|
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Геометрия 8-сынып Құрметті мұғалім!
|
бет | 2/16 | Дата | 22.12.2023 | өлшемі | 6,35 Mb. | | #44868 | түрі | Сабақ |
| !10-ФО Геометрия 8 класс каз-1 1-ТОҚСАН
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу»
|
Оқу мақсаты
|
8.1.1.1 көпбұрыш, дөңес көпбұрыш, көпбұрыш элементтері анықтамаларын білу
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Көпбұрышты, оның түрлері мен элементтерін анықтайды
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Білу және түсіну
|
1-тапсырма
Төмендегі (а-ж) суреттерде AB, BC, CD, DE, EA кесінділерінен құралған фигуралар кескінделген. Олардың қайсысы
a) көпбұрыш болады?
b) дөңес көпбұрыш болады?
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштарды таниды;
дөңес көпбұрыштарды таниды.
2-тапсырма
Сызба
|
Элементтері
|
Белгіленуі
|
|
Бұрыштар
|
|
|
Қабырғалары
|
|
|
Көпбұрыштың А2 төбесінен шығатын барлық диагональдарды салыңыз
|
|
Дескриптор: Білім алушы
- көпбұрыш бұрыштарын анықтап, жазады;
- көпбұрыш қабырғаларын анықтап, жазады;
- көпбұрыш диагональдарын тұрғызады.
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» |
Оқу мақсаты
|
8.1.1.2 көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындыларының және сыртқы бұрыштарының қосындыларының формулаларын қорытып шығару
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады
Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысының формуласын қорытып шығарады
Көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын есептерді шығару барысында қолданады
Көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы формуласын қолданып, есептер шығарады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
|
1-тапсырма
Көпбұрыш
|
1 төбеден шығатын диагональдарының саны
|
Пайда болған үшбұрыштар саны
|
Ішкі бұрыштарының қосындысы
|
Ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысы
|
Сыртқы бұрыштарының қосындысы
|
|
-
|
1
|
1800
|
(ішкі бұрыш+сыртқы бұрыш)*3=1800*3=5400
|
5400-1800=3600
|
|
1
|
2
|
2*1800=3600
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
n-бұрыш
|
|
|
|
|
| Кестені жоғарыдан төмен қарай толтыра отырып, көпбұрыштың ішкі және сыртқы
бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
көпбұрыштың бір төбеден шығатын диагональдарының санын анықтайды;
бір төбеден шығатын диагональдар көпбұрышты қанша үшбұрышқа бөлетінін анықтайды;
көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын табады;
көпбұрыштың ішкі және сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;
көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысын табады;
кез-келген көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейтін формуланы қорытып шығарады;
кез-келген көпбұрыштың сыртқы бұрыштарының қосындысы туралы қорытынды жасайды.
2-тапсырма
Дұрыс көпбұрыштың әрбір бұрышы 144˚. Сыртқы бұрыштардың қосындысы формуласын қолданып, осы көпбұрыштың қабырғаларының санын анықтаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
- көпбұрыштың сыртқы бұрышының қосындысы формуласын қолданып, өрнек құрады;
- қабырғалар санын анықтайды.
3-тапсырма
Анықтаңыз:
a) сегізбұрышты көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын;
b) дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін;
c) ішкі бұрыштарының қосындысы 900˚ тең болса, онда көпбұрыштың бұрыштарының санын;
Дескриптор: Білім алушы
- көпбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы формуласын қолданады;
- сегізбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын есептейді;
- бесбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысын анықтайды;
- дұрыс бесбұрыштың бір бұрышының градустық мәнін табады;
- көпбұрыштың бұрыштарының санын анықтайды.
|
Бөлім: «Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу» |
Оқу мақсаты
|
8.1.1.4 параллелограмм қасиеттерін қорытып шығару және қолдану
|
Бағалау критерийі
|
Білім алушы
Параллелограммның қасиеттерін қолданады
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Қолдану
|
1-тапсырма
Параллелограммның периметрін табыңыз, егер
a) бір қабырғасы екіншісінен 5 см артық болса;
b) бір қабырғасының ұзындығы екіншісінен 3 есе аз болса;
c) қабырғаларының қатынасы 3:5 қатынасындай болса.
Дескриптор: Білім алушы
параллелограммның қабырғаларын айнымалы арқылы өрнектейді;
параллелограмм қабырғаларының қасиеттерін қолданады;
параллелограммның периметрін өрнектейді.
2-тапсырма
Параллелограммның барлық бұрыштарын табыңыз, егер
a) параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 330-қа кем болса;
b) параллелограммның бір бұрышы екіншісінен 5 есе артық болса;
c) параллелограммның екі бұрышының қатынасы 2 және 3 сандарының қатынасына пропорционал.
Дескриптор: Білім алушы
параллелограммның бұрыштарын айнымалы арқылы өрнектейді;
параллелограмм бұрыштарының қасиеттерін қолданады;
теңдеу құрып, оны шешеді;
параллелограммның бұрыштарын табады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|