Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п



жүктеу 1,13 Mb.
бет12/16
Дата15.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#20382
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Тәрбиелік орта. Адамға лайықты өмір сүру үшін орта қажет. Орта тәрбие жағдайын жасаушы. Тәрбиелік орта ұстаздың ұйымдастыруына байланысты заттық, кеңістік, оқиғалық, информациялық болып ажыратылады. Осы орта өмірдің қандай екендігінің айғағы, осындай ортада оқушының өзгелермен қарым-қатынасы, жүріп-тұруы, өмір туралы түсінігі қалыптасады.

Ежелден тұлғаны тәрбиелеуге жеке адамдардың өмір жолы, тағдыры, еңбегі, ерлігі, т.с.с. пайдаланылған.

Заттық-кеңістік орта ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениет негізінде жабдықталады: сынып, мектеп бөлмелері, оқу кабинеттері, асхана, коридор, баспалдақтар, оқушылардың киімі, киім ілетін жер, мектеп ауласы, бағы, гүлзары, т.б. оқушыға психологиялық тұрғыдан әсер етеді.

Кеңістік орта: оқушы, киімдері, киім үлгілері қарым-қатынасқа психологиялық нәр береді. Заттық кеңістік ортаға адамдық, жандық сипат берілген жағдайда тәрбие факторына айналады. Зат арқылы адамның талғамы, жүрек сезімі, еңбек нәтижесі көрініс беріп, затқа жанды объект ретінде қарауға баулиды. Әр заттың адамға көрсететін қызметі, пайдасы ескерілуі тиіс. Мектептің заттық әлемі тұлғаны рухани жағынан дамытуға ықпал етеді, айналаны шығармашылықпен түсінуге бейімдейді.

Мектептегі іс-әрекеттің тәрбиеге ықпалы зор. Мектепте әр сәт сайын түрлі іс-әрекеттер жүреді. Мектеп тәртібі

155


баланың жатымды, жатымсыз мінез-құлық, іс-әрекеті арқылы бейнеленеді. Іс-әрекет мұғалімдердің оқушымен өзара қарым-қатынасында көзге түседі. Оқушының мәдени деңгейі іс-әрекетте білінеді.

Іс-әрекет ортасы мектеппен ғана шектелмейді. Оқушьщы дұрыс іс-әрекетке үйрету, өз әрекетінің нәтижесін алдынала болжай білуге, тәртіпке мойын ұсынуға, өзгенің ескертуіне құлақ асуға тәрбиелеу, т.б. үнемі іске асырылуы керек. Оқушыларға айтылған ескертулерді олардың дұрыс түсініп, қабылдай білуі де, өз ойын ойланып айта білуі де көзделеді.



Оқиғалық орта арқылы оқушы ойланып өмірлік қорытынды жасауға мүмкіндік алады. Сондықтан тәрбиеші оқиғалық орта арқылы түрлі пікірлерді талдап, дұрыс шешім қабылдай білуге тәрбиелейді. Мұғалім оқушыны мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап, мектеп оның екінші үйі екенін сезінуге тәрбиелеп, мектеп өмірімен біте қайнасуын басты нысанаға алуы шарт. Оқиғалық ортада оқушы өз “Меніне” көп назар аударады. Оқиғалық ортадағы дұрыс қарым-қатынасты таңдау оқушының өз “Менін” аялау, оның өз қадыр-қасиетін сақтай білу мәселесі күрделі жағдайда көрініс береді.

Информациялық орта оқушының дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Оқушы бүкіл әлем туралы хабарды тындап игеруге мүмкіндігі мол, оның алдында бүкіл әлемнің сыры ашылады. Информациялық ортаның тұлғаға ықпалы дұрыс болуы үшін мынадай жағдайлардың ескерілуі шарт:

Оқушы қабылдаған хабарды ақыл-ой елегінен өткізіп, оны талдап қабылдайтын интеллектік (зерделік) сапасы мен рухани күші жоғары болуы тиіс. Метептегі информациялық ортаны ұйымдастыру дегеніміз кітапхана, оқу залын мәдени деңгейде жабдықтау. Сыныптан тыс оқуды дұрыс ұйымдастыру, оқулықтармен қамтамасыз ету, оларды көпшілік алдында дұрыс сөйлей білуге баулу, көпшілік аддында дәріс ұйымдастыру, танымдық кештер ұйымдастыру, реферат түрінде сөйлей білуге үйрету, конференция өткізу т.б.

Егер де Ақиқат ең жоғары құндылық деп есептелсе, ойлау ең жоғары адамға төн сипат, сондықтан оқушының ақыл-ойы мен танымдық қабілетін дамыту маңызды рөл атқарады. Мектепте білімді, мәдениетті адам ең жоғары құрметке ие болуға тиіс.

156


Сонымен қатар жоғарыда аталған тәрбие ортасынан басқа мектепте психологиялық орта құру да ескеріледі. Мектептегі оқушылардың құқығын қорғау, демократиялық қарым-қатынас құру, оқушының ішкі қажетгілігін камтамасыз ету, психологиялық қысымнан қорғау, жалпы өзінің қорғана алу қажеттілігін іске асыру көзделеді.

Оқушынын іс-әрекеттін ұйымдастыру. Оқушы айналамен

қатынаста іс-әрекетті пайдаланып мәдени құндылықтарды

игереді. Ол үшін іс-әрекеттерді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасалуы керек. Мәселен, еңбекке қатысу нәтижесінде материалдық өнім жасай білу. Танымдық істе заңдылықты көре білу. Өзге адаммен қарым-қатынас құрғанда өзінің менін көрсете білу, сонымен қатар өзгенің “Менін” қабыддай білу. Қоғамдық ойды ортаға салып,оны іске асыра білу. Бақытты өмір сүру сырын түсінудің құндылық бағытын анықтау. Спортта дене түзілісін,

сұлулығын, ептілігін қамтамасыз ету. Сонымен, мектепте түрлі істер ұйымдастырылса, онда оқушы өз қызығушылығымен әрекет етеді. Олардың белсенділік қабілеті артады, ішкі ұмтылысы іске асқандықтан оның сол істі жалғастыруға ынтасы артады.

Тәрбие әрекетін жоғары деңгейде ұйымдастыру үшін түрткі болуы тиіс. Түрткінің негізі алуан түрлі болады. Түрткілердің ең қажеттісі адамның рухани дамуын қамтамасыз ету, мәселен, адамгершілік түрткі (біреуге жақсылық жасау үшін), танымдық түрткі (сұлулықты сезіну үшін).

Қорыта келе, тәрбиеші белгілснген іс-әрекетгі тұлғаны қалыптасырудың құралы ретінде тануы тиіс, ал тәрбиеленуші өзі атқарған ісіне тұлғалық мән бере білуі қажет.

Іс-әрекетті ұйымдастыру жағдайында рефлексияның мәні зор. Рефлексия іс тынғаннан кейінгі оқушының көңіл-күйінің бағасы, өткенді өз менімен өлшеуі “Мен не сезіндім? Мені не таңқалдырды?” т.б. “Рефлексия өзінің “Менімен” өзгенің “Менінің” байланысы, өзгені бақылап, оның іс-әрекетінен нені қабылдадым? — деген сұраққа жауап беру. Рефлексияның міндеті өзі тандаған

іс-әрекеттегі ішкі қажеттілік пен шынайылықтың, өзі күткен нәтижемен атқарған ісінің сәйкестігін, өзге мен өзінің іс-әрекетін салыстыру. Рефлексия тудырудың ең қарапайым түрі оқушыға сұрақ беру: “Саған не керек?”, “Осы істі атқарғанда сен не ойладың?” т.с.с. түрткілер ұсыну.

157

Рефлексияны жазба немесе ойын түрінде де өткізуге болады. Рефлексия кезінде оқушыға ешқандай қысым жасауға болмайды. Кейбір оқушы рефлексия кезінде сөйлемеуі де мүмкін. Рефлексияның мәні өзін бақылауға, өзін-өзі бағалауға, жақсы әдетгің пайда болуына ықпал етеді. Рефлексия бірігіп әрекеттесудің соңғы кезеңін туғызады. Ол өте қысқа мерзімге созылады.



Түйіндей келе, мектеп оқушыны түрлі іс-әрекетке жұмылдырып, өмірге қажетті әлеуметтік құндылықтарға, яғни дағды, іскерлік, қарым-қатынасқа тәрбиелейді. Оқушы неғұрлым кең ауқымда іс-әрекет түрлерімен танысса, оның рухани өмірі жетіліп, оны өз сезімі арқылы игеріп, тұлғалық қасиеті жаңа сапамен толығады.

Тұлғаны дамыту мұғалімнің қызметімен іске асады. Тұлға өзінің іс-әрекетті жағынан субъективті, ақыл-ой, ерік-жігері өз бойында, өмірдің мәнін түсінетін, өзгелермен қарым-қатынас құра алатын, өз тағдырын өз қолымен жасаушы. Тұлғаның рухани дамуы үшін, ол басқалармен үнемі рухани іс-әрекетке түсуі тиіс: “Өмірдің мәні неде?”, “Менің қоғамдағы орным қандай?”, “Мен және өмір”, “Мен және өзге”, “Мен және қоғам”, “Мен және менің жақындарым”, т.б. сұрақтарға жауапты уақыт талабына сай іздестіріп және оларды үнемі жаңартып отырады. Мұғалім оқушының рухани өмірін қамтамасыз ету үшін оның ішкі еркіндігін ескеріп, іс-әрекетті таңдауға мүмкіндік жасауы тиіс. Рухани байлық - шынайы өмірдің кепілі. Тұлға қандай қиындыққа кездессе де, өмірден күдер үзсе де, өмірдің әр сәтін өз мәнінде, тұлғалық кейпінде қабылдап, өзін стратег сезініп, өзін іс-әрекеттін субъектісі деп тануы шарт. Білім беру танымның бір қыры ғана, ол өмірді толық мәнінде түсіндіре алмайды.

Рухани іс-әрекетте объектіні қабылдау, бағалау бір сәтте іске асады. Рухани іс-әрекетге субъект — адам, объект — өмір. “Субъект — объектілік” қатынас адам мен өмір арасында жүреді. Адамның рухани әрекеті — өз өміріні жалпы адамзаттық өмір тұрғысынан қарап тануға жетектейді. Менің өмірімнің мәні неде және оның өмірдегі орны қандай? деген сұрақтарға жауап қарастырады. Рухани ізденіс әр тұлғаның дамуымен бейнеленеді. Рухани іс-әрекет бұл құндылықты игеру бағдарындағы әрекет, әлемдік құбылыстардың әлеуметтік бағытының маңызын түсіну, сол құндылықтарды жеке тұлғаның өзінше сезініп түсінуі. Оқушы өмірдің негізі мен заңдылықтарын өз жанының күш-қуатымен қабылдап (интеллект, эмоция,

158


ерік) түсінеді. Өзі іштей, өмір туралы толғанып сұрақ қойып толғанады, өз өміріне ой жүгіртеді. Міне, осындай әрекетті рухани әрекет деп санап, “рух” деген ұғымды, “материя” ұғымына қарсы қодданамыз. Рухани әрекеттің заттанған нәтижесі көзге көрінбейді. Мәселен, идея, білім, қағида, қатынас, сезім, түрткі. Олар сезінуге келмейтін, заттанбаған, бірақ белгілі субстанция деңгейінде басқаның қабылдауына негізделген түсінік. Идея айтылып, іс-әрекетте бейнеленеді, түрткі іс-әрекетке итермелейді, мақсат шығармашылық жұмыста іске асады, сезіну қабілеті іске асады.

Рухани даму дегеніміз адам өмірінің рухани ортада жүруі. Қажеттілік, қызығушылық, түрткі тұлғаның әлеммен рухани байланысын білдіреді. Төмен деңгейдегі қажеттілік, қызығушьшық, түрткі материалдық орта, сыртқы сфераның дамуын көрсетеді. Мысалы, бірдеңені танып, бірдеңені алу немесе биологиялық мәнде өсіп дамуға қажетті құндылықтар.

Адамдық келбет, кісілік туралы ұғымдар жас жеткіншектің түсінігінде орын алады. Адам — рух иесі. Егер де мұғалімдер оқушьшарды рухани әлемге ендіруді көздесе, онда олар адамзаттың рухани мәдениетінің қорына енген болар еді. Ең алғаш мораль — ата-ананың қарьш-қатынасы және қоғамдағы әлеуметтік адамгершілік қарым-қатынас. Рухани құндылықтарды оқушы мораль, өнер, ғылым арқылы өз бойына сіңіріп, ішкі жан дүниесінде тербеліс пайда болса, онда айналамен бірге қатынасқа іс-әрекет арқылы түсіп, оны өз бойынан өткізеді. Осы сәттегі ішкі дүниенің қозғалысы оның өмірінің мәніне айналады, ал заттық, материалдық мазмұн ішкі мазмұнның құрамына енеді. Ең маңыздысы адам бойында қандай өзгерістің пайда болып, қандай нәтижеге ие болғандығыңда. Бүкіл тәрбие жүйесі оқушыны өмірге философиялық көзбен қарауға тәрбиелеуі керек. Бұл оқушы философия пәнін игеруі тиіс деген сөз емес. Философиялық көзқарас әр істің мәнін, құбылыстың, оқиғаның мәнін іздеу арқылы жүреді. Адамның әр сәті, өмірі осы ізденістерден тұрады.

Философиялық тәрбие оқушының өмір сүру қабілетін дамытуға бағытталады, адам өмірінің заңдылығына бейімделу арқылы мәңгілік өмірлік құндылықтар мен өмір проблемаларын шешуді көздейді.

Мектептегі тәрбиеге философиялық көзқарас тұрғысынан қарау оқушының жас ерекшелігіне қарай

159

жүргізіледі, яғни оқушы іс-әрекетінің мазмұны, құбылысты қабылдауы, өмірлік төжірибесі жөне абстракциялау деңгейі ескеріледі.



Тәрбие үрдісінің құрылымы. Тәрбие үрдісі тәрбие ортасынан, тәрбиеленушінің іс-әрекеттерінен және оқушылардың өз өмірін қазіргі мәдениет аясында тәрбиелік ортамен және іс-әрекеттің субъектісі деп қарауынан тұрады. Тәрбие жұмысында ерекше индивидуальды орта, іс-әрекет, соған сәйкес индивидуальдық әдіс қолданылады. Осы үлгі отбасы, бақша, мектеп, жоғары оқу орнында сакталады. Тәрбиеде өзгеретін басты компонент — тәрбиенің мақсаты. Екінші мүғалімнің оқушыға деген педагогикалық ұстанымы. Үшінші — әдістеме.

Мұғалімнің қазіргі педагогикадағы жаңа ұстанымы оқушыны табиғи күйінде қабылдау. Бұл бұрынғы педагогтар үшін қиындық туғызады, өйткені олар адамды бір қалыпқа салып тәрбиеледі де, соны үлкен жетістік санады. Баланы табиғи қалпында қабылдау объективті шындық. Олардың өзіндік ерекшелігімен бірге, ортаның ықпалының сезілетіні де, объективті шындық. Баланың табиғи қалпы — барлық жағдайдың әлеуметтік-психологиялық жиынтығы. Баланың тұла бойында, келбетінде жоқ нәрсені талап ету өте қиын. Оқушының қазіргі тұр сипаты оның бұрынғы дамуының нәтижесі. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Түлғаны табиғи қалпында, жеке бас ерекшелігін ескеріп, оның “Менін” өз даму деңгейінде көрсетуіне мүмкіндік беріп, баланы кінәламауымыз қажет, себебі ол қоғам мен ата-ана тәрбиесінің туындысы. Оқушыны табиғи қалпында қабылдаудың да шегі болуға тиіс, мәселен, біреуді басынып, оны құрал ретінде пайдалануға болмайды. Бала өзінің тұлғалық ерекшелігін білдіргенде өзгенің мүлдесіне нұқсан келтірмеуі, жанындағы адамның қадыр-қасиетін төмендетпеуі тиіс. Сондықтан біз тәрбиені оның табиғатына сай жүргізуге тиіспіз. Сөйтіп, кейбір балалардың тәртібін лезде түзету қолға алынады.



Мүғалімнің кәсіби икемділігі. Оқушыны табиғи қалпында қабылдауды іске асыру үшін төмендегідей икемділіктерді тәрбиеші іске асыруға міндетті.

— оқушының карым-қатынасыңдағы іс-әрекетіне баса назар аудару және оның қарым-қатынастағы жеке бас ерекшелігін жетілдіру;

160

— оқушы мен мұғалім пікірлескенде, әрқайсыеының құқығын сақтау, талғам, қабілеттерін ескеру, өз ойларын нақты көрсете білу;



— тәрбиеленушіге ашық баға беруден аулақ болу, көбіне болып жатқан іске өз қатынасын білдіру, қалыптасатын жетістіктер мен қалыптасқан кемшіліктерді көрсету арқылы, оқушының өзіне сенімін арттырады, өзіндік бағасы мен белсенділігі, көңіл-күйі көтеріледі;

— кез келген орындалатын іске сәттілік тілеу, оның жетістігі мен кемшілігін бөлісу, оң пікір білдіру;

— оқушының өзіңдік ерекшелігіне назар аударып, оның қайталанбас “Менін” көрсетуге жағдай жасалса, онда оқушының ұжымда өзін еркін ұстай алу қабілеті, өзін-өзі бақылау, қадыр-қасиетін сақтау іске асады.

Оқушыны табиғи қалпында қабылдап үйренген педагогтың бойында, өзгелерді табиғи қалпында қабылдауға бейімділік қасиет пайда болады. Сонымен, оқушы кез келген адамның қарым-қатынасына байыпты қарап, өзі үнемі үлгілі қатынасқа ұмтылады.

Адамды табиғи қалпында қабылдау үшін этикалық жаттығулар жүргізу қажет. Оны ойын түрінде ұйымдастырады. “Айна алдында” атты ойын. Оқушылар екі қатарға қарама-қарсы орналасады. Бір қатар айна, екінші қатар айнаға қараушы. Айнаға қараушы “Жарқын Айна, айтшы...” Жауап: “Мен... бейнелеймін” деп, отырған адам кейпін суреттейді. Айнаға қараушы “Жарқын Айна, саған рахмет” дейді немесе “Қисық Айна, сен маған әдейі өтірік айтасың” дейді,

Ойында сабырлылық сақталу үшін бірінші мұғалім “Айна” рөлін ойнап көрсетеді. Екі жағдайда да “Айна мен Айнаға қараушы” рөлі ізгілікті болуы тиіс. Мұғалім оқушыларды ойынға икемдеп даярлайды.

Айна рөлін атқарушы өзін сипаттайды: үлкен, кіші, домалақ, төртбұрышты... Бұл өте маңызды кезең, оқушыны ойынға бейімдейді, психологиялық еркіндік туғызады. Қатардағы ойын аяқталғанда, ойынның екінші бөлімі басталады, қатысушылардың орны мен рөлі өзгереді. Бұл ойын оқушыны бірден екі түрлі ұстанымға бағыттайды: өзі біреуге баға береді және оған біреу баға береді. Осыдан барып олар өз іс-әрекеттерін дұрыс құруға ден қояды. Ойыннан соң қысқа рефлексия болады: “Сен өзіңді қалай сезіндің?”, “Сен айнаға қарағанда қобалжыдың ба?”, “Шындықты бетке айту қиын ба?”, “Өз осерің қаңдай болды?”.

161


Ойынның қорытындысында әр адамның өзіндік ерекшелігі, бір-біріне ұқсамайтыны, адамгершілік қасиет пен кемшіліктерді ажырату ісі жүргізіледі.

Мұғалімнің кәсіби ұстанымы өте маңызды. Ол өз ұстанымын түсініп, рухани күшін шыңдауы тиіс. Соныме қатар, мұғалім өзі тәрбиелейтін ұжымның, тәрби үрдісінің субъектісі екенін түсінуі қажет.

Тәрбие әдісі де қойылған мақсатқа сай, мұғалімнің кәсіби ұстанымына сәйкес өзгереді.

Түйіндей келе, оқушымен карым-қатынастың жа технологиясы іске асады. Онда әлеуметтік құндылық талаптар және оқушының тұлға ретіндегі оны тандау еркі ескеріледі. Тәрбиеші оқушымен қарым-қатынас құрғанда маман деңгейінде өз тәжірибесіне сүйене отырып, оқушының мүмкіндігіне, санасына бой ұрады. Мұғалім оқушы-мен қарым-қатынас құрғанда оқушының қабілетін ашу оған көмек көрсету, оның тәртібін көтеру қазіргі мәдениет деңгейінде жүзеге асырылады. Осы үш мәселені іске асыру — мұғалімнің кәсіби деңгейіндегі икемділігін көрсетеді.

Мектеп бітіруші оқушының тұлғалық үлгісі. Тәрбиенің мақсаты — адамға лайықты өмір сүретін тұлға тәрбиелеу. Адамға лайықты өмір сүруді оқушының ішкі қажеттілігін қанағаттандыру арқылы Мейрімділік, Ақиқат, Сұлулық негізінде қалыптастыру.

Оқушы өз денсаулығын сақтап нығайтуда, салауатты өмір салтын өмірлік ұстанымның құрамдас бөлігі ретінде тануы тиіс.

Оқушы өзінің құқығын қорғай білуі, түрлі өмірлік қиындықтарды жеңе білуі қажет.

Мектеп бітірушінің санасында өмір сүру қағидасы және оның ұстанымдарын білуі шарт.

Оқушы өмірдің мәнін, өзінің өмірлік ұстанымын, “Мен және өмір” деген байланыста анықтауы тиіс.

Оқушы санасында “Мен және қоғам”, әр адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі, өз сезімінің басқалардың өміріне ықпалын түсініп, белгілі қоғамдық тәжірибені игеруі қажет.

Адамға лайықты болу мұратын және Мейірімділік, Ақиқат, Сұлулық қағидаларын ұстану, олардың зерделік, парасаттылық, шығармашылық түрінде бейнеленуі.

Оқушы бойында рефлексия қабілетін дамыту.

Оқушы айналасындағы адамдарды табиғи қалпында қабылдай білуі тиіс.

162


3.2. Тәрбие ісіндегі қажеттіліктің мәні

Тәрбие теориясындағы келесі назар аударатын еңбектің бірі В.П.Созоновтың “Педагогикалық жүйе адамның қажеттілік негізінде” деген еңбегі (1998). Бүл жаңа гуманистік жүйенің ерекшелігі - адамның өмірлік қажеттілігіне құрылған.

Адамның қажеттілігін қанағаттандыру үшін тәрбиеші қандай рөл атқарады?

Тәрбиешінің оқушыға “педагогикалық жағдай жасауы” - баланың “ішкі жағдайын”, оның ішкі еркіндігін, өзін-өзі көрсете білуін, дамуын, өз ойын іске асыруын, өзін жетілдіруге қабілетті екенін ескеру. Ал “педагогикалық жағдай жасауға” кедергілер - баланың өзіне сенімсіздігі, қорқыныш, кінәлі болу сезімі, психологиялық қысьш көрсету және түрлі комплекстер.

Сонымен, сыртқы орта мен оқушыға “педагогикалық жағдай жасау” сәйкестігі оқушының ішкі саулығын құрайды.

“Баланың ішкі жағдайы” дегеніміз не? Ішкі еркіндік қалай пайда болады? Оның ішкі өмірінің сапасы неге байланысты?



Адамның қажеттілігі. Адамда арнайы және әлеуметтік-психологиялық қажеттілік болады. Оны қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаудан оның көңіл-күйі, өзіне және өзгеге қарым-қатынасынан тұлғалық түрткісі, тәртібі, іс-қимылы, өмірлік стартегиясы қаланады. Қажеттілік адам дамуына ықпал етеді.

Әлемдегі ғалымдар түрлі кезеңдерде адамның басты қажеттіліктерін іздеді (З.Фрейд, Ф.Ницше, А.Маслоу, Р.Морено, В.Франкл, т.б.).

Баланың қажеттілігін іздеген педагогтар — Ш.Амонашвили (баланы сүю, махаббат қажеттілігі), И.С.Кон (үлкенді құрметтеу қажеттілігі), А.В.Петровский (түлға болып қалыптасу), А.В.Мудрик (өз мүмкіндігін іске асыру қажеттілігі).

Қажеттілікті қанағаттандыру жағдайын жасау туралы А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский (Макаренко колониясы, Павлыш орта мектебі “қуаныш мектебі”) зерттеу еңбектерін жазып, бұл мектептерді өзін-өзі тану, өзін-өзі қалыптастыру мектептері — деп атады.

163

Адамның Адам болуға лайықты және өмір сүре білуіне керекті басты қажеттіліктері:

1. Денсаулық қажеттілігі.

2. Өзін қорғай алу және қауіпсіздік қажеттілігі.

3. Ұжымда өзгелердің құрметіне ие болу және әлеуметтік ортада болу қажеттілігі.

4. Өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі.

5. Өз мүмкіндігін іске асыра білу және өзіндік келбеті болу қажеттілігі.

6. Даму үшін шығармашылық іс-әрекет қажеттілігі.

7. Атқарған ісінен қанағат сезімін алу, ішкі талпынысын іске асыру, көңіл-күйін көтеріңкі ұстау қажеттілігі.

Жоғарыда аталған қажеттіліктер адам белсенділігінің қозғаушы күші, солардың әсерінен адам түрлі бағыттарда (тәндік, психологиялық, әлеуметтік) дамиды. Қажеттіліктен туған түрткілер адамды субъект ретінде танытып, оның бойында руханилықты (мінез-құлықты, адамгершілікті, парасаттылықты) қалыптастырады. Жағымды қажеттіліктен пайда болған түрткілер баланың жүріс-тұрыс тәртібіне, мінез-құлқына оң ықпал етеді. Теріс қажеттіліктер жағымсыз түрткілер тудырады, мысалы, өкпелеу, қорқу, кінәлі болу, өшігу. Осыдан өзін-өзі дұрыс бағалай алмай, өз мүмкіндігіне сенімсіздік білдіріл, ортаны түсінбестік пайда болады. Ол оның мінезінде, іс-әрекетінде бой көрсетеді.

Қажеттілік баланың қызығушылығынан пайда болады. Қызығушылық бала қабілетінің белгілі іс-әрекетпен түйісуінен эмоционалдық тартымдылық пайда болып қажеттілікті түгазады.

Қорыта келе, қажеттіліктерді баланың дамуын басқаратын бағдарлама деп санауға болады. Оқушы қажеттілікті қанағаттандыру арқылы өзінің “Меніне” қадам басады, алдына қойған мақсатына жетеді, яғни тұлға болып қалыптасады.

Осы өзін-өзі дамытып, қалыптастыратын бағдарламаны педагогикалық жүйенің методологиялық негізі “Адамның кажеттілгі негізіндеігі тәрбие жүйесі" — деп атауға болады.

Табиғат адамға өзін-өзі реттейтін механизм берген. Мәселен, дамудың мақсаты (өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі, өмірдің бақыты, өзінің өмірдегі орнын таба білуі), даму құралы (іс-әрекет, тума белсенділік қажеттілігі), даму жағдайы (денсаулық қажеттілігі, қауіпсіздік қажеттілігі, құрметке ие болуы қажеттілігі),

164


ішкі қозғаушы күші (қажеттілікті қанағаттандыру, онан ләззат алу).

Адам жаратылысында өзін-өзі реттеуге бейім болғанымен қоғамның дамуы жетілмегендіктен, ол адам бойында түрлі қажеттіліктерді өрбітеді. Қажеттіліктер бір-бірінен өрбіп дамып, күрделеніп руханиланады. Аталған қажеттіліктер адам болмысын айқындап, баланың “ішкі дамуының” мақсатың жүзеге асыруына себепші болады, сөйтіп тұлғаны дамытады. Жоғарыда көрсетілген қажеттіліктер тәрбиенің мазмұнын, мақсатын, ұстанымдарын анықтайды.

Тәрбиешінің мақсаты оқушының өмірлік қажеттілігін түсінуге және шешуге көмектесу. Тәрбиешінің ұстанымы-оқушыға қамқор дос, ақылшы, кеңесші болу сенімін тұғызушы, рухани демеуші бола білу, Тәрбиенің методологиялық негізі - “педагогикалық ізденіс”. Онда тәрбиешінің тәрбиелік мақсаты мен оқушының өмірлік мақсаты шынайы бірлікте қарастырылуы керек.

Тәрбиеші мақсатының басты бағыттары. Бұрынғы тәрбие жүйесінде қалыптасқан тәрбиенің түрлері белгілі. Адам біртұтас тұлға болғандықтан, оның іс-әрекеті, дамуы тұтас бірлікте болады. Қажеттілікті іске асыру мақсаты педагогикалық, ұйымдастыру-шылық, профессионалдық-технологиялық тұрғыдан әр сыныпта қарастырылады.

Тәрбиешінің оқушы бойында қажеттілікті туғызудағы іс-әрекеті қандай болуы керек?

— оқушьшардың жеке шығармашьшық, қоғамдық маңызды іс-әрекеттерін болашақ өмірдің үлгісі ретінде ұйымдастырып, оқушының дамуын, әлеуметтенуін қамтамасыз ету (шығармашылық қажеттілік);

— оқушылардың өз денсаулығын сақтап, оны нығайту қажеттілігін олардың санасына сіңіру;

— ұжымда мейірімді, бірін-бірі сыйлаушылық, адамгершілік жағдай жасау, әр ұжым мүшесін психологиялық қысымнан қорғау, оның қорғана алу қажеттілігін іске асыру;

— ортада қоғамдық тәртіп түрлерінің орнығуына жағдай жасау, өз құрбыларының арасында әлеуметтік құрметке ие бола білу қажеттілігін қамтамасыз ету;

— өмірдің құндылығын түсінуге, оның мәнін іздеуге жағдай жасау (өмірдің мәнін түсіну қажеттілігі);

— оқушыларды педагогикалық және психологиялық жағынан сауаттандыру, олардың тандау қабілетін дамыту,

165

өзін-өзі бақылау, басқару, тәрбиелеу, әлеуметтендіру жағдайын есейгенде де дамыту (өз қажеттілігін іске асыру);



— оқушылардың сезімін тәрбиелеу. Өмірді сүю, өмірдің әр сәтін дұрыс өткізу, мектепті “қуаныш мектебіне” айналдыру (қанағаттану, қуана білу қажеттілігі);

Міне, мектептегі тәрбие мақсаттары осындай. Сонымен тәрбие дегеніміз не?

Тәрбие — оқушының басты, психологиялық және әлеуметтік қажеттілігін іске асыратын “педагогикалық жағдай жасаушың” тәрбиешінің қызметі.

Тәрбие технологиясы. Қажеттілік идеясын жүзеге асыру технологиялық жағынан қолайлы. Қажеттіліктен туындаған мақсаттар тәрбиенің түрлі бағыттарына даңғыл жол ашады. Сынып, мектеп ауқымында қажеттіліктерден туындаған іс-әрекеттерді ұйымдастырып, басқаратын әдіс керек. Мысалы, оқушының өзін қорғай алу және қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін қарастырайық. Осы қажеттілікті іске асыру үшін сынып пен мектепте мына жағдайларды ескеру көзделеді:

— тәрбиеші оқушыға ерекше сабырлылықпен қарап, оның ісін профессионал маман ретінде түсінеді;

— оқыту үрдісінде оқушының танымдық мүмкіндігін ескереді;

— әр түрлі іс-шараны ұйымдастырғанда тәрбиелік жағдай тудыру қарастырьшады;

— мектепте “оқушы ережесі” мен қатар “мұғалімдер ережесі” де пайдаланылады;

— “Баланың құқы жайлы конвенция” тұрғысынан оқушының сауаттылығы қамтамасыз етіледі;

оқушьшардың өзін-өзі басқару органдарында оқушы мен тәрбиеші құқығы бірдей қамтамасыз етіледі;

— мектепте құқық ұйымдарының, инспекторлардың жұмысы жүргізіледі;

— мектепте психологиялық қызмет, сенім телефоны, консультация бөлімі қызмет етеді;

— оқушымен жеке өңгімелесу, оқушының рухын көтеру ескеріледі.

Қорыта келе, қазіргі кезендегі педагогиканың артықшылығы — оқушыны түрлі қысым көрсетуден қорғау.

Тәрбиеленушілердің іс-әрекетін ұйымдастыру.

Педагогиканың іргелі мәселесі іс-әрекет. Бала іс-әрекет арқылы танымын жетілдіріп, тәжірибе мен адамгершілік

166

құндылыққа ие болады. Тәрбиеленушінің мынадай іс-әрекеттерін ұйымдастыруға болады:



- өмірлік мақсатты көздей білу;

- адамдық қадыр-қасиетін сақтау;

- қоғамнан өз орнын таба білу;

- сезімін дамыту, біреудің жағдайын түсіне білу, қуана

білу.

Мұндай көзқарас бала табиғатымен сәйкеседі. Денсаулығы зор оқушы өмірді сүйеді, оның іс-әрекетке, ізденіске күш-қуаты мол, онда даму қажеттілігі бар. Сондықтан түрлі іс-әрекет, шығармашылық және эмоционалды іс-әрекеттерді ұйымдастыру маңызды. Л.С.Выготский “Педагог — бала іс-әрекетін ұйымдастырушы” — деп текке айтпаса керек.



Мектептегі іс-әрекеттер: оқу әрекеті, сыныптық және мектептік іс-шаралар, сыныптан тыс әрекеттер (үйірме, клуб, секция).

Бұрынғы тәрбиеде мектептегі іс-әрекет идеологияға бағындырылып, адам табиғатының даму зандылықтары ескерілмеді.

Іс-әрекет тұрғысынан жақсы мектеп қандай болуы керек? Қажеттіліктен туған іс-әрекет идеясы нені түсіндіреді? Адамның іс-әрекетін психофизиологиялық және қабілеті жағынан қалай ажыратуға болады?

Ақыл-ой, оқу іс-әрекеті, дене іс-әрекеті, эмоция-ерік іс-әрекеті, топ бастаушы, ұйымдастырушы іс-әрекеті, қарым-қатынас іс-әрекеті. Іс-әрекеттің алуан түрлілігі мектеп өмірінің қызықтылығын, тұлғаны қалыптастырудың сан қырлылығын көрсетеді.

Жақсы мектеп болу үшін іс-әрекеттің басты үш турін скеру.қажет.

1 Мектепте оқудан тыс оқушының тандауына сәйкес келетін іс-әрекетгер ұйымдастырылуы тиіс. Барлық оқушы мектепте жоғары оқу көрсеткішіне жете бермейтіндіктен, олардың қабілетін ашу мүмкіндігін ескеру, соған орай спорт, дене еңбегі, қолөнер, көркеменер, техникалық шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыру, еркін қарым-қатынасқа баулу жұмыстары жүргізіледі. Әр оқушы кез келген үйірмеге, секцияға, клубқа келгенде өзін жақсы қарсы алатынына сеніммен келуі керек.

2. Оқушыға өзі қалаған үйірмеге еркін келуіне, өзінің ішкі қажеттілігіне қарай, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік жасау.

167

3. Оқушылармен жұмыс атқаратын бірлестіктерді маман басқаруы тиіс. Оған оқушылар уақытын бос өткізу ушін емес, қабілетін анықтап, оны жетілдіру үшін келуі қажет.

Оқу — ең маңызды іс-әрекет. Мектепте оқушы оқу арқылы өзінің “Мен” бейнесін, оның айналамен қарым-қатынасын анықтайды. Оқу үлгерімі жақсы оқушы өа құрбы-құрдастарының алдында беделді екенін біледі. Оның әрқашан достары көп, көңіл-күйі көтеріңкі, айналамен еркін қатынас жасайды. Ал нашар оқушының-жағдайы күрделі, ол үнемі өзін кем сезінеді, қорқьшышта жүреді, өзін кінәлі санайды. Оның айналаға өкпесі үлкен, ішінде өзгеге деген қайшылық сезімі бар. Егер түрткі болса, оны сыртқа шығаруға әзір тұрады. Сөйтіп, оқушының оқу үлгерімі оның өміріне әсер етеді. Олай болса, оқу үлгеріміне үлкен мән беріп оның денсаулығына зиян тигізген дұрыс па?

Психологтардың анықтауынша қазіргі оқушылардың 15—25% ғана оқута қабілеті бар, яғни осыларға оқыту технологиясының жетістіктерін пайдалану арқылы жақсы үлгерім беруге болады. Ал қалған 75—85% қазіргі оқу жүктемесіндегі талаптарды игере алмайды. Сондықтан білім стандарты төменгі деңгейді ескеріп, оқу сапасын төмендеуден сақтауы керек. Оқу жүктемесінің ауырлығынан балалардың денсаулығы төмендеп, өзіне деген сенімі азайып, мектеп пен мұғалімді жек көріп, оған кінә таққыш болады. Осыған орай, оқу үрдісін қайта қарап, өр оқушының оқу мүмкіндігін ескерген жөн. Ол үшін гуманистік технологияны қолданып, оқушы табиғатының даму заңдылықтарын ескеріп, білім мазмұнын саралап, оқушының белсенділігін арттыратьш әдістерді қолданып, мектептегі білімді бағалау жүйесін өзгертуді көздеу шарт. “Үштік” бағаға оқитын баланың қабілетін анықтау мүғалімнің міндеті.



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау