Мәтінді оқып, жұбыңызға мазмұндаңыз.
1-оқушыға ұсынылатын мәтін
Саламатсыңдар ма, менің ардақты анам мен бауырларым! Сендер жіберген хат қолыма енді ғана түсті. Амандықтарыңды оқып, қуанышымда шек жоқ болып отырмын. Біздің батальон екі апта бойы соғысып жатыр. Прибалтиканы азат етуге күш салып жатырмыз. Бұл жерді көзбен көру қорқынышты: айнала қара түнек, қираған үйлер мен өртенген ғимараттар. Ауа райы қолайсыз болып тұр, бірде қар, бірде жауын, енді бірде қар аралас жауын жауады. Не жылына алмаймыз, не жуына алмаймыз. Бірақ біз мойымаймыз. Анашым, есіңде ме, мен кетер кезде өзім жақсы көретін кәмпит пен иіссу және юбкамды чемоданға салып алып едім ғой. Сендердің суреттеріңді де ала кеткем. Қандай күлкілі болғанмын: мұнда аз уақыт қана болып, қайта оралам деп ойлаппын. Ерболат, Бекен, анама көмектесіңдер, оған қазір ауыр, өте ауыр. Оқуларыңды тастамаңдар, жақын арада соғыс бітіп, елге басында білімі бар ақылды адамдар керек болады. Ал мені еш уайымдамаңдар. Ыстық сәлеммен: мәпелеп өсірген қыздарың мен апайларың.
(141 сөз)
2-оқушыға ұсынылатын мәтін
«Гитлердің үйінде» барлау взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаевқа Рейхстагқа Қызыл Туды тігу туралы тарихи жауынгерлік бұйрық берілді. Жалауды оған батальон командирі Давыдов және саяси жетекші Васильченко табыс етті. «Гитлер үйі» мен Рейхстагқа дейін ара қашықтық 360 метр ғана, бірақ ол жан-жағынан оқ жауған ашық алаңда еді. Лейтенант Қошқарбаев өзінің солдаттарымен толассыз атылған оқтың астынан жерге жабыса 7 сағат бойы еңбектеп өтті. Межелеген орынға ол Григорий Булатов деген солдатпен бірге жетіп, бұйрықты орындап, Рейхстагқа туды тікті. Бұл оқиға сәуірдің 30-ы күні 18 сағат 30 минутта болған еді. Тарихи оқиға жайындағы бұл хабар бүкіл әскери бөлімдерді шарлады. Рейхстаг түбіндегі ұрыстарда қазақстандықтар Нығмет Наукенов, Әлімқұл Жылқыбаев, Павел Василевский, Алексей Ковалев және басқа да жауынгерлер ерлік көрсетті.
Мысалы, Төлеухан Шайділдинов Рейхстаг қабырғасына былай деп жазып кетіпті: «Мен - қазақпын, Қазақстаннан келдім. Қан майданда жүріп Мәскеуден Берлинге дейін жеттім. Рейхстагқа шабуыл жасап, жеңіске жеттік. Шайділдинов Төлеухан».
(141 сөз)
Мәтіндегі бір мәселені анықтап, оған өз көзқарасыңызды жазбаша білдіріңіз. Ойыңызды білдіру барысында жаңа сөздерді қолданыңыз.
Мәтіндегі мәселе
|
|
Менің көзқарасым
|
|
|