Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет6/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24

40

41

Тату етсем деп едім.



Береке — бітімі елімнің.

Құдіреті мен қасиетін 

Асқар етсем деп едім.

***

Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі.

Өзіне келер ұятын

Өзі біліп тұрса игі.

Жаудан бұққан немені,

Ортасынан қуса игі!

***

Арғымақ баптап не керек,

Жабы қуып жеткен соң.

Ағайын-туған не керек,

Аңдысып күні өткен соң.

Бес күн жалған өтеді,

Ажал қуып жеткен соң,

Бір төбенің басына

Тыға салып кеткен соң.

«Сөйле, Төке» дейсіздер,

Жастар бар ма тыңдайтын?

Бұрынғыдай жұрт қайда,

Айтататын оны біз қайда?..

***

Іздеп келер інің бар болса,

Бақытың барын содан біл.

Аңсап келер ағаң бар болса,

Аруағың барын содан біл.

***

Аларды біліп, бермегеннен без,

Ел-жұрты қашып, ермегеннен без.

Үйіне қонақ қонбағаннан без,

Көптің айтқанына болмағаннан без!

***

Атың жақсы болса,

Ер жігіттің пырағы,

Балаң жақсы болса,

Жан мен тəннің шырағы.

Қызың жақсы болса,

Жайқалып өскен құрағы...

***

Жалғандай ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлаған соң тірлік керек.

Ағайынға ала көз бола қалсаң,

Аузыңнан несібеңді біреу жемек.

***

Бейбіт елде — сəн бөлек, бүлінген елде — дау бөлек.

Тұсау — ат сақтайды, ат — ер сақтайды, ер — жер сақтайды.

***

 Бір үйдің баласы болма,

 Көп үйдің баласы бол.

 Бір елдің баласы болма,

 Бар елдің данасы бол.



42

43

***

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысы болмаса ел жетім.

Ұқпасқа айтқан сөз жетім,

Көре алмаған көз жетім.



***

Өзіңе-өзің кəміл бол,

Халқыңа əділ бол,

Жауыңа қатал бол.

Досыңа адал бол.

***

Тəңірге құйса дария

Суының мол болғаны.

Ел билеген ер жігіт

Сыйласа халқы құрметтеп,

Басына бақыт қонғаны.



***

Бірлігі мықты ел болса,

Барлығы түгел бауыр-ды.

Отқа иелік болмаса, 

Жеріңді өрт шалады.

Əділ билік болмаса, 

Халқыңды дерт алады.

***

Ұрпағыңа үлгі етіп,

Батырыңды жырлап өт,

Жерлеп жеңсе жауыңды. 

Астыңа берсе алтын тақ,

Еліңнің саған сенгені.

Береке-бітім жолын тап.

Күштің бетін баста деп.

Қолыңа тізгін бергені.

***

Лауазымың өссе зорайып,

Адалдықты тұншықтырсаң сол айып.

Елді билеп өскеніңнен не пайда,

Рақатыңды көрмесе, ағайын мен халайық.

***

Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,

Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.

Атаға бөлінгендер адыра қалады,

Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Хан азса, халқын сатады,

Халық азса, хандыққа таласады!

***

Жаныңа батса білерсің

Қасиетін саулықтың.

Елің тозса білерсің,

Азабы мен қасіретін.

Араздасқан жаулықтың.




44

45

***

Береке-бітім, келмедің

Əз Тəукенің кезінде, 

Қазақтан туған асылдар 

Өнеге болар ұрпаққа

Əйтеке мен Қазыбек

Əділін айтқан ер еді.

Терезем тең боп солармен,

Елімнің биік төрінен.

Орын алған Төле едім.

Береке-бітім болғанда

Еңсесі биік ел едім.

ҚАЗЫБЕК КЕЛДІБЕКҰЛЫ

(1667–1765 жж.)

ыр бойында дүниеге келген халқымыздың кемеңгер би-

лерінің бірі — Қаз дауысты Қазыбек бидің жастық 

шағы Қаратау, Ұлытау атырабында өткен дейді тарихи дерек-

тер. Оның арғы аталары да, өз əкесі Келдібек те дүйім жұртқа 

белгілі əділ би, абыздар қатарынан шыққан. Қазыбек би — 

қазақ пен қалмақ арасындағы жаугершілік, шапқыншылық ке-

зеңде екі елдің арасына бітімші болған алғыр да шешен елші 

ретінде де танылған. 

Халықтың ауыз əдебиеті мен салт-дəстүрін, ата жолын 

жастайынан меңгеріп өскен Қазыбек би өз заманындағы озық 

ойлы, əділ де көреген, батыл да батыр тұлға ретінде ел билеген 

хандардың мемлекет басқару ісіне араласып, ішкі-сыртқы сая-

сат тұрғысында кеңес беріп те отырған.

Ел — көбелек емес, ер — кебенек емес.




46

47

***

Ермен бірге ел азады,

Тағындағы хан азады,

Бабындағы би азады.

***

Біз — қазақ деген қырда қой баққан елміз,

Жүйрік жаратып, қымызға бие байлатқан елміз.

Дəм-тұзды ақтай білген,

Достықты сақтай білген,

Ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз!



***

Төрімізден құт-береке қашпасын деп,

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Туырлыққа — ту іліп,

Қыннан қылыш суырып,

Көк найзаның ұшына күдері таққан елміз!



***

Дұшпанға еш бас ұрмаған елміз,

Басымыздан сөз асырмаған елміз!

Асқақтаған хан болса,

Сөз ұқпайтын паң болса,

Қанға — қан, жанға — жан алатынымызды жасырмаған елміз!



***

Атадан ұл туғанда — құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туғанда — күң боламын деп тумайды.

Ұл менен қызды қаматып, 

Намысқа шашпай түн қатып,

Көз жұмып текке отыра алмайтын елміз!



***

Өркенім өссін десең, кекшіл болма, кесапаты тиер еліңе,

Елім өссін десең, өршіл болма, өскеніңді өшірерсің.

***

Басына іс түскен пақырға қастық қылма, қайғысы көшер басыңа.

Бүгін сағы сынды деп, жақыныңды басынба!

***

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқылаған сөз қиын,

Жазылмаса дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын,

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын!



***

Атадан жақсы ұл туса — елінің зары болады,

Атадан жаман ұл туса — адам біткеннің қоры болады.

***

Ерден ердің несі артық — ептестірген сөзі артық,

Жерден жердің несі артық — бір-екі уыс шөбі артық.

***

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман.



***

Малдан, ел қымбат

Елдегі ер қымбат,

Ерден — ар қымбат.




жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау