Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағы Қазақ тілі мен әдебиеті



жүктеу 3,65 Mb.
бет49/54
Дата21.11.2023
өлшемі3,65 Mb.
#44412
түріСабақ
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
!12 ОШ ҚБ Қазақ тілі Т2 5-сын

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тапсырмаға сай құрылымы сақталған хат, хабарлама, хабарландыру жазады

  • Хат, хабарлама, хабарландыру жазудың талаптарын толық ескереді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хат жазыңыз (80-90 сөз).



Дескриптор Білім алушы

  • хаттың кіріспе бөлімінде амандық-саулық сұрасады;

  • негізгі бөлімде Қазақстанның табиғаты, көрікті жерлері туралы жазады;

  • қорытынды бөлімде жазда демалуға шақыру туралы жазады.

  • хат соңында аты-жөнін және мерзімін көрсетеді.





Оқу мақсаты

5.5.1.5.Болымды, болымсыз етістіктерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Болымды, болымсыз етістіктерді жазбаша жұмыста қолданады




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану

Тапсырма

Жазғы демалыста танысқан шетелдік досыңызға еліміздің табиғатының сұлулығы туралы ақпарат беріп, келесі демалыс уақытын Қазақстанда өткізуге шақыру туралы хатта болымды және болымсыз етістіктерді қолданыңыз (80-90 сөз).


Дескриптор Білім алушы
- құрылымы мен мазмұны сақталған хат жазады;
- хат мазмұнында кем дегенде 2 болымды және 2 болымсыз
етістікті қолданады.




Оқу мақсаты

5.Ж3.Жазба жұмыстарында сипаттау, бейнелеу құралдарын қолданып жазу



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Жазба жұмыс мазмұнында бейнелі сөздерді дұрыс қолданады


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Қолдану



Тапсырма

Бейнелі сөздерді қолданып, өзіңіз тұратын елді мекеннің табиғатын сипаттап жазыңыз.
Аспанмен таласқан таулар, жазық дала, қарағайлы орман, табиғат-мүсінші, жасыл желек, сылдыраған өзен, сары дала, самал жел, суы шипалы
Дескриптор Білім алушы

  • Қазақстанның табиғатын сипаттап жазады;

  • негізгі бөлімде бейнелі сөздердің кем дегенде төртеуін қолданады.





Бөлім «Ер есімі - ел есінде»





Оқу мақсаты

5.1.3.1 Күнделікті тұрмыстық тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Тақырыпқа қатысты жаңа сөздердің мағынасын түсіндіреді




Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну



Тапсырма

Бейнебаянды мұқият тыңдап, берілген тірек сөздердің мағынасын өз сөзіңізбен түсіндіріңіз.



Жаңа сөздер мен тірек сөздер

Мағынасы

Мерт болған




Ер




Соғыс




Майдандас




Жан пида




Ерлік




Ұмытпау




-Ата, мына от не үшін жанып тұр?
- Балам, елін, жерін қорғап, Отан үшін мерт болған ерлердің есімі осы оттай мәңгілік өшпейді. Бұл от, бұл алау - «Ер есімі ел есінде мәңгі сақталсын» деген құрмет. Түсіндің бе, балам?
- Түсіндім, ата.
- Айналайын! Сонау соғыстың сұрапыл жылдарында менің талай майдангер достарым Отан үшін жанын пида еткен, балам. Еее... Әлі есімде. Қиян-кескі шайқаста қандыкөйлек досым Дәуіт екеуіміз...
- Міне, ата! Міне, Ерназаров Дәуіт деп жазылып тұр!
(Ата майдандағы досын есіне алады.)
- Кеттік пе?
- Кеттік!
- Өтебаев!
- Қане, достым! Демеп жібер!
- Жаралысың ғой.
- Отан үшін қасық қаным қалғанша шайқасамын!
- Жеңіс үшін жан пида!
- Ерназаров!...
- Ата, сіз неге жылап тұрсыз?
- Балапаным, қаншама қазақ жауынгерлері елге қайта оралмай, бүгінгі бейбіт заманды аңсаумен кетті. Біз олардың ерлігін ешқашан ұмытпауымыз керек, балам!
(122 сөз)
Дескриптор Білім алушы
- тақырыпқа қатысты сөздердің мағынасын өз сөзімен түсіндіреді.


Оқу мақсаты

5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру



Бағалау критерийі



Білім алушы

  • Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап береді


Ойлау дағдыларының
деңгейі

Білу және түсіну



Тапсырма

Мәтінді 2 рет мұқият тыңдап, мазмұн бойынша 3 сұрақ құрастырыңыз. Сұрақтарыңызды жұбыңызға қойып, жауап алыңыз. Жұбыңыздың қойған сұрақтарына жауап беріңіз.

«Отан үшін, әкем үшін...» деп қан майданға аттанған ержүрек ару қыздың артында аңыз боп ерлігі қалды. Өзгеде кездесе бермейтін өрлік пен батырлық, қайсарлық пен өжеттілік Мәншүктің ғана жүрегіне тән еді. Себебі ол қазақтың маңдайына жарқырап біткен жарық жұлдызы, мыңдар мен миллиондардың бірі... Ол кешкен аз ғұмыр өте мәнді өтті. Себебі оның жаны біздерге жеңіс алып берді. Халқы үшін ерен еңбек сіңіріп, әр кезеңде келер ұрпақтың санасына өшпейтіндей дара жолы бар қазақтың қос қарлығаштай батыр арулары бүгінде тыныш заманның тәуелсіз төрінде ескерткіш болып қана тұр.


Екі ержүрек апаларымыздың ескерткішін көргенде, жанынан бей-жай өте алмайсың. Олардың бейнесіне қарап тұрып, сол зұлматтың ызғарын сезініп, жан түршігерлік соғысты көріп тұрғандай күй кешесің. Өзгелердікінен өзгеше жүрегі бар мәрт арулардың жүрек соғысының дүрсілін естігендей болып, қайсар қыздардың рухына тәу етіп тұрғаныңды байқайсың. Сөйтесің де, өр апалардың өжеттілігіне басыңды иіп, батырлығына тәу етесің. Ескерткіштен ұзап бара жатып, осындай тұлғалардың жанымен, бабалардың қанымен келген жеңісті күндердің баянды болғанын тілейсің. 
(151 сөз)



р/с

Сұрақтар

1




2




3






Дескриптор Білім алушы
- мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады;
- сұрақтарды жұбына қояды;
- жұбының сұрақтарына жауап береді.




Оқу мақсаты

5.1.6.1 Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беру




жүктеу 3,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау