Алғашқы әскери дайындық пәнінен оқу – әдістемелік кешен Әйтеке би кенті -2017ж. Бекітемін



жүктеу 0,63 Mb.
бет124/126
Дата21.06.2022
өлшемі0,63 Mb.
#38952
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кешен (1)

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Танк экипажында қанша адам болады?

  • Танктің осал тұстарын ата?

  • Кумуляция дегеніміз не?

  • Сарбаз қарсыластың танкісі оқпанаға қанша метр қалған кезде қол гранатасын лақтырады?

4.Шетелдік мемлекеттер армиялары ӘӘК – нің басты соққы беру күші тактикалық авиация болып табылады.Тактикалық авиация ұшақтары мен тікұшақтарының ұрыстық сапалары оның әртүрлі міндеттерді орындауына мүмкіндік береді; бұл міндеттердің негізгісі жер үстіндегі қарсыласқа шағын биіктіктен атыстық соққы беру арқылы құрлықтағы әскерлерді шабуылда және қорғаныста қолдау болып табылады.Сондықтан да қарсыластың төмен ұшатын ұшақтары мен тікұшақтарына қарсы күрес авиацияның ғана емес әскердің барлық түрлері мен бөлімшелерінің маңызды міндеттерінің бірі болып табылады.
Тәжірибе мотоатқыш бөлімшелердің қарсыластың шағын биіктікте ұшатын ұшақтары мен тікұшақтарын штаттық қарумен атып ойдағыдай құрта алатынын көрсетеді.
Қарсыластың ұшақтары мен тікұшақтарына қарсы күресу үшін олардың ұрыстық сипаттамаларын, таным белгілері мен қимыл тактикасын, сондай ақ әуе нысаналарын ату ережелерін жақсы білу керек.Шетелдік армиялардың тактикалық авиациясының негізін дыбыстан ұшқыр реактивті жойғыш - бомбалаушылар құрайды. Олар жер үстіндегі көлемі шағын жылжымалы нысаналарды жоюға арналған,қарсыластың ұшақтары мен тікұшақтарына қарсы кұрес жүргізе алады. Бұл ұшақтардың ұшу қашықтығы әжептеуір және маневрлілігі жоғары. Оларда алуан түрлі қару мен көздеуіш навигациялық аппаратуралар орнатылған. Жер бетіндегі нысаналарға бомбалап соққы беріп, зеңбіректерімен және пулеметтерімен, басқарылатын және басқарылмайтын ракеталармен , сондай ақ өртегіш қоспалармен соққы бере алады. Жойғыш – бомбалаушылар жағдайға қарай бөлімдер , бөлімшелер болып , жұптасып, не жеке жеке қимыл жасайды. Нысана ауданына олар тым төмен , орташа және үлкен биіктіктерде ұшып келіп, жер үстіндегі нысаналарды шүйіліп тік көтеріле не көлбей ұшып шабуылдай алады. Шүйілу кезінде ұшақ траекторияның тұрақты көлбеу бұрышымен төмендейді.Тік көтеріліп шаншыла ұшу жер үстіндегі нысаналарға төмен биіктіктен соққы беру кезінде қолданылады , бұл орайда ұшақ биікке көтеріліп, траекторияның қай нүктесінен болсын бомба тастай алады. Шетелдік мемлекеттер армияларының жауынгерлік тікұшақтары жойғыш бомбалаушылармен өзара әрекеттесіп, ұрыс қимылдарының барлық түрлеріне белсене қатыса алады. Олар жер үстіндегі нысаналарды басқарылатын және басқарылмайтын ракеталармен, гранатаатқыштармен, зеңбіректермен және пулеметтермен атып жояды.
Тікұшақтар бөлімшелер және шағын топтар құрап әрекет жасайды. Олар бағыттарын, биіктігі мен жылдамдықтарын өзгертіп маневр жасайды. Тікұшақтар нысаналарға қырқа – жоталардың тасасымен тым төмен ұшып келеді, шүйіле және шаншыла ұшып шабуылдайды да , соққы бергеннен кейін ғайып болады. Тікұшақтар қимылының тән сипаты тұтқиылдық.
Ұшақтар мен тікұшақтардың қай мемлекеттікі екенін таным белгілерінен білуге болады. Бұл белгілер геометриялық фигуралар түрінде болады, таным белгілер қанатқа, фюзеляждың бүйір бетіне және тік тіреуге салынады. Қарсыластың иөмен ұшатын ұшақтарымен және тікұшақтарымен күресу үшін басқадай арнаулы зениттік құралдармен және жылжымалы зениттік - ракеталық кешендермен бірге атыс құралын қолданады. Ұшақтарды атқылаудың неғұрлым тиімді қашықтығы 500 метрден аспайтын биіктік. Қарсыластың ұшып келе жатқан ұшақтары мен тікұшақтарын ату екі әдіспен – бөгей ату және тосып ату арқылы жүргізіледі.
Бөгей ату әдісі ұшу жылдамдығы 150 м/с шамадан асатын нысаналарға қолданылады. Мұндай жылдамдық кезінде алдын тосу шамасы ондаған корпусқа жетеді де, оны көзбен анықтау қиын болады. Бөгей атудың мәнісі ұшақ ұшып келе жатқан бағытта оның алдынан оқтардың жолы нысанамен қиылысатындай есеппен күн ілгері бөгей атыс аймағын жасайды. Ата бастау үшін қару нысананың ықтимал ұшу жолындағы нүктеге қарай жоғары бағытталады. Ату нысанаға дейін шамамен 800-900 метр болғанда басталады.Бұл орайда қару бөгей ату аймағынан шығып кеткенге дейін бір күйде ұсталады.Егер нысананың маңында атқан оқтарының жолдары айқын көрінетін болса , атысты тоқтатпастан қаруды нысана жаққа оқ жолдары оған дөп келетіндей етіп бұрады.
Тосып ату әдісі баяу ұшып келе жатқан нысаналарға қолданылады. Оның мәні мынада: атқыш автоматшылар қаруды жылжыта отырып нысананың келе жатқан бағытымен көздеу сызығын көзбен анықталған алдан тосу шамасында үздіксіз сақтайды, сөйтіп қару неғұрлым дәлме дәл көзделген мезетте үзбей ата бастайды.
Әуе нысаналарын жатып, тізерлеп, түрегеп тұрып, сондай ақ окоптан атады.



жүктеу 0,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   126




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау