•
Мәтін бойынша кейіпкердің іс-әрекетін/мінез-құлқын бағалауға арналған сұрақтар
құрастыр.
•
Сыныптастарыңның сұрағына жауап бер.
Дескриптор
Білім алушы
-
мәтін бойынша бағалауға негізделген сұрақтар құрастырады;
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.
Бір минут
Отбасы мүшелерінің барлығы жинақылықты, нақтылықты жақсы көреді. Тек
Талғат қана ылғи кешігіп жүреді. Әке-шешесі дастарқанға шақырған кезде:
-
Қазір, бір минуттан кейін барамын, -деп Талғат кітабын оқи беретін.
Бұл оның әдеттегі жауабы еді. Үнемі осылай болатын: Оны шақырғанда немесе
бір нәрсені істеуді өтінген кезде ол: «Бір минут күте тұрыңызшы» деп тостырып
қоятын.
Әкесі оған:
-
Сен уақытты қадірлеуді қашан үйренесің? –дейтін.
-
Бір минут деген көп уақыт па?- деп жауап беретін Талғат.
Бір күні мектепте шаңғы жарысы өтті. Талғат шаңғыны жақсы тебетін. Ол өзінің
бірінші болып келетініне сенімді еді. Бірақ бұл жолы жеңімпаз бола алмады.
Сыныптасы одан бір минутқа озып келді. Екінші орын алған Талғат үйге көңілсіз
қайтты. Жеңіліп қалғанын айтқан кезде, әкесі жымиып:
-
Қалай, балам, бір минут деген көп уақыт па екен?, - деді.
Бір минуттың қаншалықты маңызды екенін Талғат сонда ғана түсінді.
26
Бөлімше 2.3 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау
Оқу мақсаты
3.2.3.1
Шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды
білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді табу
Бағалау критерийі
Білім алушы
•
Мәтінге тақырып қояды
•
Мәтіндегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Тапсырма
Өлеңнің үзіндісін түсініп оқы.
«Уақытты бағалау» дегенді сен қалай түсінесің?
Өз уақытыңның көбін неге арнап жүрсің?
Өлең арқылы автордың не айтқысы келді? Өлеңнен автордың негізгі ойын білдіретін
сөйлемдерді тауып, қоршап сыз.
Өлеңге тақырып қой.
Дескриптор
Білім алушы
-
сұрақтарға қатысты ойын айтады;
-
автордың негізгі ойын білдіретін сөйлемдерді анықтайды;
-
өлең мазмұнына сәйкес тақырып қояды.
Уақыт-ай, уақыт, зырлайды,
Артына мойын бұрмайды.
Кешіксең бітті, ол сені
Бір секунд күтіп тұрмайды.
Біреудің күні өтпейді,
Біреуге уақыт жетпейді.
Есептеп үйрен уақытты,
Еңбегің зая кетпейді.
Бұл уақыт деген шынымен,
Өлшенбес сағат тілімен.
Өлшенер уақыт – іспенен,
Не істедің бүгін күнімен?!
Дүбірін сезіп алыстан,
Заманмен мынау жарысқан.
Уақытын дұрыс жұмсайтын
Адамдар нағыз данышпан!
Өмірін ойлап талайдың,
Тарихын зерттеп қараймын.
Бір күні босқа өтпепті,
Яссауи, Шоқан, Абайдың.
Өмірдің мәнін ұғып ал,
Білім ал, бәрін біліп ал.
Қадірін білген уақыттың,
Қазақтан шыққан ұлылар.
Ойлама бәрін білем деп,
Шалқып та тасып жүрем деп.
Уақытың – алтын қазынаң,
Жұмсауың керек үнемдеп.
Қайтарылмайды бұл уақыт,
Қайталанбайды бұл уақыт.
Таппайсың ертең іздесең,
Қайта оралмайды бұл уақыт.
27
|