анықтайтын сөзінің алдында келетін жалаң айқындауыштар дағдылы
анықтауышқа айналды дейді.
«Колхозшы Мергенбай келді, пионер Жәнібек модель жасады» дегендердегі
асты сызылғандарды дағдылы анықтауышқа айналғандар дейді. О.Күлкенова
зерттеу еңбегін «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз арты айқындауыштар»
-деп алса,
қалған әдебиеттерде (М.Балақаев. Современный казахский язык. 1953 г., стр. 182
б.). С.Жиенбаев көрсеткен екінші түрін тек қосарлы айқындауыштарға қатысты
қарастырады да, оңашаланған айқындауыштарға қатысты мұндай құрылымдар
сөз етілмейді.
Егер «бұлар анықтауыштар сияқты тек синтаксистік емес, стилистика-
синтаксистік амал болатын» (Көрсетілген еңбек. О. Күлкенова. 4 б) болса, онда,
жоғарыдағы мысалға қарағанда, оңашаланған айқындауыштардың өзі
анықтайтын сөзінің алдында келетіні, біріншіден, факт,
екіншіден, олай болса,
мұндай құрылымдарды стильдік қолданыстар ретінде тану керек сияқты.
С. Жиенбаевтың аталмыш мақаласы 1941 жылы шыққан «Сөйлемнің тыныс
белгілері» атты кітабында жарияланды (С.Жиенбаевтың. Сөйлемнің тыныс
белгілері. 1941 ж., 21-27 б.).
Ғалымның ғылымдағы бұл жаңашылдығын Ш.Әуелбаев ерекше атайды:
«Қазақ тіліндегі алғы позицияларды атау тұлғалы оңашаланған айқындауыштар
туралы кезінде дарынды ғалым С. Жиенбаевтың сөз қозғағаны белгілі. Бірақ бұл
соны пікір ілгері дамытылмай, ескерусіз қалды. Қазіргі қазақ тілі оқулықтарымен
пунктуациялық әдебиеттерде тек соңғы позициялы тұлғалас оңашаланған
айқындауыштар ғана танылып, алғы позициялы атау тұлғалы оңашаланған
айқындауыштар мен бірыңғай мүшелерден жасалған алғы және соңғы
позициялы оңашаланған айқындауыштар туралы сөз болмайды»(Ш.Әуелбаев.
Пунктуацияның қиын мәселері. 1977 ж., 66 б.).
Шындығында да, бұл тақырыпта әңгіме
еткендердің барлығы да
«Айқындауыш айқындалатын сөзден кейін тұрады» (Ф.Мұсабекова. Қаз.қазақ
тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. 1959 ж., 69 б.), «Сөйлемде
өзінен бұрын тұрған бір мүшенің мағынасын басқа бір сөз тіркесі арқылы
айқындап, дәлдеп түсіндіретін айқындауыштың түрін оңашаланған айқындауыш
дейміз» (Н.Оралбаева,..Қазақ тілі.1964 ж.,203б.), «Айқындауыштар өзінен
бұрынғы сөзді екінші бір сөзбен айтып түсіндіреді» (Ғ.Әбуханов.Қазақ
тілі.1967ж.,235б.) , «Дара сөз немесе сөз тіркесі өзінен бұрынғы сөздің
мағынасын дәлелдеңкіреп, анықтай түсіп тұрса, оңашаланған айқындауыш
болады» (Р.Сыздықова,...Қазақ пунктуациясының ережелері.1961ж.,46б.) деген
анықтамалар ұсынып, сөз алды айқындауышы туралы еш сөз қозғамайды.
Оңашаланған айқындауыштардың ерекше түрлері ретінде мынадай
мысалдарды келтіреді:
1)
Мен Семейге, өзімнің үйренген жеріме келдім.
Мен өзімнің үйренген жеріме, Семейге келдім.
Мен өзімнің үйренген жерім - Семейге келдім.
Бұл үш сөйлемнің екеуіндегі асты сызылғандар айқындауыш мүше
екендіктерінде дау жоқ. Мұндағы бір ескертетін жайт анықталатын сөз бен
айқындауыш мүше стильдік қолданысқа
сай қызметтерін ауыстырып
қолдана алатындығы. Үшінші сөйлемдегі «өзімнің туған жерім деген» сөз
тіркесі бұнда анықтауыш сұрағына жауап бермейді, яғни оңашаланған
айқындауыш дейді. Сол сияқты «Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Ыссық
плоселкесіне бардық» деген сөйлемдегі асты сызылғандарды да
оңашаланған айқындауыштар қатарына қосады. Шындығында да, бұларды
атау тұлғасындағы сөздерге барыс жалғауын қоссақ (жерім-е, орталығын-а),
оңашаланған
айқындауышқа
айналған
болар
еді,
бірақ
мұнда
айқындауыштық мән алдыңғы сыңарға емес, кейін тұрған сыңарға келеді.
2.)Бұл үйде Сара бар ма келсін бері.
(Мен) Іздеген келіп тұрмын Біржан Сері.
Екінші сөйлемдегі «Іздеген Біржан сері» тіркесін айқындауыш мүше деп
көрсетеді. Мысалы: «Іздеген Біржан сері – мен келіп тұрмын», «мен, іздеген
Біржан сері келіп тұрмын».
3.)«Мен өзім өлеңшімін. Сен өзің суретші екенсің ғой» дегендердегі
жіктеу және өздік есімдіктер бір мүше
ретінде танылып, ал олардың
интонациялық және тұлғалық ерекшелеу арқылы оңашаланған айқындауыш
ретінде қолдануға болатынын дұрыс көрсеткен. Мәселен: Менің өзіме бер -
маған, өзіме,бер.
Жалпы, оңашаланған (айқындауыш-Б.Б.) мүшелердің мынадай негізгі
белгілері болу керек дейді:
1.) Оңаша (термин-С.Жиенбаевтікі) сөйлемнің басқа бір мүшесін ерекше
түрде айқындау үшін айтылады.
2.) Оңаша мүше сөйлем мүшесінің дағдылы орнында тұрмайды және
бөлекше паузамен айтылады.
3.) Оңаша мүшенің тағы бір белгісі – сөйлем мүшесімен қиындасу
(тіркесу), меңгеру, меңгерулі жөніндегі өзгешелігі.
4.) Оңаша айқындауыш кейде айқындауыштың дағдылы орнында да
тұрады (анықтайтын сөзінің алдында). Бірақ, онда жай анықтауыштың
сұрағына жауап бермей, оқшауланып тұрады, біраз паузамен айтылады.
5.) Оңаша сөздердің өздері анықтауыш сөздер ертіп жүре алады.
6.) Оңаша мүшелер сызықшамен, үтірмен
бөлінеді,кейбіреулеріне ешбір
тыныс белгісі қойылмайды.
Айқындауыш мүшелер туралы арнайы диссертациялық жұмыс та
орындалды (Көрсетілген еңбек.О.Қүлкенова), бір-бірінен ерекшеленетін
пікірлер де айтылды (М.Балақаев.Қазіргі қазақ тілі.1995жыл.), аталмыш
құрылымдарды күрделенген сөйлемдер тобында өзгеше көзқараспен
қарастыру да кейінгі кезеңдерде орын алып келеді (Х.М.Есенов.Синтаксис
осложненного предложения в казахском языке.1992год.). Осыларды
саралай отырып, айқындауыш мүшелерді синтаксистік категория екенін
айқындауышы ретінде, оның негізгі белгілерін
алғаш көрсетуші ретінде
ғалымның аталмыш саладағы еңбектері құнды дүниелер болып қала береді
деп ойлаймыз.