Қалиев С. ж б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттеріи дамытудың педагогикалық негіздері./ С. Қалиев, Ш. Майғаранова, Г. Нысанбаева, А. Бейсенбаева. Алматы: "Білім", 2001, -224 б. Жалпы редакциясын басқарған п


Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы



жүктеу 1,13 Mb.
бет15/16
Дата15.11.2018
өлшемі1,13 Mb.
#20382
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарын ғылыми негізде жасауынын маныздылығы, Елімізде жүріп жатқан орта білім беру жүйесін реформалау ісі мектептегі тәрбие жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру қажеттігін туғызып отыр. Қоғам өміріндегі әлеуметтік-экономикалық

194


жағдай неғұрлым күрделене түскен сайын, соғұрльш мектеп оқушыларының да өсіп, жетілуінде толып жатқан кедергілер мен қиыншылықтар көбейе түсуде. Мұның өзі бір кездерде “адам тұлғасын және ұжымды қалыптастырудың бағдарламасың немесе “ертеңгі күннің перспективаларың деген ұлы педагог А,С.Макаренконың көтерген идеясын қаншама қажетсінгіміз келмегенімізбен, бүгінгі мектеп өміріне кеше де, бүгін де, ертең де пайдалану қажеттігін түсінетін мезгіл жеткенін көрсетеді.

Сол себептен де өрбір мектептің кез-келген сыныбының жетекшісі арнайы жасалған нақты жоспарды басшылыққа алып жұмыс жүргізуі керек.

Жоспар не үшін қажет?

1. Тәрбиенің мақсатын, стратегиялық және тактикалық міндеттерін нақты белгілеу үшін қажет.

2. Сынып ұжымын, жекелеген оқушыларды, сыныптагы оқу-тәрбие процесінің жай-күйін; қоршаған ортадағы жағдайды қосымша зерттей білу үшін қажет.

3. Тәрбие жұмыстарының ұйымдастыру формаларын, мазмұнын, құралдарын ойластырып таңдап алу үшін қажет.

4. Ұжымның және жеке тұлғаның дамуындағы кемшліліктерді түзетіп, жұмыс жүргізу жоспарын жасау үшін, өзіңнің қызметінің нәтижесін жобалау үшін қажет. онымен қатар, жоспар жалпыадамдық және педагогикалық тұрғыдан өзінді-өзің жетілдіруіңнің деңгейін біліп отыру үшін қажет.

Көптеген сынып жетекшілерінде балалардың пихологиялық ситуациялардан туындаған айқын мақсаты мен тәрбиелік стратегиялық міндеттерін бағдарлау жобасы болмайды. Кейбір мұғалімдер қалыптасқан дәстүр бойынша жоғарыдан нұсқау тапсырманы немесе арнайы жіберілген іс-шараны күтіп отырады.

Соның салдарынан сыньш жетекшілерінің ынтасыздығы мен әрекетсіздігі пайда болады. Кейде жоспарлар көшіріле салады да мазмұны кездейсоқ жазылады. Жоспарланбай, кездейсоқ жүргізілген тәрбие жұмыстары балалардың да, мұғалімнің өзінің де қызығушылығын туғызбайды.

Сынып жетекшілеріне кеңес:

біріншіден, балалардың да жас ерекшелігін ескере тырып, сынып ұжымының даму деңгейін, тәрбие жағдайын (қала не ауьш мүмкіндіктеріне сай, нақты аймақтан, мектептің өзіндік ерекшелігін, педагогикалық

195

ұжым мен айналадағы оқу-тәрбие мекемелерінің) ерекшеліктерін ескере отырып, тәрбиешінің негізгі мақсаты мен міндеттерін анықтаңыз.



Мысалы, қала жағдайындағы мектепте мынадай мақсат қойылса: “Жоғары сынып оқушыларын үлкен мәдениетке тарта отырып, олардың рухани дамуын арттыру” (10—11 сыныптар). Қойылған мақсатқа орай стратегиялық міндеттер тобы айқындалады. Олар мынадай:

оқушылардың интеллектуалдық танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру (оқуға, білімге, ғылымға, ақыл-ой иелеріне деген оң эмоционалдық қатынасын қалыптастыру, осы тақырыпқа сай әдебиеттер оқуға бағыт беру).

Салауатты өмір салтын арттыру, өзін-өзі сауықтыру бағдарламасын жасау (ақыл-ой, жан, тән - үшеуінің бірлігінде).

Оқушыларды мәдениетке қатыстыру (ғылымға, көркемөнердің әр түрлі салаларына, көркем және публицистикалық әдебиетке, музыкаға, бейнелеу өнеріне, архитектураға, тұрмыстағы дизайнға, ұлттық дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарға, мінез-құлық мәдениетіне, т.б.).

Жоғары сынып оқушыларының мамандық таңдау процесінде ұнатқан мамандығын анықтауға кәсіби бағдар беру.

Оқушылар ұжымын құру және дамыту, оқушылардың педагогтар басшылығымен сыныпты бірлесе басқаруын және өзін-өзі басқаруын жоғары деңгейге көтеру — оқушылардың өзіндік іс-әрекетін арттыру.

Оқушыларды қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу, таңдаған мәдени демалыстық іс-әрекеттер мен қарым-қатынастық мәдени дағдыларымен қаруландыру.

1. Бұдан басқа да міндеттер туындауы мүмкін. Мысалы, балаларды музыкаға тарту — қандай музыкаға? Театрға апару - қандай театрға? Міне, осыдан келіп біз, тактикалық міндеттерді анықтау қажеттігін түсінеміз. Осылайша тәрбие жоспарын жасауға кірісеміз.

Тәрбие жоспарын жасау сынып ұжымы мен балаларды зерттеуден басталуы керек (олардың түсінігі мен көзқарасы, қызығушылық аясы мен бейімділіктері, қажеттіліктері, даму деңгейлері, байланыстары мен қарым-қатынастары, т.б.), сонымен қатар олардың тәрбиесінің сипатымен де байланыстырыла жасалады.

Бұл екі жолмен жүзеге асады:

— Мектеп методикасының ішінен ә р түрлі педагогикалық-психологиялық зерттеулер методикасын

196


қолдану арқылы (зерттеу және тәрбиелеу); алғашқы күннен, аптадан бастап мазмұны, түрі, көрінісі, тақырыбы жағынан әр алуан шараларды өткізу арқылы: Білім күні, демалыс күнгі саяхат, “Көгіддір от” (танысу үшін), “Біздің болашақ өміріміз қандай болады?”, “Біз өзіміздің ісіміз үшін жауап береміз” деген тақырыптардағы тәрбие сабақтарын, “Біздің өмірлік көзқарасымыз” деген тақырыпта пікірсайыс, т.б. өткізу арқылы.

Перспективалық жоспарға сынып, топ, жеке оқушылар туралы қысқаша мәлімет, тәрбие жоспарының мақсаты мен міндеттері, және негізгі тәрбие жұмыстарының бағыттары (экономикалық, ақьш-ой, адамгершілік, эстетикалық, еңбек, т.б.) енеді.

Дегенмен, ең тиімдісі перспективалық-календарлық жоспар. Тәрбие жоспарын жасаушы сынып жетекшілеріне төмендегідей ұсыныстарды бере аламыз:

Дәптер бетінен “Тәрбие жұмысын жоспарлау” деген бөлімді ашып, оған мынадай жаңа беттер қосасыз:

1. Сыныппен бір жыл ішінде атқарылатын тәрбие жұмыстарының мақсаты: стратегиялық және тактикалық міндеттер.

2. Сынып ұжымын және жеке оқушыларды зерттеп танудың қорытындылары (толтырылған анкеталар, тестілер, әр түрлі сауалнамалар, рөлдік ойындар, оқушылардың мектеп, сынып өміріне қатысқаны жайлы белгілер, қызығушылығы мен бейімі, метептен тыс уақытта айналысатын жұмыстары, жоспарға қосқан ұсыныс-пікірлері).

Жоспар жасардың алдында келесі оқу жылында болатын календарлық даталы күндерді біліп алуға тұра келеді.

Алдын-ала мектеп бойынша терендетіле оқытылатын пәндерді, экскурссия, музей, театр, көрмелерге баруды,т.б. біліп алу керек. Сонымен қатар, мектептің, сыныптың бағытына қарай оқытылатын шет ел тілі, гуманитарлық пәндер, физика-математикалық, т.б пөндерді білу қажет.

Осыдан кейін ғана тоқсанға, жарты жылға, бір жылға арналған тәрбие жоспары жасалады.

Жаңа типті мектептердің тәрбие жұмысының ерекшеліктері. Бүгінгі қоғамда болып жатқан өзгерістер — ғылыми-техникалық процесс, ізгілендіру үрдісі білім беру жүйесінің алдына аса күрелі міндеттерді жүктеп отыр.

Бүгінгі білім беру жүйесінде құрылып жатқан жаңа типті мектеп-гимназиялары қоғамның сұранысына сай

197

жан-жақты білім беруге, гимназистердің рухани-мәдениетін жетілдіруге негізделеді. Негізгі сұраушы — ат аналар болып табылады.



Қазіргі кезде Қазақстанда 8023 жалпы білім берет мектеп бар, оның 6136-сы ауыл мектептері. Онда 3 млн. мың бала оқиды. Осылардың ішінде жаңа типті 263 мектс қызме етеді. Олардың 161 — гимназия, 102-і - лицей.

Қазақстан Республикасының білім туралы заңында жаңа типті мектептердің құрылымдық жүйесір түсініктеме берілген. Мәселен, гимназия — негізі қосымша, жалпы білімдік бағдарламаларды оқушыларды қабілеті мен бейімділісіне қарай тереңдетіп, бағдарлы және саралап дәріс беру арқылы жүзеге асыратын орта жалпы білімдік оқу мекемесі деген анықтама берілсе, ал “лицей — негізгі және қосымша жалпы білімді бағдарламаларды жүзеге асыратын, қабілеті ме бейімділігіне сәйкес кәсіби бағдар бойынша дәріс беретін жоғары сатыдағы оқушыларды аймақтық қатыстығын қарамастан қабылдап, оларға орта жалпы білім беретін оқу мекемесің, - деп жаңа типті мектептерге жататын оқу орындарының құрылымына түсініктемелер берілген.

Жалпы, мектеп-гимназияның білім беру жүйесінің төмендегідей міндеттерді басшылыққа алады:

— Гимназиялық білім алу — жан-жақты, жүйел дүниеге кешенді көзқарас қалыптастыру;

— Гимназиялық білім беру — гимназистердің үйлесім; дамуына жағдай жасау;

— Гимназиялық білім беру - ізгілендіру тұрғысында жеке тұлғаның жоғарғы адамгершілік қасиеттсрін дамыта тәрбиелеу;

— Гимназиялық білім беру жүйесі — гимназистердің өз бетінше білім алып, шығармашылықпен дамуына ғылыми-техникалық прогресті меңгеруге негіздеу;

— Гимназиялық білім беру — гимназистердің болашақ кәсіби мамандығын таңдауға байланысты әлеуметтік сұранысты қамтамасыз ету.

Оқытушылар мен гимназистердің өзара қарым қатынастарының даму негізіне төмендегі жағдайлар алынады:

— Гимназиядағы өзара түсінушілік, жылы психологиялық ахуал;

— Жаңа технологиямен жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру;

198


- Дарынды балалардың мүмкінідіктерін ашуға жағдай жасау;

- Оқытушылардың еңбегін дұрыс бағалау және олардың ғылыми өсуіне ықпал ету.

Жаңа типті мекептерде білім мен тәрбие беру ерекшеліктеріне байланысты алдымызға қойған мақсат пен міндеттерді басшылыққа ала отырып, жан-жақты терең білім негіздерімен қаруланған, болашақта жоғары оқу орындарына еркін түсе алатын, ғылыми-зерттеу ісімен айналысатын жеке, дара тұлғаны қалыптастыру.

Жаңа типті мектеп-гимназияда педагогакалық кадрлар мен оқушы-гимназистер басқару жүйелерінің негізінде бір-бірімен байланыса жұмыс істеу бағыты анықталады:



Гимназиялық білім беру жүйесінде жаңа мазмұнды оқыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы, білім стандартын, тұжырымдамаларды, бағдарламаларды негізге ала отырып, мұғалімдердің шығармашылық ізденістерінің негізінде гимназистердің сұраныстары бойынша пәндерді тереңдетіп оқыту көзделеді.

Гимназиялық білім беруді толық қамтамасыз ету:

1. Гуманитарлық-қоғамдық, математикалық, ғылыми-жаратылыстану бағыттары;

199

2. Қосымша пәндермен (философия, логика, психология, т.б.) тіл мәселесі (ағылшын тілін қазақ тілі : негізінде оқыту).



Гимназияда өтпелі және болашаққа негізделген оқу- жоспарларын құру:

а) Гимназия сыныптарында оқу жоспарларын жүйелеу.

ә) Кәсіптік пәндерге біртіндеп көшу (математикалық, : гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану);

б) математика, қоғамдық-гуманитарлық, жаратылыстану пәндерін байланыстыру, интеграциялау;

в) гимназистердің дамуына ықпал ететін қосымша пәндерді, факультатив курстарды, арнаулы курстарды енгізу;

г) гимназияда тәрбие жұмысының жаңа технологиясын және мазмұнын айқындау;

д) гимназистердің қоғамдық жұмыстарға араластыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ету. Сонымен,

1. Гимназиялық білім берудің негізгі міндеттері болып:

— Гимназистердің табиғи мүмкіндіктерін дамыту;

— Гимназистердің шығармашылық қасиетін айқындау және оны дамыту;

— Гимназистердің өз бетінше дамуына жағдай жасау, түрткі тудыру; білік, дағдыларын дамытып, қалыптастыру;

— Психологиялық дағдыларын дамыту.

2. Гимназияда оқытудың міндеттері:

— Жан-жақты және терең білім бере отырып, дүниеге көзқарасын қалыптастыру;

— Ойлау әрекетіне дағдыландыру;

— Білімін жетілдіруге өз бетінше дағдыландыру (кітаппен, қосымша әдебиеттермен өз бетінше іздене жұмыс істеуге, реферат, баяндама жасауға үйрету);

— Білімін жетілдіруге өз бетінше дағдыландыру және ғылыми-зерттеушілікке, еңбекке баулу;

3. Гимназияда тәрбиелеудің міндеттері:

— Жеке тұлғаның адамгершілік бейнесін қалыптастыру;

— Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын қалыптастыру;

— Жеке тұлғаның ішкі мүмкіндігі бойынша дамуын жетілдіру.

Гимназиялық білім берудің негізгі ұстанымдары:

1. Білім беруді ізгілендіру.

2. Дамыта оқыту ұстанымы.

3. Даралап оқыту ұстанымы.

200


4. Білім беруді саралау.

5. Білім берудің үздіксіздігі.

6. Білім беруді гуманитарландыру.

7. Білім берудің жүйелілігі.



Гимназиялық білім берудің негізгі ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, жаңа типті мектеп-гимназияларда жүргізетін тәлім-тәрбие жұмысының өзіндік ерекшеліктерін айқындау. Жалпы жаңа типті мектептердің тәрбие жұмысы гимназистердің іс-әрекеті негізінде іске асады.

Іс-әрекет құрылымы:

Шындығында оқушының іс-әрекетін тудыруда негізінен түрткі болу қажет. Іс-әрекет құрылымының негізгі компоненттері материалдық, экономикалық, гигиеналық, моральдық-психологиялық, уақытша жағдайлар негізінде

іске асады. Бұл жағдайлар іс-әрекеттің құрылымына тікелей кірмесе де оның іске асуына тікелей жағдай жасайды. Мектеп дамуында жаңашыл үрдістің, жаңашыл іс-әрекеттің субъектісі болып: мектеп-гимназия директоры, директордың орынбасары, мұғалімдер, ғалымдар, оқушылар, ата-аналар, демушілер, әдіскерлер, ол жоғарғы оқу орындарының мұғалімдері, кеңесшілер, білім беру органдарының қызметкерлері т. б. енеді.

Мектеп-гимназиядағы тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық неде дегенге келетін болсақ, жеке тұлғаны қалыптастыруда сабақ үрдісінде, тәрбие беруде және

201

сыныптан тыс уақытта төрбие беру мәселелері негізгі орын алады. Мектеп-гимназияның сыныптан тыс жүргізілетін іс-шараларының негізгі көздеген мақсаты, бүгінгі қоғамдық ағымға еркін араласатын, өз ойларын еркін айта алатын белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру. Мектеп-гимназияларының басқару құрылымы:



Жаңа типті мектептегі тәрбие жұмысы, аты айтып тұрғандай өзіндік жаңашылдығымен айшықталуы керек. Яғни, жаңа типті мектептегі оқу-тәрбие үрдісіндегі жаңашылдық:

— білім берудің мазмұнында;

— оқу-тәрбие үрдісінде; әдістерінде; технологиясында; оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда; жаңа типті мектептің басқару жүйесінде көрініс табуы керек.



Жаңалық енгізудің негізгі түрі — жаңашылдық (потенциалы) мүмкіндіктері. :

Субъективтік құрылымына қарай мектеп-гимназия жұмысының қандай дәрежеде екенін байқауға болады. Кейбір жағдайда әр түрлі тығыз істерге байланысты субъективтік құрылымдар өзгеріске ұшырайды.



Жаңашыл үрдістің мазмұңдық құрылымы: оқыту, тәрбиелеу, оқу-тәрбие үрдісінде, мектеп-гимназияны басқаруда өзіндік жаңашылдығымен көрініс табуы керек. Әрбір компонент өзіндік күрделі құрылымнан тұрады. Оқу-тәрбие үрдісінде ол білім мен тәрбие берудің әдістерінде, түрінде, тәсілінде, құралында және т. б. жаңашылдығымен көрініс табады.

Жаңа үлгідегі мектеп-гимназияларда тәрбие жұмысын төмендегі бағыттар бойынша жүргізу көзделді:

1. Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту.

202


Гимназистердің танымдық белсенділігін дамыту сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы жүргізілетін іс-шаралар өзара байланыста іске асады. Яғни, сабақ үрдісінде өтілетін материал гимназистердің танымдық іс-әрекетін, белсенділігін дамытуға ықпал ету (гимназистердің шығармашылық ізденуіне түрткі тудыру арқылы, ойын эрекеті: дикуссия, эксперименттік, зерттеушілік) негізінде іске асырылады.

Ал, сабақтан тыс уақытта гимназистердің танымдық белсенділік іс-әрекетін дамытуға:

— Оқытудың сабақтан тыс шығармашылық түрі арқылы: пән апталығы, байқаулар, пәндік олимпиада, турнирлер, марафондар және т. б.

— Клубтық және үйірмелік іс-әрекеттер арқылы: драмалық клуб, дискуссиялық клуб, музыка студиясы, пәндік үйірмелер

— Кітапханаларға, музейлерге, театрларға, көрмелерге жүйелі және үзбей бару арқылы жүзеге асады.

Оқушы гимназистердің ұжымық іс-әрекетінің ұйымдастырылу түрінің әр түрлілігіне байланысты, олардың топтарының құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты тәрбие жұмысы:

1. Сынып ішінде жүргізілетін тәрбие жұмыстары.

2. Сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары: а) клуб, үйірмелерде жүргізілетін тәрбие жұмыстары; ә) сынып аралық тәрбие жұмысы болып екіге бөлінеді.

3. Қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынасын және жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.

4. Жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік негіздерді қалыптастыруда адамгершілік сезім, адамгершілік сана, ерік, ойлау қабілетін жетілдіру болып табылады.

5. Жеке тұлғаның ішкі қажеттілігі бойынша өзін-өзі жетілдіруді қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру — жеке тұлғаның адамгершілік қалпын тереңдету үлгісі. Өзін-өзі тануы және мінез құлқының дұрыс қалыптасуына байланысты дағдыларды жетілдіріп отыру.

“Салауатты өмір — өмір салты” атты 10-11 сынып оқушыларымен жүргізілетін тәрбие сағаттарының үлгі тақырыптары.

203


10 сынып

1. Ұрпақ саулығы — ел байлығы

2. Денсаулық сыры неде?

3. Сымбаттылық — адам сәні

4. Денені шынықтыру міндетің

5. Спорт пен таза ауа

6. Нағыз жігіттік — күште

7. Ұлттық ойынның — бүгіні мен болашағы

8. Спорт — ақыл-ойдың шынықтыру көзі

9. Анашаның адам өміріне зияны



11 сынып

1. Спорт пен еңбек егіз

2. Дені сау ұрпақ тәрбиелеу — ел міндеті

3. Адам және табиғат

4. Туған жер табиғаты — жанға сая

5. Спид — XX ғасырдың қасіреті

6. Тән тазалығы — жан тазалығы

7. Салауатты өмір және халықтық педагогика



Жоғары сынып оқушыларының ар кодексі:

1. Ар, ұят, намыс - бұл адамның адамгершілік сапалары, оның игі істері, адалдығы мен ақ ниеттілігі, ар тазалығы.

2. Ар мен ұят - ұлы құндылықтар. Жеке тұлғаның күш қуаты мен өзіндік ерекшеліктері, даму сатысы мен деңгейі солармен өлшенеді.

3. Ар мен ұят бізге туа берілмейді, ол ұзақ мерзімдік өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі қалыптастырудың жемісі. Арлы адам болу өз қолында.

4. Арлы адам жоғары сенім мен қатаң принциптерді ұстайды. Ол асқақ мұраттарға жетуге талпынады. Ол көпшілікке еліктемейді, көптің ішінде өзінің ерекшелігін сақтайды.

5. Адам бір өзі өмір сүре алмайды, бірақ біреулердің үстінен күн көру адалдық емес, адамгершілікке жат қылық. Біреуді бақытсыздыққа үшыратып одан өз бақытынды таба алмайсың.

6. Мектеп - әр түрлі жастағы, әр түрлі тағдырлар мен мінез-құлықты адамдардың басын біріктіретін біздің ортақ үйіміз.

7. Біздің адамдар отанды қасиет тұтады, өз ата бабаларының тарихы мен дәстүрін құрметтейді, өз

204

мектебінің ұжымының құндылықтарын қорғай біледі, оның дәстүрлерін дамытып, гүлдендіре түседі.



8. Арлы адамдар ақылдылық, білімділік, зиялылықты жоғары бағалайды. Адам үнемі білім алуға ұмтылады, өйткені ол адам. Оған ақыл мен сезімнің, сөз бен істің үйлесімділігі қажет.

9. Жеке тұлғаның даму деңгейі ер балалар мен қыз балалардың қарым-қатынасында айқын байқалады. Біздің мектебіміздің жігіттері мен қыздарының қарым-қытынас өлшемдері олардың шынайы және моральдық тазалығымен, ар-ұят қасиеттерімен реттеледі.

10. Қиындықтар мен ауыр жағдайлар жағымсыз мінез-құлықтар мен әрекеттерді ақтамайды. Тәртіпті адам кез-келген жағдайда арын сақтай біледі.

11. Әлеуметтік белсенді тұлға өз айналасындағы өмірді қызықты ете алады. Егер де күш-жігерің мен табандылығың болса, өмірді жақсарт, жоқ болса — онда қала бер, ең болмаса тәртіпті бол.

12. Ардан басқа ешнәрсе де соншалықты қиындықпен келмейді және ешнәрсе де ар сияқты жоғалмайды. Арынды жастан сақта.

Жыл гимназисі” байқауының Ережесі. Гимназиялық білім мен тәрбие берудің негізгі міндеттері болып: тұлғаны тәрбиелеу, білім мен тәрбие беруді құндылық бағдар негізінде құра білу; өз бетінше жетілуіне және өз бетінше білім алуына гимнзия, жаңашыл дәстүрлерді жаңғырту болып табылады.

Гимназия кеңесі, ғылыми-әдістемелік кеңестің оқушы-гимназистердің белсенділік іс-әрекетін қалыптастыруға байланысты “Жьш гимназисі” атты байқаулар ұйымдастыруға болады.

Байқаудыц міндеттёрі:

-Оқушы-гимназистердің қабілетін ашуға гимназияның барлық мүмкіндіктерін пайдалану және гимназия педагогикалық ұжымының шығармашылық потенциалын іске асыру;

--Тұлғаны өзін-өзі жетілдіруіне және өз ойын еркін айтуға баулу.

--Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушы-гимназистердің танымдық белсенділігі мен шығармашылық іс-әрекетін дамытуға жағдай жасау.

205


--I. Жалпы ережесі.

1. “Жыл гимназисі” байқауы жыл сайын гимназияның оқу жоспарына негізделе әрбір пән немесе білім көлемі бойынша өткізіледі.

2. Байқауға 2-11 сынып оқушылары қатынасады.

3. Конкурсқа қатысқан оқушы бірнеше пән немесе білім көлемі бойынша лауреат бола алады.

4. Байқаудың өткізілу мерзімі төмендегі график бойынша анықталады:

— Конкурсқа материалдарды дайындау және ұсыну;

— Жеңімпаздарды анықтау және қорытындының нәтижесі;

— Марапаттау.



жүктеу 1,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау