Algy soz indd Қазақ халқының тарихындағы


*** Аққу құс — көлдің көркі, Ер жігіт — елдің көркі.  ***



жүктеу 8,21 Mb.
Pdf просмотр
бет9/24
Дата14.11.2018
өлшемі8,21 Mb.
#19543
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24

64

65

***

Аққу құс — көлдің көркі,

Ер жігіт — елдің көркі. 



***

Бір жігіт бар — құр жан,

Бір жігіт бар — тірі жан,

Бір жігіт бар — жігіт жан.



***

Ағайының көп болсын,

Бірлігі оның бек болсын!

Жамандық жер кез болса, —  

Бір-біріне сеп болсын!

***

Ата-ананың қадірін

Балалы болғанда білерсің,

Ағайынның қадірін

Жалалы болғанда білерсің.

Дəулетіңнің қадірін

Мал кеткенде білерсің,

Маңайдағы дұспанды

Түн жеткенде білерсің.

***

Майда бол жігіт болсаң тал жібектей,

Жарамайды қатты болу тікенектей.

Білімің болса-дағы ұшан-теңіз,

Пайда жоқ өз халқыңа қызмет етпей.

ДУЛАТ БАБАТАЙҰЛЫ

(1802–1871 жж.)

уған елдің тарихи бір кезеңін жырлап өткен қайталанбас, 

бірегей ақын Дулат Бабатайұлы қазіргі Семей облысы, 

Аягөз ауданында дүниеге келген. Бұқар жырау, Ақтамберді жы-

рауларды ұстаз тұтып, көне түркі поэзиясынан тағылым алған. 

Тарихи деректерге сүйенсек, ол өлеңді ауызша да, жазбаша да 

шығарған. Дулат ақын өз кезеңіндегі əлеуметтік жəне тəрбиелік 

мəні зор мəселелерді ой толғағынан өткізіп, ХІХ ғ. қазақ дала-

сында көрініс бере бастаған ел басқару саясатындағы, ұлттық 

салт-дəстүрдегі өзгерістерді өз жырларына тақырып еткен, 

əсіресе, патша өкіметінің отарлау саясаты тұсындағы елдің 

ішкі-сыртқы саясатындағы қарым-қатынастарға көңіл бөлген.

Аққан бұлақ сай-салаң,

Шытырман тоғай айналаң

Жоның жайлау кең алаң,

Атам қонған иен далам!



66

67

Мендей сені қызғанар



Бауырыңда өскен қай балаң?

Көл қорыған қызғыштай,

Сен десе, салам байбалам.

Жайлауыңды көргенде, —

Жадыраймын, жайланам.

Өксігіңді ойласам —

Ұйқы беріп, қайғы алам.

***

Кешегі бір заманда,

Қайран қазақ, қайтейін,

Мынау азған заманда

Қарасы — антқор, ханы — арам,

Батыры көксер басы, аман,

Бəйбіше — тантық, бай — сараң,

Бозбаласы — бошалаң,

Қырсыға туды қыз балаң.

Нары — жалқау кер табан, 

Құсы — күйшіл, ат — шабан,

Жырғалаң жоқ, жобалаң.

Елі кеткен ел болды, 

Енді қайда мен барам?



***

О, Сарыарқа, Сарыарқа!

Самалың салқын жон едің.

Сырдан ауып келгенде,

Жапырылмай шалғының,

Балауса балдыр балғының,

Тимеген ірге соны едің;

...Масаты кілем жайғандай

Қоныстың шұрай жері едің!

***

...Төреліктің белгісі

Елін жауға бере ме?

Еліне қорған болмаса,

Ел төрені көре ме?

***

Елің үшін еңбек қыл,

Отыра берме бекерге.

***

Ту ұстап, тұлпар жаратпай,

Алдынан топ таратпай, 

Елді аузына қаратпай,

Жай отындай оқ аттай,

Анадан тудым дегенмен,

Бастамаса ел, ұлан ба?

***

Жақсы болса ұлығы,

Өз елін жаудай таламас.

Азғын елдің бектері

Қан шықса елін жұлмалар

Қасқырменен аралас.




68

69

***

...Би мен бектің сəні жоқ — 

Елін қорғай алмаса,

Тура жолға салмаса, 

Ыстығына күймесе,

Суығына тоңбаса.

***

...Айтуға ауыз келе ме,

Аягөз кімнің жері еді?

«Жер сауырын — жайлауды 

Ел сауыры» дер еді.

«Жер кімдікі?» дегенде,

Аға сұлтан, қазылар

Не деп жауап береді?



***

Өзен-судың сəні жоқ — 

Өрлей, құлдай қонатын,

Жағасы малға толатын

Аймақты елі болмаса...

***

Сырын білмей бой салма,

Атасы оның текті деп,

Тұрлаусыздан сөз ұқпа,

Аузы оның епті деп.

Нашардан шыққан жақсының

Сөзін жерге тастама,

Атасы нашар өтті деп. 



***

...Азған елдің адамы,

Апшыған сұмдар қадамы,

Жүйрікпін деп шабаны,

Момынға жапса жаланы,

Қулық, сұмдық табады.

Арқасы елдің жауыр боп,

Артқан жүгі ауыр боп,

Төрт аяқтан ақсады-ай.

***

Елің түсті езгіге,

Жол бермей дұрыс сөздіге,

Көр соқыр бермей тізгінін

Көкірегі көздіге;

Елдің қамын жейтұғын,

Мынауың теріс дейтұғын,

Шетке қарсы тұратын

Ішіңнен шыққан адам жоқ.

***

Еркін өскен қайран ел,

Дəулетің бейне шалқар көл,

Айдының бейне асқар бел,

Ботадай бейне өскен тел.

***

Ата-анасы бар болса,

Ағайыны көп болса.

Бəрі де тату болғанда,

Қорғаны бар үймен тең.



70

71

МАХАМБЕТ ӨТЕМІСҰЛЫ



(1804–1846 жж.)

азіргі Орал облысының Орда ауданында дүниеге келген. 

Езілген елдің жоғын жоқтап, ар-намысын қорғаған кү-

рескер ақын 1836–1838 жж. Исатай Тайманов бастаған азат-

тық қозғалысының жалынды жыршысы, белді сарбазы болған. 

Қайраткер тұлға еліне, халқына шын берілген азамат ақын 

ғана емес, айтулы күйші ретінде де танылған. Оның «Өкініш», 

«Жұмыр қылыш», «Қайран Нарын» сынды өзге де күйлері халық 

арасында кең тарап кетті. Ұлт азаттығы үшін күрескен есіл 

ақынның өлең-жырларының басты тақырыбы — ел теңдігі, 

бостандық, əділеттік, əділдік жолындағы күрес.

Халық қозғалса — хан тағында тұра алмас.



***

Халық үшін қан төгем деп,

Қараны ханға теңеп берем деп.

Халқың тегіс болмаса,

Жақсыны көзге алмаса,

Қамзол кисең жараспас,

Қарапайым сөзбен тең...

***

Ай, азамат, тату бол!

Əлі-ақ көзің жойылар.

Мынау жалған дүниеңіз

Батып кеткен күнмен тең.

***

Халайықтар, жарандар,

Халқыңменен тату жүр.

Өтетұғын сұм дүние

Қаңқылдап ұшқан қазбен тең.



жүктеу 8,21 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау