастыруда тіліміздің өзіндік ішкі ерекшеліктеріне 
баса назар аударды. 
4) Айтқан ой-пікірлері, ұсыныс-толғамдары өзінің тереңдігі арқасында қазір де 
маңыздылығын жойған жоқ. 


С. ЖИЕНБАЕВТЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН СӨЗ ТАПТАРЫНА БАЙЛАНЫСТЫ 
ПІКІРЛЕРІ 
Сөз таптастыру туралы ой-пікірлерімен қатар, ғалымның жекелеген сөз 
таптары жөніндегі айтқан ұсыныстары, арнайы мақалалары кең көлемді болмаса да, 
кезіне қарай маңызы зор болды. 
«Халық мұғалімі» журналындағы «Сын есімнің методикасы» атты 
мақаласында әдістеме мәселелерімен қатар, сын есімнің табиғатын дұрыс ашып 
берген (Халық мұғалімі.№5, 1940 ж.). 
Ол қандай ерекшеліктер? Біріншіден, сын есімнің зат есіммен тығыз 
байланыстылығы, сын есімнің заттық мағыналы сөздердің сындық, сапалық, 
қасиеттерін көрсетіп, соны анықтауыш қызметінде тұрғанда ғана мағынасын, көп 
жағдайда, ажырата алуға болатынын, ал бастауыштық, баяндауыштық, 
толықтауыштық қызметтері қосымша, екінші дәрежелі қолданылуы екенін атайды. 
Шын мәнінде, сөз таптарының ішінде, әсіресе, зат есім мен сын есімдердің тығыз 
байланыстылығы, сын есімдердің өзі заттар мен құбылыстардың әр түрлі сапа, 
белгінің де болуы да мүмкін еместігі қазіргі кезеңде белгілі нәрсе болып табылады 
(К.Аханов. тіл біліміне кіріспе. 1965 ж., 461 б.).
Екіншіден сын есімді өзге сөз таптарынан айырудың қиындығы сын есімнің 
өзге сөз таптарының орнына (субстантивтену, адвервиальдану арқылы) 
қолданылуынан туындайтынын дұрыс көрсеткен. 
Үшіншіден, сын есімдерді мағынасына қарай айырғанда, оның тұлғалық 
белгісін негізге алудың қате екендігін ескертеді. 
Төртіншіден, сын есім тудырушы жұрнақтардың актив және пассив 
қолданысына назар аударғаны осы жұрнақтардың екінші тобындағылардың 
тарихилығына мегзейді. 
С. Аманжоловтың 5-6 сыныптарға арналған грамматика оқулығына берген 
рецензиясында «еш» есімдігін болымсыздық есімдігінің қатарына қосуды ұсынуы 
дұрыс қабылданса, «әркім», «әрбір» есімдіктерін жалпылау есімдіктерінің қатарына 
қосу жөніндегі ұсынысы жөнге келмейді (Халық мұғалімі.№7-8, 1940 ж.6 77-80 бб.).
С. Аманжоловтың: «... септік жалғауын керек қылатын етістік сабақты 
етістік делініп, ешбір септік жалғауын керек қылмайтын етістік салт етістік болады» 
-деген ережесіне келіспей, «лингвистикада сабақты етістік категориясы (қай тілде 
болмасын) әдетте тура объектіге, былайша айтқанда, табыс жалғауға 
байланыстырылады. Бізде де солай болу керек, өйткені, бұл өзі негізіненде барлық 
тілде бірдей дерлік логикалық категория. Етістік табыс жалғауымен қосыла айтыла 
алатын болса, сабақты етістік болады» -деп дұрыс бағыт берген. 
Сонымен қатар, оның қазақ тіліндегі жекелеген морфологиялық 
категориялар жөнінде, мәселен етістіктің шартты рай формаларының сөйлемдегі 
қызметтері жөнінде: «шартты рай формалары түрлі мағына берсе, екінші жағынан, 
шарттық мағынаның да бірнеше формамен берілетіндегін көреміз» -деуі, қазақ 
тілінің жалғамалы тілдер тобына жататындығы, агглюнитация бүкіл түрік тілдері 
жүйесіндегі негізгі заң екендігін айтуы С. Жиенбаевтың морфология саласындағы 
айтқан пікірлерінің құндылығына қосатын дәлелдеріміздің бірі болмақ. 
Қазақ тілі білімінің морфология саласындағы жетістіктері, ондағы жекелеген 
ғалымдарымыздың алатын орны, жаңашылдықтары туралы азды-көпті айтылып та 


жүр. Бірақ, бұл саладағы, көп ішіндегі аты аталғаны болмаса, лайықты бағасы 
берілген жоқ. 

жүктеу 0,68 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау