Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы



жүктеу 1,5 Mb.
Pdf просмотр
бет16/51
Дата22.04.2023
өлшемі1,5 Mb.
#42289
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
алыптастырушы ба алау а арнал ан тапсырмалар жина ы

Ойлау дағдыларының 
деңгейі 
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер. 

Энштейн неліктен ашуланды? 

Гете уақытты қалай бағалаған екен? 

Қытай халқы уақытты қалай бағалайды? 

Уақытты бағалау дегенді қалай түсінесің? Мақал-мәтелдерді қолданып сөйле.

Дескриптор
Білім алушы 

мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді; 
-
уақытты бағалау туралы ойын айтады; 
-
сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді қолданады.
Бірде Эйнштейн көз ілмек болып қызметшісіне: «Мені жарты сағаттан 
кейін оятыңызшы» — депті. Ғалымға жаны ашыған қызметшісі біраз тынығып 
алсын деп, бір сағаттан кейін оятыпты. Тұра сала жалма-жан сағатқа қараған 
ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп, «Ал, жарты 
сағатымды қайтарып беріңіз» депті.
«Ұрланған заттың орнын басқа нәрсемен толтыруға болады, ал қымбат 
уақыттың орнын ешқашан толтыра алмайсың», деп Гете де уақыт мәселесіне 
салғырт қарамаған екен. 
Ал қытай халқында «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» 
деген мақал бар екен. Ендеше, қайта айналып келмейтін алтын уақытты өте тиімді 
пайдалану керек. 
22 


Бөлімше 1.5 Тыңдалған шығарма бойынша пікір білдіру
 
 
Оқу мақсаты 
3.1.5.1 Өз ойы мен сезімін көркем-бейнелі сөздерді қолдана 
отырып жеткізу 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Ойын бейнелі сөздердің көмегімен жеткізеді 
Ойлау дағдыларының 
деңгейі
Қолдану 
Тапсырма 
Мәтінді мұқият тыңда.
 
Мәтіннің мазмұнын айт. Сөйлеу барысында көркем сөздерді қолдан. 
 

Данияр гүлдерді неліктен өзіне ұқсатты деп ойлайсың?
Дескриптор
Білім алушы 

мәтіннің мазмұнын жүйелі баяндайды; 

сөйлеу барысында көркем сөздерді орынды қолданады; 

мәтіннің кейіпкеріне қатысты ойын айтады.
Ертеде Данияр деген бала болыпты. Қалалы жерде өмірге келген оның 
денсаулығы нашар екен. Жиі-жиі сырқаттанып, ауруханаға түсе беріпті. Бір қызығы 

ол өзінің аурушаңдығына онша қынжыла қоймапты. «Бала болғаннан кейін, 
осылай науқастану керек шығар», — деп ойлапты. Сөйтіп жүріп, әртүрлі ем алуға, 
дәрі-дәрмекке еті үйреніп кетіпті. 
Даниярдың көзін аша салып көргені — қабат-қабат биік үйлер, асфальт 
төселген кең көшелер, жарқылдаған жарықтар, арлы-берлі ағылған қалың машина. 
Солардың арасында жасыл желекті ағаштар мен қызыл ала гүлдер кездесіп қалады. 
Данияр енді сол гүлдерді көру үшін көшеге шығатын болды. Ол әлгі гүлдерді өзіне 
ұқсатты.
23 



жүктеу 1,5 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау