Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет5/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

32

33

Көре алмаған туыстан,



Қол ұшын берген кісі артық!

Күндес болған қоңсыдан,

Күнде аңдысқан жау артық!

Жақсыны да, жаманды жаратқан-ау Тəңірім!

Пейілі жемсау, жемқорлық

Пендеге біткен осалдық!

Ойланыңдар Жамағат!

Таразы тасы Имандық!!! 



* * *

Есті көрсең кем деме,

Бəрі тұйғын табылмас,

Қарындасын жамандап,

Өзіңе туған табылмас.

Адам əзіл айтар деп

Көңіліңді салмағыл.

Нəпсі алдаушы дұспаның

Насихатын алмағыл.

Бақыты оянған ерлердің

Əрбір ісі оң болар,

Дəулеті күнге артылып,

Не қылса да, мол болар.

Тазылары түлкі алып,

Қаршығасы қаз іліп,

Сөз сөйлесе жөн болып,

Не десе де жарасар,

Бай, байсын деп ат қойып,

Ел аузына қарасар.

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа,

Күнінде өзім болдым деп,

Кең пейілге таласпа,

Артық үшін айтысып

Достарыңмен санаспа.

Ғылымым жұрттан асты деп,

Кеңессіз сөз бастама,

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама! 

* * *

Арғымаққа міндім деп

Артқы топтан адаспа!

Күнінде өзім болдым деп

Кеңпейілге таласпа!

Артық үшін айтысып,

Достарыңмен санаспа!

Ғылымым жұрттан асты деп

Кеңессіз сөз бастама!

Жеңемін деп біреуді

Өтірік сөзбен қостама!



34

35

ШАЛГИІЗ ТІЛЕНШЕҰЛЫ



(1465–1560 жж.)

азақ поэзиясындағы философиялық бағыттың негізін 

салушы Шалгиіз жырау ноғайлы-қазақ дəуірінде Орақ, 

Мамай, Би Темірдің тұсында өмір сүрген. Өз заманының ең 

жетік суырып салма ақыны болған қадірменді жыраудың ғиб-

ратнамалық шешен сөздері мен жырларынан бізге жеткені 

600 жолдың шамасы делінеді. Осы азғантай мұрасының өзі-ақ 

оның сирек кездесетін дарын иесі екенін айғақтайды. Жыраудың 

ой-толғаныстарында ел билейтін басшының қауым, əлеумет 

өміріндегі орнына да өзіндік баға берілген. Шалгиіз елдің бірлігі 

мен ынтымағын аңсаған ақын. Оның шығармалары орыс тіліне 

де аударылған.

Малыңды бер де, басың қос, 

Басыңды қос та, бек сыйлас.

***

Есендікте малыңды бер де, батыр жи, басыңа қиын-қыстау іс 

түссе, дұшпанның қолы жете алмас. 

***

Алтау болар, бес болар,

Ішінде абаданы бір болар.

Абаданынан айырылса,

Олардың əрбіреуі

Əрбір итке жем болар.



***

Шағырмақ бұлт — жай тастар, əділ жігіт — ел бастар.  

Шешен жігіт — жол бастар, батыр жігіт — қол бастар.

***

Айдын сулар, аймақ көл — 

Тасыса дөңбек келтірер.

Көп өтірік, жаман сөз — 

Басыңа бəле келтірер.

***

Шағырмақ бұлт — жай тастар, əділ жігіт — ел бастар.



***

Бір жақсымен дос болсаң —

Азбас-тозбас мүлкі етер.

Бір жаманмен дос болсаң —

Күндердің күні болғанда

Бар ғаламға күлкі етер.




36

37

ДОСПАМБЕТ ЖЫРАУ



(1490–1523 жж.) 

заулы (Азов) шаһарынан шыққан (Астрахан маңы) Дос-

памбет жырау қазақ хандығы құрылар тұста өмір сүрген. 

Ерлік пен еркіндікті аңсаған жорықшы жырау Доспамбеттің 

ұлттық əдебиетіміздің қалыптасуында алар орны ерекше. Ол 

өз толғауларында ұрпағына еліңді, жеріңді қорғай біл деген өсиет 

қалдырып, өз заманындағы ерлік дəстүр мен батырлықты дəріп-

теген. Кей деректер бойынша, Доспамбет кезінде Қырым, Ноғай 

жəне Қазан хандықтарының арасындағы бірқатар жорықтар 

мен шайқастарға қатысқан. Өкінішке қарай, жыраудың ақын-

дық мұрасы біздің заманымызға толық жетпеген. Жекелеген 

қолжазбаларда сақталып қалған шығармалары ХІХ ғасырдың ба-

сында əртүрлі əдеби жинақтарға енген. 

...Екі арыстап жау шапса, 

Оқ қылқандай шаншылса, 

Қан жусандай егілсе,

Аққан судай төгілсе, 

Бетегелі Сарыарқаның бойында 

Соғысып өлген өкінбес! 

***

Еңсесі биік ақ орда — еміне кірер күн қайда,

Қара бұлан терісін етік қылар күн қайда.

Күдеріден бау тағып кіреуке киер күн қайда,

Күмбір-күмбір кісінетіп, күреңді мінер күн қайда.

Толғамалы ақ балта толғап ұстар күн қайда,

Алты құлаш ақ найза ұмсынып шаншар күн қайда,

Садақ толы сəйгез оқ, масағынан өткеріп,

Басын қолға жеткеріп, созып тартар күн қайда?!

***

Қоғалы көлдер, қом сулар — қонысқа қонған өкінбес,

Арыстандай екі бұтын алшайтып арғымақ мінген өкінбес...

***

Айнала бұлақ басы — Тең, 

Азаулының Стамбұлдан несі кем?! 

Азаулының Аймадет Ер Доспанбет ағаның

Хан ұлынан несі жоқ, 

Би ұлынан несі кем?!.



***

Айналайын, Ақ Жайық, 

Ат салмай өтер күн қайда?!

Еңсесі биік боз орда 

Еңкейе кірер күн қайда?!.



38

39

Қара бұлан терісін 



Етік қылар күн қайда?! 

Күдеріден бау тағып, 

Кіреуке киер күн қайда?! 

Күмбір, күмбір кісінетіп, 

Күреңді мінер күн қайда?! 

Толғамалы ақ балта 

Толғап ұстар күн қайда?! 

Алты құлаш ақ найза 

Ұсынып шаншар күн қайда?!.

***

Қалаға қабылан жаулар тигей ме, 

Қабырғадан дұспан жалдап жүргей ме, 

Қатарланып, қарланып, 

Қайран ер қарт күреңге мінгей ме! 

Қабырғадан қараған 

Достым менен дұспаным: 

«Апырым, ер Доспамбет!» — дегей ме!.. 



ТӨЛЕ ƏЛІБЕКҰЛЫ

(1663–1756 жж.)

азақ шешендік өнерінің тарихындағы ерекше тұлға Төле 

би Əлібекұлы қазіргі Жамбыл облысына қарайтын Шу 

өзенінің бойындағы Жайсаң жайлау деген жерде дүниеге келген. 

Ел-жұртының тыныштығын көздеп, салиқалы саясат жүргізе 

білген көреген көсем туралы «Бүтін билікке Төле би жеткен» 

деген сөз бар. Əз Тəуке ханның «Жеті жарғысын» жасауға 

қатысып, «Билер кеңесінің» мүшесі болған. Қазақ хандығының 

тұтастығы жолында күрескен Төле би өз заманындағы зерделі 

де сауатты қайраткер болған. Оның əділдігіне, парасаттылы-

ғына тəнті болған жұрты «Қарлығаш əулие», «Қарлығаш би» 

деп атаған. 

Тегімді менің сұрасаң,

Дулаттан тарап өрбіген

Жаныстан шыққан Төле едім.

Араздасқан ағаны



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау