|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 8-сынып Құрметті мұғалім!Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
|
бет | 6/16 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 6,35 Mb. | | #44868 | түрі | Сабақ |
| !10-ФО Геометрия 8 класс каз-1 Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
Оқу мақсаты
|
8.1.1.8 пропорционал кесінділер туралы теоремаларды білу және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Пропорционал кесінділер туралы теореманы қолданады.
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
Тапсырма
АВС үшбұрышының АВ және АС қабырғаларынан сәйкесінше Р және К нүктелері алынған. Мұндағы . ВС = 8 екені белгілі болса, РК кесіндісінің ұзындығын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
АК:КС, АР:РВ қатынастарын анықтайды;
екендігін дәлелдейді;
К нүктесі арқылы АВ-ға параллель немесе Р нүктесі арқылы АС-ға параллель түзулер жүргізеді;
пропорционал кесінділер туралы теореманы қолданады;
параллелограммның қасиетін қолданады;
КР кесіндісінің ұзындығын табады.
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» |
Оқу мақсаты
|
8.1.1.11 трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Трапецияның қасиеттерін есептер шығаруда қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Тікбұрышты трапецияның бір бұрышы 1150-қа тең. Трапецияның қалған бұрыштарын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- тікбұрышты трапецияның сызбасын салады;
- трапецияның қасиеттерін қолданады;
- белгісіз бұрыштарды табады.
2-тапсырма
Суретте берілген трапецияның периметрін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
D немесе С нүктелерінен табанына перпендикуляр түсіреді;
тік бұрышты үшбұрышта 300-қа қарсы жатқан катетті табады;
тең бүйірлі трапецияның қасиетін қолданады;
DC табанының ұзындығын табады;
трапецияның периметрін табады.
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» |
Оқу мақсаты
|
8.1.1.12 үшбұрыштың орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
АВС үшбұрышында ВЕ=ЕС, АК=КС екені белгілі. ЕСК үшбұрышының периметрі 15,5 см екені белгілі болса, онда АВС үшбұрышының периметрін табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданады;
есеп шарты бойынша КЕ кесіндісі АВС үшбұрышының орта сызығы екенін көсетеді;
АВС үшбұрышының периметрі КЕС үшбұрышының периметрінен екі есе үлкен екенін көрсетеді;
АВС үшбұрышының периметрін табады.
2-тапсырма
Үшбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:6:7 қатынасындай. Үшбұрыштың орта сызықтарынан салынған үшбұрыштың периметрі 36 см. Берілген үшбұрыштың қабырғаларын табыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- үшбұрыштың орта сызығының қасиетін қолданады;
- периметрдің формуласын пайдаланады;
- үшбұрыш қабырғаларының қатынасын қолданып, теңдеу құрады;
- үшбұрыш қабырғаларын анықтайды.
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» |
Оқу мақсаты
|
8.1.1.13 трапецияның орта сызығының қасиетін дәлелдеу және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Трапецияның орта сызығының қасиетін есептер шығаруда қолданады
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|