Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет3/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

16

17

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН



(шамамен 1017/1021–1075 жж.)

олық аты Жүсіп Хас-Хажыб. Шу бойындағы ескі қаланың 

бірі — Баласағұнда туған. XI ғ. 70-ж. дейін өмір сүріп, есі-

мі күллі Шығыс елдеріне мəшһүр болған дарынды ақын, даныш-

пан-ойшыл ғалым, мемлекет қайраткері. Жүсіп Баласағұнның 

«Құтты Білік» («Құтадғу білік») дастаны əлемдік əдебиет 

тарихындағы мəңгілік өшпес бірден-бір əдеби мұра болып та-

былады. Бұл дастан қазіргі түркі тілдес халықтардың орта 

ғасырдағы тарихи жəне қоғамдық-саяси өмірі мен тұрмыс-

тіршілігінен, ғылымы мен əдебиетінен, мəдени деңгейінен, 

əдет-ғұрпы мен наным-сенімінен мағлұмат беретін бірегей ту-

ынды. «Құтты Білік» дастанының біздің заманымызға дейін 

үш көшірме нұсқасы жеткен. Ақынның, сондай-ақ толғамы 

терең өзге де рубаилары белгілі.

Халық бүлінсе — саясат түзейді.

Халық тарықса — үкімет жұтайды.

* * *

Кімде-кім халқынан алмаса тəлім,

Оны үйрете алмас ешбір мұғалім.

* * *

Жай халықсыз болмайды іс те, ештеңе — жайлап сөйлес, жөнсіз 

билеп-төстеме.

* * *

Қылыш қан төксе — иесі ел билейді.



* * *

Бек қызыққа құмар болса — қалған елдің күні қараң.



* * *

Сараң бек ел билей алмайды.



* * *

Елшісі епсіз басшының бағы жанбас.



* * *

Тіл — елшінің қылышы.



* * *

Ақылсыз адам — мəуесіз ағаш секілді.



* * *

Көңіліңе қарай — дос таңда, күшіңе қарай — жүк таңда.




18

19

* * *

Бала нені білсе жастан, ұядан,

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.



* * *

Қатты тəртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

* * *

Ел билеу үшін ақыл, жүрек, ой керек.



***

Ұлық болсаң — кішік бол.



* * *

Қылыш — ел шауып, қазына құрайды

Қалам — қазына тауып, қайыр сұрайды.

* * *

Қара халық ханы кетсе, басынан айырылар.



* * *

Халықтың хақы əкімде.



* * *

Халық бүлінсе, саясат оны түзейді.



* * *

Көш басы қайда барса, соңы да сонда барады. 



* * *

Қара халық қызмет етсе, бектер биіктеп кетеді.



***

Қылыш елді күзейді,

Қалам елді түзейді.



20

21

МАХМҰД  ҚАШҚАРИ



(1029–1101 жж.) 

олық аты-жөні Махмұд ибн Əл-Құсайын ибн Мұхаммед. 

Қарахандардың ақсүйектерінен шыққан. Қазіргі Қазақ-

стан жерінде болған Барысқан қаласында туып, Қашқарда 

қызмет еткен. 

Махмұд Қашқари түркі халықтарының тұңғыш филоло-

гы. Ауыз əдебиеті үлгілерін жинап, зерттеген ұлы ғалым. 

Əйгілі «Диуани луғат-ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») 

еңбегінің авторы. 8 кітаптан тұратын осынау еңбекте 6800-

дей түркі сөзі ғылыми жүйеге түсірілген. «Диуани луғат-ат-

түрік» ерте орта ғасырдағы түркі халқының энциклопедиясы 

іспетті. Данышпан ғалымның, сондай-ақ ең ежелгі түркі кар-

тасы деп танылған Дөңгелек картасы да белгілі. Онда түркі 

халықтарының таралым аймағы көрсетілген. 

ЮНЕСКО ұйымының ұйғарымымен 2008 жыл «Махмұд 

Қашқари жылы» деп жарияланған болатын.

Ел — қалар, əдет — қалмас.



***

Жер бастырығы — тау, ел бастырығы — бек.



***

Бақыттың белгісі — білім.



***

Ер жігітті қорлама. 



***

Үлкенмен керіспес болар. 



***

Əдептің басы — тіл.



***

Ақылды сөз — алтын табаққа жеткізер.



***

Сөз ұғындырылса — ой білінер.



***

Бар — бақыр, жоқ — алтын.



***

Ауыр күн де өтеді — оған сабыр-шыдам қыл.




22

23

***

Ұран көтерілсе — ру жиылар, 

Жау келсе — жамағат жиылар. 



***

Дос адам маңайыңды жұмақ етер.



***

Күндестердің күлі де — күндес. 



***

Жақсы адамның сүйегі қурағанмен — аты қалар.



ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ

(1093–1166 жж.)

II ғасырда Түркістан маңындағы Сайрам жерінде дү-

ниеге келген. Халқымыздың байырғы мəдениеті тари-

хындағы айрықша тұлға, сопылық поэзияның негізін салған 

кемеңгер ақын, күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы 

болған діни қайраткер. Түркі тілінде жазылған XII ғ. əйгілі 

əдеби жəдігер «Диуани Хикметттің» авторы. Өкінішке қарай, 

бұл туындының түпнұсқасы сақталмаған, біздің заманымызға 

дейін жеткені XV–XVI ғғ. көшірмесі ғана.

Қожа Ахмет Яссауи 63 жасында: «Пайғамбар жасына жет-

тім. Маған одан артықтың қажеті жоқ» деп, қалған өмірін 

қылуетте, яғни жер астында өткізген. Бізге жеткен бірегей 

шығармасы «Диуани Хикметте» қазақ халқының ертедегі та-

рихына, мəдениеті мен əдебиетіне, этнографиясы мен эконо-

микасына қатысты құнды деректер бар. Бұл шығарма алғаш 

рет жеке кітап ретінде 1878 жылы басылып шықты.

Тарихи деректер бойынша, XIV ғасырдың аяғында атақты 

Ақсақ Темір Түркістанда жерленген Қожа Ахмет Яссауи əзі-


жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау